Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС по темам №1-10 каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420 Кб
Скачать
☆

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

№1 есеп:

Қыз бала Л. 6 күндік нәресте, ЖТД дәрігеріне қаралды.

Анамнезінен: нәресте 26-жастағы әйелден екені белгілі, бірінші жүктілік, бірінші триместрі токсикозбен, нефропатиямен өткен. Мерзімінде босану, босану қызметі әлсіз, окситацинмен ынталандырған.1-ші кезең-12 сағ, 2-ші кезең-25 минут, сусыз аралық-10сағат, босану барысында иықтарының шығуы киындағаны байқалған.Туылған кездегі салмағы-4200гр, дене ұзындығы- 54см. Апгар шкаласы бойынша 7/8 балл. Туылғаннан кейін нәресте тынымсыз, гиперқозғыштық, бұлшықеттік дистония, сол қолында қозғалыс белсенділігінің көлемінің төмендігі байқалады. Перзентханада нәрестеге қышқылды магнезия 25% - 0,5 мл в/і, фенобарбитал 0,005x2 рет, викасолмен 0,3 мл в/мі № 2 ем өткізілді. 6- тәулікте нәресте уйіне шығарылды.

Қараған кезде баланың жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы ал-қызыл, мраморлы түстес. Кіндік жарасы құрғақ. Өкпесінде пуэрильді тыныс. Жүрек тондары ритмді. Іші жұмсақ, бауыры қабырғы доғасынын 1,5 см шығыңқы, көк бауыр пальпацияланбайды. Дәреті сарғыш, ботқа тәрізді. Бас айналымы -37см, үлкен еңбегі - 2,0×2,0 см. Бас-милық иннервациясы ерекшеліксіз. Нәресте рефлекстері: оральдық автоматизмі+, ұстау және Моро рефлексі сол жағынан төмендеген. Бұлшықеттік тонус сол қолында төмендеген, кеудесіне қолы келтілірген, барлық буындары ашылған, иығы ішке қараған, білезігі алақанында бүгілген. Шынтық және иық буындарының белсенді қозғалысы шектелген. Саусақ қозғалыстары сақталған. Екі басты бұлшықет сіңір рефлексі сол жақтан шақырылмайды. Сүйеніп отырады, жүріс-тұрысы автоматты шақырылады. Рефлекстері: еңбектеу+, қорғаныш+, жұлындық+.

№1 есеп балалар аурулары бойынша қосымша зерттеу әдістері:

Жалпы қан талдауы: НЬ - 221 г/л, Эр - 6,5х1012/л, Т.К - 0,97, Лейк - 8,2х 109/л, п/я - 6%, с - 56%, э - 1%, б - 1:, л - 30%, ЭТЖ- 2 мм/сағ.

Биохимиялық қан талдауы: жалпы ақуыз - 55,0 г/л, билирубин: тікелей емес- 98 мкмоль/л, тікелей - нет, несепнәр - 4,0 ммоль/л, калий -6,0 м'моль/л, натрий - 136 ммоль/л, кальций - 1,05 ммоль/л.

Нейросонограмма:  ганглийдің қыртыс асты қосылуларында аздаған тығызданулар, перивентрикулярды аймақтың эхогенділігі жоғарылаған, үлкен шүйде сұйықтығы тереңдеген 8 мм (норма - 6 мм).

№1 Есепке тапсырма:

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Ажырату диагнозын қандай аурулармен міндетті түрде жүргізу керек?

  3. Балаға рентгенологиялық зерттеу көрсетілген бе? Қандай өзгеріс күтесіз?

  4. Диагнозды нақтылау үшін міндетті түрде қандай қосымша зерттеулер керек?

  5. Балаға хирургтың кеңесі қажет пе?

  6. Ем тағайындаңыз.

  7. Гематоэнцефальды тосқауылдан жақсы өтетін антибиотиктерді атап шығыңыз?

  8. ОЖЖ зақымдануымен нәрестелерде дәрілік электрофорез қолданылама?

  9. Бұл баланың болжамы қандай және ол неге байланысты?

  10. Қандай асқыну болуы мүмкін?

