Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дамир есеп.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
529 Кб
Скачать
☆

7 Тарау. Өткен іс-санаға сапалық жағынан бағдарлама сұрақтарын қамти отырып, іс-сана үрдісінде үйренгендеріне өзінің жеке бағасы

Мен, Кенжалиев Дамир өндірістік іс-сананы «Сәкен Сейфуллин атындағы Қаз АТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусында» өттім. Өндірістік іс-сананы өту мерзімі жоспар бойынша орындалды. Шаруашылық жетекшісі осы іс-санада студенттерді уақтылы қабылдап, алдын –ала техника қауіпсіздік ережесімен таныстырып, өзімізге қажетті барлық жағдайларды жасады. Өндірістік іс-сананы өту кезінде мен көптеген мәліметтерді жинап,теориялық білімімді тәжірибеде жетілдіруге тырыстым.

Шаруашылықтың дамуы, ұжымның татулығы,жүргізілетін барлық агротехникалық іс-шаралардың жоспар бойынша орындалуы Бас агроном қызметінің үлкен жауапкершілігінде екенін байқадым.

Мен осы шаруашылықта өсірілетін барлық дақылдардың өсіру технологиясынан бастап шаруашылықтың өзін- өзін басқару жүйесін, жұмысшылармен қарым-қатынас, қызметкерлерді жұмыспен қамту жоспарын ұтымды пайдалану,ауа-райы жағдайларына байланысты танаптағы жұмыстарды жоспарлау,жалпы өзге елдердің ауыл шаруашылығы саласындағы озық, жаңа жетістіктерін шаруашылыққа енгізу жөніндегі пайдалы кеңестерді өзіме жинап, өндірістік іс-сананы өтіуімнің өзі аз да болса осы саланы бір қырынан танытуға мүмкіндік берді.

Нақты қорытындылар мен ұсыныстар:

- Шаруашылықта жұмысшы құрамының тәжірибелігін арттыру мақсатында жыл сайын осы саладағы аудандық,облыстық ғылыми –тәжірибелік конференциялар мен жиындарға қатыстыра отырып,тәжірибе алмасу,жас мамандарды жұмыспен қамту,машина-трактор паркіне қызмет көрсетуші мамандар санын кеңейту;

- Шаруашылықта шабындық және жайылымдық жерлерді жақсартуға көңіл бөлу,мал шаруашылығы саласын дамытуды қолға алу;

- Өсіру технологиясындағы жеке элементтерін талдай отырып,1 га кететін шығын мөлшерін төмендету, атқарылатын жұмыстардың сапалылығын қадағалау мақсатында қашықтықтан бақылау құралын AutoGRAF бағдарламасы сияқты шаруашылыққа енгізу;

Қорытынды

«Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ АҚ ғылыми-тәжірибелік кампусы» Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Қабанбай батыр ауылдық округінде орналасқан. [қосымша А]. Шаруашылықтың негізгі өндірістік бағыты бидай, дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдардың көптеген түрлері болып табылады. С.Сейфуллин Қазақ агротехнкалық университетінің ауылшаруашылық кампусының барлық ауылшаруашылық жерлері 1237 гектарды құрап отыр. Оның ішінде: жыртынды жерлер 359 га, шабындықтар мен жайылымдар 800 га, тоғандар мен су қоймалары 16 га, батпақты жерлер 55 га, танаптық жолдар 6 га, басқа жерлер 1 га-ды құрайды.

Мал азықтық өсімдіктердің барлық түрлерінен сүрлем дайындауға болады. Бірақта белгілі өсімдік топтары сүрлемдік дақылдар болып бөлінген. Олар көк балаусасының өнімі жоғары және тұрақты, қоректілігі жақсы, астық дақылдарының жиыны басталғанша сүрлемге салуға дайын болуы шарт.

Жүгерінің сүрлемдік дақыл ретінде маңызы зор. Малға жүгеріні көк балауса, немесе сүрлем түрінде береді. Жүгеріні сүрлемге өсіргенде оның дәнінің толықтай пісуі қажет емес. Сол себепті оның кеш пісетін сорттарын сеуіп жоғары өнім алуға болады. Өсіру агротехникасын толықтай сақтап қолданған кезде жүгерінің әр гектарынан 400-500 ц-дей, ал суармалы жерлерде – 800-1000 ц-дей көк балауса жинауға болады. Сүрлемге өсіруге жүгерінің суыққа және аязға төзімді сорттарын таңдайды.

Дәнді жинап алғаннан кейін жүгері сабағын басқа шырынды дақылдармен бірге салынған сүрлемі өте дәмді келеді. Оның ұсақталған сабанын қызылша сығындысымен және картоп төпімен сүрлемге салған тиімді.