Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дамир есеп.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
529 Кб
Скачать
☆

3 Тарау. Өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, өнімді сақтау технологиясы. Жалпы сипаттамасы

3.1. Жыртынды жерлер және егістік аумағы

«C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің ғылыми-өндірістік кампусының» жыртынды жерлер аумағы 359 га,[ 6-кесте ].

6 кесте-Жыртынды жерлер, егістік аумағы

Атаулары

Га

%

1

2

3

Жыртынды жерлер аумағы, барлығы

359

100

Оның ішінде:

Егістік аумағы

359

100

Бидай

82

22,8

Арпа

86

23,9

Сұлы

44,8

12,7

Еркекшөп

24

6,7

Қылтықсыз арпабас

20

5,5

Итқонақ

20

5,5

Сиыр жоңышқа

20

5,5

Жоңышқа

20

5,5

Судан шөбі

25

7

Жүгері

0,5

0,2

Картоп

1,8

0,5

Орман ағаштарының питомнигі

15

4,2

Табиғи мал азықтық жерлер

800

100

Шабындықтар мен жайылымдар

800

100

7- кесте- Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі мен

жалпы түсімі.

Атаулары

Га

Өнімділігі, ц/га

Жалпы түсімі, т

2016 ж

2016 ж

1

2

3

4

оларда: бидай

86

14

124,865

Сұлы

44,8

18

78,650

Арпа

82

13

113,110

Табиғи мал азықтық жерлер, барлығы

800

-

-

Оның ішінде: шабындықтар мен жайылымдар

800

-

-

4 Тарау. Сүрлемдік дақыл жүгерінің өсіру технологиялары. Агротехника деңгейін талдау

4.1.Зерттелінген дақылға қысқаша сипаттама

Жүгері (лат. Zea mays) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі. Солтүстік Қазақстанда жүгері негізгі сүрлемдік дақыл болып табылады, республиканың оңтүстік аудандарында жемазықтық дақыл ретінде үлкен маңызы бар. 100 кг жүгері дәнінде 120-130 азықтық өлшем.

Жүгері – ең маңызды және барынша өнімді жемазықтық дақылдардың бірі. Мал азығына жүгері Қалзақстан Республикасында 2,2 млн.га шамасында өсіріледі. Солтүстік Қазақстанның 6 облысында мал азығына жүгері 1,5 млн.га жерге орналасқан, соңғы жылдардағы көк балауса өнімдері 172-ден 97 ц/га дейін өзгереді.

Жүгерінің тамыр жүйесі шашақты, топырақта 2-3 м тереңдікке бойлайды. Жүгерінің тамырлары өркен шыққаннан кейін алғашқы кезеңде қарқынды дамиды. Жүгеріде 5 тамыр түрлері ажыратылады. Ұрықтық, гипокотильді, ұрықтық эпикотильді, түйінді және сүйеніш тамырлар.

Жүгерінің сабағы тік тұрады. Биіктігі 0,5-2,5м. Жүгерінің жапырағы кең жапырақты. Жүгерідегі себуден піскенге дейін сорттар мен будандардың пісу мерзіміне байланысты белсенді температура жиынтығы 2100-3000°.

Солтүстік Қазақстанда кең тараған будандардан ерте пісетін топқа Молдавский 216 СВ, Молдавский 257 СВ, Днепровский 141 Т жатады және олар мұнда астық технологиясымен өсіруге ұсынылған: орташа мерзімде пісетін будан тобына Одесский 80 МВ, Одесский 86 МВ, Днепровский 247 МВ, Жеребковский 86 МВ жатады, ортадан кеш мерзімде пісетін топқа Казахстанский 5 ТВ кіреді.

Тұқымы 8-10°С жылылықта өне бастайды. Ерте пісетін бір сорттарына 6-8°С температура қажет, жүгерінің көптеген сорттары мен будандарында өскіні 6°С жылылықта жандана бастайды, 8°С та тұқым қабығын жарып шығады да 10°С – та егін көгі пайда болады.

4.2. Сүрлемдік дақыл жүгерінің өсіру технологиясы

Жүгері сүрлемге «C. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-нің ғылыми-өндірістік кампусында» 2 га жерге егілді. Жүгеріні себер алдында жеңіл тырмамен танапты 2 ізді тырмалау жұмысы болды. Тырмалаудан соң культивациялау.

