Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
новый гос регул в здравоох ТЕСТ-КАЗ.rtf
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

*Мемлекеттік қызметке қабылдау. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі құқықтары. Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері. Мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулер*2*54*3*

#189

*!Азамат А. мемлекеттік қызметке орналасты.Оған жаңа жұмыс орны ұнамады. Ол басшысына жұмыстан өз қалауы бойынша кететі жайлы арыз жазды. Басшысы азамат А-ның әрі қарай жұмыс істеуін талап етті және оның өтінішін қанағаттандырмады.

Азамат А-ның өтініш жазуға құқығы бар ма?

*құқығы жоқ

*+құқығы бар

*жартылай құқығы бар

*ерекше жағдайда ғана құқығы бар

*ата-анасының рұқсатымен ғана құқығы бар

#190

*!Азамат Ш. екі жыл бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған.

Оның мемлекеттік қызметке заң бойынша орналасуға құқығы бар ма?

*үш жыл ішінде құқығы бар

*үш жыл ішінде құқығы жоқ

*+мүлдем құқығы жоқ

*бес жыл ішінде құқығы бар

*он жыл ішінде құқығы бар

#191

*!Азамат Б. қалалық әкімшілікте қызметкер. Бірде ол бастығының пара алып жатқанын көрді.

Азамат Б. құқық қорғау органдарына хабарласуға міндетті ме?

*+міндетті

*міндетті емес

*бір тәулік ішінде міндетті

*үш тәулік ішінде міндетті

*он тәулік ішінде міндетті

#192

*!Мемлекеттік қызметте жүрген азаматша А кейбір жауапты жұмыстарды орындамағаны үшін бастығынан қатаң сөгіс алған және бастығы оның жұмысқа жиі кешігіп келетін әдетін байқаған.

Бастығы оны жұмыстан шығаруға құқығы бар ма?

*+құқығы бар

*құқығы жоқ

*артылай құқығы бар

*жылына бір рет құқығы бар

*үш жылда бір рет құқығы бар

#193

*!Азаматша Е. мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Әріптестері оның көп мөлшерде ақша жымқырғаны жайлы құқық қорғау органдарына шағымданған. Азаматша Е-нің пікірінше, тағылған айып негізсіз және ол қызметтік тексеруді талап етті.

Азаматша Е-нің оның осындай құқығы бар ма?

*мүлдем құқығы жоқ

*жартылай құқығы бар

*+толық құқығы бар

*жылына бір рет қана құқығы бар

*жылына үш рет қана құқығы бар

#194

*!Алматы қаласының №12 қалалық емханасында мейірбике қызметін атқаратын азамат, денсаулығына байланысты еңбекке уақытша жарамсыз болып танылды.

Ол емделу кезінде айлығын ала ма?

*тек 1айдан кейін

*жәрдемақы қарастырылмайды.

*ол жайлы ештеңе қарастырылмаған.

*қызметкер емделуді өз қалтасынан төлейді.

*+жұмыс беруші тарапынан әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

#195

*!Азамат «Әдем» компаниясының жұмысшысы.Ол жұмыс атқарып жүргенде жарақаттанып қалғанда,жұмыс беруші бұған жауаптылықты өз мойнына алмайтындығын айтты.

Жұмыс берушінің бұл ісі заңды ма?

*жауапты

*міндеттеріне кірмейді

*жауаптылықты алмайды

*жұмыс берушінің құқығы бар

*+жұмыс беруші бұған жауапты

#196

*!Қалалық әкім аппаратының екі лауазымды қызметшілері басқа қызметшімен бірлесіп жарнама агенттігін ашады.

Мемлекеттік қызметкердің бұл іс-с-әрекеттің заң талабына сәйкес деп айтуға бола ма?

*құқығы жоқ

*заң талабына сәйкес

*сот ісіне жүгінеді

*өз қалауы бойынша

*+мемлекеттік қызметкер өзге іспен айналыса алмайды

#197

*!Азамат Ж. ақылы еңбек демалысында болған кезеңде жұмыс беруші еңбек шартын бұзды.

Жұмыс берушінің іс –әрекеті заңға сәйкес келеді ма?

*ата-анасының рұқсатымен тоқтауға болады

*жұбайының келісімімен болады

*+еңбек демалысы уақытында еңбек шартын тоқтатуға болмайды

*жұмысшының жұмысына көңілі толмаған жағдайда болады

*еңбек демалысы уақытында еңбек шартын тоқтатуға болады

#198

*!Сайлаудан бір апта алдын сайлау комиссиясының ғимаратының сыртына кандидат өзінің банері ілініп тұрды.

