Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
aitoreeva_negizderi_umk_kz_2010.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆
  1. Курс бойынша емтихан сұрақтары

    1. Жер қандай қабаттардан тұрады?

    2. Жер қабығын құрайтын тау жұмыстарының түрлері?

    1. Технологиялық кесте нені көрсетеді?

    2. Кеуектілік дегеніміз не?

    3. Мұнай және оның қасиеттері?

    4. Газ және оның қасиеттері

    5. Іздеу жұмыстарының кезеңдерін атаңыз?

    6. Құрылым картасы дегеніміз не?

    7. Геофизикалық және геохимиялық барлыу әдістері.

    8. Электрлік барлау әдісі.

    9. Сейсмикалық барлау әдісі.

    10. Ұңғы дегеніміз не ?

    11. Ұңғыны бұрғылау тәсілдері неге байланысты болады?

    12. Мұнай, газ, кен орындарын қандай мақсаттарда бұрғылайды?

    13. Тау жұмыстарын бұзушы аспаптарының түрлері.

    1. Қашаудың қандай түрлері бар?

    2. Бұрғылау қондырғысы деген не?

    3. Бұрғылау қондырғысының негізгі элементдерін атаңыз.

102

  1. Тәл жүйесі не үшін қажет?

  1. Тәл жүйесінің негізгі элементдерін атаңыз.

  2. Бұрғылау сорабының атқаратын қызметі не?

  1. Мұнайгаз ұңғыларын бұрғылауда қандай қозғалтқыштар қолданылады?

23.Шегендеу құбырының стандарт бойынша қандай өлш

шығарылады?

  1. Шегендеу құбырлары өзара қалай жалғанады ?

  2. Ұнғыны бұрғылау және пайдалануға өткізу аралықтарында қандай жұмыстар жүргізіледі?

  1. Теңізде бұрғылау жағдайында бұрғылау қондырғылары қалай орнатылады?

  1. Мұнай және газ өндірісінің даму тарихы.

28. Қазақстан Республикасы үшін мұнайгаз өндірісінің экономикалық маңызы қандай?

29. Жер қабатының геологиялық құрылымы ?

30. Мұнай және газ кеніштері деп нені айтамыз ?

31. Мұнай және газ кен орындары деп нені айтамыз ?

32. Мұнай мен газдың химиялық және физикалық қасиеттері .

33. Мұнай және газ кен орындарын бұрғылайтын барлық ұңғылар қандай топтарға бөлінеді?

34. Ұнғыларды бұрғылау тәсілдерін атап көрсетіңіз .

35. Жыныс бұзушы аспаптардың түрлері .

36. Бұрғылау қондырғысының атқаратын қызметі .

37. Бұрғылау қондырғысы қандай негізгі элементтерден тұрады ?

38. Бұрғылау жабдықтары мен машинасы деп нені айтамыз ?

39. Шегендеуші құбырлардың негізгі элементтерін айтыңыз .

40. Ұнғы конструкциясын жобалау неден басталады ?

41. Шегендеу тізбегін қандай мақсатта цементтейді ?

42. Мұнай және кен орындарын игеру кезінде қуысты ортада мұнай , газ, су немесе мұнай – су – газды қоспаның сүзілу қабілетін қалай атаймыз?

43. Мұнай мен газ жату жағдайына және сандық қатынасына байланысты қалай топтастырылады?

44. Қабаттағы энергия түрлерін атаңыз ?

45. Мұнай, газ кен орындарын игеру қалай іске асырылады ? 46. Игеру құжаты деп нені айтамыз ?

47. Фонтанды пайдалану тәсілі деп нені айтамыз ?

48. Қандай әдіс газлифтті деп аталады ?

49. Газлифтті және фонтанды пайдалану кезінде қандай құрал-жабдықтар қолданылады?

50. Штангілі сорапты қондырғы қандай мақсатта қолданылады ?

51. Газ ұнғылары қандай тәсілмен пайдаланылады ?

52. Жер асты жөндеу дегеніміз не ?

103

53.

Мұнай мен газды жинау, тасмалдау, бір-бірінен ажырату үшін және бөтен

қоспалардан бөлу үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

54.