Алғы дақыл – тың жер. Себу мөлшері – 150 кг/га. Сіңіру тереңдігі 6-8см. Егін себерден алдын топырақты себу алдында өңдеу жұмысы жүргізілді. Себу жұмыстарына УПС-6 агрегаты қолданды. Себілген ауданы – 2га. Егін көгі дақылды сепкеннен соң он үш тәулік ішінде шыға бастады. Сүрлемдік жүгері дақылының өсіру технологиялары «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың ғылыми-тәжірибелік» кампусында келесідей жүргізілді [кесте-9,10].

8- кесте - «Баймырза-Агро» шаруашылығы бойынша қолданылатын дақылдардың өсіру технологиясы

Қатар саны

Танап нөмірі №14-180га. №17 аумағы 660га.

Агротехникалық шаралар.

1

2

3

1

Дақыл,сорт

Жүгері, Днепровский 151 Т

2

Алғы дақыл, негізгі өңдеу тәсілі

Тың жер

3

Тыңайтқыш енгізу

Енгізілмеді

4

Себу алдында топырақ өңдеу

Сүдігер жырту 22-25см, 2 ізді тырмалау. ПЛН-8-35+МТЗ-2022

БДТ-7+Т-150

5

Тұқымды дәрілеу

ТМТД 2 кг/га. ПС-10

6

Себу тәсілі,мөлшері,мерзімі,тұқым сіңіру тереңдігі.

Жаппай қатардағы тәсіл, 150 кг/га. 19.05. УПС-6. 6-8 см.

7

Егістікті күтіп-баптау (тырмалау, қатараралық өңдеу, мерзімі, құралдар, тереңдігі)

Сирету жұмыстары жүргізілді.

8

Негізгі фенологиялық бақылаулар,егістіктің фитосанитарлық жағдайы

Тұқымның өнуі егін көгі (02.06), 3 жапырақ кезеңі (14.06),бұтақтану (22.06), түтікке шығу (06.07), шашақтану (16.07), шашақтың гүлденуі (18.07), собықтың гүленуі (29.07), сүттене пісу (20.08), пісу (01.09)

9

Суару тәсілдері, саны, мерзімі, мөлшері, ж.б.

Жүргізілмеді

10

Егінді жинау

Жинау технологиясы:қолмен

11

Қарастырылып отырған танаптардың өнімділігі, ц/га

175 ц/га

12

Күзгі топырақ өңдеу- тәсілі, құралдар, мерзімі, тереңдігі

Жүргізілмеді

Вегетация бойынша химиялық өңдеу жүргізілмеді. Қол кетпеннің көмегімен жүгеріні сирету жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар арамшөптерді отау жұмыстары жүргізілді. Толық піскен кезінде КПФ-4М жүгеріні шауып құлатты. Кепкен соң арнайы тіркемеге тиеу жұмыстары жүргізілді және ол арнайы орынға тасымалданды.

4.3 Сүрлемдік жүгері танабының арамшөптермен ластануы

Мәдени дақылдардың сабағына оратылып, олардың жатып қалуына және өнімінің төмендауіне себеп болатын өсімдіктер, әрине – арамшөптер. Біздің зерттеулерімізде арамшөптер санын есептеу көз молшерлік, сандық-салмақтық әдісімен анықталды. Танапта алаботалар, егістік шырмауығы, кәдімгі гүлтәжі, далалық шырмауықтар кездесті (9 кесте).

Кесте 9 – Сүрлемдік жүгерінің арамшөптермен ластануын бағалау, дана/м2

Нұсқа

Барлық арамшөптер

Саны, дана/м2

Массасы,

г/м2

Мамыр айының II декадасы

14,0

9.5

Мамыр айының III декадасы

18.0

11.6

Кестедегі мәліметтен көріп тұрғанымыздай, II ші декададағы арамшөптер саны 14 дана/ м2 құрады, жалпы массасы 9,5 г/м2 болды. Ал III ші декададағы арамшөптер саны – 18 дана/м2 болып II ші декададамен салыстырғанда 4 арамшөп көп болды, ал салмағы 11,6 г/м2 ды құрады.

