- •Кесте 1. Show командалары.
- •Кесте 2. Рing командасының нәтижесі.
- •Ip route ЖелілікАдресТағайындалуы ЖелілікМаскаТағайындалуы
- •Iproute 0.0.0.0 0.0.0.0 [келесі хоп адресі| шығыс интерфейсі]
- •Igrp протоколы
- •Кесте 1.
- •Кесте 2.
- •Кесте 3.
- •Кесте 4.
- •Кесте 5.
- •Кесте 6.
- •Сурет 1.
- •2.1. Динамикалық жөндеу
- •2.2. Статикалық жөндеу
- •2.3 Интерфейсастыларының қолданылуы
- •3. Жұлдызша топологиясы
- •Сурет 1.
- •Сурет 2.
- •Vlan статикалық конфигурациясы.
Ip route ЖелілікАдресТағайындалуы ЖелілікМаскаТағайындалуы
Команда маршрутизаторға барлық пакеттері Желілік Адрес Тағайындалуы-Желілік Маска Тағайындалуы үшін арналғандыған көрсетеді және сол өзінің Адрес ІР-адресі қолжетімді интерфейсіне бағыттауға тура келеді. Ережеге сай, Адрес бұл Желілік Адрес Тағайындалуы жолындағы келесі хоп адресі. Шығыс интерфейс және жіберілетін пакеттердің физикалық адрестері маршрутизаторларға Адрес ІР-адресі негізінде өзінің ARP кестесі арқылы анықталады. Мысалы
ip route 10.6.0.0 255.255.0.0 Serial1 (1)
ip route 10.7.0.0 255.255.0.0 10.4.0.2 (2)
Бірінші мысал маршрутизатордың Serial1 жергілікті интерфейсіне 10.6.0.0/16 желілік префиксті көрсетеді. Келесі мысал 10.7.0.0/16 жолындағы келесі хоп 10.4.0.2 ІР адресіне 10.7.0.0/16 желілік префиксті көрсетеді. Бұл екі командалар маршрутизация кестесіне статикалық маршруттарды (S белгі) қосады:
S 10.6.0.0 via Serial1
S 10.7.0.0 [1/0] via 10.4.0.2
Интерфейс құлағанда бұл интерфейсте көрсетілген барлық статикалық маршруттар маршруттар кестесінен жойылады. Егер маршрутизатор статикалық маршрутта көрсетілген адрес жолындағы келесі хоптың адресін таба алмаса, онда маршрут кестеден айшықталады.
Ethernet типті желілер үшін әрқашан ip route командасының (2) түрін қолдану керектігін ескерген жөн. Маршрутизатордағы Ethernet интерфейсі, ережеге сай, желіде басқа құрылғылардың бірнеше Ethernet интерфейстерімен байланысқан. Командада iproute IP адресінің көрсетілуі маршрутизаторға өзінің ARP кестесі бойынша шығыс пакеттерінің физикалық адрестерін дұрыс жүйелеуге мүмкіндік береді.
Үнсіздік келісімі бойынша маршрутизация
Әр маршрутизатор барлық мүмкін болатын желілік тағайындауларда маршруттарға қызмет көрсету міндетті емес. Оның орнына маршрутизатор маршруттарды үнсіздік келісімі бойынша немесе соңғы тоқталымның (lastresort) шлюзында сақтайды. Маршрутизатор маршруттар кестесінде жолаққа желілік тағайындалуды сәйкестендіре алмаған жағдайда үнсіздік келісімі бойынша маршруттарын қолданылады. Маршрутизатор үнсіздік келісіміндегі маршруттарды пакеттерді басқа маршрутизаторға жіберген кезде қолдануы қажет. Келесі маршрутизаторда бұл желілік тағайындалу үшін маршруты болу керек немесе үшінші маршрутизатор үшін өзінің үнсіздік келісімі бойынша маршруты болуы керек және т.б. Соңғы санақта, пакет желілік тағайындауға маршруты бар маршрутизаторға маршрутизацияланады.
Үнсіздік келісімі бойынша маршрут әкімшілік көмегімен статикалық түрде енгізілуі қажет немесе маршрутизация протоколынан динамикалық түрде алыну қажет.