Мұнай, газ және мұнай өнімдерін тасмалдау түрлері .

55.

Ең тиімді тасмалдау жолын және оның артықшылығын айтыңыз .

56. Мұнай кәсіпшілігінде резервуарлар қандай қызмет ақтарады ?

57. Табиғи газ қалай тасмалданады ?

58.

Мұнайдан алынатын өнімдер қандай топтарға бөлінеді ?

59. Бензин сапасының негізгі көрсеткіштері қандай ?

60.

Зиянды қоспаларды бөлу үшін қандай процесстер қолданылады ?

61.

Газдардың топталуы қалай бөлінеді ?

62. Мұнай және газ өндірісінде қоршаған ортаны ластайтын негізгі ластау

көздері?

63. Бақыланбайтын мұнай ластануларымен күрес қандай әдістермен

жүргізіледі?

64. Игеру жүйесі мен технологиясы ?

65.

Су айдау жүйелері қандай түрлерге бөлінеді ?

66.

Мұнайды өндіруде ұнғыны қандай тәсілдермен пайдаланады ?

67. Фонтанды арматура қай кезде қолданылады ?

68.

Көтергіштер, атқаратын қызметі

69. Штангісіз сораптарға қандай сораптар жатады ?

70.

Ұнғыны жер асты жөндеуде қолданатын жабдықтар ?

71.

Ұнғыны қандай әдістермен өңдейді ?

72.

Кәсіпшілікте мұнай мен газ қалай жиналып , дайындалады?

73.

Тасмалдау түрлері мен сақтау ыдыстары .

74.

Мұнай, газды өңдеу процесстері .

75.

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау шаралары .

76. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда қолданылатын түптік

қозғалтқыштар.

77.

Бұрғылау тізбектерінің құрамы және атқаратын қызметтері.

78.

Ұңғыларды

әртүрлі

әдістермен бұрғылау кезінде бұрғылау тізбегінің

жұмыс істеу жағдайлары.

79.

Бұрғылау

тәртібі,

оның

көрсеткіштері

және

қашау

жұмысының

көрсеткіштері жөніндегі түсінік.

80.

Жаңа қашаудың механикалық өту жылдамдығына бұрғылау тәртібі

көрсеткіштерінің әсер етуі.

81.

Жуу

сұйығының

қызметі

және

оған

қойылатын

. талаптарЖуу

сұйықтарының топталынуы.

82.

Жуу сұйықтарының құрамы мен қасиеттерінің қашау жұмысының

тиімділігіне әсері.

83.

Бұрғылау кезінде жуу сұйығының құрамын және қасиеттерінің өзгеруін

тудыратын факторлар.

84.

Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылауда туындайтын шиеленістер.

85.

Айналым жүйесі элементтеріндегі гидравликалық шығындар.

104

86.Тіке ұңғылардың қисаюының алдын алу.

87.Ұңғыларды көлбейте-бағыттап бұрғылаудың мақсаттары мен тәсілдері. Ауытқыштарды бағыттау.

88.Өнімді қабатты алғаш ашу тәсілін және сұйықтың құрамын таңдау принциптері.

89.Ұңғы конструкциясын жобалаудың принциптері.

90.Ұңғыдағы шегендеу тізбектерінің жұмыс істеу жағдайлары.

91.Цементтеу міндеттері.

92.Шегендеу құбырлары және оларды жалғастыру.

93.Шегендеу тізбектерінің жұмыс істеу жағдайлары.

94.Шегендеу тізбектерінің төменгі бөлігінің элементтері.

95.Өнімді қабаттарды ату арқылы екінші рет ашу.

96.Өнімді ұңғыға шақыру және ұңғыларды игеру.

97.Су негізді бұрғы ерітіндісі және шлам

98.Құрылыс материалдары, жұмыстық қалдықтар және ағындар.

99.Бұрғылауда қолданылатын хиреогентердің артықшылықтары.

100. Цемент ертіндісінің артықшылықтары.

ГЛОССАРИЙ

  1. Минералдар – бұл жер қойнауында жүректiн физика-химиялық үрдiстер (процесстер) натижесiнде пайда болған, химиялық құрамы және физикалық қасиеттері бойынша ұқсас болып келетiн табиғи зат.