4.4. Өнімнің қалыптасуы

Сүрлемдік дақыл жүгерінің өсіп даму кезеңдері (10-кесте)

Кезеңдер

Вегатация кезеңі

Себу

19.05

Көктеу

01.06

3-жапырақ кезеңі

14.06

Бұтақтану

22.06

Түтікке шығу

06.07

Шашақтану

16.07

Шашақтың гүлденуі

18.07

Собықтың гүлденуі

29.07

Сүттене пісу

20.08

Пісу

01.09

4.5. Өнімді жинау

Жүгері өнімі өте жоғары потенциалды мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Сүрлемге өсіргенде ол далалық және орманды-дала аймақтарында суарылмайтын жағдайда 150-300 ц/га, ал суармалы жерлерде 600-850 ц/га дейін өнім береді.

Ақмола облысы, Целиноград ауданы «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ ғылыми-тәжірибелік кампусы» жағдайында сүрлемге жүгерінің өнімділігі 1 га 175 ц/га.

Егінді жинау жұмыстары 02.09.2016ж басталды. Ол үшін алдымен егін толық піскен кезінде косилка КПФ-4М көмегімен егінді шауып құлаттық. Ол егінді кептіру мақсатында болды. Осылайша жүгері 25.09 дейін кептірілді. Содан кейін жүгерінің көк балаусасын арнайы прицепке артып, әзірленген орынға тасымалдау жұмыстары жүргізілді. МТЗ-80+2ПТС-4 агрегатымен.

5 ТАРАУ.

Мал шаруашылығының сипаттамасы

«Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусында»- мал шаруашылығы қалыптаспаған.Сол үшін мәліметтер келтірілмеген.Бұл ғылыми-тәжірибелік кампуста алдағы жоспар бойынша мал шаруашылығы қалыптасады.

6 ТАРАУ.

Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайы

6.1. Еңбек қорғау

Ауыл шаруашылығындағы еңбек қорғау жүйесі, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдік-профилактикалық, реабилитациялық және басқа да шаралар негізінде жүзеге асырылатын және өндіріс орындарында травматизм мен кенеттік жағдайлардың алдын алатын, қызметкерлердің қызмет ету барысындағы олардың денсаулық пен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларға бағытталған. (2007 жылғы 15 мамырда қабылданған ҚР Еңбек кодексі).

Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларына құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқығының құрамдас бөлігі. Бидай себу барысында механизатордың денсаулығына шу, вибрация, температураның толқымалы параметрлері, шаң-тозаң және трактор газдары сияқты теріс факторлар әсер етеді. Соның салдарынан, жұмыс күнінің аяқталуына таман оның есту қабілеті нашарлайтыны анық, ал бұл қызметті 10 жылдан бері иеленіп келе жатқан қызметкерлердің есту қабілеттеріне тіпті үлкен қауіп төнетіні сөзсіз.Механизатордың жұмысы жоғары дәрежелі зейінділікті талап етеді. Айналадағы шаң-тозаңды үнемі жұту салдарынан ағзадағы тозаң бронхиттерінің дамуына қолайлы жағдай туады. Жарақат жағынан қауіпті фактор болып, агрегаттың бүкіл қозғалмалы бөлшектері немесе агрегаттың өзі бола алады[5].

Жұмыс орнындағы өндіріс ісін бастамай тұрып, жұмысқа қайта қабылданған немесе бір қызмет бөлімшесінен екіншіге ауысқан қызметкерлерді, сондай-ақ уақытша және іссапардағы қызметкерлерге арнап бастапқы жұмыс инструктажы туралы ақпарат беріледі.

Содан кейін, тәлім алушылар 2-14 ауысым уақыты барысында (жұмыс бабы мен қызметкердің мамандануына байланысты) басшылар бекіткен арнайы тұлғалардың қадағалауымен, жұмыс өтілінен өтулері тиіс. Қызметкерлер тек жұмыс өтілін өткеннен, теориялық білімдері мен еңбек қауіпсіздігін толық меңгергеннен кейін ғана толық өзіндік жұмысқа жіберулеріне рұқсат беріледі.

Қайталамалы инструктажды бүкіл қызметкерлерге арнап, жарты жылда бір рет ұйымдастырады. Жоспардан тыс инструкажды келесі жағдайлар туғанда ғана іске асырады:

● Жаңа және қайта қаралған стандарттар, ережелер мен қоршаған ортаны қорғау әдістемелері қабылданғанда, сондай-ақ оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенде;

● Еңбек қауіпсіздігіне әсер ететін технологиялық үрдістің немесе шикізат, құралдар және басқа да факторлардың шамадан тыс ауытқулары пайда болғанда;

● Кейін аварияға, өртке немесе атқылауға әкелетін, қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғанда;

● Сыртқы бақылау органдарының талаптарына бойынша;

● Еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 60 тәуліктен, ал еңбек қауіпсіздігін жоғары дәрежеде болуын қажет ететін еңбек үрдісіндегі үзіліс мерзімі 30 тәуліктен асып кеткен жағдайда[5].

