1 Минут
Түсіну кезеңі
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабағымыз Қасым Аманжоловтың өмірі және «Өзім туралы» өлеңін өтеміз.
Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында Қызыларай деген жерде дүниеге келген. Жасынан жоқшылықты, жетімдікті көріп өседі. Семей мал дәрігерлік техникумын бітірген. 1931 жылы Ленинградқа барып Орман шаруашылығы институтына түседі. Бірақ денсаулығына байланысты оқи алмайды. 1931 - 41 ж «Лениншіл жас», Орал обл. «Екпінді құрылыс» редакцияларында Орал облыстық театрында жұмыс істеген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1946 жылға дейін әскер қатарында болды. Әскерден оралған соң, біраз жылдар «Әдебиет және өнер» журналының бөлім бастығы қызметтерін атқарды. Тұңғыш өлеңі Оралдың «Екпінді құрылыс» газетінде басылды. Тұңғыш жинағы «Өмір сыры» 1938 жылы жарық көрді. Осыдан былай қарай ақын қаламынан халық өмірі, өзі өмір кешкен заманы түйдек - түйдек жыр жолдарына өріліп отырады.Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады.Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, «Біздің дастан» «Маскарад» драмасын, А.Твардовскийдің «Васелий Теркин» поэмасын қазақ тілінде сөйлетті. 1948 жылы «Дауыл» атты жинағы жарық көреді. 1945 жылы әйгілі «Өзім туралы» толғауын аяқтайды.
Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-де қайтыс болады.
Балалар ақын өмірі мен шығармалары кітаптан оқып шығады
Шығармалары
І топ: Өлеңдер жинағы, поэмаларын жазады
ІІ топ: Аудармалары мен саз әндерін жазады
Оқушылар осы тапсырма бойынша интерактивті тақтаның көмегімен кестені толтырады
Смайлик арқылы
Сергіту сәті
Оқушыларға интерактивті тақтадан видео ролик қойып беремін, оқушылар сол көрініспен жаттығу жасап шығады.
Оқушының көңілі көтеріліп, бой жазады
Өзім туралы өлеңін үнтаспадан тыңдау
Әдебиет теориясы
Лирика дегеніміз не? Лирика дегеніміз- ақынның ішкі жан- дүниесінің сезім күшімен тебірене толқуы, өз басының көңіл –күйі, күйініш-сүйініші Лириканың түрлеріне тоқталу: 1.Философиялық лирика 2.Саяси лирика 3.Махаббат лирикасы 4.Табиғат лирикасы
І топ:
Лириканың түрі:
Өлеңнің тақырыбы:
Өлеңнің идеясы:
ІІ топ:
Бұл өлеңде кейіпкер кім?
Қандай ақын?
Қандай жан?
Кімдерге сенеді?
Өлеңде ақын не туралы айтады?
І топ:
Оқушылар лирика туралы түсінік алады, және өлеңнің қандай лирика,идеясы мен тақырыбын ажыратып айтады.
ІІ топ:
Бұл өлеңде кейіпкер кім.Қандай ақын,
Қандай жан,Кімдерге сенеді,
Өлеңде ақын не туралы айтады деген сұрақтарға жауап жазып айтып береді
Смайлик арқылы
«Топтастыру»
екі топқада ортақ
Лирикалық кейіпкер дегеніміз кім?
Екі топ ойланып отырып ,дәптерлеріне жаза отырып болған соң қорғайды
Смайлик арқылы
Жинақтау кезеңі (жалпы топ)Сонымен бүгінгі сабақтан біз не үйрендік ,балалар!
ББР маркировкасы
Оқушылар Бұл бөлімде нені білетінін, нені білгенін ,алдағы уақытта нені білгісі келетінін жазады.
Сабаққа рефлексия жасау
(балаларға стикерлер таратылады, балалар стикерлерге өздерінің ойларын жазады тақтаға қыстырады)
Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Сабақта қандай қиыншылықтар кездесті?
Қиыншылықты кімнің көмегімен жеңдің?
Қай топтың жауабы сәтті шықты?
Бүгінгі ең үздік топ басшысы деп кімді атар едің?
Оқушылар бүгінгі сабақтың ұнаған ұнамағандығын және Сабақта қандай қиыншылықтар кездескенін, қай топтың жауабы сәтті шыққанын ,бүгін ең үздік топты анықтайды
-Балалар стикерлерге өздерінің ойларын жазады
Оқушылардың қорытынды бағасы
Үйге тапсырма
Қ.Аманжолов «Өзім туралы» өлеңінен үзінді жаттау
Балалар үй тапсырмасын күнделіктерін ашып белгілеп алады
Қазақ тілі |
Сыныбы:5 |
|
|
Сабақ тақырыбы: |
Қ.Аманжолов «Жамырап күде жас өмір» |
|
|
Жалпы мақсат: |
Оқушыларға Қасым Аманжоловтың ақындық ерекшелігін,ақынөмірін таныту; оқушылардың сөйлеу мәдениетін,дүниетанымын кеңейту,даралап,деңгейлеп оқытуда өз бетімен шығармашылық дағдысын дамыту. |
|
|
Сілтеме: |
|
|
|
Оқу нәтижесі: |
Ақын өлеңін мәнерлеп оқи отыра,мән мағынасын аша алуы. АКТ пайдалана алуы |
|
|
Негізгі идеялар: |
Өмірдің шын мәнін ұғынуы |
|
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
интерактивті такта,флипчарт,оқулық, |
|
|
Оқыту әдістері: |
Жаңа әдістер: сұрақ- жауап, диалог. АКТ, СТО Бағалау |
Жеке, жұптық, топтық жұмыс Түртіп алу,екі жақты күнделік, |
|
Дерек көздері: |
Қ.Аманжолов «Жамырап күнде жас өмір»тақырыбына арналған материалдар: 1. Қазақ әдебиеті оқулығы 2. Қазақ әдебиеті оқушы анықтамалығы 3. Википедия ашық энциклопедиясы |
|
|
Тапсырмалар: |
сұрақтарға жауап беру, салыстыру,дәптермен жұмыс,рефлексия жасау |
|
|
|
|
|
|
