- •1. Компьютерлік желілер
- •1.1 Жалпы желі ұғымы.
- •1.1.1 Электрондық почтаны іске қосу (жіберу)
- •1.1.2 Қапшықтарды пайдалану.
- •1.2. Хабар құру.
- •1.3. Электронды почтадан шығу
- •1.4. Интернеттегі іздестіру жүйелері
- •1.5.Ақпараттармен танысу
- •1.6. Интернеттің жалпы маңызы мен қажеттілігі
- •1.7. Желілер топологиясы
- •1.8. Компьютерлік желілердің түрлері
- •1.9. Сымсыз желі wlan
- •2.Модемдік байланыстар
- •2.1. Модемдік байланыстар туралы жалпы түсінік
1.1.1 Электрондық почтаны іске қосу (жіберу)
Электрондық почтаны іске қосу үшін төмендегі команданы орындау керек:
Пуск ðПрограммы ð Internet mail
Бұдан соң экранда Входящие қапшығын екпінді болып тұрған Internet mail терезесі ашылады.
Жаңа почта алу үшін тышқантың батырмасын басып, Доставить почту командасын орындайды. Егер почта әлі түспеген болса, онда Internet mail терезесінің статус жолында «Жаңа хабар жоқ» деген ақпарат шығады.
1.1.2 Қапшықтарды пайдалану.
Internet mail программасы бірнеше стандарты қапшықтарды пайдалана алады.
Қажетті қапшықтардың тізімін шығару үшін, оның айналдырмасында тышқан батырмасын шерту керек.
Кез келген қапшықты ашу үшін, оның аты бойынша шертеді. Мынадай қапшықтар болады:
Входящие қапшығында барлық алынған хабарлар сақталады, оны әдейлеп өшірмегенше немее ондағы хабарларды басқа қапшыққа сақтамағанша, ол өшпейді;
Удаленные қапшығында барлық жойылған (өшірілген) хабарлар сақталады. Бұл қапшыққа хабарларды орналастырып қана қоймай, одан алуға да болады;
Исходящие қапшығында жіберуге даяр хабарлар сақталады;
Отправленные қапшығында электрондық почта арқылы жіберілген хабарлардың көшірмесі сақталады.
Бұл қапшықтарда сақталған кез келген хабарларды оқуға, басып алуға, өшіруге немесе басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.
1.2. Хабар құру.
1.2.1-сурет Хабар құру терезесі
Жаңа хабар құру үшін құралдар тақтасындағы Создать сообщение батырмасын шертеді, әйтпесе Сообщение – Создать сообщение командасын орындайды.
Терезенің жоғарғы бөлігінде хабарды немесе оның оң көшірмесін қайда жіберу қажет екендігін көрсететін электрондық мекен – жай (адрес) және тақырып енгізіледі. Электрондық мекен – жай (адрес) кәдімгі почтаның мекен – жайына (адрес) ұқсайды, яғни сіз кәдімгі почта арқылы хат жібергенде, конверте почта бөлімінің нөмірі, қай елге, қай қалаға және кімге жіберетініңіз көрсетілуі қажет. Мұнда да солай.
Мысалы, почта бөлімінің нөмірі 17, Қазақстан, Ахметовке дейсіз. Электрондық почта арқылы хат жолдасаңыз, электрондық мекен – жайды анықтауыңыз тиіссіз:
Мысалы, Ahmetov@soros.krg.kz., мұндағы
Soros – почта сервері (почта бөлімшесі);
Krg – қала аты (Қарағанды);
Kz – ел аты (Қазақстан);
Ahmetov – почта жәшігінің аты (кімге)
Нүкте және @ символы («собачка») – бөлгіш белгілер.
@-дан кейінгі нүкте арқылы ажыратылған электрондық адерстің бөлігі Домен деп аталады. Домендер саны әр түрлі болуы мүмкін: мысалы:екі, үш және одан да көп («қала» аты кейде болмауы да мүмкін).
Интернет абонентерiнiң бiр –бiрiмен байланысы қарапайым болу үшiн, адрестердiң бар кеңiстiгi облыстарға домендерге бөлiнедi. Негiзiнен домендер екi әрiп қосындысынан тұратын географиялық аймақтарды қамтиды. Мысалы: Франция - fr, АҚШ -us, Россия -ru, Қазақстан-kz .
Домендiк адресте алдымен компьютердiң аты, содан соң ол қосылған желiнiң аты келедi. Тақырыптың белгiлерiне қарай бөлiнетiн домендер де болады. Мысалы, коммерциялық ұйымдар - com, оқу орындары - edu, халықаралық –int.
Терезенің жұмыс бөлігіне мәтін енгізіледі. Кому (кімге) және Копия (көшірме) алаңына кез келген сандағы мекен – жайларды (адрестерді) көрсетуге болады. Мекен – жайларды (адерстерді) пернетақтадан енгізеді, егер мекен – жайлар (адрестер) бірнеше болса, онда оларды бір – бірінен үтір арқылы ажыратады.
Пернетақтадан мекен – жайды енгізіп болғаннан кейін, Файл – Отправить командасын орындайды немесе Отправить белгісінде тышқантың көшірмесі Отправленные қапшығында сақталады.
Жаңа алынған, әлі оқылмаған информациялар Входящие қапшығында қою түспен бейнеленеді. Хабар оқылып болғаннан кейін, ол кәдімгі қаріп түріне көшеді.
Алынған хабарды оқу үшін төмендегі амалдарды орындалуы керек:
Қабылданған хабарлардың тізімін көру(бейнелеу) үшін, Internet mail программасынаң терезесінде Входящие қапшығының белгісіне шерту керек;
Белгілі бір хабарды оқу үшін, сол бойынша тышқан батырмасын екі рет шерту керек, сонда алынған хабар терезесі шығады.
Осы хабарға жауап беру үшін, Сообщение – Ответить отправителю командасын орындау керек. Жауапты енгізіп, Файл – Отправить командасын немесе Отправить батырмасын шерту керек