Барлық ІР адрестер 0.0.0.0 желісіне 0.0.0.0 маскісімен жататындықтан, қалапайым жағдайда келесі команданы колдану қажет
Iproute 0.0.0.0 0.0.0.0 [келесі хоп адресі| шығыс интерфейсі]
Үнсіздік келісіміндегі маршруттарды қолдан беру қарапайым желілер үшін сәйкес келеді. Қиын желілерде үнсіздік келісіміндегі маршруттарды динамикалық ауыстырылымды ұйымдастыру керек.
Ілмек интерфейсі (Интерфейс петля)
Желілік құрылғыларда мәліметтерді жіберу үшін және оларға ІР адрес пен маскіні тағайындау үшін шынайы арналармен байланыспаған желілік интерфейстерді құруға болады. Мұндай интерфейстерді ілмектер (loopback) деп аталады. Ілмектер желілерді сатылай проекциялағанда пайдалы. Егер маршрутизатордың қандай да бір шынайы желілік интерфейсіне подсеть жалғанатын болса, онда маршрутизаторда бірінші loopback құрылады, желінің қалған салаларымен байланысу жоспарында настройка жасалынады және одан кейін ғана шынайы интерфейспен орын ауыстырады. Ілмек интерфейсі interfaceloopbackN немесе қысқаша intlN командасынан кейін ғана пайда болады. Мұндағы N бүтін теріс емес сан – ілмектің нөмірі. Мысалы
Router(conf)>intl0 1.1.1.1 255.0.0.0
Trace командасы
Trace командасы желілерде мәліметтердің қайда жіберілетіндігін анықтау үшін идеалды әдіс болып табылады. Бұл команда ping командасы сияқты ICMP протоколының технологиясын қолданады, тек қана ол жіберуші және қабылдаушы арасында тура жүретін байланыстарды тексерудің орнына жолдағы әр адымды тексереді. Trace командасы маршрутизаторлардың пакеттердің орнатылған өмірлік уақытының (TimeToLive, TTL) асып кету кезінде туындайтын қате жөніндегі хаттамаларды генерациялау қабілеттілігін қолданады. Бұл команда бірнеше пакеттерді жібереді және олардың әрбіреуі үшін уақыттың алға және артқа өтуі жөніндегі мәліметтерді экранға шығарады. Trace командасының артықшылығы оның белгіленген пункт жолындағы кезекті қол жеткізген маршрутизаторды көрсетуінде жатыр. Бұл қабылдаушыға жіберушіден бас тартудың локализациясы үшін өте қуатты тәсіл.
Trace утилиталарының жауап беру нұсқалары
Символ |
Мәні |
!H |
Зондиралық пакет маршрутизатормен қабылданған, бірақ қайта адрестелмеген, әдетте рұқсат тізімінің әсерінен болатын |
Р |
Протокол қолжетімсіз |
N |
Желі қолжетімсіз |
U |
Порт қолжетімсіз |
* |
Күту шекарасының асып кетуі |
кесте.
Практикалық бөлім
Алдағы өткен жұмыстың практикалық бөліміндегі топология мен конфигурацияны жүктеп алыңыз.
ARP
Router1 маршрутизаторына байланысып оның ARP кестесін қараңыз.
Router1#show arp
Ол өзінің Ethernet интерфейсінің 10.1.1.1 IP адресі мен МАС адрес туралы бір ғана жолақты қамтиды.
Router2 маршрутизаторына байланысып оның ARP кестесін қараңыз. Ол өзінің Ethernet интерфейсінің 10.1.1.2 IP адресі мен МАС адрес туралы бір ғана жолақты қамтиды.
Router1 маршрутизатордың Ethernet интерфейсіне пинг жаса
Router1#ping 10.1.1.1
Қайтадан сіздің ARP кестеңізді қараңыз. Ол енді екі жолақтан тұрады. Router1-дің Ethernet интерфейсінің 10.1.1.1 IP адресі мен MAC адрес жөнінде жазба пайда болды.
Router1 маршрутизаторына байланысып оның ARP кестесін қараңыз. Ол да екі жолақтан тұрады.
