Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aitoreeva_negizderi_umk_kz_2010.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆
    1. Семинар сабақтарының (практикалық) жоспары

№1- Тәжірибелік сабақ. Мұнай және газ кен орындарының сипаттамасы.

Тапсырма:

  1. Қабаттың негізгі коллекторлық қасиетттерін талдау.

  1. Кеніштің негізгі параметрлерін қарастыру.

Әдістемелік ұсыныстар: Күмбезді және массивті мұнайгазды кеніштер арқылы кеніштің негізгі параметрлерін талдау.

Нег.: 1. [33-46], 2. [21-28], 3. [4-11], 4. [9-19]

Бақылау сұрақтары:

  1. Кеуектілік дегеніміз не?

  1. Кеуектілік коэффициенті дегеніміз не?

  2. Өткізгіштік дегеніміз не?

  1. Кеуектіліктің өткізгіштіктен айырмашылығы не де?

  2. Кеніш дегеніміз не?

90

6. Мұнайлылықтың ішкі нұсқасы дегеніміз не?

№2- Тәжірибелік сабақ. Температура және қабат қысымы. Мұнай және газдың физикалық қасиеттері.

Тапсырма:

  1. Температураның тереңдікке байланысты өзгеру сипатын және жер қойнауындағы қысымды анықтау формуласын түсіндіру.

  1. Мұнай мен газдың негізгі қасиеттерін талдау.

Әдістемелік ұсыныстар: Қандай мұнайлар ең бағалы және мұнайдың тығыздығы өндірісте қандай аралықта өзгеретіне назар аударындар.

Нег.: 1. [46, 52], 2. [29-39], 3. [14-22] Қос.: 7. [3-11], 7. [46-50]

Бақылау сұрақтары:

  1. Қабат қысым қалай анықталады?

  2. Кеніштің тереңдігі үлкейген сайын температура мен қысым қалай өзгереді?

  1. Мұнай мен газ дегеніміз не?

  2. Мұнайдың құрамына қандай заттар кіреді?

  3. Мұнайдың негізгі қасиеттерін атаңыз?

  4. Қайда, қабатта әлде жер бетінде, мұнайдың тұтқырлығы көп?

  5. Мұнайдың көлемдік коэффициенті дегеніміз не?

№3- Тәжірибелік сабақ. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау. Тапсырма: Бұрғылау қондырғының жұмыс істеу принципін талдау. Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғыларды бұрғылауға арналған

қондырғылардың түрлерімен танысу.

Нег.: 1.[60-66], 2. [44-64] Қос.: 8. [30-55]

Бақылау сұрақтары:

  1. Бұрғылау қондырғыларының негізгі элементтері.

  2. Ротор не үшін керек?

  3. Жуу сұйықтарды не үшін қолданады?

  4. Бұрғылау үшін бұрғылау тізбек ұзындығын қалай үлкейтеді?

  5. Тазарту механизмдер не үшін тағайындалған?

  6. Свеча дегеніміз не?

№4- Тәжірибелік сабақ. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау. Тапсырма: Бұрғылау тәсілдері. Қашау және жуу сұйықтардың түрлері

мен тағайындалуы.

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғыларды роторлық және түптік қозғалтқыштармен бұрғылау тәсілдерін қарастыру керек.

Нег.: 1.[60-66], 2. [44-64] Қос.: 8. [30-55]

91

Бақылау сұрақтары:

  1. Айналмалы бұрғылау тәсілдері.

  2. Роторлық бұрғылаудың түптік қозғалтқышпен бұрғылаудан айырмашылығы неде?

  1. Турбобұрғы дегеніміз не?

  2. Электробұрғы дегеніміз не?

№5- Тәжірибелік сабақ. Ұңғы конструкциясын және ұңғы түп бөлігінің конструкцияларын талдау.

Тапсырма: Ұңғы конструкциясына қандай шеген құбырлары кіреді екені не және олардың тағайындалуына назар аудару керек.

Әдістемелік ұсыныстар: Ұңғы түп маңы бөлігінің пайдалану тізбегі цементелінген жағдайдағы конструкциясын жие қолдану себептерін қарастыру қажет.

Нег.: 1. [59-60], 1. [94-96], 2. [50-54] Қос.: 8. [134-136]

Бақылау сұрақтары:

  1. Бағыттаушы құбыр не үшін тағайындалған?

  2. Кондуктор не үшін керек?

  3. Ұңғы конструкциясына қандай шеген құбырлары кіреді?

  4. Аралық шеген құбырлар не үшін керек?

  5. Ең соңғы шеген құбырды қалай атайды?

  • 6- Тәжірибелік сабақ. Ұңғыларды терең сорапты қондырғылармен пайдалану тәсілдері.

Тапсырма:

    1. Терең сорапты қондырғының жұмыс істеу принципін қарастыру.

    2. Оның жер үстіндегі және жер астындағы жабдықтарын атаңыз. Әдістемелік ұсыныстар: Терең сорапты қондырғының схемасын

қарастыру керек. Сораптың сұйыққа толу және бергіш коэффициентері сияқты ұғымдарға назар аудару керек.

Нег.:1. [242-253], 2. [167-174], 3. [184-191] Қос.: 7. [310-312]

Бақылау сұрақтары:

    1. Саға штоктың жүріс ұзындығын қалай өзгертеді?

    2. Балансирдің тербеліс саның қалай өзгертуге болады?

    3. Тербелмелі станоктың кривошипы қандай қозғалыста болады?

    4. Тербелмелі станоктың балансирі қандай қозғалыс түрін жасайды?

    5. Плунжердің төмен қозғалысында, қандай клапан ашылып, қандай жабылады?

    1. Плунжердің жоғары қозғалысында, қандай клапан ашылып, қандай жабылады?

    1. Сораптың қандай түрлері бар?

92

8. Сораптың бергіш коэффициентің қалай анықтайды?

№7 – Тәжірибелік сабақ. Ұңғыны фонтандық тәсілмен пайдалану. Тапсырма: Ұңғыларды фонтандық тәсілмен пайдалану кезінде,

қысымның баланс теңдеуін талдау және қысымның терендікпен өзге

қисықтарын көрсету.

Әдістемелік ұсыныстар: Қысымның баланс теңдеуін және оның

(қысымның) тереңдікпен өзгеру заңдылықтарын тек мұнай ұңғыларында, яғни

мұнай бірге ұңғы бойымен газ жүргенде, қарастырыңдар.

Нег. 1. [200-202], 2. [154-155], 3. [143-144]

Қос.: 7. [233-235]

Бақылау сұрақтары.

  1. Қабаттың гидростатикалық қысымы арқылы фонтандау дегеніміз не?

  2. Ұңғыдағы сұйық бағананың гидростатикалық қысымынан қабат қысымы аз болғанда, ұңғы фонтандау мүмкін бе?

  1. Ұңғыда, қашан мұнайдан газ шыға бастайды?

  2. Саға қысымы дегеніміз не?

  3. Үйкеліске кеткен қысымды және саға қысымды баланс теңдеуінде не үшін ескереді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]