  1. Тау жыныстары – жер қойнаунда жатып өздiгiнен геологиялақ денелер түзетiн, минералдық және химиялық құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болып келетiн минералдарды айтады.

  1. Ақтарылған жыныстар – негiзiнен кристалды құрылымға ие,олар жер

бетiнде

немесе

жер

қойнаунда

магма

деп

аталатын

сили

балқыманың қатуы нәтижесiнде пайда болады.

  1. Шөгінді тау жыныстары– су бассейндерінің түбіне және құрлықтар (материктер) бетiнде органикалық және органикалық емес заттардың шөгуі нәтижесiнде түзiлген.

  1. Метаморфтық тау жыныстары– шөгiндi және ақтарылған тау жыныстарынан түзiлген, бұлар жер қойнауының қалыңдығының белгiiл бiр тереңдiгiне дейiн батқан.

  1. Стратиграфиялық шкала – бұл жер қойнауының дамуындағы басты тарихи–геологиялық зандылықтарды көрсететiн шкала.

  1. Геохронологиялық кесте – бұл жердiң даму тарихын шартты белгiiлбiр уақыт кескiнiмен көрсететiн кесте.

  1. Қабаттың табаны – бұл қабаттың төменгi жағынан шектелу бетi.

  2. Қабат жабыны – бұл қабаттың үстiңгi жағынан шектелу бетi.

  3. Айқын (нақты) қалыңдық – бұл қабат жабынының кез-келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi тұрғызылған перпендикуляр.

105

  1. Көлбеу (көлденең) қалыңдық – бұл қабат жабынының кез–келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi көлденең қашықтығы (аралығы).

  1. Тiк қалыңдық – бұл қабат жабынының кез–келген нүктесiнен оның табанына дейiнгi тiк бағыттағы аралығы (қашықтығы).

  1. Тербелмелi қозғалыстар – бұл жер қойнауның жекелеген участкiлерiнiң (бөлiктерiнiң) вертикалтiк бағытта бiр–бiрiне салыстырмалы түрде орын

ауыстыруларын туғызатын қозғалысты айтады.

14. Қатпарлы қозғалыстар – бұл қозғалыстар натижесiнде қатпарлар түзiледi,яғни толқын тәрiздi иiлiмдер қүрайды.

  1. Синклинал – бұл өзегiнде жас жыныстар қанатындакөне жыныстар жатқан қатпарлар.

  1. Антиклинал – бұл өзегi көне қабаттармен толып, қанаттарында жас

қабаттар жатқан қатпарлар.

17.

Толық

қатпар – бұл

жапсарлас (көршiлес) антиклиналдар

мен

синклиналдардың жиынтығы.

18.

Моноклинал немесе

флексура– табиғи жағдайда бiр қанаты

ғана

көтерiлiп, не құлаған иiндердi айтады.

  1. Көсiлу сызығы – қатпар қанатының горизонтал жазықтықпен қиылған сызық

  1. Құлау сызығы – деп көсiлу сызығына перпендикуляр орналасып қатпар қанатында жатқан сызықты айтады.

  1. Абсолюттiк немесе теоретикалық кеуектiлiк–деп жыныстардағы барлық қуыстардың (қуыс, каверна, жарық) жалпы көлемiн айтады.

  1. Кеуектiлiк коэффициентi – бұл жыныстардағы қуыстардың жалпы колемiнiң сол жыныстың барлық көлемiне қатынасып айтады.

  1. Тиiмдi кеуектiлiк –деп өзара бiр–бiрiмен қосылған қуыстардың көлемiн айтады.

  1. Өткiзгiштiк – бұл қысым өзгерген кезде тау жыныстарының өз бойынан сұйықтьармен газдарды өткiзу қабiлетi.

  1. Коллекторлар деп сұйық пен газды өзiнен өткiзе алатын және олар үшiн қойма бола алатын кеуектi және жарықшақты тау жыныстарын айтады.

  1. Табиғи резервуарлар деп – жабыны мен табаны өткiзбейтiн немесе нашар өткiзетiн жыныстар мен қоршалған коллекторларды айтады.

