- •Оқушыларды математиканы оқыту барысында тәрбиелеу.
- •1. Мектептегi математика курсының тәрбиелеу мақсаттары
- •2.Математиканы оқыту тәрбиелеу бағыттары
- •3 Тарихи-математикалық мәлiметтердiң тәрбиеге бағытталуы
- •Сабақтың барысы
- •Бақылау сұрақтары және тапсырмалар
- •Математикалық есептер
- •1. Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері
- •2.Математикалық есеп және оның түрлері
- •3. Есеп шығаруға қойылатын негізгі талаптар
Бақылау сұрақтары және тапсырмалар
Мемлекеттік стандарттағы мектептегі математиканы оқытудың мақсаттарына талдау жаса.
«Оқушы – оқу материалы - мұғалім» - кестесінің оқушыларды тәрбиелей-дамытудағы рөлі.
Соңғы кезде психология мен дидактикада тұлға ұғымына байланысты қандай көзқарастар пайда болды?
4.Математика тарихынан оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыратын мысалдар құрастырыңдар.
5.Математика тарихының элементтерін пайдаланудың мәні неде?
6.Қазақстандағы математика ғылымының дамуына сипаттама беріп, мысалдар келтір.
7.Әл-Фарабидың еңбектерін атап, оған сипаттама бер.
8.Қазақстандағы математиканың даму тарихына арналған үйірменің жоспарын құр.
9.Математика тарихының оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі орнын ашып көрсет.
10.Оқушыларды Қазақстандағы математиканың даму тарихымен таныстыруға арналған сабақ жоспарын жаса.
11.Тарихи матеиарлдың дүниетанымдық сипатын ашып көрсет.
12.Сабаққа ғалымның өмірбаяндық деректерін таңдағанда қандай талаптарды ұстану керек?
13.Тарихи материалдарды, мәліметтерді таңдауда қойылатын талаптар қандай болуы керек? Мысал келтір.
14. Тарихи мәліметтерді сабақтың қай кезінде келтірген ұтымды. Ойыңды мысалмен бекіт.
15. Мектеп оқулықтарында келтірілген тарихи деректерге талдау жаса.
Пайданылған әдебиеттер
1.Әбілқасымова А. және т.б. Математиканы оқытудың териясы мен әдістемесі. А, Білім. 1998 ж
2. Бидосов Ә. Математиканы оқыту методикасы. (Жалпы методика). А, Мектеп. 1989ж
3. Рахымбек Д. және т.б. Орта мектепте математиканы оқыту әдістемесіне арналған оқу құралы. Ш, 2003
24-лекция.
Математикалық есептер
Жоспары:
1. Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері
2. Математикалық есеп және оның түрлері;
3. Есепті шығарға қойылатын талаптар
1. Есептің математиканы оқытудағы орны және міндеттері
Математикада ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы дамиды. Тарихқа жүгінсек, ең көне математикалық ескерткіштер Ринд және Мәскеу папирустарында есептер қарастырылып, оларды шығару жолдары берілген. Есеп шығару мұқтаждығын мүмкіндіктер теориясы, ойындар теориясы, информатика теориясы т.б. дамыды.
Мектеп математикасын есепсіз құру мүмкін емес.
Ресейдегі алғашқы “Арифметика” авторы Л.Ф.Магницкий арифметикалық төрт амалды қосуға арналған есептер жүйесін құрастырған. “Мақсатты түрде құрылған есептер әдістемесін” ұсынушы атақты педагог-математик С.И.Шохор-Троцкий үйдің “барлық төрт бұрышына есеп қойылуы керек” деген. Осы кезеңдегі көрнекті әдіскер-ғалым П.М.Эрдинев: “Барлық әдістеме есеп шығару әдістемесіне шоғырлануы керек”, – дейді.
Математикалық есеп оқушылардың ұғымдарды, теорияны және математика әдістерін меңгерудің тиімді де, айырбасталмайтын құралы болып табылады. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда, оларды тәрбиелеуде, біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасуында, математиканың практикамен байланысын көрсетуде есептің алатын орны өте зор.
Математиканы оқытудағы басты мақсаттарға жетуге есеп – басты қызметші болып табылады. Сондықтан математика сабақтарының жарты уақыты есеп шығаруға арналады. Әрбір мектеп бітіруші оқушы орта есеппен 15000-дай есеп шығарады екен. Ал солардың көпшілігі жоғары және арнаулы орта оқу орындарына тусу емтихандарында математикадан берілген тапсырмаларды шығара алмай жатады. Бұл әлі де мектеп математикасын оқытуда есеп шығаруға көңіл аз бөлініп отырғандығының дәлелі.
Есептің негізгі міндеттері: оқыту, тәрбиелеу, дамыту және бақылау болып табылады. Барлық есептер оқыту міндетін орындайды. Басқаша айтқанда, кез келген есепті шығарғанда оқушы математикалық білім алады, шығару біліктілігі қалыптасады, дағдыға ие болады, яғни математикалық білім деңгейі жоғарылайды. Көбінесе әр есеп өзінің мазмұны арқылы тәрбиелік міндетін атқарады. Мысалы, қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріне байланысты, есеп мазмұны да өзгеріп отырады. Бір кезеңдерде есептер жинағы көпестердің сауда-саттығын, арзанға сатып алу, керісінше қымбатқа сату, құмарлық ойындарында ұту т.с.с. мазмұнды болды. Қазіргі оқулықтарда есеп мазмұны оқушылардың жоғарғы моральдық қасиеттерін қалыптастыруға, ғылыми көзқарастарын дамытуға, интернационалдық және патриоттық рухта тәрбиелеуге негізделген. Оқушыларды есеп мазмұны арқылы ғана тәрбиелеп қоймайды, оларды есеп шығаруға үйретуде тәрбиелеу болып саналады. Есеп шығару оқушылардың сөйлеу мәдениетіне, мінез-құлқының қалыптасуына, табандылыққа, шыншылдыққа, бастаған істі аяғына дейін жеткізу, қиындықты жеңе білу сияқты қасиеттерінің тәрбиеленуіне ықпалын тигізетіні аян.
Есеп оқушылардың логикалық ойлау, кеңістікті елестету, жеке бас қабілеттерін дамытуға бірден-бір себепші болатын басты құрал болып табылады. Оқушылардың білімін, біліктілігін және дағдысын анықтауды бақылау міндеттері де көбінесе есепке жүктеледі.