Router2-нің Ethernet интерфейсінің 10.1.1.2 IP адресі мен MAC адрес жөнінде жазба пайда болды. Біз Router1-ден ешқандай да IP пакеттерді жіберген жоқпыз ғой, бірақ неге? Өйткені Router1 Router2-нің пингіне жауап беру үшін ол Router2-нің Ethernet интерфейсінің 10.1.1.2 IP адресі мен MAC адресін білуі керек болатын, және ол оны алу үшін ARP пакетін тұжырымдап алған.
Статикалық маршруттар
Өткен жұмыста біз Router2 және Router4 маршрутизаторларынан маршрутизацияның болмауынан кейбір интерфейстерге пинг жасай алмадық. Бұл қалыпты түзейміз.
Router2 маршрутизаторға байланысайық. Біз 172.16.10.1 және 172.16.10.2 адрестеріне пинг жасай алмадық. Маршруттар кестесін қараңыз.
Router2# show ip route
Тура байланысқан желілерді көреміз. 172.16.10.0/24 желісіне маршрут жоқ. 172.16.10.0/24 желісіне осы желіге жақын орналасқан хоптың 10.1.1.1 адресі арқылы маршрут қосамыз.
Router2(config)#ip route 172.16.10.0 255.255.255.0 10.1.1.1
Мұндағы 172.16.10.0/24 – бұл қысқартылған жазба - 172.16.10.0 подсетьінің 255.255.255.0 маскісімен анықталуы. 255.255.255.0 маскісі 24 бірлікті білдіреді, бұл /24 білдіреді.
Router1-дің serial интерфейсін ойдағыдай пингтейміз
Router2#ping 172.16.10.1
Қайта маршруттар кестесін қараймыз
Бірақ бізге Router4-нің serial интерфейсіне пинг жасай алмаймыз.
Router2#ping 172.16.10.2
Неге? Өйткені Router4-те маршруттар жазылмағандықтан пингтердің ICMP пакеттері Router4 –тен қалай кері қайтып келулерін білмейді.
Router4 маршрутизаторға байланысыңыз. Маршруттар кестесін қараңыз
Router4# show ip route
10.1.1.0/24 желісіне маршрут жоқ. 10.1.1.0/24 желісіне осы желіге жақын орналасқан хоптың 172.16.10.1 адресі арқылы маршрут қосамыз.
Router4(config)#ip route 10.1.1.0 255.255.255.0 172.16.10.1
Қайта маршруттар кестесін қараймыз
Енді желіде барлық желілік интерфейстер әр желілік құрылғыдан пинг жасай алады. Бұнф тексеріңіз.
Үнсіздік келісімі бойынша маршрутизация.
Router2 және Router4 желілік құрылғылары сыртқы өмірге шығу үшін бір-бірден ғана жол бар: сәйкесінше, интерфейстер 10.1.1.1 және 172.16.10.1 адрестері арқылы. Сондықтан, біз қандай подсетьтерге пакеттерді маршрутизациялайтындығымызды анықтамауымызға және үнсіздік келісімі бойынша маршрутизацияны қолдануымызға болады.
Ең бірінші ескі маршруттарды өшіреміз.
Router2(config)#no ip route 172.16.10.0 255.255.255.0 10.1.1.1
Router4(config)#no ip route 10.1.1.0 255.255.255.0 172.16.10.1
Енді маршрутизацияны үнсіздік келісімі бойынша тағайындаймыз.
Router2(config)#ip route 0.0.0.0 0.0.0.0 10.1.1.1
Router4(config)#ip route 0.0.0.0 0.0.0.0 172.16.10.1
Барлық құрылғыларда маршруттар кестесін қараңыз.
Router2#sh ip route
Router4#sh ip route
Желіде барлық интерфейстер әр желілік құрылғыдан пинг жасай алады. Бұны тексеріңіз.
Loopback
Router4 құрылғысында ілмек интерфейсін анықтаймыз.
Router4(conf)#intloopback 0 1.1.1.1 255.255.255.0
Router1 құрылғысына ілмек желісіне маршрут жазамыз.
Router1(conf)#ip route 1.1.1.0 255.255.255.0 172.16.10.2
Router2 құрылғысына байланысамыз және құрылған ілмекке пинг жасаймыз.
Router2#ping 1.1.1.1
Проектті толық және әр маршрутизатордің конфигурациясын жеке файлда сақтаңыз.