27. Ұстағыш – бұл мұнай–газ шоғырларын өз бойына жинап,қоршап сақтауға қабiлетi бар тау жыныстарының жиынтығы.

  1. Дөңбек күмбездi ұстағыштар – антиклиналдық иiлiмдерде пайда болып, жабыны мен табаны өз бойынан сұйықтық пен газды өткiзбейтiн тау жыныстарынан құралады.

  1. Литологиялық экрандалған ұстағыштар– бұл өткiзгiштiг жақсы жыныстар он бойына өткiзгiштiгi нашар жыныстармен шектеледi.

  1. Тектоникалық экрандалған ұстағыштар – бұл тектоникалық жарықтармен байланысты болған ұстағыштар.

106

  1. Стратиграфиялық экрандалған ұстағыштар– бұл жағдайда құламалы мұнай–газ қабаттары горизонтал орналасқан нашар тау жыныстарынан

құралған қабаттар құнарлы горизонттарға кедергiкелтiрiп, қорды сақтауға көмектеседi.

  1. Мұнайгаз кенiшiнiң табаны немесе сумұнай бөлiмiнiң бетi деп мұнай мен суды бөлып тұратын беттi айтады.

  1. Мұнайлықтың сыртқы нұскасыдеп сумұнай бөлi iмбетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызығын аытады№

  1. Мұнайлықтың iшкi нұскасы деп сумұнай бөлiмi бетiнiң қабат табанымен қиылысқан сызықты айтады.

  1. Газды шапка – еркiн газдың мұнай кенiшiнiң үстiнде жинақталды.

  2. Газдылықтың сырткы нұскасыдеп мұнайгаз бөлi iмбетiнiң қабат жабынымен қиылысқан сызықты айтады.

  1. Газдылықтың iшкi нұсқасы деп мұнайгаз бөлiмi бетiнiң қабат табанымен

қиылысқан сызықты айтады.

38.

Мұнайжәнегазкен орындары деп

жер

қойнауындабiр

тектес

құрылымдағы мұнай және газ кенiштерiнiң жиыктыгын айтады.

39.

Мұнай – көмiртегi мен сутегiнiң курделi қосылыстары.

40.

Мұнайдың көлiмдiк коэффициентi – бұл

қабат

жағдайындағы

мұнай

көлемiнiң осы мұнайдың газсыздандырылғаннан кеii,нгяғни қалыпты жағдайдағы көлемiнiң қатынасына тең.

  1. Құргақ газ – құрамында ауыр көмiрсутектерi жоқ немесе елеусiз болатын табиғи газ.

  1. Майлы газ – қурамында ауыр көмiрсутектерi бар, айыру процесiнде олардан сұйық газ және газды бензiндер алуға болатын газдар жатады.

  1. Ұңғы – дегенiмiз жер қыртысында арнайы бұрғылау аспантарының көмегiмен қазылатын диаметрi тереқдiгiнен бiрнеше есе кiшiцилиндр пiшiндi тау–кен құрылыс орны.

  1. Шурфта орнатылған құбырды бағыттаушы деп айтады.

  2. Бiрiншi шегендеу тiзбегiн кондуктор деп айтады.

  3. Екiншi шегендеу тiзбегiн аралық құбыр деп айтады.

  4. Пайдалану тiзбегi бұл мұнай мен газды ұңғы түбiнен сағаға шыгару үшiн немесе қабат қысымын ұстау мақсатында өкiмдi қабаттарға су (газ) айдау үшiн арналған құбырлар тiзбегi.

  1. Диаметрлерi көрсетiле отырып шеген тiзбектерiн орналастыру, ұңгының үлкен диаметрден кiшi диаметрге оту тереңдii,г исеген тiзбегiн түсiру

тереңдiгi және өларды цементтеу интервалдарыұңғы конструкциясы жөнiндегi түсiнiктi бередi.

49. Егерде ұңғығы, бағыттаушы және кондуктордан басқа тек дана пайдалану тiзбегiн түсiрсе, онда констркцияны бiртiзбектi деп атайды.

