Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ф И З И К А II БЛІМІ БОЙЫНША З БЕТІМЕН ЖМЫС ІСТЕУГЕ АРНАЛАН ТЕСТІК ТАПСЫРМАЛАР.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
735 Кб
Скачать
☆

14.6 Ядролық физика

14.6.1 Егер атом ядросында 7 про­тон және 8 нейтрон бар болса, онда нейтрал атомның электрондық қабықшасындағы электрондар саны:

A) 1; B) 7; C) 8; D) 15; E) 5.

14.6.2 оттегі изотобының ядросындағы Z протондар мен N нейтрондар саны:

A) Z=8, N=15; B) Z=8, N=9; C) Z=17, N=8; D) Z=8, N=8; E) Z=8, N=7.

14.6.3 Төменде келтірілген микробөлшектердің қайсылары нуклондар болып табылады:

А) электрондар;

B) электрондар және протондар;

C) электрондар және нейтрондар;

D) электрондар, протондар және нейтрондар;

E) протондар және нейтрондар.

14.6.4 ядросындағы нейтрондар саны протондар санынан қаншаға артық? A) 76; B) 44; C) 24; D) 38; E) 22.

14.6.5 m=Zmp+(A-Z)mn - m я қатынасы нені сипаттайды:

А) ядродағы протондар массасын; В) ядродағы нейтрондар массасын;

С) ядродағы нуклондар массасын; D) ядро массасын;

E) ядроның массалар ақауын.

14.6.6 Ядроның массалар ақауы дегеніміз:

А) Ядроға кіретін нейтрондар мен протондар массаларының қосындысынан атом массасын шегеру;

В) Ядро массасын анықтаудағы қателік;

С) Ядроға кіретін нуклондар массаларының қосындысынан ядро массасын шегеру;

D) Ядро массасынан ядро құрамына кіретін нуклондар массаларының қосындысын шегеру;

Е) Ядро массасына бөгде бөлшектердің енуі.

14.6.7 Атом ядросының байланыс энергиясы дегеніміз:

А) Ядродағы барлық нуклондардың энергиясы;

В) Протондар мен нейтрондардың энергияларының айырмашылығы;

С) Толық ядроның энергиясы;

D) Нуклондар энергиясы мен ядро энергиясының арасындағы айырмашылық;

Е) Нуклондар энергиясы мен ядро энергиясының қосындысы.

14.6.8 Zmp+(A-Z)mn-mя с2 / А қатынасы қалай аталады:

А) Атом ядросын активтеу энергиясы;

В) Ядроның тыныштықтағы энергиясы;

С) Ядроның байланыс энергиясы;

D) Меншікті байланыс энергиясы;

Е) Толық ядроны бұзу энергиясы.

14.6.9 Ядроның массалар ақауы 10-28 кг тең. Ядроның байланыс энергиясын тап:

А) 9.10-12 Дж; В)4,5.10-12 Дж; С)1,8.10-12 Дж; D) 3.10-12 Дж; E) 9.10-11 Дж.

14.6.10 литий ядросының m массалар ақауы 0,04216 м.а.б. Осы ядроның меншікті байланыс энергиясы:

А) 32,9 Мэв; B) 14,1 Мэв; C) 5,6 Мэв; D) 3,79.1015 Мэв; E) 3,29 Мэв.

14.6.11 1Н2 дейтерий ядросының Е байланыс энергиясы 2,22 МэВ. Оның массалар ақауы:

А) 0,00238 м.а.б; В) 0,00119 м.а.б; С) 0,00079 м.а.б; D) 2066,8 м.а.б;

Е) 0,00247 м.а.б.

14.6.12 Жартылай ыдырау периоды дегеніміз: А) ядролардың өмір сүру уақыты;

B) ядролардың максимал өмір сүру уақытының жартысы;

C) жарты ядроның ыдырау уақыты;

D) ядролардың орташа өмір сүру уақыты;

E) ыдырау тұрақтысына пропорционал ұзындық.

14.6.13 53J131 йодтың радиоактивті препаратының жартылай ыдырау периоды Т=8 тәулік. Массасы m=0,5мкг препаратта 1мин ішінде ыдыраған ΔN атомдар саны:

А) 1,38.1014; В) 1,38.1011; С) 8,28.1012; D)1,99.1014; Е) 1,99.1020.

14.6.14 Массасы m=0,1 мкг тең 38Sr90 стронций изотопының активтілігі 54,39.104 Бк. Оның меншікті активтілігін тап:

А) 0,6 Бк; В)54,39.1014Бк/кг; С) 54,39.1011Бк/кг; D) 1,43.104Бк/кг;

Е) 0,6.103Бк/кг.

14.6.15 - бөлшегі мен бор ядросының соқтығысуы кезінде (a, ) Х. ядролық реакциясы пайда болды. Ядролық реакцияның Х белгісіз өнімін тап:

А) 103Li; B) 811О; C) 613С; D) 510В; Е) 13 26Аl.

14.6.16 4Ве9 +2Не46С12 + Х ядролық реакциясының нәтижесінде пайда болған Х белгісіз бөлшекті тап

А) электрон; В) позитрон; С) нейтрон; D) нейтрино; Е) α – бөлшегі.

14.6.17 Төменде келтірілгендердің қайсысында иондалу қабілеті басым болып келеді:

А) 2Не4 ядросында; В) нейтрондарда; С) позитрондарда;

D) γ – квантында; Е) электрондарда.

14.6.18 Альфа ыдырау дегеніміз- ол ол қайсы сәуле ағынын шығара отырып, бір элементтер ядроларының келесі элементтер ядроларына радиоактивті түрленуі:

А) қатты электромагниттік сәуле шығару; В) электрондарды;

С) позитрондарды; D) гелий атомдарын; Е) гелий ядроларын.

14.6.19 β – сәулелену дегеніміз:

А) электрондардың немесе гелий ядроларының ағыны;

В) позитрондардың немесе гелий ядроларының ағыны;

С) электрондардың немесе позитрондардың ағыны;

D) электрондардың немесе нейтрондардың ағыны;

Е) нейтрондардың немесе гелий ядроларының ағыны.

14.6.20 Ядролық күштерге тән емес қасиетті көрсет:

А) қысқа әсерлік; В) зарядтық тәуелсіздік;

С) спиндардың бағытынан тәуелсіз болу;

D) орталықтандырылмаған мінез; E) қанығу қасиеті.