- •Курстық жұмыс
- •Курстық жұмыс
- •Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
- •5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- •Тапсырма
- •Графигі
- •Мазмұны
- •1 «ҚазТрансОйл» aқ мекемесінің географиялық, админастиациялық жағдайы
- •2.1 Кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттануларға және олардың себептеріне талдау
- •2 Жарақаттануды және өндірістік ауруларды талдау негізінде еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
- •2.2 Еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Хаттама № 88-13-7 Зиянды өндірістік факторларды өлшеу туралы
- •Хаттама № 77-13-7 жарақат қауіпсіздігін бағалау
2.2 Еңбек жағдайын жақсарту шараларын өңдеу
Өндірістік жарақаттануды талдау жарақаттанудың себептерін анықтау мақсатында және алдын-алу мақсатында тиімді шаралар өңдеу болып табылады. Өндірістік жарақаттануды талдау «КазТрансОйл» АҚ-ның 2012 ж Н-1 формадағы актілер (Қосымша хаттамарарда) негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындағы және сала бойынша өндірістік жарақаттанудың деңгейін сипаттау үшін, әр түрлі кәсіпорындардағы жарақаттанудың деңгейін салыстыру үшін жазатайым оқиғалар туралы есептердің берілгені мәліметтері бойынша айқындалатын, жарақаттанудың салыстырмалы көрсеткіштері алынады.
2.1-кесте – Жазатайым оқиғалардың «КазТрансОйл» АҚ бойынша жалпы көрсеткіштері
Көрсеткіштер аты |
2011 жыл |
2012 жыл |
2013 жыл
|
Жұмысшылар саны |
521 |
501 |
352 |
Жалпы жазатайым оқиғалар саны |
3 |
2 |
0 |
Еңбек ету қабілетінен айырылған жалпы күндер |
45 |
15 |
0 |
Жарақаттанудың жиілік көрсеткіштері |
3,83 |
3,99 |
- |
Жарақаттанудың ауырлық көрсеткіштері |
22,5 |
7,5 |
- |
Еңбек ету қабілетінен айырылу көрсеткіші |
86,37 |
2,99 |
- |
Негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылатындар: жарақаттанудың жилік және ауырлық көрсеткіштері, ауырлық және жиілік коэффиценттері деп те аталады [9].
Жарақаттанудың еңбек ету қабілетінен айырылу мерзімі 1-3 күн болатын, өлімге алып келетін көрстекіштерінің жиіліктері, сондай-ақ жәбірленушінің бір жұмыстан басқа жұмысқа ауысымының жиілік көрсеткіші, жұмысқа жарамсыздықтың (еңбек ету қабілетінен айырылу) жарақттанудың материалдық салдарының, жазатайым оқиғаларды алдын-алу және т.б. көрсеткіштері жоғарыда айтылған әдіспен еептелуі мүмкін.
Өндірістегі ауру туралы жалпы мәліметтер Статистикалық талдау әдістемесіндегі ҚР СтатАгентсво бекіткен №16 форма бойынша өңделеді. Осы бойынша келесі салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады:
2.7-сурет – Жарақаттанудың салыстырмалы көрсеткіштері
Кәсіпорында жоғары техникалық дәрежесі жұмысшының физикалық жүктемесін төмендетсе, сонымен қатар, көру, есту мүшелеріне жүктеме артық мөлшерде түседі. Жұмысшының сезім мүшелеріне әсер ететін еңбек ету ортасының сыртқы факторларының әсері кешенді немесе бірегей әсер етуі мүмкін
Өлшеу жұмыстарының қорытындысы көрсеткендей, кәсіпорында жұмыс орындарында микроклимат параметрлері, жарықтылық, шу мөлшерлері санитарлық нормаларға сәйкес келмейді. Цехтың терезелері мен керегелері жиі жуылмайды. Осы аталған факторлар жұмысшының психикасына қатты әсер етіп, жұмысқа деген немқұрайлығын тудырып, зиянды факторлар жұмысшының тез қажуына әкеп соқтырады.
Ғылыми зертеулер нәтижелері көрсеткендей бөлмелердің таза және жанға жайлы болуы, керегенің түстернің дұрыс боялуы еңбек өнімділігін 10-15 пайызға арттырады.
Жұмыс орындарындағы жарықтандыруды талдау, және оны жақсарту шаралары. Жұмыс орындарындағы жарықтандырудың жеткіліксіз болуы көру қолайсыздығын тудырып, шаршауды күшейтеді, ой әрекеті мен физикалық жұмыс қабілеттілігін төмендетеді, жазатайым оқиғалардың туындауын біршама арттырады.