  1. Егерде ұңғыға, бағыттаушы және кондуктордан басқа аралық және пайдалану тiзбектерiн түсiрсе, онда конструкцияны екiтiзбектi деп атайды

(бiр аралық тiзбек кезiнде).

107

51. Егерде ұңғыға, бағыттаушы және кондуктордан басқа аралық және пайдалану тiзбектерiн түсiрсе,онда конструкцияны екiтiзбектi (бiр аралық тiзбек кезiнде) немесе үштiзбектi (екi аралық тiзбек кезiнде) деп атайды.

  1. Ұңғының ыңшамдалған конструкциясы деп ұңғылар қабарғасының және шеген тiзбектерiнiң арасындағы санылауды азайтуды түсiнем,бүлiз бұрбыланатын жыныстар көлемiнiң азайуына және ұңғыны цементтеуге кететiн шығынды азайтады.

  1. Ұңғы конструкциясын жеңiлдету деп пайдалану тiзбегiнiң диаметрiн

азайтуды, осыған сәйкес басқа тiзбектердiң

диамертлерiн азайтуды

айтады;көмекшiтiзбектер(кондукторлар,

аралық

тiзбектер)

қолданылмайды, тiзбектi түсiру тереңдiгi азаяды.

  1. Ұңғыны бұрғылау мен пайдалануға қосу аралығында бiрнеше жұмыстар атқарылады, бұл жұмыстар ұңғыны аяқтау деп аталады.

  1. Қабаттан мұнайдың ағысын шақыру әдiiсбұл қабатқа қарсықысымды азайтатын әдiстер, яғни нәтижесiнде ұңғыдағы гидростатикалық қысым қабат қысымынан аз болатын белгiлi бiр шараларды өткiзу.

  1. Суарынды режим қабаттағы мұнайдың ұңғыға қозғалысы шектiк суларының әсерiнен болатын режим.

57.

Мұнай бергiштiк коэффициентi – кенiштен

алынған

мұнай мөлшерiнiң

оның бастапқы қорына қатынасы.

58.

Қабатта негiзгi қозғаушы күш

жыныс пен сұйықтың серпiмдi ұлғаюы

болып табылатын мұнай қабатының жұмыс режимiнсерпiмдi су арынды

(серпiмдi) режим деп аталады.

59.

Қабатта негiзгi қозғаушы күш газ шапкасындағы (бүркенбе) еркiн газдың

энергиясы болып табылатын

қабат

жұмысының

режимiгазарынды

режим деп аталады.

  1. Газ факторы – бұл қалыпты жағдайға келтiрiлген, 1 т өндiрiлген мұнайға келетiн газ мөлшерi.

61. Қабаттағы арын энергиясы ауырлық күш әсерiнен болатын мұна кенiштерiн дренаждау режимi гравитациялық режим деп аталады.

  1. Қабат қысымы – жабық ұңғыдан сұйық пен газ алынбаған кезде өлшенген қысым.

  1. Ұңғыдан сұйық пен газ алынбаған кездегiқалыптасқан сұйық деңгейi

статикалық деңгей деп аталады.

  1. Ұңғыны пайдалану кезiнде құбыр сырты кеңiстiкте қалыптасатын сұйық деңгейi динамикалық деңгей деп аталады.

  1. Сұйық ағынының депрессияға тәуелдi қисығын индикаторлық сызық деп аталады.

  1. Игеру объектiс – жер қойнауынан кең көлемiiндегбелгiлi топ ұңғылармен, өндiрiстiк көмiрсутектер қоры бар, геологиялық құрауларды (қабат, массив, жиынтық қабаттар) бөлiп қарастыру.

108

  1. Игеру жүйесi – инженерлiк шешiмдердiң өз ара байланысты жиыны: объектiлердi сайлау және оларды игеру ретiн белгi;леунегiзгi және

резерв фондыларынан пайдалану және айдайтын ұңғылардың санын, ара

қатынастығын және орналастыруын анықтау; жер қойнауынан мұнай мен

газдарды шығару мақсатымен, қабатқа ықпал

жасау әдiсiн дәлелдеу;

игеру үрдiсiн басқару(меңгеру) және бақылау әдiстерiн анықтау;жер

қойнауын және айналадағы ортаны қорғау.

68.

