- •Телерадиохабарлардың бастапқы құрылымы
- •Балалар мен жастар хабары
- •Әңгімелесу жанры.
- •Түркроста хабарлары
- •20 Билет
- •1 Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері
- •2. Аудиотехника және радиохабарлар технологисы
- •3 Қазақстанда телерадиохабар таратудың үлгілері
- •21 Билет
- •1Телеарна мен радиога жаналыктар сюжетинин тусирилуи жане жазылуы
- •4 Қазіргі Қазақ радиосы
- •2 Радиожурналистиканың бейнелеуіш құралдары
- •3 Радиохабар таратудың қазіргі түрлері.
- •4. Радиохабар жасаудың технологиясы.
2. Аудиотехника және радиохабарлар технологисы
Журналистиканың электронды құралдарын пайдалану тәсілдерін күннен-күнге жетілдіре түсу - өмірдің өзі талап етіп отырған мәселелердің бірі. Ғылыми-техникалық прогресс бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдарының бет-бейнесін мүлде өзгертті. Сол себепті де, жоғарғы оқу орындарының журналистика факультеттерінде электронды құралдарды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін оқытудың маңызы жоғары болып отыр. Алайда, журналистика факультетінде инженерлер дайындалмайтынын ескерсек, көбінесе сабақ барысында техникалық ерекшеліктерді де ескере отырып, аудиотехникалық құралдармен жұмыс істей білуді үйрете отырып, журналистік шеберлікті шыңдау, жазуға үйрету, журналистиканың қыр-сырын білуге бағыттау мәселелері болмақ.
Танымал радиожурналистердің шығармашылық лабораторияларымен таныстыра, бүгінгі күн мәселелерімен байланыстыра келе, тыңдарман аудиториясын жинау тәсілдерінің қыр-сырын тани білуге баулу. Дыбыс жазу құралдарымен жұмыс істеуге, сценарий жазуға үйрету. Факультет ішінде берілетін студиялық хабарлардан бастап, республикалық эфирге дейін хабарлар дайындаудың технологиясын тәжірибелік тұрғыда үйрету.
Хабар жасау процесі кезінде техникалық жұмыс тәсілінен хабардар етіп қана қоймай, олардың болашақта студиялық инженер емес, журналист болатындықтарын үнемі жадыда ұстай отырып, шығармашылыққа қанаттандыру межеге алынады. Электронды құралдарды шеберлікпен пайдалануды үйрету жолға қойылады. Техника тілін меңгере білумен қатар, тілдік, жанрлық сапасы жағынан тыңдарман аудиториясына жол таба алатын хабарларды эфирден шығаруға үйрету пәннің негізгі міндеттерінің бірі.
Болашақта студенттердің техникалық құралдармен жұмыс істеуді жете меңгеріп, өздері жасаған хабарларын оператордың, режиссердің көмегінсіз-ақ эфирге шығаруына мүмкіндік жасалынады. Телерадиожурналистің басты құралы — видеокамеремен, репортермен ғана жұмыс істеу, тек дыбысты жазып әкелумен шектелу өмір талабына жауап бермек емес. Компьютер заманында, электроника дәуірінде өмір сүретін журналистер дайындау басты мақсат болуы қажет екенін ескере отырып, жаңа технология түрімен таныстыру да ескеріледі.
Техникалық құралдармен жұмыс істейтін болғандықтан сабақ студиядағы құралдармен, цифрлы құралдармен, микшерлік магнитофондармен, цифрлы камералармен объектілерде жүргізіледі.
Объектілерде, көшелерде жұмыс істеу барысында студенттер техникалық құрал сырын меңгеріп қана қоймай, журналистік этикаға, адамдармен сұхбаттасуға да дағдыланады. Хабар кейіпкерлерінің психологиясын, жан-дүниесін, дүниетанымын тануға бейімделіп, журналистік шеберліктерін дамытуға да сабақтың бұлай өтуі өз әсерін жасайды.
Радиожурналистиканың студиядан тыс құралдары - стационарлық және жартылай стационарлық трансляциялық пунктер. Жылжымалы студиялар. Оқиға орнынан хабар трансляциялау радиоүндесу, радиокөпір сияқты хабар формаларының тікелей эфирмен байланысы. Радиожурналистің тікелей эфирдегі тапқырлығы, ұтымдылығы, импровизацияны меңгеруі т.б. қасиеттері жайлы әңгіме.
