- •1. Компьютерлік желілер
- •1.1 Жалпы желі ұғымы.
- •1.1.1 Электрондық почтаны іске қосу (жіберу)
- •1.1.2 Қапшықтарды пайдалану.
- •1.2. Хабар құру.
- •1.3. Электронды почтадан шығу
- •1.4. Интернеттегі іздестіру жүйелері
- •1.5.Ақпараттармен танысу
- •1.6. Интернеттің жалпы маңызы мен қажеттілігі
- •1.7. Желілер топологиясы
- •1.8. Компьютерлік желілердің түрлері
- •1.9. Сымсыз желі wlan
- •2.Модемдік байланыстар
- •2.1. Модемдік байланыстар туралы жалпы түсінік
1.7. Желілер топологиясы
Бір бөлмедегі компьютерлер жергілікті желіге әр түрлі жолмен біріктірілуі мүмкін. Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақтайшасындағы кеңейту слотына қондырылады.
Компьютерлерді қосуға болатын көптеген әдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде әр қосылу – деректер үшін жаңа маршрут. Желілердің функционалдық мүмкіндіктерін жүзеге асыратын әр түрлі желі топологиялары қолданылады.
«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.
«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.
1.7.1-сурет Сақина тәрізді топологияның схемасы
«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина»жағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.
1.7.2-сурет Шиналық топологияның схемасы
Ағаш тәрізді жүйе. Екіден көп соңғы тораптардан және қалай болғанда да екі аралық тораптан тұрады және екі тораптың арасында тек бір жол.
Ұя сияқты (тәрізді) жүйе. Кем дегенде екі тораптан тұратын және олардың арасында екі немесе одан да көп жол бар.
1.8. Компьютерлік желілердің түрлері
Егер желі онша үлкен емес және мекеменің бірнеше бөлмесін ғана қамтыса, онда оны жергілікті желі деп атайды.
Территориалды таралуы бойынша біз оларды беске бөлеміз:
PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге тиісілі түрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі үшін қажет.
LAN (Local Area Network) — жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін тұйық инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді — радиусы алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, бұл желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана рұқсатты ала алады.
1.8.1-сурет LAN желісінің схемасы
CAN (Campus Area Network — кампустық желі) — жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін біріктіреді.
1.8.2-сурет CAN желісінің схемасы
MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасындағы қалалық желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді.
WAN
мысалы — пакеттер
коммутациясы бар
желілер (Frame relay), олар
арқылы түрлі
компьютерлік желілер
өзара "сөйлесе"
алады. Глобалды
желілер ашық
және барлық
қолданушыларға қызмет
көрсетуге бағытталған
болып табылады.
1.8.3-сурет WAN желісінің схемасы