Мұнай кеп орнын

игеруiн реттеу – өпiмдi

қабаттан пайдалану ұңғысы

түбiне қарай, сұйықтардың қозғалыс үрдiсiн басқару.

69.

Ұңғы

қоры – кен

орнын игеру үрдiсiн жүзеге

асыруға арналған

айдау

және өндiру ұңғыларының жалпы саны.

70.

Ұңғы

торы тығыздығының параметрi Sс

– бiр

ұңғыға келетiн игеру

объектiсiнiң алаңы, яғни бұл шама мұнайлылық алаңын өндiру

және

айдау

ұңғыларының жалпы санына бөлгенге тең.

71.

Мұнайдың меншiктi алынатын қоры немесе А.П.Крылов параметрi Nс

–

объект бойынша алынатын мұнай қорының ұңғылардың жалпы санына

қатынасы.

  1. Параметр ω – айдалатын ұңғылар санының өндiру санына қатынасы, яғни

ω=nа/nө.

  1. Параметр ωр – резервтiк ұңғылар санымен негiзгi қор ұңғылар санына қатынасы, яғни ωр=nр/nн.

  1. Мұнай өндiру qм – объектiнi бұрғыланған барлық өнiмдi ұңғылардың

бiрлiк уақыт бойынша, жиынтық көрсеткiшi және

бiр

ұңғыға

сәйкес

орта тәулiк өнiмi qмұ.

75.

Суйықты

өндiру qс

–

мұнай

мен

судың

бiрлiкуақыт

бойынш,

жинақталған өнiмi.

76.

Газ өндiру qг – бул

көрсеткiш

қабат

мұнайының

құрамындағы

газдаң

алардың

қабат iшiндегiмұнайға

қарағанда

қозғалмалысы

салыстырмалығынанқабатқысымыныңқапығуқысымына –қарым

қатынастығынан газ бүркембесi барлығынан және кен орнының игеру

жүйесiнен байланысты.

77.

Нұсқа

сыртынан

су

айдау–

мұнайлылықнұсқасынынсыртында

орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

  1. Нұсқа маңынан су айдау– мұнайлылық нұсқасына жақын немесе мұнайлылықтың iшкi және сыртқы нұсқаларының арасында орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

  1. Нұсқа iшiнен су айдау– кенiштiң таза мұнайлы бөлiгiнде орналасқан айдау ұңғылар арқылы қабатқа әсер ету.

80. Блокты жүйе – айдау

ұңғыларын

құрылымның өсбойынатiке

қиылысатын параллельдi

түзусызықты

қатарлармен орналастырады,

өндiру ұңғыларын айдау ұңғылар арасына бұрғылайды.

109

81.

Аудандық су айдау – пайдалану және айдайтын ұңғыларды алаңда түзу

геометриялық тор

бойынща

бiрқалыпты

квадрат немесе үш

бұрыш

түрiнде орналастырады.

82.

Сұрыптапсу айдау– бұлжүйедекәсiпшiлiк–геофизикалықжәне

гидродинамикалық зерттеу мәлiметтерi арқылы тепе–тең төр бойынша

алаңдарды бұрғылағаннан соң су айдау ұңғыларын таңдайды.

83.

Ошақтық сулану –

бұндай

жүйеде жеке

таңдалған немесе

арнайы

бұрғыланған ұңғылар арқылы суды қабатқа айдайды.

  1. Қабаттың өз энергиясы арқылы суйықтың сағаға көтерiлу кезiiндег пайдалану тәсiлi фонтанды тәсiл деп аталады.

  1. Пайдаланудың газлифттi әдiсi – бұл ұңғы ағымының өнiмiне қабаттан келетiн немесе жоғарыдан айдалатын газ арқылы пайдалану әдiсi.

  1. Компрессорсыз газлифт әдiсi – бұл газ ұңғы iшiндегi газлифт, ягни сол

ұңғы арқылы газ энергиясын пайдаланып мұнайды қабатқа көтеру әдiсi.

87. Плунжердiң астына енетiн нақты суйық көлемiнiң осы плунжердiң жоғары жүрiсi кезiндегi сипатталатын көлемiне қатынасын соралтың толу коэффициентi.

