Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
арайка.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
57 Кб
Скачать
☆

Іі тарау. Қ.Р. Инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары

2.1. Қазақстандағы инфляция жағдайы және оның салдары.

1992 жылға дейін Қазақстан Республикасында жасырын инфляция орын алып келді, ол біртіндеп ашық сипат алып жоғарылай отырып гиперинфляция сипатын алды. Солтүстік Қазақстан облысындағы инфляция динамикасы келесідей: 1992 жылы – 3060,8;

1993 жылы - 2417,4; 1994 жылы – 1308,5; 1995 жылы – 150,2;

1996 жылы – 128,4; 1997 жылы - 114,1; 1998 жылы – 99,1;

1999 жылы-121,3 %; 2000 жылы – 110,8 %:

Қарастыралған кезеңдегі облыстық ИПЦ көрсеткіші 1995жылы , 1996жылы және 1998 жылдары ғана Республикалық көрсеткіштен төмен болды. Инфляция философиясы мынада, ұдайы өндіріс процесінің тежелуінде экономиканың бас көтеруінің уақытша факторына айналатындығында. Экономикалық өсудің қарқынына төмендеп, пропорциясы бұзылады, қаржылық валюталық және ақша – несие механизмі босаңсады,әлеуметтік – экономикалық тұрақсыздық күшейеді. Ол халықаралық экономикалық қатынастарды, жұмыс күшінің ұдайы өндіріс жағдайын қиындатады, экономикалық қылмыс пен көлеңкелі экономиканы және т.б активтелді.

Инфляция жағдайында несие беруші банкілер мен мекемелер жоғалтулар жүктейді. Әлеуметтік салдары ретінде ол ұлттық табысты қайта бөлуді жүргізеді, және тауарлар мен қызметтерге бағаның кенеттен өсуінен нақты, сондай – ақ номиналды еңбекақының өсу қарқынының қалуына мүмкіндік жасайды. Инфляциядан жалдамалы жұмысшылардың барлық категориялары; бос маманды тұлғалар, зейнеткерлердің табысы инфляция қарқынына қарағанда өз мөлшерде жоғарылайтындықтан зиян шегеді.

Орталықтандырылған экономиканы реформалау жағдайында инфляцияны басқару апробировалық сияқты инфляция табиғатын, оның болу себептері мен шараларды қолдануды жөн көреді.

Көптеген елдердің экономикасында кейде мынадай жағдай қалыптасады, бағаның жалпы деңгейінің өсуі өндіріс көлемінің қысқаруымен бір мезгілде болады. Экономиканың мұндай жағдайын стагфляция деп атайды. Көптеген зерттеушілер стагфляцияның болу себебін инфляциялық күтумен байланыстырады. Сұраным инфляциясы жағдайында өндіріс факторларының қожайындары өздерінің табыстарының инфляцияға байланысты азаюының мүмкін екендігін ескере отырып өздерінің қызметтерінің құнын көтере бастайды.

Бұл өндіріс шығындарының өсіне және жиынтық ұсынымның азаюына себеп болды. Нәтижесінде стагфляцияға тән бір мезгілде бағаның өсуі және өндіріс көлемінің төмендеуі орын алады.

Стагфляция себептері туралы теориялық даудың тәуелсіз Қазақстан мемлекеті үшін де үлкен практикалық маңызы бар, себебі біз қазірде терең стагфляция жағдайында өмір сүріп жатырмыз. Мамандардың пікірінше, стагфляцияны сәйкессіздіктер диспропорциялар, қалыптасқан басқару нысаны, тағы басқа жағдайлар тудырады. Мысалы, ішкі сомдық аймақта төлем дағдарысынан туындаған өнім өткізу дағдарысы халық шаруашылығының құлдырауына әкеліп соқтырып отыр. 1992 - ші жылдың шілдесінен бастап Россияның орталық банкісі мемлекеттер арасында төлем айыруларды ұлттық банктердің бір тұтас есебі арқылы өткізуді жүзеге асыруы, шын мәнінде есеп айырысудың күрткідіруіл туғызды және іс жүзінде сом аймағының ыдырауын бастап береді. Бұндай жағдайда, дағдарыстан шығу үшін ақша бірлігінің теңгермелілігі мен тұрақтылығы, оған деген сенімді нығайту қажет. Онсыз құнсызданған Ресейдің ақша бірлігі – рубль барған сайын бартерлік айырбаспен немесе халықаралық айналыс құралы қабілеті бар валюталармен ығыстырылады, ал рубльды ондай валютаға айналдыру өте күрделі мәселе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]