Кандидат сайлаудан алдын осындай іс-әрекет жасауға құқылы ма?

*+құқығы бар

*құқығы жоқ

*заңсыз

*заңға бұл қарастырылмаған

*сайлауға бір күн калған кезде түнгі 00:00де барлық үгіт насихат тоқтатылады

#199

*!Азамат А ТОО Бірлік компаниясында күніне 7 сағат жұмыс істейді. Бастығының бұйыруымен қосымша 5 сағат жұмыс істейді.

Бастығының бұл қылығы заңды ма?

*+еңбек кодексі бойынша бұл заңды емес

*жұмысшының бұған қарсылығы болмаса

*еңбек шартында алдын ала келіссе

*еңбек кодексі бойынша бұл заңды

*жұмысшы он сегіз жасқа толған болса заңды

#200

*!17 жастағы азаматша А қосымша табыс табу мақсатында ресторанға жұмысқа орналасты. Еңбек шарты бойынша ол аптасына 42 сағат жұмыс жасайтын болды.

Заң бойынша жұмыс уақыты қанша сағаттан аспауы тиіс?

*заң бойынша кәмелеттік жасқа толмаған адам аптасына 45 сағат жұмыс жасайды

*бұл мемлекеттік жұмыс болмағандықтан шектеу қойылмайды

*бұл жайлы ешқандай заң жоқ

*+заң бойынша жұмыс уақыты 36-40 сағаттан аспауы тиіс

*ауыр және денсаулығына зиян келтіретін жұмыс болмағандықтан 50 сағаттан аспауы тиіс

#201

*!Азаматша Ж мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Ол ұлы ауырып қалғандықтан бастығынан сұранды.

Азаматша Ж бұған құқығы бар ма?

*мемлекеттік қызметкер болғандықтан құқығы жоқ

*+заң бойынша бұған жол беріледі

*заң бойынша бұған жол берілмейді

*жеке себептерін жұмысқа араластыруына болмайды

*өтем ақы төлейтін болса құқылы

#202

*!Азамат С. клиникада күндізгі аусым бойынша жұмыс істейді. Түнгі аусымдағы дәрігердің жұмысы шығып қалуына байланысты, Азамат С. өз еркімен түнгі аусымға қалды.

Азамат С. бұған құқығы бар ма?

*жартылай құқығы бар

*қасында екінші дәрігер қалған болса

*+заң бойынша қатарынан 2 аусым жұмыс жасауға тыйым салынады

*әлгі дәрігер өтем ақы төлесе

*жартылай демалыс алса құқығы бар

#203

*!20 жастағы азаматша С. аяғы ауыр. Үйде құр отырмау үшін, үйінің жанындағы компьютер клубына кешкі аусымға жұмысқа тұрды.

Бастығы оны жұмысқа алуға құқылыма?

*денсаулығына зиян келтіретін жұмыс болса құқылы емес

*самал 20 жасқа толғандықтан құқылы

*21 жасқа толмағандықтан кешкі маусымға алуға құқылы емес

*үйінің жанында болғандықтан алуға құқылы

*+аяғы ауыр болғандықтан кешкі маусымға алуға құқылы емес

#204

*!Азамат М. «ТОО Бірлік» компаниясында күніне 8 сағат жұмыс істейді. Бастығының бұйыруымен қосымша 6 сағат жұмыс істейді.

Заң бойынша қосымша жұмыс уақыты қанша сағаттан аспауы тиіс?

*еңбек кодексі бойынша қосымша жұмыс уақыты 6 сағаттан аспауы тиіс

*бұл жайлы ешқандай заң жоқ

*+еңбек кодексі бойынша қосымша жұмыс уақыты 4 сағаттан аспауы тиіс

*еңбек кодексі бойынша қосымша жұмыс берілмеуі тиіс

*еңбек кодексі бойынша қосымша жұмыс уақыты 5 сағаттан аспауы тиіс

#205

*!Нұршаттың 1 жасар баласымен жесір қалған. Туысқандарының жоқтығынан өзі жұмыс істеуге мәжбүр. Жаңа жұмысқа орналасарда,бастығы баласымен жұмысқа келуіне болатынын,бірақ, баласына қарауға күніне тек 1 сағат қана уақыт беретінін айтты. Нұршаттың құқықтары қандай?

