- •Мазмұны
- •1. Жалпы бөлім
- •1.1 Курстық жұмыстың мақсаты және міндеті
- •1.2. Курстық жұмыстың тақырыбына қарай нұсқаулары
- •1.3. Курстық жұмысты орындау бойынша жалпы ережелер
- •1.4 Есептеу түсіндірме жазбаның және графикалық бөлімнің құрылымы және мазмұны
- •Жылыту жүйесінің түрін таңдап алу
- •3. Бөлменің сыртқы қоршаулары арқылы жылу ысырабын анықтау
- •4. Жылыту жүйесінің жылулық қуатын есептеу
- •5. Орталықтандырылған жылыту жүйесінің жылыту аспаптарының қыздыру ауданын есептеп оларды таңдап алу
- •6. Қазандарды таңдап алу
- •7. Курстық жұмысты рәсімдеу және қорғау
- •Қорытынды
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •5В071800 - «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша
- •Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агралы- техникалық университеті
- •Жұмысты орындауға қойылатын талапқа сәйкестігі_______________________________ Тақырыпты баяндау,тәсілі,түсініктілігі__________________________________________
4. Жылыту жүйесінің жылулық қуатын есептеу
Жылыту жүйесі бөлмелердің ішіндегі ауаның есепті температурасын нормативтерде келтірілген аралықта жеткілікті ұстауды қамтамыз етуі қажет.
Жылыту жүйесін жобалағанда есептелетіндер:
бөлменің қоршаулары арқылы жылудың ысырабы;
- бөлменің ішінде саңылалулар арқылы кіретін ауаны қыздыруға қажет жылу;
бөлменің ішінде электр аспаптардан, жарықтандырудан, техникалық құралдардан және басқа жылу көздерінен кіретін жылулық ағыны.
Жылыту жүйесінің жылулық қуатын бөлменің балансалы теңдеуі бойынша есептейді:
Qж = Qжш - Qжк, (4.1)
мұнда:
Qжш–бөлмеден шығатын жылудың мөлшері. Оған жататындар: негізгі және қосымша ысыраптар, Вт;
Qжк – бөлме ішіндегі жылу көздерінің қуаты, Вт.
Технологиялық құрал-саймандар (механикалық, электрлік т.б.) бөлменің ішіне жылу кіргізетін көздер болып табылады. Механикалық құрал-саймандар көбінесе электрқозғалтқыштар көмегімен жұмыс істейді.
Осындай саймандардан шығатын жылуы, Вт.
Qсай=Nқ·103·kж·kс·ηдв, (4.2)
мұнда: Nқ – электр қозғалтқыштың орнатылған (номиналды) қуаты, кВт;
kж –аталған саймандардан жылу шығу коэффициенттері, мұнда бөлмеден материалдармен, ауамен, сумен ж.т.б. жылудың шығуы ескеріледі;
kж – ның мәндері: метал жонатын станоктарға kж=1,0; насос және желдеткіштерге kж=0,1 ... 0,3;
kс – электр энергияның қажеттілік (сұраныс) коэффициенті;
ηдв – берілген қуаттағы электрмотордың пайдалы әсер коэффициенті, ηдв=0,85...0,97.
Әр түрлі өндірістерге kс –ның мәндері: метал өңдейтін өндірісте kс=0,2; пісіру өндірісінде kс=0,35...0,6; ағаш өңдейтін өндірісте - kс=0,5; сырлау өндірісінде - kс=0,65...0,8; құрама жемін өндіретін өндірісте kс=0,35...0,45;
Саймандардан жылу шығуының жалпы мөлшері:
Qсай=n·Qсай, (4.3)
мұнда: n – станоктар саны.
Жасанды жарықтандыру көздерінен жылу кіруі жарықтандыру аспаптарының қуатымен анықталады:
Qж=Nж, (4.4)
мұнда: Nж – жарықтандыру көздерінің қосынды қуаты, Вт.
Егерде жарықтандыру аппаратурасы бөлмеден тыс орнатылған болса (шатыр бөлмесінде, әйнек артында ж.т.б), онда жылудың шығу мөлшері азаяды:
Qж=Nж·ηж, (4.5)
мұнда: ηж – жарықтандырудан шыққан жылудың бөлмеге кіретін үлесін ескеретін коэффициент. Люминсцентті лампаларға ηж =0,45; қызу лампаларына ηж =0,15;
Тек қана жұмыстық орындарды жарықтандыратын шамдардан шығатын жылу жыл кезеңдері және тәулік мезгілдері ескерілмей үнемі толық есепке алынады, ал жалпы жарық беретін шамдардың шығаратын жылуы архитектуралық жоба шешімдеріне және тәулік мезгілдеріне қарап есепке алынады.
Саймандардың, трубалардың қызған беттерінен ж.т.б. беттерден бөлмеге берілетін жылу мөлшерлері:
Qқ.б=∑Fi·αi·(tқ.б.і-tі)·10-3, (4.6)
мұнда: Fi – жылу шығаратын (беретін) беттің ауданы, м2;
αi – сыртқы беттерден бөлмедегі ауаға жылу бергіштік коэффициенті, Вт/м2· оС
tқ.б.і – қызған беттің температурасы, оС;
Жылу бергіштік коэффициент: - қатты беттерге – α= 11,6С Вт/м2· оС; - ыстық судың бетіне - α= 5,7+4,1С, Вт/м2· оС;
мұнда С - алынған беттің қасындағы ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.
Адамдардан бөлмеге шығатын жылу мөлшері (нақты және толық жылулық) жұмыстың ауырлығына және бөлменің ішіндегі температураға тәуелді:
Qн=n·qн·10-3 (4.7)
Qт=n·qт·10-3 (4.8)
мұнда: n – бөлме ішіндегі адамдар саны;
qн,qт – бір жұмысшыдан нақты және толық меншікті жылу шығу (таралу) мөлшері, Вт.
Ер адамдардан шығатын жылу мөлшерін 100% деп алса, ересек әйелдерден 85%, балалардан 75% жылу шығады (4.1 кесте). Жылыту жүйесін есептеу кезінде адамдардан шығатын нақты жылу мөлшері есепке алынады.
Кесте 4.1 - Ер адамдардан шығатын жылу мөлшерлерінің орташа мәндері
Параметр |
Бөлмедегі ауаның температурасы, оС |
||||
15 |
20 |
25 |
30 |
35 |
|
Тыныш күйінде |
|||||
Жылу мөлшері, Вт нақты толық Ылғал, г/сағ Көмір қышқыл газ, л/сағ |
116 145 40 23 |
87 116 40 23 |
58 93 50 23 |
40 93 75 23 |
16 93 115 23 |
Женіл жұмыс |
|||||
Жылу мөлшері, Вт нақты толық Ылғал, г/сағ Көмір қышқыл газ, л/сағ |
122 157 55 25 |
99 151 75 25 |
64 145 115 25 |
40 145 150 25 |
8 145 200 25 |
Ауырлығы орташа жұмыс |
|||||
Жылу мөлшері, Вт нақты толық Ылғал, г/сағ Көмір қышқыл газ, л/сағ |
133 208 110 35 |
104 203 140 35 |
70 197 185 35 |
40 197 230 35 |
8 197 280 35 |
Ауыр жұмыс |
|||||
Жылу мөлшері, Вт нақты толық Ылғал, г/сағ Көмір қышқыл газ, л/сағ |
162 290 185 45 |
128 290 240 45 |
93 290 295 45 |
52 290 355 45 |
16 290 415 45 |