Қорытынды сұрақтар
Жіберуші қабылдаушының МАС адресін қалай біледі?
ARP кестесін қалай көруге болады?
Қандай жағдайда ARP кестесінде жаңа жолақтар пайда болады?
Маршруттар кестесі дегеніміз не?
Егер әкімшілік ешқандай маршруттарды орнатпаса, онда ол нені қамтиды?
Статикалық маршрутизация динамикалықтан несімен ерекшеленеді?
Статикалық маршрутизация тапсырмаларының қандай екі түрлерін білесіз?
Маршрутизация командасында желінің тағайындалуы қалай анықталады?
Неге Ethernet типті желілер үшін әрқашан маршрутизация командасының (2) түрін қолданған ұсынылады?
Маршрутизация командасындағы аймақтардың мағынасын түсіндіріңіз.
Неге Адрес аймағы ретінде белгіленген желі жолындағы келесі хоптың адресі қолданылуы ұсынылады?
Үнсіздік келісімі бойынша маршрутизацияны қай уақытта қолданады?
Ілмек интерфейсін қашан қолданады?
Трасировка командасы қалай жұмыс істейді?
Жұмысты орындау және тапсыру реті
Теориялық және практикалық бөлімдерді оқу.
Оқытушыға жұмыстың теориясын қорытынды сұрақтарға жауап беру арқылы тапсыру.
Packet Tracer-де практикалық бөлімді орындау.
Нұсқаңызды алыңыз және Packet Tracer-де өздік жұмыс тапсырмаларын орындаңыз.
Оқытушыға өздік жұмыс тапсырмаларының 8 және 9 пункттерінің орындалуын көрсетіңіз.
Отчетті әзірлеңіз. Отчет мазмұнын төменде қараңыз.
Отчетті қорғаңыз.
Өздік жұмыс тапсырмалары
Суретте көрсетілген топологияны Packet Tracer-де құрыңыз. Қажетті маршрутизаторларды қолдаңыңыз.
Біздің желіде алты подсеть. Әр маршрутизатор үш подсетьке жалғанған.
Әр маршрутизаторда қолданылатын интерфейстерді ашып, көршілерді show cdp neighbors командасымен көріңіз. Скриншот жасаңыз.
1-суретке және 1-кестеге байланысты желі интерфейстеріне адрестер беріңіз. v- нұсқа нөмірі. Барлық маскілер 255.255.255.0. 1-кестеге байланысты шлюдарды үнсіздік келісімі бойынша тағайындауды ұмытпаңыз.
|
v.1.1.0
|
v.1.2.0 |
v.1.3.0 |
v.1.4.0 |
v.1.5.0 |
v.1.6.0 |
Router1 |
S0:v.1.1.1 |
|
S1:v.1.3.1 |
Е0:v.1.4.1 |
|
|
Router2 |
S0:v.1.1.2 |
S1:v.1.2.1 |
|
|
Е0:v.1.5.1 |
|
Router3 |
|
S0:v.1.2.2 |
S1:v.1.3.2 |
|
|
Е0:v.1.6.1 |
PC1 |
|
|
|
Е0:v.1.4.2 |
|
|
PC2 |
|
|
|
|
Е0:v.1.5.2 |
|
PC3 |
|
|
|
|
|
Е0:v.1.6.2 |
Адрестерді берілу фактін әр маршрутизаторда showrunning-config және showipinterfacebrief командаларын орындау арқылы тексеріңіз. Компьютерлер үшін ipconfig командасын қолданыңыз.
Адрестердің дұрыс берілгендігін әр маршртизаторда тура көршілеріне ping командасын орындау барысында тексеріңіз. Мысалы, Router1маршрутизаторда орындаңыз
Router1#ping v.1.1.2
Router1#ping v.1.3.2
Router1#ping v.1.4.2
Өз алдыңызда PC1, PC2 және PC3 компьютерлерін өзара байланыстыруды қойыңыз. Ол үшін маршрутизаторларда статикалық маршрутизацияны орнатуды жүзеге асырамыз. Әр маршрутизаторда Ethernet желісінің удаленный маршруттарын жазамыз. Қойылған тапсырманы орындау үшін дәйекті байланыстардың удаленный желілерін маршрутизациялау керек емес.