*5 сағат үзіліс талап ете алады

*2 сағат үзіліс талап ете алады

*+3 сағат сайын жарты сағат талап ете алады

*күні бойын талап ете алады

*құқығы жоқ

#206

*!Айбекова Қарлығаш мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Мектеп директоры жүктілігіне байланысты Қарлығашқа демалыс берді.

Бұл демалыстың қай түріне жатады?

*жыл сайынғы

*қосымша

*+әлеуметтік

*ақы төленетін

*зәру демалыс

#207

*!Айбек наурыз мерекесіне байланысты демалысқа шықты. Бастығы жұмыстың көптігіне байланысты Айбекті жұмысқа қайта шақырды.

Бұл жағдайда Айбектің қандай құқығы бар?

*ешқандай құқығы жоқ

*қосымша ақы сұрай алады

*+қосымша ақы және демалыс сұрай алады

*жұмысқа шығудан бас тарта алады

*ақысыз жұмысқа шыға береді

#208

*!Дәурен №4 қалалық ауруханада жұмыс атқарады. Кезекті жыл сайынғы ақы төленетін демалысқа шығып, шетелге демалысқа кетіп қалды. Жұмысындағы әріптесінің сырқаттанып,жұмысқа шыға алмай қалуына байланысты, бастығы Дәуренді демалыстан шақыртып алды. Дәурен бастығынан демалысын басқа күндері жалғастыруын сұрағанда, бастығы басқа күні демалысын жалғастыруға құқығы жоқ екендігін айтты.

Бастығының әрекеті заңды ма?

*заңды,себебі, жұмыскердің еш құқығы жоқ

*заңды емес, демалыстан шақыртуға болмайды

*заңды,себебі, демалысқа ақы төленеді

*заңды, демалыстан шақыруға себеп бар

*+заңды емес, демалысын басқа күні жалғастыра алады

#209

*!Темірхан бір компанияда құбыр жөндеуші(сантехник) болып жұмыс атқарады. Темірхан өзінің демалыс күніне байланысты отбасымен бірге қыдырып жүрген еді. Кенеттен бастығы хабарласып, бір құбыр жарылып кетіп, жұмыс орнының суға толып бара жатқанын айтып, Темірханға дереу жетуін айтты. Бірақ Темірхан, қосымша ақы төленбесе бармайтынын айтты.

Темірханның әрекеті дұрыс па?

*+дұрыс емес, төтенше жағдай болғандықтан баруы міндетті

*дұрыс, демалыста болғандықтан ақы төленуі керек

*дұрыс, демалыс кезінде жұмысқа бармауға құқылы

*дұрыс емес, бастығына қаршы шыққаны үшін жұмыстан шығуы мүмкін

*дұрыс, демалысын бұзуға ешкімнің құқығы жоқ

#210

*!Нұрбол мемлекеттік саяси қызметте жұмыс атқарып келеді,сонымен қатар Нұрбол Әкімшілік лауазымды қоса алып жүр.

Нұрболдың іс-әрекеті дұрыс па?

*тек әкімшілік лауазымды атқара алады.

*әкімшілік лауазымды қоса атқаруына жол беріледі.

*әкімшілік лауазымда құқықтық жауаптылыққа тартылады.

*әкімшілік лауазымда құқықтық жауаптылыққа тартылмайды.

*+әкімшілік лауазымды қоса атқаруына жол берілмейді.

#211

*!Гүлназ зейнетақы жасына жеткен мемлекеттік саяси лауазым қызметкері. Гүлназ қызметін жалғастырғысы келеді.

Мемлекеттік Саяси лауазымда қалу мәселесін кім тағайындауы мүмкін?

*+саяси лауазымға тек ҚР-ның Президенті ғана тағайындауы мүмкін

*саяси лауазымға тек ҚР-ның үкіметі ғана тағайындауы мүмкін

*мемлекеттік саяси лауазым қызметкері тайындауы мүмкін.

*мемлекеттік саяси лауазым қызметкері тағайындамайды

*саяси лауазымға тек ҚР-ның парламеті тағайындаиды

#212

*!Есім мемлекеттік қызметке кіруді жоспарлады. Соған байланысты өткен конкурс мерзімі нәтижелері қанағаттанарлықсыз болды.

