Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Метод Курсов ЭЭ-2 каз 19.11.2015.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
429 Кб
Скачать
☆

6. Қазандарды таңдап алу

Жылумен қамтамасыз ету желісінде су қыздырғыш және бу қазандары қолданылады. Су қыздырғыш қазандардың негізгі сипаттамасы – жылулық қуаты (кВт) болып табылады, ал бу қазанының – бу өнімділігі (т/сағ). Орталықтандырылған жылумен қамту жүйесінде бу өнімділігі кемінде 2,5 т/сағ. бу қазандары немесе жылулық қуаты кемінде 4,6 МВт. су қыздырғыш қазандары қондырылады. Орталықтандырылмаған жылумен қамту жүйелерінде аз өнімділікті қазандар, жылу генераторлары, жылыту пештері, газ және электр су қыздырғыштары пайдаланылады.

Қазандарды қыс мезгіліндегі ең жоғары есепті жылулық қуаты бойынша таңдап алады

Qқон=1,2∙Qж, (6.1)

мұнда: Qқон- қазандықта қондырылған барлық қазандардың жылулық қуаты, кВт;

Qж- қыс мезгіліне есептелген жылыту жүйесінің жылулық қуаты (жылу тұтынуы), кВт.

Қазандарды таңдап алу кезінде келесі шарттарды ескеру қажет:

  • қазандардың саны екеуден кем және алтаудан артық болмау керек;

  • өнімділігі бірдей бір типті қазан агрегаттары қондырылуы қажет;

  • резервті қазандар қондырылмайды;

  • егерде жылулық жүктелуінің тербелуі шамалы болса бірлік қуаты жоғары қазанды агрегаттарын қондырса қазандықтағы қазандар саны азаяды;

  • қазандардың жұмыс істегендегі жүктелуінің ауытқуы номиналдыға қарағанда 25%-тен артық төмендемеуі керек.

Бір қазанның жылулық қуаты (Qқ) белгілі болса қазандықтағы қазандар санын келесі формуламен анықтайды:

(6.2)

Бу қазандарының жылулық қуатын келесі кесіндіден анықтайды:

Qқ = 0,278 D ( hб + hқ.с.), (6.3)

мұнда: D – қазанның бу өнімділігі, кг/сағ;

hб, hқс – будың және қоректендіру суының меншікті энтальпиялары, кДж/кг.

Жылутасымалдағыш ретінде температурасы 150оС –ге дейін қыздырылған су алу үшін болаттан жасалған Е немесе ДКВР сериялы бу қазандары, ал желілі газ болатын болса ТВГ (су қыздырғыш) қазандары қолданылады.

Секциялы шойын қазандары суды 115 оС- ге дейін қыздырады, ал бу қазандары режимінде істеуге арналған бу жинағышпен жабдықталған болса олар артық қысымы 68,7 кПа-ға дейін қаныққан бу әзірлейді.

Кейбір жылыту-өндіріс қазандықтарда орнатылатын секциялы шойын қазандардың негізгі сипаттамалары 6.1- кесте келтірілген.

Кесте 6.1 - Жылыту қазандықтарында орнатылатын қазандардың негізгі техникалық сипаттамалары

Қазандар

тобы

Қазанның ПӘК-і

Қазанның жалпы жылулық қуаты, кВт.

Бір секцияның жылулық қуаты, кВт.

Судың максималды температурасы, оС

КЧ-1

0,8

81,5...232

11,6

115

КЧ-2

0,8

328...1300

23,2

115

КЧ-3

0,8

652...1815

34,8

115

ТМ-100

0,9

100n*

100

95

Ескерту: *n-секциялар саны

7. Курстық жұмысты рәсімдеу және қорғау

Қолданылған әдебиеттер тізімін жасау. Курстық жұмысқа есептік түсіндірме жазбада қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілуі қажет. Бұл тізімде оқулықтардың, кітаптардың, анықтамалықтардың, жорнал басылымдарының, әдістемелік нұсқаулар мен құралдардың тізімдері көрсетіледі.