Қызметкерлерді жоспардан тыс инструктажбен, оны өткізу мұқтаждығын айқындайтын себептер мен жағдайларға байланысты көлемі анықталатын бір мамандық шеңберінде жекелеп немесе топтап алып таныстырады.

Инструктаж беруші мен инструктаж алушының қолы арқылы жүзеге асатын бастапқы қайталамалы, жоспардан тыс инструктажбен танысқаны туралы, сондай-ақ жұмыс өтілі мен толық өзіндік жұмысты орындауға рұқсат етілгендігі туралы ақпаратты тәлім алушы міндетті түрде жұмыс орындағы инструктажды тіркеу журналында немесе жеке оқу үрдісінен өткенін растайтын карточкаға белгілейді.

Мерзімдік жұмыстар мамандардың лауазымдық қызметтерінің есебі әдістемесіне сәйкес бейреттік инструктажды өткізуден басталады.

Егістіктерді зерттеу барысында қатаң қауіпсіздік шараларын сақтайды, яғни арнайы маманданған киім мен температура режимін сақтау, міндетті түрде арнайы құралдармен (скальпель, энтомологиялық инелер және т.б.) ғана жұмыс істеу. Өсімдік қорғаудағы мамандардың өзіндік қорғану құралдарына жұмыстың орындалу түріне байланысты ақ немесе қара халаттар, резеңке немесе мата қолғаптары, егістік жағдайында міндетті түрде бас орамал немесе тымақ болуы шарт. Арнайы маманданған киімдер құрамында хлоры бар арнайы ерітінділерде жуылады және өңделеді. Пестицидтермен технологиялық операцияларды орындауға тек өзіндік қорғану құралдары бар қызметкерлер ғана жіберіледі.

Барлық химиялық препараттар – биологиялық белсенді заттар болып табылады. Сондықтан, олар тек қолдану объектілеріне ғана емес, сонымен бірге адам мен жануар және айналадағы бақа да тірі дүниеге айтарлықтай теріс әсер ететінін есімізде ұстауымыз хақ.

Жадығатты талдауға арналған бөлмелерде, алғашқы жедел жәрдем көрсетуге керекті барлық құралдармен жабдықталған арнайы медициналық аптечка болады. Әрбір маман жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, өзінің денсаулығы туралы анықтаманы алады.

Пестицидтердің жұмыс ерітінділерін даярлау алаңдары міндетті түрде арнайы жабдықталған болуы тиіс. Ол алаңдардың көлемі жұмыс ерітінділерінің қалдықтарын жою мен зарарсыздандыру жұмыстарын қарастыратындай дәрежеде болуы шарт. Транспортты, ыдыстарды және өзіндік қорғану құралдарын өңдеу алаңдары бүкіл санитарлық нормаларға сәйкес келуі керек және оларды электр жүйелерінің астына орналастыруға қатаң тыйым салынады.

Пестицидтерді бүрку барысында монометр көрсеткішіне назар аударып, агрегаттың қозғалу жылдамдығын белгілейді. Пестицидтермен жұмыс істеп болған соң, механизмдерді арнайы алаңдарда удан тазалап, жуып шаяды. Пестицидтердің қолданылуы бар бүкіл жұмыстар арнайы журналдарда тіркеледі. Мұндай жұмыстарды орындау алаңдарында азық-түлікті, суды, фуражды және басқа да тұрмыстық заттарды сақтауға тыйым салынады. Сондай-ақ, пестицидтерді танапта немесе басқа жерлерде қараусыз қалдыруға болмайды.

ЖШС-ның әрбір ғимараты эвакуация жоспары мен жарамдылық мерзімі 5 жылдан аспайтын 1-2 ОХП-10 маркалы өртсөндіргіштермен жабдықталған. Сонымен бірге басқа да өртсөндіргіш құралдар қолданылады: қалақшалармен буып-түйілген құмы бар жәшіктер, ойғыштар, балталар, торларды кесуге арналған қайшылар және т.б.

