- •Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Уақыты:
Тәрбиеші:А.А.Бисюкова
Білім саласы: «Қатынас»
Түрі:Тіл дамыту
Тақырыбы: «Үй құстары»
Мақсаты:Үй құстары туралы түсінік беру.Үй құстарының тіршілігі және олардың пайдасы туралы мағлұмат беру.Құстарға деген сүйіспеншілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Билингвизм: Үй құстары-Домашние птицы
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар күннің шуағын көргенде сендер не сезесіндер? -Йә дұрыс айтасындар.Күн бізге жылу береді жарық береді.Ендеше біз күнге ұқсап шеңбер құрайық та,бір-бірімізге жылы сөздер айтайық. |
-Көңіліміз көтеріледі. -Күнге қуанамыз -Күн бізге жылу береді. -Күн шыққан кезде жарық болады. Алақанмен жылуды Айналаға таратайық Бір-бірімізбен жақындасып Бақыт қүлкі сыйлайық Бақыт нұрын шашайық. |
Ұйымдастыру кезеңдері |
Таңқалдыру сәті:үнтаспадан құстардын дауысы шығады. Балалар бұл ненің дауысы? Бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы "Үй құстары "деп аталады. Құстардың екі түрі болады солардын ішінде үй құстары туралы әңгімелейміз.Алдымен ұшып жүретін құстар туралы білетіндерімізді ортаға салайық. Құстардың суреттерін іліп қойып құстар туралы сұрақтар қою. -Құстар нені қорғайды? -Ағаштар не үшін керек? -Ендеше сол ауамен тыныс алып көрейік. Табиғатты қорғауға,аялауға сендер не істеп жатырсындар? Ал үй құстарын атандар? -Неліктен оларды үй құстары деп атайды? -Олардын адамға қандай пайдасы бар? -Ұй құстарын қалай күтіп-баптау керек? Сергіту сәті; "Қазым,қазым қанқылда" Қазым,қазым қанқылда Көлге түсіп салқында Жем берейін жейсін бе? Кәмпит берші дейсін бе? Жоқ-жоқ,жоқ-жоқ Кәмпит тәтті ас болмас Арпа менен бидай шаш. -Құстарға байланысты мақал-мәтел жаттайық. *Сауысқандай сақ бол. *Қаз келсе, жаз келер Қарға келсе,қыс келер. -Тыйым сөздер: *Құстын жұмыртқасын жарма,бетіңе шұбар түседі. *Құстын ұясын бұзба *Құсты өлтірме,атпа. Жұмбақ жасыру: *Бұрап қойған сағаттай Айқайлайды сағаттай. *Судан шықса баладай Тәй-тәй басып қалады-ай |
-Құстардың
-Ағаштарды. -Ауаны тазартады. Балалар тыныс алу жаттығуын жасайды. -Құстарға үй жасаймыз,құстар туралы тақпақтар жаттаймыз.
Құс сұлуы аққуым Табиғат көркін сыйлаған Мылтығын кезеп еш мерген Атуға көзі қимаған. Тауық,қаз,үйрек,әтеш. -Өйткені оларды адамдар бағып,қораларында асырайды. -Құстардың жүндерінен көпшік жасады,етін,сорпасын,жұмыртқасын пайдаланады. -Жылы қора салып күнде су,жем беру керек.
Балалар сергіту сәтін қимылдар жасап орындайды.
-Балалар мақал-мәтелдер мен тыйым сөздерді тәрбиешінің артынан қайталап айтты.
-Әтеш
-Қаз
-Құстын ұясы. |
Рефлексивті-түзетушілік |
Балаларға сұрақтар қою. Бүгін не туралы айттық?
|
-Құстар туралы |
Күтілітін нәтиже:
Білу керек:Құстардың түрлерін,олардың аттарын айта білуді.
Түсінеді: Құстарға қамқор болуды.