Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
карта-тіл дам.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Уақыты:

Тәрбиеші:А.А.Бисюкова

Білім саласы: «Қатынас»

Түрі:Тіл дамыту

Тақырыбы: «Құстарды бақылау»

Мақсаты: Балалардың құстар,олардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту,сөздік қорларын молайту.Құстарды қорғауға,аялауға,ұя жасап,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Беленгвизм: Құстар-птицы

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері:

Армысыз,қайырымды Аспан-ана!

Армысыз,мейірімді Жер-ана!

Армысыз,шұғылалы

Алтын күн!Амансың ба,

Көк аспан!

Амансың ба,достарым.

-Балаларды серуенге апару,қуанту.

Балалар шеңберде тұрып жақсы сөздер айтады.Бір-бірін қуантады.Серуенге баруға әзірленеді.

Ұйымдастырушылық

Ізденуші

Рефлексивті түзетуші

Балаларды аулаға серуенге алып шығып оқу іс-әрекетінің тақырыбымен таныстыру.Құстарды бақылайтынымызды айту.

-Балалар құстар туралы қандай тақпақтар білеміз.

-Жарайсындар,балалар бүгін құстар туралы айтамыз.

-Табиғат деген жомарт.Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Ал сол табиғатқа сән беруші-құстар.Құстар көктемде және жазда өз ұясын жасайды.Онда өз балапандарын өсіреді.

Әр түрлі құстар болады.Бүркіт,Аққу,Бұлбұл,Тоқылдақ,Көкек,Көгершін.т.б.

Құстардың ұясын бұзуға,оларды атуға болмайды.

Тыйым сөздер: «Аққуды атпа»

«Құс ұясын,құмырсқаның йлеуін бұзба»т.б.

Сергіту сәті:

Кәне,қанат жазайық

Қарлығашқа ұқсайық

Қарлығаш боп ұшып-ап

Ұшып-ұшып алайық

Ойын: «Ұшты-ұшты»

Шарты: ұшатын құстарға қолдарын көтереді,ұшпайтын затқа қолдарын көтермейді.

Оқу іс-әрекетін қортындылау.

-Біз қандай құстармен таныстық?

-Құстар қай мезгілде ұя жасайды?т.б

Торғай,торғай,торғайсың

Жақын келіп қоңбайсын

Жем шашайын тойып ал

Сонда торғай тоңбайсын

-Балалар тыйым сөздер жаттайды.

Сергіту жаттығуын орындайды.

-Балалар ойынды қызыға ойнайды.

Бүркіт,Аққу,сауысқан,Бұлбұл,тоқылдақ.т.б

-Көктемде және жазда.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Балалар құстар туралы білді.

Қандай түсініктерді игерді: Туған жеріміздін табиғатын қорғау.

Меңгеруі:Құстар туралы тақпақтар тындап,ойынның шартын бұзбай ойнауды.