Қолданылған әдебиеттер курстық жұмыс соңында, заманауи әдебиеттерде қабылданған тәсіл бойынша, олардың жұмыста қолданылуы реттілігімен келтіріледі.

Әдебиеттер тізімінде әрбір ақпарат көзі бойынша көрсетіледі:

- рет нөмірі;

- автордың тегі мен аты-жөні;

- мақаланың, кітаптың, жорналдың, басылымның толық аты;

- басылым жылы, том;

- жорналдың бетімен нөмірі.

Мысалы, егер кітап қолданылған болса, келесі түрде жазылады.

Шатров, М. Г. Теплотехника / М. Г. Шатров, И. Е. Иванов, С. А. Пришвин. – М. : Академия, 2011.-288 с

Пайдаланған анықтаушы төмендегідей жазылады.

СНиП 2.04.05. – 91 Отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха. М.: ЦИТП Госстроя СССР, 1991. - 61 с.

Қосымшаларды келтіру реті. Есептік түсіндірме жазбаны толықтыратын, бірақ негізгі бөлімдерін ұзартып жіберетін қосалқы есептемелер мен материалдар есептік түсіндірме жазбаның қосымшасында келтіріледі. Оларға жататындар:

- есептемелер, кестелер, иллюстрациялар;

- сұлбалар, сызбалар, графиктер, диаграммалар;

- технологиялық тізбектер.

Түсіндірме жазбаның жалғасы ретінде, олардың тақырыптары жазылып, араб сандарымен нөмірленуі керек (№ таңбасы салынбайды). Беттерінің нөмірленуі жалпы жазбаның нөмірленуімен ортақ болады. Иллюстрациялар мен кестелер қосымшаларда әрбір қосымшалар шегінде нөмірленеді.

Әрбір қосымша қажетіне орай тарауларға, тарау бөлімдеріне, пункттерге, пункт бөлімдеріне бөлінуі мүмкін, олар әрбір қосымшалар шегінде нөмірленеді, мысалы, Қосымша 1.1.

Әрбір қосымшаны жаңа беттен бастау қажет, беттің жоғарғы жағында «Қосымша» жазуы болады.

Қосымшаларда жазылған формулалар мен иллюстрациялар әрбір қосымшалар шегінде алдына қосымшаның нөмірі жазылып нөмірленеді, мысалы: формула (1.1), сурет (1.1).

Жұмысты тексерту және қорғау реті. Курстық жұмыс талаптарға сай рәсімделгеннен кейін және білім алушы қол қойған соң жетекшіге тексеру үшін тапсырады, тексеру нәтижесі бойынша жетекші титул парағына қол қояды не болмаса табылған қателері бойынша түзетуге ұсынады. Курстық жұмыстың жетекшісі жұмысты қорғауға жіберілуі не болмаса жіберілмеуі туралы қорытынды береді.

Қорғау процесінде 5 - 7 мин аралығында жұмыстың негізгі нәтижелері баяндалады. Баяндамада көрнекі материалдарды мейлінше көбірек қолдану қажет. Мазмұнының жазылу реттілігі жұмыс құрылымына сай болуы керек.

Курстық жұмысты талқылау комиссия мүшелерінің сұрағына жауап түрінде өтеді.

Курстық жұмысты бағалау кредиттік технологияның 100 балдық шкаласы бойынша жүреді. Курстық жұмысты бағалағанда студенттің ғылыми және кәсіби деңгейі, баяндаманың сапасы, қойылған сұрақтарға аргументік және негізделген жауабы, жұмысты рәсімдеу сапасы, жетекшінің пікірі ескеріледі.

Курстық жұмысты қорғау нәтижесі қанағаттанбайтын болып бағаланса, онда комиссия қайта қорғау туралы шешім қабылдай алады.