- •2.Салықтың экономикалық белгілері.
- •3. Салықтың құқықтық белгілері:
- •4.Салық қызметтері.
- •15.Салық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар мыналар:
- •16. Салық реформалары:
- •17. Салық саясаты және оның жіктелуі.
- •18. Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері және оларға жатпайтындар.
- •23. Жер салығы бойынша салық салу объектісіне нелер енбейді.
- •24. Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар.
- •19. Көлік құралдары салық салу объектілері және оларға жатпайтындар.
- •22. Жер санаттары және олардың қайсыларына жер салығы салынбайды.
- •25. Қандай төлеушілерге жер салығын есептегенде коэффициент қолданылады.
- •26. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын есептеу тәртібі.
- •27. Өнеркәсіп жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •28. Елді мекен жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •29.Автотұрақтар, базар жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі .
- •30. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •31. Жеке тұлғалар мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •32. Қосылған құн салығы (ққс) артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •33. Ққс салу объектілері.
- •34. Ққс босатылған айналым мен импорт.
- •35. Ққс бойынша шот-фактура.
- •36. Акцизделетін товарлар және акциз салығын төлеушілер.
- •37. Акциз ставкалары.
- •38. Акциз салынатын объектілер және одан босатылғандар.
- •39. Корпоративтік табыс салығының төлеушілері.
- •40. Табыс салығының салық салу объектілері.
- •41. Жылдық жиынтық табыс және оған енетіндер.
- •42. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •43. Салықтық шегерістер
- •44. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
- •45. Корпоративтік табыс салығы ставкалары
- •46. Қандай табыстар төлем көзінен салық салуға жатпайды
- •47. Салық салу тарихында адамдар табысына салық салудың қандай жүйелері болған
- •48. Жеке табыс салығының төлеушілері және одан босатылғандар
- •50. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтын кірістер
- •51. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың қандай түрлері алып тасталады
- •52. Жеке табыс салығының ставкалары
- •53. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны кімдер табыс етуге міндетті
- •54. Әлеуметтік салық төлеушілері
- •55. Әлеуметтік салықтың салық салу объектілері мен оларға жатпайтындар
- •56. Әлеуметтік салық ставкалары
- •57. Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •58. Міндетті зейнетақы жарналары: есептелу мен төлеу тәртібі
- •59. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды есептеу тәртібі
28. Елді мекен жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
Елді мекен жерлеріне салынатын салық.
Қалалық жергілікті өкімет органдарының қарауындағы қала мен поселке шегі шеңберінде орналасқан бүкіл жер қалалар мен поселкелердің жеріне жатады.
Селолық (ауылдық) елді мекендердің жеріне осы мекендерге арналып жерге орналастыру тәртібі бойынша белгіленген шегі шеңберіндегі барлық жерлер жатады.
Елді мекеннің жерлері салық салу мақсаты үшін екі топқа бөлінген:
Тұрғын үй қоры, о.і. олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекен жерлері;
Тұрғын үй қоры, о.і. олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер;
Елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары бір шаршы метр алаңға есептеліп мынадай мөлшерде белгіленеді:
Мәселен, Қызылорда қаласында елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкасы 1 шаршы метрге 8,68 теңгені құрайды, басқа да аудандық маңызы бар қалалар – Арал және Қазалыға – облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 пайызына 6,51 теңгеге (8,68 теңге х 0,75) тең.
Мысалы, «Қазақзергер» АҚ Қызылордадағы бөлімшесінің меншік құқығында Қызылорда қаласында алаңы 47 м2 дүкен тиесілі. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 408 теңгені (47 м2x 8,68) құрайды, мұндағы, 47 – жер учаскесінің көлемі, м2;
8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2.
Аудандық маңызы бар қалада, мысалы, Арал қаласында заңды тұлғалардың 5500 м2 жерге офисі орналасқан. Жоғарыда салық ставкасында облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 % деп берілген, яғни 8,68 х 75 %= 6,51 теңге, сонда салық сомасы.
5500 м2х 6,51 теңге=35805 теңге мөлшерінде төленеді. Заңды тұлға бұл соманы тең үлеспен 4 рет бөліп төлейді, сонда тоқсанына 8951,3 теңгеден төлеп отырады.
Қызылорда қаласында тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге жер салығының ставкасы 1 шаршы метрге 0,96 теңгені құрайды, басқа да аудандық маңызы бар қалалар – Арал және Қазалыға – салық ставкасы -0,19 теңге.
Мысалы, Қызылорда қаласы тұрғынының 500 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры, оның іргесіндегі ғимараттар алып жатыр. Осы жерге салық төмендегіше есептеледі:
500 шаршы метр * 0,58 тң=290 теңге салық төленеді.
Ал егер тұрғын үй ауылда орналасқан болса, онда 1000 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры мен іргесіндегі ғимараттар алып жатқан жерлерге салық:
1000 шаршы метр * 0,09=90 теңге мөлшерінде салық салынады.
29.Автотұрақтар, базар жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі .
Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық.
Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.
Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.
Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалардан кем болмауға тиіс.
Жергілікті атқарушы орган белгіленген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекеннің базарлар аумағында бөлінген жерлеріне елді мекен жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.
Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына жоғарыдағы тәртіп бойынша салық салынады.
Мысалы, «Тұлпар» ӨК-нің иелігінде жалпы көлемі 160 м2 автотұрақ бар. Автотұрақ Қызылорда қаласында орналасқан.
Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы 13888 теңгені ((160 м2x 8,68) х10) құрайды, мұндағы, 160 - жер учаскесінің көлемі, м2.
8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2;
10 – Салық кодексінің 337 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жер салығының ставкасын өсіру саны.
Мал сату жөніндегі базарларға жер салығы елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.
