Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Алуа 19 20 21 билет.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35 Кб
Скачать
☆
  1. Әңгімелесу жанры.

Әңгімелесу – пікір алысу, сұхбаттасу, әлеум.ғылымдарда қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі. 1960 ж.басында теледидардан жиі көрінетін жанрлардың ең қарапайым түрі. Алғашқы жылдары Қазақ теледидары эфирге тікелей шығатын. Хабар кейіпкерлері ақпаратты көбінесе қағаз бетіне қарап оқитын. Лос Анжелес университетінің проф. Альберт Меробянның зерттеуі бойынша теледидар ақпараты «әңгімелесу» хабарының өзінде 7% сөз арқылы, 38% интонация мен дауыс, 55% адамдардың бетінің кескіні мен ишарасына байланысты беріледі екен.

  1. Түркроста хабарлары

көтеру мақсатымен кәсіби оқуға көңіл бөлді.

ТүркРОСТА-ның радиоқабылдағыштары бар барлық атқару комитеттеріне қысқартылған радиожаршы жаздырып алуды және атқару комитеті үйіне арнайы тақтаға соңғы күн жаңалықтарынан жалпылама мағлұмат беретін ақпарат ілінуін міндеттеген қаулының қабылдануы баспасөз ісі нашар дамыған шалғайдағы Түркістанда "Плакатты жаршының" тууына жеткізді. Сонымен қатар қысқартылған жаршыны өзбек және қазақ тілдерінде беру туралы да шешім болды.

ТүркРОСТА журналистері пайдаланған насихат жұмысының тағы бір түрі "ауызша" және "жарық" газеттерінің пайда болуы – қағаз тапшылығы, транспорт жайының нашарлығы, ең бастысы – қалың бұқараның қаріп танымаушылығы салдарынан еді. Ауызша газеттердің өзіндік ерекшелігі тыңдаушылардың хабарды толық түсінуіне және өздерін қызықтырған сұраққа жауап алуына, аудиторияның қалыптасуына ықпал етті.

Ақпарат хабарларына қойылған талаптар

ТүркРОСТА репортерлері жұмысындағы басты міндет – тыңдаушыға ақиқат фактіні жеткізу, шыншыл хабар беру болатын. Жұртты жаңылдыратын материалдан гөрі тексеруден өткен дүниені тарату негізгі принципке айналды. Өйткені Телеграф Агенттігі өзінің ақпарат алу қызметінде жиі ағаттық жіберіп алуына байланысты, РОСТА беделіне нұқсан келтірмеу үшін мұндай принципті ұстау орынды да еді.

Ақпараттық материалға қойылатын талаптар былайша көрсетіліпті:

Ақпарат бөлімдері дайындаған материалдар әдеби жағынан қысқа әрі анық құрылған және редакциялауды қажет етпейтіндей қорытылған болуы керек. Материалдар кездейсоқ емес, уақытқа лайық болуы тиіс. Ол қатаң түрде жүйеленген жағдайда ғана құнды болмақ.

Қандай жағдай болса да ақпарат материалдары кешікпеуі қажет.

Сол сияқты корреспонденцияларға қойылатын жалпы принцип бекітілді. Ең алдымен, сол кездегі басты тақырыпты анықтаудағы және жариялаудағы келісім керек еді. Сол себепті барлық бөлімдерге мынадай тапсырма берілді:

1) Кеңес құрылысы мен саяси жағдайды (қызғылықты саяси процестер); 2) Экономикалық жағдайларды (азық-түлік, өнеркәсіп, үй шаруашылығы, ауылшаруашылық ұжымының өмірі); 3) Мәдени өмірді (жаңа оқу орындары, мәдени-ағарту орталықтары, сауатсыздықты жою); 4) Денсаулық сақтауды (эпидемия, жаңа емдеу орындары); 5) Қызыл Армия өмірінен көпшіліктің назарын аударарлық оқиғалар жөнінде ақпараты бар жалпы хроника беруді міндеттеді.

Жаңа реформаға байланысты ТүркРОСТА басшылары жаршыны екі түрлі етті: орталық РОСТА мен жергілікті репортерлер материалдарынан тұратын толық және жедел хабарлауды қажет ететін оқиғалардан құралған нұсқасын беруді ұсынды. ТүркРОСТА газет редакцияларын ақы төлеуіне қарай осы жаршылардың бірімен қамтамасыз етуді міндетіне алды.

Осылайша ТүркРОСТА өз жұмысын: тілшілер мен жергілікті репортерлерден және басқа да ақпарат көздерінен телеграф арқылы алынған мағлұматты жергілікті баспасөзге жеткізу; радиожаршы мен плакатты жаршыны өлкеге тарату; Түркістан республикасының тыныс-тіршілігінен жазылған корреспонденцияларды кейде радиотелеграф арқылы, кейде хат арқылы хабарлау бағыттарында жүргізді.

Материал түсінікті болу үшін алдымен, шетел сөздері мен түсініксіз сөздерді қолданудан бойды аулақ салып, жақша ішінде түсініктемесін берді; сосын берілген хабардың мақсатын, мәнін үнемі түсіндіріп отыру қажет деп тапты.