2.2-кесте – Жұмыс орындарындағы хаттамалары бойынша жарықтандыру өлшемдері
Жұмыс орындары |
Жұмысшы |
Жылы |
Хаттама |
Норма бойынша лк |
Шектен шығуы |
07 001 001 001 |
қақтаушы |
2014 |
88-14-7 |
200 |
-70 |
08 001 001 001 |
қақтаушы |
2014 |
88-14-8 |
200 |
-70 |
07 001 001 001 |
қақтаушы |
2013 |
88-13-8 |
200 |
-60 |
08 001 001 001 |
қақтаушы |
2013 |
88-13-7 |
200 |
-60 |
07 001 001 001 |
қақтаушы |
2012 |
88-12-8 |
200 |
-50 |
08 001 001 001 |
қақтаушы |
2012 |
88-12-7 |
200 |
-50 |
07 001 001 001 |
қақтаушы |
2011 |
88-11-8 |
200 |
-50 |
08 001 001 001 |
қақтаушы |
2011 |
88-11-7 |
200 |
-50 |
2.8-сурет– Жұмыс орындарындағы жарықтылықтың шамалары
Өндірістік орындарда санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жарықтылықтың ШРД-і 200 люкс болуы тиіс. Бірақ бұл жұмыс аймақтарындағы жарықтылық деңгейлері жұмыс орындарын аттестациялау бойынша бекітілген хаттама №88-07-13 (А-Қосымшасы) мәліметтері (3.7-кесте мен 3.4-сурет) бойынша 35пайызға , яғни 50 люкске жетпейді. Жарықтылық мөлшерін көбейту – өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың алдын-алуды, жұмыстың қарқындылығын , өнімділігін арттырады. Жарықтандыру жүйесін жақсарту үшін, алдымен жарық беру жүйелеріне талдау жұмыстарын жүргізу керек.
Аса үлкен дыбыс қысымы құлақ жарғағын жарып жібереді.
Есту органдарына ең қолайсызы жоғары жилікті шу болып табылады (1000...4000 Гц).
Шу тек құлаққа ғана әсер етіп қоймай адамның миы ада әсер етеді. Мұндай қолайсыз шу құлақтан бұрын жүйкені тоздырады.ұйқы бұзылады, жад әлсірейді, адам тез шаршайды, күйгелекке ұрынады, басы ауырады, әлсірейді және т.б.
2.3-кесте – Жұмыс орындарындағы хаттамалары бойынша шудың шамадан асу өлшемдері
Жұмыс орындары |
Жұмысшы |
Жылы |
Хаттама |
Норма бойынша дБА |
Шектен шығуы |
07 001 001 001 |
қақтаушы |
2014 |
88-14-7 |
80 |
30 |
08 001 001 001 |
қақтаушы |
2014 |
88-14-8 |
80 |
30 |
07 001 001 001 |
қақтаушы |
2013 |
88-13-8 |
80 |
20 |
08 001 001 001 |
қақтаушы |
2013 |
88-13-7 |
80 |
20 |
07 001 001 001 |
қақтаушы |
2012 |
88-12-8 |
80 |
10 |
08 001 001 001 |
қақтаушы |
2012 |
88-12-7 |
80 |
10 |
07 001 001 001 |
қақтаушы |
2011 |
88-11-8 |
80 |
15 |
08 001 001 001 |
қақтаушы |
2011 |
88-11-7 |
80 |
15 |
Өндірістік орындарда санитарлық-гигиеналық талаптарға сай шу деңгейінің ШРД-і 80дБ-ден аспауы тиіс. Бірақ бұл жұмыс аймақтарындағы шу деңгейлері жұмыс орындарын аттестациялау бойынша бекітілген хаттама №88-07-13 мәліметтері бойынша 35пайызға , яғни 8 дБ асып түседі. Шудың деңгейін төмендету–өндірістік жарақаттанудың , кәсіптік аурулардың алдын-алуды, жұмыстың қарқындылығын , өнімділігін арттырады. Шудың деңгейін төмендету үшін, алдымен шудың шығу көздерін анықтап, талдау жұмыстарын жүргізу керек.
2.9-сурет – Жұмыс орындарынғдағы шудың шамалары
Шудан қорғану. Шудың қолайсыз әерінен қорғану үшін өндірістік кәсіпорындарды жобалауда, құрылысында және олардың машиналарын, жабдығын пайдалануда кешенді ұйымдық, техникалық, медициналық шаралар белгілеу қажет.
Шумен күресудің тиімді жолы оның көзіндегі деңгейін машиналар құрылысындағы технологияларды өзгерту есебінен азайту болып табылады. Шу шығатын нысанында жою үшін құралдар таңдау қажет. Шудың көбі өндірістегі жабдықтың, машиналардың, станоктардың, әр түрлі тетіктерінің жұмыс істегенде шығаратын дыбыстары: тісті айналдырғыштар, подшипниктер, өзара соқтығысатын тетіктер және т.б. Тісті берілістердің шуын азайту үшін тістегіштерін ауыстыру арқылы оларды өңдеу, жинау, дәлдігін арттыру қажет. Мұндай шаралар тобына шулы процестерді шусыз процестермен алмастыру арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы, шегелеуді дәнекерлеумен, соққылыны соққысызбен алмастыру, қалыптауды қысымдаумен ауыстыру және т.б. Ең шулы станоктардың бірі шегелегіш автоматты станок болып табылады.
