Қ.Аманжолов "Жамырап өткен жас өмір"
Сыныбы : 5
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:оқушыларға Қасым Аманжоловтың ақындық ерекшелігін,ақын өмірін таныту;
Тәрбиелік:оқушыларды Қасым поэзиясы арқылы Отанды,туған жерді сүюге,сезімталдыққа тәрбиелеу;
Дамытушылы:оқушылардың сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын кеңейту,даралап,деңгейлеп оқытуда өз бетімен шығармашылық дағдысын дамыту.
Сабақтың тегі:жаңа сабақты меңгерту.
Түрі:аралас.
Әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,баяндау,оқыту,талдау,мазмұндау.
Көрнекілігі:Қасым портреті,қанатты сөздер,өлең жолдары,тірек-сызбалар,т.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру.
ІІ.Өткен сабақты сұрау.Қажымұқанға мінездеме.
ІІІ.Өткен сабақты бекіту. «Қажымұқанды кім деп таныдық?»
(Топтастыру стратегиясы)
Қажымұқан-намысты ер.
Ата-анасына мейірімді.
Атақты спортшы.
Халық мақтанышы.
ІV.Жаңа сабаққа даярлық.Қасым ақын туралы білетіндерін бар ма?
V.Жаңа сабақ.
А)Ақынның өмірі мен шығармалары жөнінде мұғалім сөзі. «Ақылшы,адал,шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ,тамаша өлеңдерінде жүр».(Тахауи Ахтанов).
«Маған айта берсең ұмытып қалармын,жазып көрсетсең есіме сақтармын,өзіме жасатсаң үйреніп алармын»(Шығыс нақылы)
Өмір жолы |
Шығармалары |
|
Өлеңдері |
Поэмалары |
|
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған. Семей интернатында оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Түрлі газеттерде жұмыс істейді. «Өмір сыры» деген өлеңдер жинағы жарияланды |
Сарыарқа» «Ертіс» «Жайық» «Орал» «Мен табиғат бөбегі»
|
Ақын өлімі туралы аңыз» «Қытай қызы» «Құпия қыз» «Бикеш» «Естай-Қорлығайы |
Ә) Өлеңін мәнерлеп оқу.
Жамырап күнде жас өмір,
Маңырап тұрған марқасы,
Сауыры семіз құтты жер
Қазақтың Сары Арқасы.
Қоңырау үнді құлыншақ,
Желкілдеп желмен айдары
Ойнаған кырда асыр caп,
Жарысып құнан-тайлары.
Даласы мауыт-пүліштей,
Дария дарқан думан жер.
Өзені аққан күмістей,
Дариға, біздің туған жер!
Даламыз толы байлыққа,
Қаламыз толы білімге!
Асылы елдің ашылды
Тереңнің жатқан түбінде.
Сөздік жұмыс
Марқа -ерте туған қозылар
Құнан- жылқы малы
Тай -жылқы малы, 1 жастан асқаны
Пүліш-мата
«Ой қозғау»
Қазақтың қасиетті малдарының бірі – жылқы. Оны құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, дөнен, бесті, бие, ат, сәурік (суйрік), айғыр деп атайды. Ал оның жүйріктігіне, тағы да басқа қасиеттеріне қарай әсіресе батырлар жырларында жорға, су жорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, дүлдүл, арғымақ деп атаған. Жылқы малын аса жоғары бағалаған қазақтар үлкен ас-тойларда жарысқа салып, бас бәйгесіне мол дүние беретін болған. Ер-азаматтарға жасалатын сыйдың да үлкені ат мінгізіп, шапан жабу болған. Жылқының майын адамның сүйектерінің сынған жерлері дұрыс бітпегенде , бұзып , қайта салуға және сарысу иленгенде пайдаланады.
Қой – төрт түлік малдың ішіндегі қазақтың ең сүйіктісі. «Қойдың сүті – қорғасын, қойды құртқан оңбасын» дейтін қазақтың қой өсіруге ынта-ықыласы мол-ақ. Өзі майда, өсімтал, момақан, тез ет алып, қонақ кәдеге жарап отыратын, сүті майлы әрі жұғымды қой малын ата-бабамыз ерекше қастерлеген. Қой өсу жасына орай қозы, марқа, тоқты, бағылан, тұсақ, азбан, ісек, қошқар, саулық деп аталады.
Кестемен жұмыс.
Ақын нені мақтан етеді? |
Сен өз еліңді несімен мақтан тұтасың? |
|
|
Кестемен жұмыс
Бейнелі сөз |
Түрі (эпитет, теңеу) |
Мәні |
|
|
|
.
