Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф И З И К А II БЛІМІ БОЙЫНША З БЕТІМЕН ЖМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛАН ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
735 Кб
Скачать
☆

14.5 Кванттық механика

14.5.1 1кВ потенциалдар айырмасымен үдетілген зарядталған бөлшектің де Бройль толқын ұзындығы l = 1,282 пм. Бөлшектің заряды 1,6.10-19 Кл. Массасы неге тең? ( h = 6,62.10-34 Дж.с)

A) 0,621.10-27кг; B) 0,656.10-27кг; C) 0,156.10-27кг;

D) 0,833.10-27кг; E) 1,672.10-27кг.

14.5.2 Импульсі 9,1×10-25 кг×м/с болатын электронның де Бройль толқын ұзындығы неге тең?

А) 6,02×10-58 м; В) 1,37×109 м; С) 0,727 нм; D) 0,115 нм;

Е) келтірілген жауаптардың ішінде дұрысы жоқ.

14.5.3 Жылдамдығы 2,5.103м/с болатын нейтронның (m=1,675.10-27 кг) толқын ұзындығы неге тең? (h =6,62.10 -34Дж.с)

A) 46 пм; B) 172 пм; C) 216 пм; D) 244 пм; E) 158 пм.

14.5.4 Микробөлшектің жылдамдығы 2 есеге кемісе, оның де Бройль толқын ұзындығы қалай өзгереді?

А) 2 есе артады; В) 2 есе кемиді;

С) 4 есе артады; D) 4 есе кемиді; Е) Өзгермейді.

14.5.5 Микробөлшектің импульсі 4 есе артса, оның де Бройль толқын ұзындығы:

А) 4 есе артады; В) 4 есе кемиді;

С) 2 есе артады; D) 2 есе кемиді; Е) Өзгермейді.

14.5.6 Протонның жылдамдығы 2 Мм/с. Протонның толқындық қасиетін сипаттайтын де Бройль толқын ұзындығы неге тең? (mp= 1,67.10-27 кг, h=6,62.10-34 Дж.с)

А) 0,364 пм; В) 0,107 пм; С) 0,198 пм; D) 0,727 пм; Е) 0,091 пм.

14. 5.7 Электронның кинетикалық энергиясы 1 кэВ. Осы электронның де Бройль толқын ұзындығы неге тең? (электронның массасы 9,1.10-31 кг, h=6,62.10-34 Дж.с)

A) 14,8 пм; B) 18,3 пм; C) 42,7 пм; D) 30,2 пм; E) 38,8 пм.

14.5.8 λ = h / (mυ) қатынасы қалай аталады?

А) Шредингер теңдеуі; В) Эйнштейн формуласы;

С) Гейзенбергтің анықталмағандық қатынастары;

D) де Бройль формуласы; Е) Планк формуласы.

14.5.9 Микробөлшектің толқындық қасиеттеріне төменде келтірілген шамалардың қайсысы жатпайды: 1-импульс, 2-энергия, 3-траектория, 4-масса?

А) 1 және 4; В) 2 және 4; С) 3; D) 1 және 3; Е) 2.

14.5.10 Микробөлшектің координатасында анықталмағандық артса:

А) энергияның анықталмағандығы өседі;

В) энергия мен импульстің анықталмағандығы бұрынғы қалпында қалады;

С) импульстің анықталмағандығы кемиді;

D) импульстің анықталмағандығы өседі;

Е) энергияның анықталмағандығы бұрынғы қалпында қалады.

14.5.11 қатынасы қалай аталады?

А) Шредингер теңдеуі; В) Эйнштейн формуласы;

С) Гейзенбергтің анықталмағандық қатынастары ;

D) де Бройль формуласы; Е) Планк формуласы.

14.5.12 Протонның орны Dх=1.10-8м қателігімен анықталған. Минималды кванттық – механикалық анықталмағандық DVх, протонның жылдамдығы: ( =1,05.10-34Дж.с, mp=1,67.10-27кг)

A) 0,63м/с; В) 6,3.10-15м/с; С) 6,3м/с; D) 16м/с; E) 16.1015 м/с.

14.5.13 Негізгі күйдегі сутегі атомының энергетикалық деңгейінің ені неге тең?( =1,05.10-34 Дж.с).

А) 1,05. 10-42Дж; В) 0 Дж; С) 1,05.10-26 Дж; D) 0,95.1026Дж; Е) 2,1.10-26 Дж.

14.5.14 Қозған күйдегі сутегі атомының энергетикалық деңгейінің ені неге тең? (Қозған күйдегі атомның өмір сүру уақыты 10-8 с, =1,05.10-34 Дж.с)

А)0 Дж; В)1,05. 10-42 Дж; С)0,95.1026Дж; D) 1,05.10-26Дж; Е) 2,1.10-26Дж.

14.5.15 Бір рет иондалған гелий атомының энергетикалық деңгейінің ені неге тең?

А) 0 Дж; В)1,05. 10-42 Дж; С)1,05.10-26 Дж; D)0,95.1026Дж; Е)2,1.10-26 Дж.

14.5.16 Толқындық функцияға сәйкес келмейтін қасиетті көрсет:

А) аяқталғандық; В) біртектілік; С) кванттылық;

D) үзіліссіздік; Е) туындының толқындық функциядан үзіліссіздігі.

14.5.17 Dрх×Dх ³ өрнегі қалай аталады?

А) бөлшектің Х осі бойымен қозғалысына арналған Шредингер теңдеуі;

В) де Бройль формуласы; С) Бордың стационар орбиталарының шарты;

D) Планк формуласы; Е) Гейзенбергтің анықталмағандық қатынастары.