Әр маршрутизаторда екі удаленный Ethernet желісі бар.Алты статикалық маршруттарды ғана жазу керек.
Router1маршрутизаторынан v.1.5.0/24 удаленный Ethernet желісіне жету үшін осы желі жолындағы жақын сыртқы интерфейстің 1.1.1.2 IP адресіне пакеттерді бағыттауға болады. Бұны мына команда орындайды
router1(config)#iproute 1.1.5.0 255.255.255.0 1.1.1.2
Қалған бес маршрутизация командаларын беріңіз.
Әр маршрутизаторда showiproutе командасы арқылы маршрутизация кестесін қараңыз. Скриншот жасаңыз.
Әр маршрутизаторда кеңейтілген пингтің скриншоттарын жасаңыз
а) router1 маршрутизаторында PC2-ден PC3-ке
б) router2 маршрутизаторында PC1-ден PC3-ке
в) router3 маршрутизаторында PC1-ден PC2-ке
Мысалы, 1-нұсқа (v=1) үшін router1 маршрутизаторындағы PC2-ден PC3-ке кеңейтілген пинг нәтижесі
Әр компьютерде басқа компьютерлерге трасировка tracert командасының орындалуының скриншотын жасаңыз. Барлығы алты скриншот. Мысалы, 1-нұсқа (v=1) үшін PC1-ден PC2-ге трасировка
Отчёт мазмұны.
Отчёт электрондық түрде жасалынады және басылып шығарылады. Отчёт құрайды:
Практикалық бөлімде құрылған топологияның скриншоты.
Практикалық бөлімді орындау барысында құрылған үш маршрутизатордың .txt файлдарындағы конфигурациялары.
1-суреттегі топологияның скриншоты (адрестер өз нұсқа бойынша).
Өз нұсқа бойынша 2-кесте.
Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында құрылған үш маршрутизатордың .txt файлдарындағы конфигурациялары.
Өздік жұмыс тапсырмаларында көрсетілген барлық скриншоттар.
№5 Лабораторлық жұмыс. Динамикалық маршруттау.
Теориялық бөлім.
Статикалық маршруттау негізінде үлкен және күрделі желілерге келе бермейді, себебі оның өзіндік топологиясымен протоколдары баршылық.
Маршруттау күрделі желілерге тез бейімделе білуі тиіс, оның топологиялық өзгерістері мен ең керек маршрутты таңдай білу керек.
IP желілер иерархиялық құрылымды болып келеді. Маршруттаудың көзқарасынан , желі автономды жүйелердің жиынтығы ретінде қарастырылады. Улкен желілердің автономды жүйешелеріндегі маршруттау қалған автономды жүйелердің маршрутизаторлары кең ауқымда үнсіз келісім бойынша іске асырылады.
Динамикалық маршруттау бір немесе бірнеше протоколдардың жүзеге асырылуымен мүмкін. Бұл аталмыш протоколдар өзінің іске жарамдылығына байланысты жиі топ-топқа бөлінеді. Автономды жүйелердің ішкі протоколдарын ішкілік проколдық шлюз деп аталады( interiorgatewayprotocols(IGP)), ал автономды жүйелер арасындағы жұмысты атқаратын протоколдарды сыртқы деп атайды( exteriorgatewayprotocols(EGP)) деп аталады. IGP протоколдарына RIP, RIPv2, IGRP, EIGRP ,OSPF және IS-IS . EGP протоколына EGP3, BGP4 қатысты. Жоғарыда аталған протоколдары 2 классқа бөлінеді : дистационды-векторлы және желі жағдайы протоколы.
Маршрутизаторлар баға және маршрут өлшемін көрсету үшін метрикаларды қолданады. Егерде маршрутизатордан желіге жету маршруттары көп болса, және барлығы дерлік бір маршруттаудың бір протоколын қолданса , онда өлшемі жағынан ең аз маршрут тиімді болып табылады. Егер маршруттауда әртүрлі протоколдар қолданылса , онда операциялық жүйеден маршрутты таңдауда әкімшілік ара-қашықтық іске асырылады .
