Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арайка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

1.2. Инфляцияны реттеу және ақша айналымын тұрақтандыру әдістері.

Инфляция түсінігі 1861-65 жылдары азаматтық соғыс кезінде пайда болған. Алайда, инфляция құбылысының өзі айналымға ақша енгізумен байланысты ежелгі Рим мен Ежелгі Қытайда болып тұрған. Алтын мен күміс ақша айналымында инфляция болмайды, өйткені олар артық болған жағдайда қазынаға салынып, ал қажеттілік туған кезде қазынадан айналымға келіп түседі. Осылайша, ақша айналымы өзін - өзін реттей алады. Нақты қағаз ақша айналымында, яғни толымсыз ақша көрсеткіштері, нақты ақша өкілдері айналымында міндетті түрде инфляция болады. Инфляция мәселесі барлық елдерде болады және ол экономика мен қоғамға шындап қауіп-қатер төндіреді. Сонымен, инфляция – тек қана қағаз ақшаның айналымына тән, айналым арнасы тауар айналымы қажеттілігімен салыстырғанда қағаз ақша мен арттық шамада толып кетуі, олардың бағасының төмендеуі және тауарлар мен қызметтер бағаларының көтеріліуін, ақшаның сатып сатып алатын қабілетінің түсуіне мән беретін әлеуметтік – экономикалық феномент. Инфляция – табиғи апаттар мен қоғам сіліністерінің жиі серігі.

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкімет бірлігі бір экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді.

Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.

Инфляциялық артық сұраныс тұсында мемлекет, өз шығыстарын тежеп, салықтар деңгейін жоғарлатады. Нәтижесінде сұраныс қысқарады, инфляцияның қарқыны төмендейді, алайда, солармен бірге өндіріс те қысқартады, Экономикада дағдарыс пен тоқырлау белгілері байқалады, жұмыссыздардың саны өседі. Бұл инфляцияны тежеудің қоғамдық бағасы.

Экономиканың құлдырауы кезінде сұранысты ұлғайту үшін арнайы бюджеттік саясат жүргізіледі. Егер сұраныс жеткіліксіз болса, мемлекеттік қаржыландыру бағдарламасы жүзеге асырылады, салықтардың деңгейі төмендетіледі. Төмен деңгейлі салықтар ең алдымен табысы аз топтарға салынад, әдетте олар табысты жедел пайдаланады. Сөйтіп қызмет көрсетулерге және тұтұну тауарларына сұранысты ұлғайтады.

Инфляциямен күресу және инфляцияға қарсы арнайы бағдарламаны жетілдіру экономиканы тұрақтандырудың қажетті элементі болып табылады.Инфляцияға қарсы стратегия ақша-кредит, бюджеттік, радикалды ақша реформаларын өткізгенге дейін салықтық шаралардың кең жиынтығын көрсетеді.

-Дефляция (латынша «deflatio», «үрлеп шығару» деген мағына береді) саясаты ақша жиынының, кредиттердің, жалақылардың шектелуімен байланысты.

-Табыстар саясаты стагдефляция кезінде қолданылады,мемлекеттің бақылауымен жалақылармен бағалардың өсу қарқынының үйлесімімен келісімін анықтап көрсетеді.

-Инфляцияға қарсы саясаттың түрлері елдегі жағдайларға және осы немесе басқа кезең уақытында халық шаруашылығындағы басымдылықтарға байланысты таңдалады.

-Қазақстан экономиканы реформалау, орталықтандырылған тәртіптен директивті нарықтық экономикаға өту кезеңінде инфляцияның барлық түрлерінен өтті.

Ақша айналымын тұрақтандыруға және инфляцияны шектеуге ақша реформалары да бағытталған.

Қазақстандағы 1993 жылғы ақша реформасы.

Ақша реформасы валюталардың тұрақтылығын, ақша айналымын күшейту және реттеу мақсатымен мемлекет жүргізетін ақша жүйесінің жаңғыртылуын көрсетеді. Әлемдік тәжірибеде ақша реформасы нуллификация, ревальвация, девальвация және деноминация әдістерін қолдануды қамтиды.

Латынның «nullificatio» сөзінен нуллификация шығады және ол «жою» деген мағынаны білдіреді. Нуллификация кезінде айналымдағы бұрынғы өте құнсызданған ақша белгілері жойылып, оның орнына жаңалары негізілді.

Девальвация латынша «de»-төмендеу, «valko»- тұрмын дейтін сөздерден туындайды.

Ревальвация латынша «re»-жаңару және «valko»- тұрмын дейтін сөздерден туындайды.

Латынның «denominatio» сөзін аударғанда деноминация «қайта атау» дегенді білдіреді және ара-қатынасы бойынша жаңа ақша бірліктеріне ауыстыру жолымен ақша белгілерінің көрсетулі құнын ірілендіруді көрсетеді.

2003 жылдың 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы өзінің 10 жылдығын атап өтті. Бұл уақыттың ішінде ол дүнйежүзілік ақшалардың ортасынан өзінің елеулі орнын алды.

Теңге- біздің экономикамыздың күре тамыры, оның күйі экономикамыздың жағдайын толық сипаттайды. 10 жылдан астам уақытта балалық ауруларынан аман өтіп басқа валюталардың жүзден астам жыл өткен жолын өтіп тұрақтанды, барлық елдер мойындады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]