  11. Балалар мүгедектіктің құрылымының алғашқы 3 орнын қандай аурулар алады?

  12. Гипоксия болған нәрестеде көз жағынан қандай асқыну болуы мүмкін?

  13. Пирамидалық жолдағы талшықтың нервтік миелинизациясы қай жаста аяқталады?

№2 есеп:

Ұл бала К, нәрестеге 8 күн, ата-анасы ЖТД дәрігерін үйге шакыртты. Анамнезінен: бала 2 жүктілік, 2 босанудан, бірінші триместр токсикозбен, үшінші триместрі іріңді гайморитпен өткен. Физилогиялық уақытылы босану. Туылғандағы салмағы-3500г, бойы-52см. Апгар шкаласы бойынша 8/9 балл. Кеудесіне бірінші тәулікте берген, емуі активті. Кіндік қалдығы 2 тәулікте хирургиялық өңделіп, кіндік жарасы жақсы тарылған. Ерте неонатальды бейімделу кезеңінде физиологиялық сарғаю,токсикалық эритема байқалған. Қанағаттанарлық жағдайда 5-ші тәулікте бала үйіне шығарылды. 8-ші тәулікте ЖТД патронажында кеудесіндегі көпіршіктер анықталды. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта, сылбыр, емуі ынтасыз, үнемі құсады, дене қызуы 37,4°-37,6°. Тері жабындысы мраморлы суреттегі ашық-ал-қызыл түстес. Кеуде терісінде,бөксесінде инфильтративті негізде полиморфты,шеті гиперемияланып қоршалған, диаметрі 2-см серозды-іріңді сылбыр көпіршіктер бар. Ашылған элементтер орнында-шет жағында беткей эрозивті эпидермис өсінділері бар. Кіндік жарасы-таза. Араңы таза. Өкпесінде пуэрильді тыныс. Жүрек тондары анық, ритмді. Іші жұмсақ, бауыр қабырға доғасынан 1,5см шығыңқы, көк бауыр пальпацияланбайды. Дәреті сарғыш, ботқа тәріздес.

№2 есеп балалар аурулары бойынша қосымша зерттеу әдістері

Жалпы қан талдауы: НЬ - 180 г/л, Эр - 5,5x1012/л, Т.К. - 0,99, тромб - 270х109/л, Лейк - 17,2х109/л, метамиелоциттер - 3%, т/я - 13%, с -57%, л - 24%, м - 3%, ЭТЖ - 9 мм/сағ.

Жалпы зәр талдауы: түсі – ақшыл-сары, реакциясы - қышқыл, салыстырмалы тығыздығы - 1004, ақуыз-жоқ,жалпақ эпителий - аздаған, лейкоциттер - 2-3 көру аймағында, эритроциттер - жоқ, цилиндрлер - жоқ.

Биохимиялық қан талдауы: жалпы ақуыз - 52,4 г/л, билирубин: тікелей емес - 51 мкмоль/л, тікелей- жоқ, несепнәрі - 4,2 ммоль/л, холестерин - 3,6 ммоль/л, калий - 5,1 ммоль/л, натрий - 141 ммоль/л, кальций -2,2 ммоль/л, фосфор - 1,9 ммоль/л.

№2 Есепке тапсырма:

  1. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  2. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу керек?

  3. Ажырату диагнозын қандай аурулармен жүргізу қажет?

  4. Бұл ауруды қандай этиологиялық фактор жиі шақырады?

  5. Бала жағдайының ауырлығы неге шартталған?

  6. Ем тағайындаңыз

  7. Жаңа туған нәрестенің терілік сипаттамасы анатомия-физиологиялық ерекшеліктері қандай?

  8. Осы аурудан кейін теріде өзгерістер қала ма?

  9. Баланы шомылдыруға бола ма?

  10. Ауру нәтижесі және болжамы.

  11. Перзентхана үйінде осы ауруды анықтау үшін неонатологтың тәсілін анықтаңыз?

  12. Нәресте қай денсаулық тобына жатқызылады?

  13. Осы балаға профилактикалық екпелерді қалай жүргізу қажет?

№ 3 Тақырып: Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын кешенді бағалау. Денсаулық топтары.