RIP метрика ретінде өту сапасын қарастырады. EIGRP каналдарды өткізіп жіберу және жарамдылығын қосатын күрделі амалдар факторын қолданады. Маршруттайтын протоколдардың жұмыс нәтижелері арнайы
R 192.168.14.0/24 [120/3] via10.3.0.1 00:00:06 Serial0
Мұндағы R Маршруттаудың протоколын анықтайды. Сонымен R-RIP мағынасын береді, ал O-OSPF және т.б. [120/3] жазуы әкімшілік ара-қашықтықтың 120-ға , метриканың 3-ке теңдігін білдіреді. 00:00:06 элементі тізбектің жаңа өңделген уақытын көрсетеді. Serial0 жергілікті интерфейсі арқылы маршрутизаторлар желіге via10.3.0.1 адресі көмегімен 192.168.14.0/24 пакеттерін жіберіп отырады.
Динамикалық маршрутизаторларының протоколдары статикалық маршруттар жайлы ақпарат алмасып отыруы үшін, қосымша конфигурациялар жүргізіп отырған абзал.
Дистационды-векторлы маршруттау.
Бұл аталмыш маршруттау Белман-Форд алгоритмі негізінде қарастырылады. Санаулы уақыттан кейін маршрутизатор өзінің бүкіл кестесін көршілес маршризаторларға ауыстырады. RIP,IGRP протоколдары кесте туралы ақпараттарды барлық интерфейстар арқылы ғана емес , ауқымды хабарлама режимінде адресі мен нақты көрші маршрутизаторды анықтамай жеткізеді.
Ауқымды хабарлама режимінде алынған ақпарды көрші маршрутизатор өзінің кестесімен салыстырып өтеді. Оған жаңа желілерге немесе белгілі желілердің маршруттары қосылады. Алынған мәліметтер сарапталып , сәйкес келмеген ақпарлар жойылады. Маршрутизатор өздігімен өзінің өлшемдерін жіберілген маршрут метрикасына қосып қояды. Жаңа маршрутизатор кестесі қайтадан көршілес маршрутизаторларға таралады.
1 –сурет. Дистационды-векторлы маршруттау.
Байланыс ахуал протоколдары
Бұл аталмыш протоколдар дистационды-векторлы протоколдарына қарағанда жинақтылық пен масштабтауды жақсы жасауға икемдейді. Жоғарыда аталған протокол Дейкстер алгоритміне негізделеді, өз кезегінде ең жақын жол деп аталмақ(shotpathfirst(SPF)). Осы типке жататындардың айқын мысалы ретінеде (OpenshortestPathFirst(OSPF)) протоколын атауға болады.
Сондай-ақ маршрутизатор басқа да маршрутизаторлар байланыс ахуалінің интерфейсін ескеріп отырады. Маршрутизатор өзінің ақпараттар жинағында көптеген ресурстарға ие болып , өзіндік желі жағдайын жасай алады. Келесі кезекте әр маршрутизатор өзінің ақпараттар қорын қолдана отырып , өз бетімен SPF алгоритімін орындап , арнайы түрде кестеге толтырылады. Бұл жоғарыда аталған маршруттар өзіндік тамыры бар ағаш іспеттес кейіпке айналып шығады.
Дистационды-векторлы протоколға қарағанда , байланыс ахуаліндегі протоколдар еншілес жатқан көршілермен қарым-қатынас жасау жағдайына тез ие болады.
Ақпараттар базасын жасауда LSA пакеттерінің рөлі ерекше. Келесі кезекте арнайы берілген уақыт интервалы арасында маршруттардың жаңаруы жүзеге асырылады. Егер байланыс ахуалі өзгерілсе , онда жүйедегі бөлшектік жаңаруы тез арада жеткізілмек. Ол жаңару бүкіл кестеден тұрмай , өзгеріске енген байланыс ахуалін жіберіп тұрады.
Өз кезегінде , желі сымын қолданыста болуын мүдде еткен әкімшілік , табылған сирек жаңаруды дистационды-векторлы протоколдарына альтернативті түрде қарастырады.
Байланыс ахуалдары протоколдары дистационды-векторлы протоколдарына қарағанда жинақтылығы мен жақсы қолданыстағы өткізіп жіберу түзулері салыстармалы түрде жақсы дамыған. Бұл аталмыш протоколдар дистационды-векторлы протоколдарына қарағанда кез-келген ауқымдағы желілерде жақсы жұмыс істейді , бірақ төмендегідей кемшіліктері бар: ол маршрутизаторға деген қуаттылықты қатты талап етуі және күрделі әкімшілік басқаруында.
