- •1 Ғылыми-техникалық және анықтамалық әдебиет бойынша осы кластағы отандық және шет елдік автомобильдердің үйлесімдерінің құрылыстық ерекшеліктерін талдау
- •1.1 КамАз 43253 фургон —борттық платпормасы бар жүк автокөлігі
- •1.2 Маз Купава 5731 фургон – борттық платпормасы бар жүк автокөлігі
- •1.3 Автофургон зил 4331 "Купава" ки 5225 шанағымен
- •1.4 Mercedes-Benz фургон
- •1.5 Урал 4320 фургон
- •2 Жобаланатын автомобильдің үйлесімін таңдау және негіздеу
- •2.1 Жүргізушінің кабинасы
- •2.2 Фургон кузовтары (шанақтары)
- •3 Трансмиссияның кинематикалық схемасын таңдау және дәлелдеу
- •4 Aвтомобиль тарту есебі
- •4.1 Бастапқы мәліметтерді таңдау
- •4.2 Қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасын анықтау
- •4.3 Негізгі берілістің беріліс санын анықтау
- •4.4 Берілістер қорабының беріліс сандарын анықтау
- •4.5 Автомобильдің қуат теңестірілімі
- •4.6 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің динамикалық факторы
- •4.7 Әртүрлі берілістердегі автомобильдің үдеулері
- •4.8 Автомобильдің шапшаңдата қозғалу уақыты мен жолы
- •4.9 Автомобильдің отындық сипаттамасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.2 Фургон кузовтары (шанақтары)
Қала ішінде салмағы аз жүктерді тасуға арнайы жүккөтергіштігі 500 кг дан аспайтын жеңіл автомобиль базасында арнайы фургондар шығарылған. Жүккөтергіштігі 1500 кг ға дейінгі (УАЗ-452, ЕрАЗ-762В, ЖУКА06, АVIA и др.), товарды белгіленген жерге жылдам жеткізуге арналған. Жүргізушінің кабинасы машинаның кілт тоқтауы кезінде әртүрлі жүктердің кедергі келтірмесі үшін кабина жүк салғыштан бөлек орналасқан. Жүкті жүк салғыштан тез алып салу үшін артқы есіктен басқа кузовтың тағы оң жақ бөлігінен қосымша есік орнатылған. Жергілікті халық арасында ең үлкен сұранысқа жүккөтергіштігі 2....3 т болатын ГАЗ-52-01 автомобиль-фургондар алып жатыр. Бұндай фургондардың кузовтары ағаш каркаспен, сырты болат қаптамамен қапталған, ал ішінен ағаш рейкалармен жасалған.
2.11-сурет - Фургон кузовтары
Жүктерді қалааралық және халықаралық жеткізуде жүккөтергіштігі жоғары кузовтары алюминий құймасынан жасалған жартылай прицепті автомобильдер қолданылады. Автомобильдер, прицептер және жартылай прицепті кузовтық фургондар халық қажеттілігіне қолданылатын товарлармен тез бұзылатын жүктерді жеткізуге арналған. Олар әмбебап және арнайыландырылған болып 2 ге бөлінеді.
Әмбебап фургондар жалпы қажеттілікте (приборлар, инструменттер, аяқ киім, кілемдер, т.б.) жүктерді тасуға, ауа райы және механикалық бұзылуға ұшырамайтын және арнайы шарттарды қажет етпейді.
Арнайыландырылған фургондарға изотермиялық, суытылып немесе жылыдай қойылатын, тез бұзылатын өнімдерді (ет, сүт және сүт өнімдері, балық, көкөніс, жемістер және т.б.) нан өнімдері және кондитерлік бұйымдар, т.б. тасуға қолданылады.
Фургондарға қойылатын талаптар:
Кузовы тікбұрышты формада ( кузовтың өлшемі стандарттық контейнерлердің габариттік өлшемімен сәйкес келуі керек) едені түзу болу керек. Еденінің қаттылығы жүккөтерімділігі 4,5т- дан жоғары фургондарда салатын жүктің массасы 2,5 т-дан аз болмауы керек.
Автомобилге орнатылған тиеу биіктігі 0,7 м, 0,9, 1,1, 1,25 немесе 1,3 м, прицептерде-1,3 немесе 1,35 м, жартылай прицептерде-1,3 немесе 1,45 м болу керек.
Кузовтың екі есігі жабық болған жағдайда кузовтың қаттылығын қамтамасыз ету керек, ал ашық болған жағдайда жүк түсіретін жерде ыңғайлы ашылып тұруы қаралады.
Қосымша доңғалақ фургонда орналаспайды.
Капиталдық жөндеуге дейін жұмыс істеуі жоғарғы деңгейде болу керек.
Фургон кузовты (шанақты) автомобильдерге жабдықтармен немесе жүктермен бірге адамдарды тасыйтын болса келесі қауіпсіздік шарттар қолданылады:
әр адамға отыру орны қараластыруы керек, отыру орындар жол жүру бағытымен орналасуы керек;
фургон ішіндегі жабдықтар үшкір, жарақатты бұрыштары болмауы керек;
фургон ішіндегі жүк адамдарға жылжып кетуінен қорғаныс құралдар қарастыруы қажет;
фургон есігі ішінен және сыртынан ашылуы керек;
фургон желдетілуі керек, жарықтандыру және жүргізуші кабинамен байланысы болу керек. Фургон сонымен қатар автономды автомобиль типті жылытқышы болу керек;
шанақ (кузов) биіктігі адамдарды тек қана отырып тасымалдау мүмкіндігін беру керек.
Отыру орындары жол жүру бағытымен орналастыруы тиіс:
кіру есігі фургонның артында орналасуы керек, сыртқа ашылып, автомобиль типті құлыппен, поручень және сатымен жабдықталуы керек;
фургон шет жақтарында оқиғалы есіктерді 600х800 мм терезе типті, ішінен және сыртынан ашылғандай, желдеткіші, отсөндіргіші және дәрігерлік аптечкасы болуы қажет.
Фургон кузовты автомобильдің сыртқы жарықтық құралдары болуы тиіс, үстінгі габариттік шамдар алдында ақ түсті, ал артында қызыл түсті.