Eсімнің мемлекеттік қызметке кіру үшін қайтадан конкурс тапсыруға мүмкіндігі бар ма?

*+кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.

*кейіннен қайта ұзартылылатын үш айға ұзартылады

*кейіннен қайта ұзартылылатын үш айға ұзартылмайды

*қайтадан сынақ тапсыруға мүмкіндігі шектеулі

*кейіннен қайта ұзартылылатын бір жылға ұзартылады

#213

*!Ербол өзінің әрекетке қабілетcіз екеніне қарамастан мемлекеттік қызметке тіркелуге келеді.Мемлекет мекемелері Ерболды мемлекеттік қызметке алады

Мекеме қызметшілерінің бұл іс-әрекеті дұрыс па ?

*+сот әрекетке қабілетсіз деп таныса мемлекеттік лауазымдардан шектетіледі.

*сот әрекетке қабілетсіз деп таныса мемлекеттік лауазымдардан шектетілмейді.

*әрекетке қабілетсіз кез-келген тұлға белгіліленген тәртіппен жұмысқа кіре алады.

*әрекетке қабілетсіз тұлға белгіліленген тәртіппен жұмысқа кіре алмайды.

*әрекетке қабілетсіз тұлға белгілі бір уақыт аралығында мемлекеттік лауазымдарда жұмыс атқара алады.

#214

*!Кристина мемлекеттік жұмысқа кіруге келеді.Мекеме басшысы Кристинаның христиан дінінде екендігін негізге ала отырып жұмысқа алмайтының хабарлайды.

Мекеме басшысының іс-әрекеті заңға сәйкес келеме?

*+мемлекеттік қызметке кіру кезінде дініне қарауға жол берілмейді

*мемлекеттік қызметке кіру кезінде дініне қарауға жол беріледі

*мемлекеттік қызметке кіру кезінде барлық белгілерге назар аудару керек

*мемлекеттік қызметке кіру кезінде барлық белгілерге назар аударылмайды

*мемлекеттік қызметке кіру кезінде ұлтына қарауға жол берілмейді

#215

*!Азаматша А. тігінші болып жұмыс жасайды. Жұмыс барысында тігін машинасын бұзып алады. Бастығы азаматша А-дан келтірген зиянның өтемін сұрағанда, азаматша мүлік жұмыс берушінікі болғандықтан төлеуден бастартады.

Тігінші шығынды өтеу керек пе?

*өтеуі міндетті емес

*артығымен жұмыс жасайды

*жұмыс беруші өтейді

*екі жақ бірігіп өтейді

*+шығынды өтеуі керек

#216

*!Азамат Б. «Дана» ауруханасының дәрігері. Ол жұмыста техникалық ақаулардың нәтижесінде ауыр жарақат алады.

Бұл ретте аурухана басшысы не істеуге міндетті?

*+денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге.

*жыл сайынғы десалыс күндерін ұзартуға

*жалақыны арттыруға.

*жұмыскерді қызметтен босатуға

*айлық жалақысын қысқартуға.

#217

*!Қалалық ауруханада жұмыс жасайтын азамат С. жұмысқа мас күйінде келеді. Соның арқасында көз тексеретін аппаратты абайсызда сындырып алады.

Бұл жағдайдағы азамат С-ның міндеті қандай?

*+шығынды өтеуге міндетті.

*жұмыстан рұқсатсыз шығуға.

*басқа жұмысқа орналасуға.

*демалысқа шығуға міндетті.

*шығынды өтемеуге.

#218

*!Азаматша А. «Зерде» дәріханасының қызметшісі. Айдың соңы жақындап айлығын алар кезде бастығы оның жұмыстан шыққандығын, ай толық бітпегендіктен жалақы берілмейтіндігін айтты.

Енді Азаматша А-ның құқықтары қандай?

*тегін жұмыс жасайды.

*ешқандай құқығы жоқ.

*жалақы ала алмайды.

*+жасаған күніне жалақы алады.

*жарты айлық алады.

#219

*!Жұмысшы Азаматша Б. өзінің қызметін атқару кезінде жұмыста ауыр жарақаттануы арқасында еңбекке қабілеттілігінен айырылды.

Енді оның жұмыс берушісі қанша көлемде көлемде көмек бере алады?