Шаруашылықтарда өндірістік травматизмнің болуы әзірше тіркелмеген. Себебі, бүкіл инструктаж түрлерімен таныстыру жұмыстары дер кезінде жүргізіліп, еңбек қорғау заңдары қатаң қадағаланып отырады[6].

Еңбек қорғау мен өрт қауіпсіздігіне жүргізілген талдауларға сүйене отырып, келесі қорытындыны шығаруға болады:

● Шаруашылық азаматты жұмысқа немесе кәсіби-іс тәжірибеге қабылдаған кезде, инструктаждың барлық түрлерімен таныстыру жұмыстарын жүргізеді. ● Шаруашылықта ЖШС-ның меншігіндегі асхана бар, бұл әлеуметтік-экономикалық шаралардың сақталуын қамтамасыз етеді.

●Гигиеналық шаралардың сақталуын қамтамасыз ететін жуғыш және зарарсыздандырғыш құралдар мен өзіндік қорғану құралдары бөлінеді.

● Шаруашылықтың барлық бөлімдері өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталған.

6.2 Қоршаған ортаны қорғау

Қазіргі таңда, экологиялық талдау жүйелері Қазақстанда өндірістің құлдырауы мен қоршаған ортаны қорғау шараларының ұйымдастырылуына қарамастан, ондағы экологиялық жағдайдың әлі де төмен деңгейде екенін көрсетеді. Табиғаттың күллі құрам бөлшектері қоршаған ортаны құрайды, ал қоршаған орта түсінігіне табиғат ресурстары мен табиғаттың өзі кіреді.

2007 жылғы 9 қаңтарында қабылданған экологиялық кодекс пен 2003 жылдың 3 желтоқсанында бекітілген 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік концепциясы қоршаған орта мәселесін шешуде маңызды рөл атқарады. Концепцияның міндеттерін орындау барысында қоршаған ортаның ластану деңгейі төмендеп, қазіргі кездегі шарттарға сәйкес экологиялық қауіпсіздік мәселесі өз шешімін таппақ.

Экологиялық қауіпсіздіктің нағыз концепциясы Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі даму жоспарында бекітілген «Қазақстан-2030» стратегиясы заңнамасына сәйкес құрылды. Онда приватизацияның экологиялық мәселелері, экспертиза және мемлеуеттік бақылау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау заңнамасының құрылуының қажеттілігі, қоршаған ортадағы табиғат пайдалану мониторингінің экономикалық механизмдері сияқты мәселелер қарастырылып, өз жауабын тапты. Берілген концепциясының қабылдану мерзімінен бастап Қазақстан Республикасының жалпы қоғамдық дамуында күрделі өзгерістер пайда болды. Нақтырақ айтсақ, мемлекет дамуындағы стратегиялық құжаттар құрылып, қоршаған ортаны қорғау заңнамасының негізі қаланды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қатысты бірталай концепцияларға қол қойылып, табиғат қорғау ісінің басқару жүйесі құрылды[6].

Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалануына қойылатын экологиялық талаптар.

1.Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу мен пайдалану барысында экологиялық қауіпсіздік пен ауылшаруашылық алқаптарының сапалы күйі қамтамасыз етілуі тиіс.

2. Ауылшаруашылық бағытындағы жерлерді белгілеу жүйесі химиялық ластану мен физикалық дегратация себептеріне туындайтын экологиялық тұрақсыздық көрсеткіштерінің дәрежесі арқылы айғақталады.

3.Топырақтың химиялық ластану деңгейі қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік органдарының бекітілулері мен қоғамның санитарлық-эпидимиологиялық қауіпсіздік жағдайын әлеуеттендіретін ережелерге сәйкес, ең шекті мөлшер концентрациялары арқылы анықталады.

4.Жерлерді айтарлықтай құнды жүйеден құндылығы біршама төмен жүйелерге көшіруден туындайтын экологиялық критерийлер бағасы, консервация, сондай –ақ Қазақстан Республикасының жоғары билігінде қабылданған қауіпті экологиялық жағдайларды алдын алу.

Экологиялық қауіпсіздік пен қалыпты жағдайынан аутқыған экожүйелерді қайта қалыпқа келтіру, мемлекеттік реттеу және бақылауға жауапты қоршаған ортаны қорғау заңдарынан ауытқуды қадағалау, табиғатқа кері әсерін тигізетін әрекеттерді таңып, оларға қарсы шаралар кешенін ұйымдастыру.

Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуын жүзеге асыратын негізгі қағидалар: Мемлекеттің тұрақты дамуы үшін табиғи ресурстарды қолдануда ең шекті мөлшерлерін анықтайтын және қоршаған ортаның сапасына баланстық басқаруын қамтамасыз ететін ғылымға негізделген шектеулерге, шаруашылық немесе басқа да іс жүргізу барысындағы қолданылатын әдістемелер мен ережелер кешеніне экожүйелік көззқарас қалыптастыру.

Қоғам өміріндегі маңызды болып табылатын табиғат жүйелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі мәселелерге көңіл бөлу қажет:

- Климаттың өзгеруі мен жер қабатындағы озон қабатының бұзылуына әкелетін антропогендік әсерлерді тежеу;

- Топырақтардың шөлдену мен дегратация үрдістерін тоқтату және табиғаттың биокөптүрлілігін сақтау;

- Экологиялық жағдайы қауіпті аймақтар мен космостық полигон және сынау кешендерінің реабилитациясы;

- Каспий теңізі шелфінің ластануын ескерту;

- Су ресурстарының тозуы мен ластануын ескерту;

- Табиғи ластанулар мен ауа бассейнінің ластанулары, радиоактивтік, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде транспорттық ластануларды жою және алдын алу;

- Тұрмыстық және өндірістік қалдықтарының жиналу мөлшерлерін қысқарту;

- Табиғи және техногендік бағыттағы кенеттік жағдайларды ескерту;

Берілген мәселелер келесі жолдар арқылы өз шешімін таппақ:

- Қазақстан Республикасының заңнамасындағы табиғат қолданудың экономикалық механизмдері, мемлекеттік экологиялық бақылау мен мониторингтің нақтылануы және жүйеленуі;

- Экологиялық экспертиза мен табиғатты қолдану жүйесінің қалыпты дағдылануы;

- Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының, экологиялық білім мен статистиканың дамуы;

- Халықаралық қатынастар жүйесінің нығайуы.

Топырақтағы кез келген зиянды қосылыстар ерте ме, кеш пе, бәрі бір адам ағзасына өтетіндіктен, қоршаған ортаны қорғау жүйесіндегі топырақты ластанудан қорғау шаралары маңызды орын алады. Зерттеулердің нәтижелері бойынша, жыл сайын биосфераға 20-30 млрд. т шамасында қатты қалдықтар, оның 50-60% органикалық қосылыстар, және 1млрд. т. шамасында газ немесе аэрозоль күйіндегі қышқылдық агенттер шығарылады. Тағы бір ескертетін жәйт, пестицидтер тек аурулар, зиянкестер және арамшөптерге ғана зиянды болып қоймай, адам мен жануарлар әлеміне және энтомофагтарға да көп залал тигізетінін естен шығармағаны жөн. Себебі, олардың кейбіреулері жеңіл жалынданып, көбісі тұрақты қосылыстар түрінде тірі ағза ішінде және сыртқы ортада жинақталады. Қазіргі кезде бүкіл ауылшаруашылық алқаптарындағы экологиялық жағдайға қатаң бақылау жүргізіледі, атап айтқанда: республика төңірегінде қолдануға рұқсат етілген барлық пестицидтерге шекті мөлшерлі концентрациялар белгіленген; пестицидтердің атмосфераға, суға және топыраққа түсуі белгіленген мөлшерлемелерден аспауы тиіс; ауылшаруашылық егістіктерін және топырақты пестицидтермен өңдеуде белгіленген қатаң қауіпсіздік шараларын ескеру қажет[6].

«Қазақстан Республикасы аумағында 2003-2012 жылдары қолданылуға рұқсат етілген пестицидтер тізіміне» сәйкес олардың құрамындағы уытты заттардың мөлшері ауада, суда, топырақта, азық-түлік тағамдарында және мал азығы құрамында белгіленген гигиеналық талаптарға сай келуі тиіс. Пестицидтерді жылдар бойы қолдану нәтижесінде, оның ішінде авиациялық бүрку жұмыстары, көптеген ауылшаруашылық және орман алқаптарының ластануына себепкер болды. БҰҰ-ның мәлімдеуі бойынша, пестицидтермен және экотоксиканттармен улану салдарынан жыл сайын әлемде 3млн-ға жуық адам мерт болуда. Ең өкініштісі, мұндай қоршаған ортаға қауіпті мультинационалдық концерндегі пестицидтер өндірісінің көлемі жыл сайын ұлғайып келе жатыр.