Б)Деңгейлік тапсырма.
І деңгей: өлең мазмұнын қара сөзбен жазып шығыңдар.
ІІ деңгей (алгоритмдік):өлең құрылысына талдау.
Оқушылар бұл сызбаны толтырады.
Өлеңнің тақырыбы:
Мазмұны:
Өлең шумағы:
Бунақ,ырғақ:
Ұйқас:
Тармақ:
Буын саны:
ІІІ деңгей: эвристикалық деңгей-өлең ішіндегі сөздерге мақал-мәтел жазу.
Сөздер |
Мақал-мәтел |
Туған жер
Құнан,тай
|
Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. Ата қоныс — алтын мекен.
Жылқы — малдың патшасы, Түйе — малдың қасқасы.
Малды бақсаң қойды бақ, Май кетпейді шарадан. Ит асырасаң сырттаннан, Қой бермейді қорадан. *** Қойдың сүті - қорғасын. |
ІV деңгей:шығармашылық деңгей.
Ақынға хат жазу.
VІІ .Сабақты бекіту:
Қажырлы,қайратты,тік мінезді азамат |
.
Әнші,күйші (скрипка) |
Қоғам қайраткері |
Өртке тиген дауылдай ақын |
Жауынгер (жаралы оралған) |
Қасым |
Инцерт әдісі
Не білемін? |
Не білгім келеді? |
Үйренерім |
Өмірі Өлеңдері
|
|
|
Ә) Өлеңін мәнерлеп оқу.
VІІ.Бағалау.
VІІІ.Үйге:Өлеңді жаттау.
Қазақ әдебиеті пәнінен 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары
1Сабақтың тақырыбы:
Қ.Аманжолов «Өзім туралы»
2Жалпы мақсаттар:
Қ. Аманжолов өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру, поэзиясының ерекшелігін таныту, өлеңнің мән - мағынасын ашу, идеясын таныту.Дүниетанымын кеңейту, өзіндік зерттеу арқылы ой қорытуға дағдыландыруПәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Өлең құдіретін таныту.
3Оқытудың нәтижесі:
-Қасым аманжолов туралы жалпы мәлімет біледі жалпылама мәлімет біледі;
«Өзім туралы» өлеңінің тақырыбын ,идеясын, кейіпкерін,толғаныс пен тебіренісін таниды;
Оқушылардың шығармашылық ойы дамиды.
4Негізгі дерек көздері:
АКТ, постер, маркер мен стикерлер, оқулық, жұлдызшалар
Кіріспе
Мұғалімнің іс- әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Оқытуды бағалау
Уақыт
Кезеңдері
Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа ацудару.Тренинг оқушылар бір-біріне тілектер айтады.Сабаққа дайындық жасайды, зейіндерін аударып ден қояды
1минут
Үй тапсырмасын сұрау
(Білу кезеңі бойынша)
-Үйге берілген тапсырма бойынша алған білімдерін тексеру. (үй тапсырмасын орындамаған оқушыға көмек бағдар беріледі)
Иса Байзақов
“Құралай сұлу” поэмасы
Сандықтан сұрақтар алып жауап беру ІІ топқа да ортақ сұрақ
“Құралай сұлу” поэмасындағы оқиға қай ханның тұсында болды?
“Құралай сұлу” поэмасындағы кейіпкерлерді ата?
“Құралай сұлу кімнің қызы,ол неге қазақ жеріне қашпақ болды?
Ол кездегі қалмақ ханы кім болды?
Келден батыр кім? Ол неге арманы орындалмағанына өкінді?
Құралай неден қаза болды?
Оқушылар осы сұрақтарға жауап береді,
Смайлик арқылы
2 минут
Топқа бөлу
Бұл кезеңде балалар топқа бөлінеді.Екі топқа бірінші топ «Ақсақ Темір» тобы, екінші топ «Хафиз» тобы.
Балалар топқа бөліну әрекеттерін жасайды
Смайлик арқылы
Жаңа сабаққа дайындық
Оқушылардың
жаңа сабақ туралы ойларын дамыту үшін,
интерактивті тақтаның көмегіне сүйене
отырып Қасым аманжоловтың фото суретін
көрсету
-балалар мына фотодан кімді көріп тұрмыз , бұл бейне бізге таныс па? Балалар бейнедегі тұлғаның аты-жөні, кәсібі, шығармалары жөнінде түсінік айту. Өзім туралы өлеңін мәнерлеп оқып үнтаспадан тыңдау
Оқушылар суреттен кімді көргенін айтып ,кісібін, шығармаларын атап айтып кетеді.
Смайлик арқылы