3 Қазақстанда телерадиохабар таратудың үлгілері
Жалпы қазіргі кезеңдегі ақпараттық саясат, әсіресе, қауіпсіздік осындай қоғамдық хабар тарату орталықтарының болашағы зор екендігін дәлелдеп отыр. Өйткені, қоғамдық пікірді бұрмалау, санаға манипуляция жасау, үкіметтік көзқарасты таңу сияқты құбылыстар кең етек жаюда, кейде БАҚ белгілі қаржы топтары мен ірі олигархтардың қолшоқпарына айналуда. Қазақстанда да қоғамдық телерадиохабар тарату мәселесі күн тәртібінде тұрған мәселе. Бұл жағдайда оның төмендегі принциптері сақталуға тиісті:
қаржылық дербестігі қамтамасыз етілуі және шығындары толық өтелуі тиіс;
қоғамдық негізде басқарылады, яғни, оған әр түрлі әлеуметтік топ, негізінен зиялы қауым өкілдері енеді және көпшілік мүддесі тұрғысынан шешім қабылданады;
қоғамдық прогреске ықпал етеді, білім беруге, жаңалықтарды таратуға, мәдениетті көтеруге жұмылдырылады және басқалар.
Кезінде қазақ тілінде шетелге хабар тарататын арнайы арна және редакция жұмыс істеді. Шет мемлекеттерде тұрып жатқан қандастарымыз үшін "Шалқар" радиостанциясының маңызы айрықша еді. Ақпараттық-музыкалық арна кезінде көрші Қытайға, Моңғолияға, Өзбекстанға, Қырғызстанға тарайтын, тіпті Украинада күшейткіштер арқылы Еуропаны да қамтитын, сөйтіп, үлкен аудиториясын қалыптастырып үлгерген еді. Нарыққа көшу заманында ол жабылып қалып, қайта ашылды, Алматы төңірегіне тарайтын болды, бірақ, шет елдерге хабар жеткізетін қуаттары әлі қалпына келе қойған жоқ. 1966 жылы эфирге тұңғыш шыққан "Шалқар" ұлттық арнасы үлкен журналистік мектепті, бай дәстүрді қалыптастырды, шежіреге айналған шығармашылығымен, інжу-маржан туындыларымен, гауһар дауыстармен тарих қойнауына кетті. Дегенмен, күні бүгінге дейін эфирден сол жылдардың "Алтын қорда" сақталған жазбалары беріліп жүр, көп хабарлары өзектілігін жоғалтқан жоқ. "Шалқар" - Қазақ радиосының ажырамас бөлігі, өзі шаңырағы болса, соны ұстап тұрған қабырғасы мен іргесі. Қазақстандағы радио тарихына қатысты еңбектерде ғалымдар "Шалқарды" айналып өтпейді. Ол ұлт тарихының алтын қазынасы.
XXI ғасырдың басында қазақтардың үштен бірі өз тарихи Отанынан тысқары жерде өмір сүріп жатыр. Сондықтан шет елдердегі қазақ диаспорасы үшін хабар таратудың мәні зор. Көрші Қытайда бір миллионнан аса қазақ тұрады және белгілі бір аймақтарға шоғырланған. Міне, сол ортада жергілікті радиоарналар жұмыс істейді. Ал, Қытайдың Орталық мемлекеттік радиосы тәулігіне 2 сағат қазақ тілінде ресми хабар таратады. Көбіне бұл хабарларда ел және дүниежүзі жаңалықтары беріледі, мемлекеттің саясаты түсіндіріледі.
Тағы бір көрші алып мемлекет Ресейде де қазақтар көп тұрады. Бірақ, жергілікті шағын радиостанциялар болмаса, ірі станция жоқ, шекаралас аймақтар Қазақстанның радиосигналдарын қабылдайды.
Иран ислам мемлекеті ресми түрде қазақ тілінде хабар таратады. Моңғолия да қазақ тілінде хабар таратута қамқорлық танытып келеді. Баянөлгейде ірі қазақ станциясы жұмыс істейді. Өзбекстан мен Қырғызстанда да қазақ тілінде шағын хабарлар эфирге тарайды. Соған қарамастан, қазақ тіліндегі ақпаратқа сусап отырған қандастарымыз жер жүзінде тарыдай шашырап жатыр. Болашақта Интернет технологияларды пайдаланып, соларға қазақ тіліндегі хабарларды, қазақы ән мен күйді жеткізе білсек, нұр үстіне нұр болар еді.