  1. Тербелмелi станоктар – бұл айналмалы қозғалыс жасайтын электрқозғалтқыштың бiлiгi арқылы плунжердi штангiмен жоғары–

төмен қозғалысына келтiрiп сұйықтықты айдау механизмдер.

89. Су мен мұнайдың араласу нәтижесiнде пайда болатын сұйықтықты

мұнай эмульсиясы деп аталады.

  1. Төменгi температурада қайнайтын фракциялар жеңiл фракциялар деп аталады.

  1. Жоғары температурада қайнайтын фракцияларауыр фракциялар деп аталады.

  1. Конденсацияланған будың алғашқы тамшысының құлау температурасы

фракциясын қайнай бастауы деп аталады.

  1. Фракцияның булануы тоқтағандағы температурафракция қайнауының аяқталуы деп аталады.

  1. Төменгi температурадан жоғары температураға дейiн айырылған фракцияларды дистиллятор деп атайды.

  1. Ректификация – бұдың щыққан ағынымен төмен аққан суйықтың арасындағы жылу не масса алмасуды айтады. Осының нәтижесiнде булар төмен температурада қайнайтын, ал сұйықтықтар жоғары температурада қайнайтын компоненттермен байытылады.

  1. Ректификациялану колонна – тесiктерi табақшалармен жабылған ондаған горизонталь бөгеттерi бар болат цилиндр.

  1. Жоғары қысымда жүретiн термиялық крекинг – бұл қысым және жоғары

температураның әсерiнен мұнайдың органикалық қосылыстарының

ыдырауы.

110

  1. Кокстау дегенiмiз – ол ауыр мұнай қалдықтарының термиялық крекингi. Кокстау мұнай коксын алу үшiн(t=450—550°С және р=0,1—0,4 МПа) немесе ақшыл мұнай өнiмдерiнiң шығуын көбейту үшiн қолданылады.

  1. Алюмосиликатты катализаторлар қатысқан жоғарғытемпературада (440—500°С) және төменгi қысымдағы (0,15 МПа дейi)н мұнай фракцияларының бөлiну үрдiсiн каталитикалық крекинг деп атайды.

  1. Катализаторлар – химиялық реакцияны жеделдететiн зат.

  2. Каталитикалық риформинг – бұл бензиндердiң октандық санын арттыру және мұнай шикiзатынан жеке ароматтық көмiрсутектер(iбензол, толуол және ксилолды) алу үрдiсi.

111

МАЗМҰНЫ

  1. Пәннің оқулық бағдарламасы (SYLLABUS) ....……………………………..3

1.6 Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі 4

1.8. Білімді бағалау және бақылау...……………….………….…………….…….6

1.9 Курстың саясаты мен процедурасы………………….……………...........…..9

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны 10

  1. Курстың тақырыптық жоспары.…………………………….……………….10

  2. Дәрістік сабақ конспектілері ……………........................…………...… ….11

  3. Семинар (практикалық) сабақтарының жоспары.……………….…….…….90

  1. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары (СОӨЖ)...….……93

2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)…..….....95

2.6. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары 97

  1. Курс бойынша емтихан сұрақтары...............…………………….. ………...102 Глоссарий………………………..............……………………………………105

112

Айтөреева Гүлзия Қалдыбайқызы

Мұнай-газ ісі негіздері пәні бойынша

050724 - «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Редактор №___

«_____»___________2010ж

___________________

Техникалық редактор

СП ОӘК Мұнай және газ кәсіпшілігінің

машиналары мен жабдықтары

кафедрасының мәжәләсәнде талқыланған 2010 ж «17» наурыз № 8

хаттамасы

СП ОӘК Мұнай және газ институтының

Ғылыми-әдістемелік кеңесінде талқыланып,

мақұлданған 2010ж «08 » маусын № 4

хаттамасы

_________________________________________________________

Басуға ___.___.2010ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітәп-журнал қағазы. Көлемі ___.___ес.-б.т. Таралымы___дана. Тапсырыс №___.

______________________________________________________________

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-нің типографиялық баспаханасында басылған Алматы қ-сы, Ладыгин к-сі- 32

113

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]