Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 Дәріс тезистері.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688 Кб
Скачать
☆

3.Толтырғыштрдың суға және аязға төімділігі (беріктігі).

Жоғарыда айтылғандай бастапқы тау жыныстар үлгілерінің беріктігін сумен қаныққан күйінде зерттейді. Бұл сумен қанығу кезінде материалдардың беріктігінің төмендеу пайда болуымен байланысты.

Бұл оқиға судың уақ жарықшақтарды бұзып материал бөлшектерінің арасында болатын байланыстарды әлсірету және басқа факторлардың пайда болуымен түсіндіріледі.

Жиі қолданылатын толтырғыштарда мұндай жағдай анық пайда бөлу мүмкінемес, бірақ кейбір түрлері үшін маңызды болуы мүмкін.

Сондықтан барлық жағдайларда тіке немесе қисық (цилиндрде) беріктікті анықтау кезінде толтырғыштарды құрғатылған және сумен қаныққан жағдайларында нәтижелерді салыстырумен бірге және жұмсатылу коэффициентін есептеген жөн.

Rp = σқан/σқұр;

Мұнда σқан – толтырғыштардың немесе бастапқы тау жыныстардың сумен °қаныққан жағдайында бкріктік шектеуі.

σқұр – сол сияқты, құрғақ жағдайында және зерттеудің сол әдістемесін қолданғанда.

Жұмсату коэффициенті мен толтырғыштың суға беріктігін сипаттайды. Суға беріктік толтырғыштың су сіңірушілігі мен табиғи түрімен байланысты болады.

Сол факторлар да негізінде толтырғыштардың аязға төзімділігін анықтайды, яғни сумен қаныққан күйінде көп рет аяздатуға және ертуге төзімді болу қабілеттілігі.

Аязға төзімділігін анықтау үшін зерттеуді келесідей жүргізеді. Бір фракциялы түйіршік құрамындағы ірі толтырғыштардың үлгісін құрғақ күйінде өлшейді, содан соң перфоролданған сосудта 48 сағат бойы ваннада (20±3)° С температурамен сумен қанықтырады. Қанығудан кейін толтырғыш үлгісі бар сосудты ваннадан алып, суды ағызып аяздау камерасына қояды.

Табиғи тығыз тастан болатын толтырғыштар үшін аяздау температурасы – 17 тан 25° С – қа дейін қатылған, кеуекті толтырғыштар үшін – 15°С тан – 20°С – қа дейін. Осындай аяздау температурасы төмен болуы материалдардың уақ кеуектер мен капиллярларда адсорбциялық күштердің әрекетінен су қатып қалу температурасы төмендеуімен байланысты.

Талап етілетін температурасымен 4 сағат бойы аяздау камерасында ұстап толтырғышы бар сосудты қайтадан сумен толтырылған ваннаға 4 сағ – қа қояды. Содан соң қайтадан аяздау камерасына, сол сияқты тиісті стандарттармен қарастырылған қажетті циклдердің санына дейін жасай береді. Бұдан кейін толтырғыш үлгісін құрғатылып зерттелетін фракцияның ең төмен түйіршіктер өлшемдеріне сәйкесә сақылдаулары бар електен өткізеді, яғни зерттеу алдында үлгі толық қалған електен.

Аязға төзімділікке зхерттеуден кейін массаны жоғалту дәрежесі, %

ma.m = ((m1 – m2)/m1)100;

Мұнда m1 – зерттеуге дейін болған үлгінің массасы, г.

m2 - талап етілген аяздау және ерту циклдердің санына зерттеу жасалғаннан кейін електе қалған қалдықтың массасы, г.

Толтырғышқа физикалық әсер беру бойынша бірдей, бірақ жылдамдатылған зерттеуді келесідей жасайды. Толтырғыш үлгісін ерітіндіде қайта қанықтыру және құрғату шкафында 105...110°С температурада құрғатумен өткізеді. Бұл жағдайда алдын ала қарастырылған циклдер санынан кейін үлгіні алып тастау үшін ыстық сумен жуады, құрғатады, електен өткізіп аязға төзімділікті анықтаған сияқты қаншалықты масса жоғалтқанын анықтайды.

Бақылау сұрақтар

  1. Стандарттарда қандй толтырғыштар беріктігін бағалайтын әдістер қарастырылған?

  2. Стандартты зерттеулер нәтижесінде алынған меншікті көрсеткіштер бойынша толтырғыштың нақты беріктігін қалай бағалауға болады.

  3. Бетонда жүргізілетін толтырғыштарды зерттеулердің артықшылықтары мен ерекшеліктері неде?

  4. Толтырғыштың біртектілігі немен сипатталады?

Тест

1. Толтырғыштар (материал) қасиеттерінің изотроптылығы деген не?

А) Изотроптылық материалдың аморфтық құрылымына сәйкес, егер оның қасиеттері барлық бағыттарда бірдей болса.

Б) сол сияқты, бірдей болса.

В) сол сияқты, егер оның қасиеттер бойлық бағыттарда бірдей болып көлденең жағынан бірдей болса.

Г) Изотроптылық материалдың кристалл құрылымына сәйкес, егер оның қасиетті барлық бағыттарда бірдей болса.

Д) сол сияқты, әр түрлі бағыттарда бірдей болмаса.

Дәріс 4.

Тақырып: «Бетон араласпасының қасиеттеріне толтырғыштардың әсері.»

Сұрақтар

1.Бетон араласпаның құрамы.

2. Бетон араласпаны дайындау.

3. Бетон араласпасын тасымалдау.

4. Бетон араласын тығыздау мен салу.

5. Бетонның қатаюы.

Қанағаттанарлық араластыру, тасымалдау, салу және тығыздауды қамтамасыз ету үшін қажетті бетон араласпаның құрамы және оның технологиялық қасиеттері қолданылатын толтырғыштардың сапасымен және құрамымен анықталады.