- •VII тарау. Ядролық физиканың эксперименталдық әдістері
- •§7.1 Визуалды әдіс (Тікелей бақылау әдісі)
- •§7.2 Сцинтилляциялық санауыш (тіркегіш)
- •§7.3 Иондау камерасы және санауыш
- •§7.4 Черенков санауышы
- •§7.5 Вильсон камерасы және диффузиялық камера
- •§7.6 Көпіршіктік камера
- •§7.7 Қалың қабатты фотоэмульсия әдісі
- •§7.8 Гейгер – Мюллердің газ разрядты санауышы
- •§7.9 Зарядталған бөлшектерді санауыш
- •§7.10 Радиоспектроскопиялық өлшеу әдісі
- •7.8 Сурет
- •§7.11 Зарядталған бөлшектердің массасын анықтау. Масс-спектроскопия
- •§7.12 Үдеткіштер.Зарядталған бөлшектер
- •§7.13 Электростатикалық үдеткіш
- •§7.14 Сызықты үдеткіштер
- •§7.15 Циклді резонансты үдеткіш
- •7.15 Сурет
- •§7.16 Циклді индукциялық үдеткіш – бетатрон
- •Есеп шығару үлгісі
- •Білімгерлердің өздік жаттығу есептері
- •Тест сұрақтары
§7.16 Циклді индукциялық үдеткіш – бетатрон
Бұл үдеткіш электрондарды үдетуге арналған. Ондағы электрон құйынды электр өрісімен үдетіледі де уақытқа байланысты магнит ағыны өзгеріп индукцияланады да, үдетілген электрон орбита арқылы өтеді.
Бетатрон индукциялық үдеткіш, ол жеңіл бөлшектер электрондар немесе β-бөлшектерді үдету үшін арналған құрал. Сондықтанда бетатрон деп аталады.
1939-жылдары Д. Керетом (АҚШ) бірінші бетатронды жасап шығарды, ондағы үдетілген электрондар энергиясы 2-3 Мэв. Осындай үдеткіштің теориясын есептепжасаған (1940 ж.) совет физигі Я. П. Терлецкий болды. Үдеткіш туралы алғаш ұсыныс жасаған (1928 жылы) Р. Видероэ еді, одан кейін үдеткіш жұмыстары туралы қарастырған (1935 жылы) М. Штеенбек және совет физигі В. В. Ясниский болды.
Бетатронға берілген айнымалы магнит өрісі, құйынды электр өрісін индукциялауға пайдаланылады (7.17-суретке сәйкес). Оның құрылысы: 1және 2 бетатронныңэлектромагнит өзегі (трансфарматордың өзегі сияқты); 3,4,5,6-электромагнит орамы; 7,8-вакуумдық камера (үдетілген дөңгелек орбита бойымен осы камера ішінде қозғалады);
9-электрондар орбитасы.
7.17-сурет
Үдеткіштің электромагнит орамымен айнымалы тог жүріп, электромагнит өзегінде және үдетілетін электрон жүретін кеңістікте айнымалы магнит өрісі пайда болып, құйынды электр өрісін индукциялайды.
Берілген жағдайда электр өрісінің кернеулік сызығы С-центрімен концентрленген шеңбер болады. Электр қозғаушы күштің индукция шамасы:
(7.16.1)
Ф – магнит ағыны, ол электронды үдететін орбитаны қамтиды.
I– электромагнит орамына берілген тог, синусоидалы заңдылық бойынша өзгереді.
(7.16.2)
мұндағы, Im – тог амплитудасы;
-
тербелістің циклдік жиілігі.
Кәдімгі ν- жиілік 50 гц– ке тең.
Саңылаудағы
магнит өрісі айнымалы болады. Электромагнит
саңылауындағы магнит өрісінің шамасының
камераға орналасуы, айнымалы яғни
перифериге кемиді, олай болса үдетілген
электрон болып қозғалу үшін саңылаудағы
электрон орбитасын қамтитын магнит
өрісі кернеуінің орташа (
)
мәнін аламыз. Онда магнит ағыны:
(7.16.3)
мұндағы R – электрондар орбитасының радиусы, ал Н – саңылаудағы магнит өрісінің орташа мәні.
Орбитадағы электр қозғаушы күш:
(7.16.4)
Зерттеу нәтижесінде электрон қозғалысы орнықты болса, онда мұндай орбитада магнит өрісі мынадай шартты қанағаттандырады:
;
(7.16.5)
S – орбитадағы қамтылған аудан.
Бетатронда қозғалған электронға бір мезгілде екі күш әсер етеді, ол Лоренц күші және айнымалы магнит өрісі әсерінен индукцияланатын үдетуші өріс күші:
;
(7.16.6)
Осы күштер әсерінен электрондар энергиясы артып үдей қозғалады. Бетатрон көмегіменэлектрондар 1-100 Мэв–гедейінгі энергия интервалында үдетіледі.
Бетатрон
үдетілген электрон алуға өте ыңғайлы,
қарапайым құрал. Үдетілген электронмен
нысананы атқылағанда (электронмен),
пайдаболатын
-сәулесі
қатқыл болады. Сондықтан бетатрон
металдарында
-сәулесімен
сәулелендіруге және медицинаға
пайдалануға т.б. зерттеулерге қолданылады.