Жинақтылық
Бұл өз кезегінде біріккен әрі индивидуальді болып келетін үрдіс. Маршрутизаторлар ақпаратты өзара бөліске салып , бірақ жеке-жеке өзара маршруттау кестелерін санап отырады. Индивидуальді маршруттау кестелері дәлме дәл болуы үшін , барлық маршрутизаторлардың желі топологиясы туралы ортақ түсінігі болғаны абзал. Егерде маршрутизаторлар желі топологиясы туралы ортақ мәмілеге келсе , онда олардың жинақталуына орайлы шарт туындайды. Жоғарыда аталған барлық маршрутизаторлардың тез арада жинақталуы , үзіліп кеткен желінің немесе оның жаңаруынан кейін, жүйенің қайта қалпына келуін білдіреді. Желіні жобалаудың немесе маршруттаудың протоколдарының жақсы-жамандығын жүйедегі жинақтылық арқылы анықтайды.
Маршрутизаторлар жинақталу үрдісінде болған кезде , желі маршруттау күрделі мәселені қабылдауға бейім болып келеді. Егер кейбір маршрутизаторлар байланысын жоқ деп есептесе , қалған маршрутизаторлар сол кезде қате санап , аталмыш байланыс желіде бар деп есептеп қояды.
Желі топологиясындағы өзгерістерді бір уақытта барлық маршрутизаторлардың анықтауы мүмкін емес. Протоколдардың қолданылуына байланысты , желіде барлық маршруттау үрдістері соқтыққанша біраз уақыт өтеді. Бұған төменде аталған факторлар әсер етеді:
Хоптар арасындағы ара-қашықтықтың топология өзгерісі нүктесіне дейін.
Динамикалық протоколдарды қолданататын маршрутизаторлар саны.
Маршрутизаторлардың жүктелуі.
Желіні тыңғылықты жобалаған кезде кейбір факторлар әсері азаяды.
Динамикалық маршруттаудың үйлесімділігі
Динамикалық маршруттаудың үйлесімділігі үшін , екі негізгі пәрмендер орындалады : router I network. Router пәрмені маршрутизация үрдісін іске қосып , төмендегідей қалыпқа ие :
Router(config)# router protocol [keyword]
Бұл жерде protocol – кез-келген маршруттаудың өзі болса (RIP, IGRP, OSPF …)
Keyword- қосымша параметрлер болмақ.
Келесі кезекте міндетті пәрмендер қатарына :
Router(config-router)#network network- number[keyword]
Мұндағы network- number маршруттау үрдісіндегі , қосулы желіні сәйкестендіреді. Keyword – қосымша параметрлер. network- number маршруттік ақпараттарды жинақтауға қатысатын интерфейстерді айқындайды. Бұл аталмыш алынған ақпарат , нашар маршруттік ақпарды беретін нүктені анықтауға көмектеседі.
IP маршруттау кестесіндегі ақпараттар showiproute пәрмені арқылы жүзеге асырылады. Жоғарыда аталған жазбалар маршрутизаторға белгілі желі мен желіасты маршруттар ақпаратын алуға септігін тигізеді.
RIP протоколы
RIP протоколының маңызды сипаттамалары: ашықтық векторына негізделген маршрутизация; өту (хоп) санына байланысты метрикада жол таңдау; максималды жіберілетін хоп саны – 15; үнсіз келісім бойынша широковещательный режимде маршрутты ақпарат 30 секунд ішінде жіберіледі.
RIP протоколын маршрутизация үшін Router(config)# routerrip командасымен орындалады.
Network командасы маршрутизатор мен желі арасындағы байланысқа IP адрес тағағйындайды.
2- суретте көрсетілген командалар мысалында network 1.0.0.0 және network 2.0.0.0 тікелей маршрутизатор арқылы Cisco А желісіне байланыс орнатады.
2- сурет.
Debug rip командасы RIP протоколы бойынша маршрутты актуалиция есебін қабылдау және жібіру түрінде шығарады.