14.5.18 Ψ=Ψ0 е - i (E t - pr) / ħ формуласы нені білдіреді? (Е мен p - микробөлшектің энергиясы мен импульсі , ћ- келтірілген Планк тұрақтысы, i- жорамал сан)

А) де Бройль формуласы; В) толық түрдегі Шредингер теңдеуі;

С) де Бройль толқынының таралуын сипаттайтын функция;

D) Гейзенберг қатынасы; Е) Ферми-Дирак функциясы.

14.5.19 Толқындық функция арқылы анықтауға болады:

А) микробөлшектің қозғалыс траекториясын;

В) микробөлшектің энергиясын;

С) микробөлшектің координатасы мен импульсін;

D) микробөлшектің массасы мен импульсін;

Е) кеңістіктің кейбір облыстарында микробөлшектің табылу ықтималдылығын.

14.5.20 Дұрыс жауапты таңдаңыз:

А) y(х,y,z,t ) толқындық функциясы элементтің dV көлемінде бөлшектің табылу ықтималдығын анықтайды;

В) толқындық функция модулінің квадраты элементтің dV көлемінде t уақыт мезетіндегі бөлшектің табылу ықтималдығының тығыздығын анықтайды;

С) стационар күйдегі Шредингердің теңдеуі мынадай: y=y0 ;

D) Бордың жиіліктер ережесі: mu r = n ;

Е) берілген жауаптардың ішінде дұрысы жоқ .

14.5.21Дұрыс жауапты таңдаңыз:

А) y(х,y,z,t ) толқындық функциясы элементтің dV көлемінде бөлшектің табылу ықтималдығын анықтайды;

В) толқындық функция модулінің квадраты микробөлшектің қозғалыс траекториясын анықтайды;

С) стационар күйлер үшін Шредингердің теңдеуі мынадай:

Dy + (E-U)y = 0;

D) Шредингер теңдеуінің жалпы түрі: Dy- E(x,y,z,t) y= i ;

Е) микробөлшектің күйі координата мен импульс арқылы анықталады.

14.5.22 Фермиондар дегеніміз:

А) бүтін санды спинді микробөлшектер;

В) жартылай бүтін спинді микробөлшектер;

С) Ферми деңгейінде орналасқан электрондар;

D) кванттық заңға бағынатын барлық бөлшектер;

Е) бөлшектердің пайда болған жүйесі.

14.5.23 Бозондар дегеніміз:

А) бүтін санды спинді микробөлшектер;

В)жартылай бүтін спинді микробөлшектер;

С) Ферми деңгейінде орналасқан электрондар;

D) кванттық заңға бағынатын барлық бөлшектер;

Е) бөлшектердің пайда болған жүйесі.

14.5.24 Дұрыс емес тұжырымды көрсетіңіз:

А) фазалық кеңістіктегі элементар ұяшықтар көлемі ћ3-қа тең;

В) фазалық кеңістіктің 1 ұяшығында 1 ғана фермион орналаса алады;

С) фазалық кеңістіктің 1 ұяшығында 1 ғана бозон орналаса алады;

D) Ферми-Дирактың статистикасы Паули принципіне негізделген;

Е) диэлектриктердің валенттік зонасы мен өткізгіштік зонасы тыйым салынған кең зонамен бөлінген.

14.5.25 Берілген тұжырымдардың қайсысы Паули принципіне сәйкес келеді:

А) электрондардың энергетикалық спектрі кванттық-механикалық жүйеде дискретті;

В) кванттық-механикалық жүйеде кванттық сандар жинағы бірдей күйде орналасқан 2 немесе одан да көп электрондардың болуы мүмкін емес;

С) кванттық-механикалық жүйеде спиндері бірдей 2 немесе одан да көп электрондардың болуы мүмкін емес;

D) кванттық механикада микробөлшектің күйі y толқындық функциясы арқылы беріледі;

Е) кванттық механикадағы микробөлшектің күйі бір уақытта координата мен импульстің толық мағынасымен сипатталмайды.

14.5.26 Дұрыс емес тұжырым:

А) фермиондар дегеніміз жартылай бүтін спинді бөлшектер;

В) бозондар бүтін санды спиндерге ие;

С) фермиондар Паули принципіне бағынады;

D) фермиондар Ферми-Дирак статистикасына бағынады;

Е) фазалық кеңістіктің әрбір ұяшығында тек 1 ғана бозон орналаса алады.

14.5.27 Т=0 К болғанда рұқсат етілген шекараның тек бір бөлігі ғана электрондармен қамтылса, онда қатты дене:

А) диэлектрик; В) өткізгіш; С) жартылай өткізгіш;

D) диэлектрик немесе жартылай өткізгіш;

Е) өткізгіш немесе жартылай өткізгіш.

14.5.28 Егер тыйым салу шекарасымен шектелген кристалдың энергетикалық деңгейінің валентті шекарасы толығымен толса, онда кристалл:

А) диэлектрик; В) жартылай өткізгіш;

С) металл; D) диэлектрик немесе жартылай өткізгіш;

Е) металл немесе жартылай өткізгіш.

14.5.29 4-валентті германий р-типті жартылай өткізгіш болу үшін оған қандай қоспа енгіземіз?

A) кремний (4 топ ); B) индий (3 топ); C) мышьяк (5 топ);

D) фосфор (5 топ); Е) қалайы (4 топ).

14.5.30 4-валентті германий n-типті жартылай өткізгіш болу үшін оған қандай қоспа енгіземіз?

А) Р (5 топ ); В) В (3 топ); С) In (3 топ); D) Si (4 топ); Е) Ве (2 топ).