*екі есе жалақы төлеу

*шектеусіз түрде

*+екі жүз елу айлық есеп көрсеткішінен аспайтын

*екі жүз айлық есептен аспайтын

*жүз айлық есептен аспайтын

#220

*!Қанат Абзалұлы – аудан әкімінің орынбасары. Ол жиналысқа дәлелсіз себеппен екі рет келмеді,

заң бойынша оған қандай шара қолданылуы тиіс?

*сөгіс беріледі

*айппұл салынады

*ескерту айтылады

*+қызметтен шығарылады

*қызмет дәрежесі төмендейді

#221

*!Мақсат есімді мемлекеттік қызметкерге негізсіз айып тағылып, нәтижесінде ақталып шықты. Соттың ақтау үкімі күшіне енген соң бір ай ішінде ол қызметіне оралуға өтініш жазды. Арада екі аптадан аса уақыт өткенімен, ол жауап алған жоқ.

Ендігі кезекте оны қызметке қайта алуы мүмкін бе?

*+міндетті түрде алады

*оны сот арқылы шешеді

*жоқ, себебі шектеулі уақыт аяқталды

*мүмкін, бірақ қызмет дәрежесі төмендейді

*өтініштің қаралу мерзімі қызмет дәрежесіне байланысты

#222

*!Қала әкімі тиісінше мемлекеттік лауазымға қайта орналастырылғаннан кейін, ол қылмыстық процесті жүргізген органның заңсыз әрекетімен келтірілген зиянды өтеуін талап етуге құқылы ма?

*+құқылы

*құқылы емес

*заңда бұл жағдай көрсетілмеген

*тек бір апта ішінде талап етуге құқылы

*келтірілген зиян мөлшеріне қарай өтелуі де, өтелмеуі де мүмкін

#223

*!Мустафа Мерткос – Қазақстандағы ірі компанияда жұмыс жасайтын шетелдік қызметкер. Ол жұмыс орнын мемлекеттік органға ауыстыруды жоспарлап жүр.

Ол үшін заңға сәйкес Мустафа нені орындауға міндетті?

*қазақстан азаматтығын алуға

*белгілі мөлшерде өтемақы төлеуге

*ешқандай міндеттілік жүктелмейді

*+ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруінен өтуге

*шетелдік жұмыскер болғандықтан мемлекеттік органда мүлдем жұмыс жасай алмайды

#224

*!Асхат Сағынбайұлы – мемлекеттік қызметкер. Аттестаттау қорытындысы бойынша оның мемлекеттік лауазымы төмендеді, осыған байланысты ол сотқа комиссияның шешіміне қатысты шағым жасай алады ма?

*+жасай алады

*жасай алмайды

*сот қарастырмайды

*тек 3 күн ішінде жасай алады

*тек 10 күн ішінде жасай алады

#225

*!Мемлекеттiк қызметші өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға міндетті мерзім

*үш күн

*бес күн

*бір күн

*алты күн

*+жеті күн

#226

*!Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттік қызметшіге

*ескерту беріледі

*жұмысынан босатылады

*жұмысын уақытша тоқтата тұрады

*лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынабайды

*+лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады

#227

*!Мемлекеттiк қызметшi туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте міндетті

*отбасына немесе лауазымды туыстарына хабар беруге

*лауазымы төмен қызметкерге жазбаша түрде хабардар етуге

*бұл мәселе жөнінде халыққа немесе референдумда дауыстау арқылы жеткізуге

*мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде дауыстау арқылы хабардар етуге

*+мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар етуге

#228

*!мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда

*лауазымы төмендейді

*жұмысынан босатылады

*қызметінен зейнетке кетеді

*қосымша төлемақы төлейді

*+тәртiптiк жауаптылықта болады

#229

*!Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса

*халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға тиіс

*мемлекеттік қызметші мұндай ақпартты жасырын ұстауға тиіс

*+ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға тиіс

*мемлекеттік қызметші тез арада бұл ақпаратты өзінен жоғары тұрған уәкілетті органға дауыстық хабарлама арқылы жеткізуге тиіс

*мемлекеттік қызметші дауыстау арқылы мелекеттік органға немесе жоғарғы сотқа хабарлауға тиіс

#230

*!Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары орын алған болса

*бұл ақпартты жасырын ұстауға тиіс

*дереу жоғарғы органдарға ауызша хабарлауға міндетті

*халыққа бұқаралық ақпарат арқылы таратуға тиіс

*+органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті

*мәжбүрлеу арқылы мелекеттік органға хабарлауға міндетті

#231

*!Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшіге шараларды қабылдауға міндетті

*мемлекеттік қызметшіні қудалау туралы шаралар қабылдауға

*+бостандықтарына қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға

*мемлекеттік қызметшіні қамауға алу мен оны тергеу туралы шаралар қабылдауға

*мемлекеттік қызметшіні жалақыдан айыру және жұмыстан босату туралы шаралар қабылдауға

*мемлекеттік қызметшіні бостандықтарына қысым жасау туралы шаралар қабылдауға міндетті

#232

*!Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты алған күннен бастап шаралар қабылдауға міндетті.

