- •2.Салықтың экономикалық белгілері.
- •3. Салықтың құқықтық белгілері:
- •4.Салық қызметтері.
- •15.Салық жүйесіне қойылатын негізгі талаптар мыналар:
- •16. Салық реформалары:
- •17. Салық саясаты және оның жіктелуі.
- •18. Көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері және оларға жатпайтындар.
- •23. Жер салығы бойынша салық салу объектісіне нелер енбейді.
- •24. Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар.
- •19. Көлік құралдары салық салу объектілері және оларға жатпайтындар.
- •22. Жер санаттары және олардың қайсыларына жер салығы салынбайды.
- •25. Қандай төлеушілерге жер салығын есептегенде коэффициент қолданылады.
- •26. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын есептеу тәртібі.
- •27. Өнеркәсіп жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •28. Елді мекен жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі.
- •29.Автотұрақтар, базар жерлеріне жер салығын есептеу тәртібі .
- •30. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •31. Жеке тұлғалар мүліктеріне салық салу тәртібі.
- •32. Қосылған құн салығы (ққс) артықшылықтары мен кемшіліктері.
- •33. Ққс салу объектілері.
- •34. Ққс босатылған айналым мен импорт.
- •35. Ққс бойынша шот-фактура.
- •36. Акцизделетін товарлар және акциз салығын төлеушілер.
- •37. Акциз ставкалары.
- •38. Акциз салынатын объектілер және одан босатылғандар.
- •39. Корпоративтік табыс салығының төлеушілері.
- •40. Табыс салығының салық салу объектілері.
- •41. Жылдық жиынтық табыс және оған енетіндер.
- •42. Жылдық жиынтық табысты түзету
- •43. Салықтық шегерістер
- •44. Төлем көзінен салық салынатын табыстар
- •45. Корпоративтік табыс салығы ставкалары
- •46. Қандай табыстар төлем көзінен салық салуға жатпайды
- •47. Салық салу тарихында адамдар табысына салық салудың қандай жүйелері болған
- •48. Жеке табыс салығының төлеушілері және одан босатылғандар
- •50. Жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайтын кірістер
- •51. Жеке тұлғаның салық салынатын табыстарынан табыстардың қандай түрлері алып тасталады
- •52. Жеке табыс салығының ставкалары
- •53. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны кімдер табыс етуге міндетті
- •54. Әлеуметтік салық төлеушілері
- •55. Әлеуметтік салықтың салық салу объектілері мен оларға жатпайтындар
- •56. Әлеуметтік салық ставкалары
- •57. Әлеуметтік салықты есептеу мен төлеу тәртібі
- •58. Міндетті зейнетақы жарналары: есептелу мен төлеу тәртібі
- •59. Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдарды есептеу тәртібі
30. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мүліктеріне салық салу тәртібі.
Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:
- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);
- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).
Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі төмендегіше:
Кесте 1.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртібі мен ережелері
№ |
Көрсеткіштер |
Қысқаша сипаттама |
1 |
Төлеушілері |
Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер, концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер. |
2 |
Мүлік салығы төлеушілері қатарына жатпайтындар |
- діни бірлестіктер |
3 |
Салық объектісі |
Дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы: 1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар; 2) концессия шартына сәйкес концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады. |
4 |
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы |
Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық баланстық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің баланстық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады. Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің салық салу объектілері бойынша салық базасы болып табылады. |
5 |
Салық ставкалары |
Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік суқоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-заңды тұлғалардың жерлерін суаруға пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыстары бойынша заңды тұлғалар, ауыз сумен қамту объектілері бойынша заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1%. Бұл заңды тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1,5%. |
6 |
Салық төлеу мерзімі |
Салық кезеңіндегі 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. |