*үш ай мерзімде

*екі ай мерзімде

*+бір ай мерзімде

*алты ай мерзімде

*он екі ай мерзімде

#233

*!Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айыптауды анықтаған кезде

*бір жыл ішінде теріске шығару туралы шаралар қабылдауға тиіс емес

*екі айдан асқан мерзімде тиісті органдарға шағым түсіруі тиіс

*алты ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс

*+бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс

*үш ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс

#234

*!Мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде

*бұл мәселені жасырын түрде анықтауға тиіс

*бұл жөнінде басқада қызметшілерге хабарлауға тиіс

*бұл мәселені жоғарғы сот органдарына хабарлауға тиіс

*референдумда дауыстау арқылы халыққа хабарлауға тиіс

*+өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс

#235

*!Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары үшін

*осы өкім үшін жоғарғы сот жауапты болады

*+осы өкімді растаған басшы жауапты болады

*осы өкім үшін уәкілетті орган жауапты болады

*осы өкім үшін мемлекеттік қызметші жауапты болады

*осы өкім үшін жоғарғы тұрған уәкілетті орган жауапты болады

#236

*!Мемлекеттік қызметшілердің жауапқа тартылу кезінде мемлекеттік орган өздеріне қатысты қабылдаған шешімдері мен әрекеттеріне

*қарсы іс-әрекеттер жасауға тиіс

*заңсыз іс-әрекеттерге баруы тиіс

*+сотқа шағым жасауға құқығы бар

*сотқа шағым жасауға құқығына ие емес

*түрлі алдын алу шараларын жасауы тиіс

#237

*!Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы

*жұмысына уақытылы кешікпей келуі

*өзіне жүктелген жұмысты дұрыс атқаруы

*заңдарда белгіленген, шектеулерді сақтауы

*қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзбауы

*+лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы

#238

*!Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:

*жала жабу

*үй қамаққа қамау

*абақтыға отырғызу

*+ескерту,сөгіс, қатаң сөгіс

*қоғамдық жұмыстар жасату

#239

*!Атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік жаза

*+Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша қолданылады

*Қазақстан Республикасыеың президентінің шығарған жарлықтары негізінде қолданылады

*мемлекеттік қызметшіден жоғарғы тұрған уәкілетті органдардың шешімі бойынша қолданылады

*уәкілетті органның ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысы бойынша қолданылады

*мемлекеттік қызметшінің басшысының енгізген тәртіпері бойынша қолданылады

#240

*!Мемлекеттік лауазымын төмендету жүзеге асырылады

*сайлау арқылы

*тест тапсыру арқылы

*белгілі бір тәртіп арқылы

*конкурстық рәсімдер өткізіліп

*+конкурстық рәсімдер өткізілмей

#241

*!Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау әкеп соғады.

*қылмыстық жауаптылыққа

*мемлекеттік лауазымын көтеруге

*азаматтық-құқықтық жауаптылыққа

*+мемлекеттік лауазымынан шығаруға

*мемлекеттік лауазымын төмендетуге

#242

*!Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бірыңғай тәртіптік комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындау құқығы

*Үкіметтің шешімі бойынша құрылады

*+лауазымды адамның шешімі бойынша құрылады

*мемлекеттік қызметшінің қалауы бойынша құрылады

*Мәслихат депутаттарының шешімі бойынша құрылады

*Қазақстан Республикасының президентінің шешімі бойынша құрылады

#243

*!Сайлаудан бір апта алдын сайлау комиссиясының ғимаратының сыртына кандидат өзінің банері ілініп тұрды. Кандидат сайлаудан алдын осындай іс-әрекет жасауға құқылы ма?

*+Құқығы бар

*Құқығы жоқ

*Заңсыз

*Заңға бұл қарастырылмаған

*Сайлауға бір күн калған кезде түнгі 00:00де барлық үгіт насихат тоқтатылады