Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КУРСТЫҚ ЖҰМЫ Ж.МАДИНА.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
885 Кб
Скачать
☆

Қосымша

Жаттығу – 1

Атауы: «Айырмашылықты тап»

Мақсаты: Заттардың арасындағы айырмашылықтарды таба білу, қабілеттердің даму деңгейін анықтау.

Түрі: диагностика

Көрнекілігі: Суреттер

Тапсырма: Балаға екі бірдей сурет көрсетіліп, айырмашылықтарын табу ұсынылады.

Қортынды:

Даму деңгейі:

Жоғары деңгейі - бала екі айырмашылықты дұрыс тапса.

Орташа деңгейі – бала бір айырмашылықты дұрыс тапса.

Төменгі деңгейі – бала тапсырманы орындай алмаса.

Жаттығу -2

Атауы: «Бұл не? Тап!»

Мақсаты: Балалардың қабылдау қабілетінің қандай деңгейде екенін анықтау.

Түрі: диагностика

Сабақ көрнекілігі: Суреттер арқылы.

Нұсқауы: Бұл әдістемені қолданар алдында балаға кейбір суреттердің бөліктері көрсетіледіжәне осы бөліктерарқылы суретті тұтас құрастырып табу керек. Осы әдістеме бойынша балаға қалған бөліктерді жауып, тек «а»бөлігін көрсетіп суретті назарына ұсынамыз. Бала 10 секунд ішінде суретті таппаса, онда басқа бөліктері көрсетіле беріледі. Баланың суретті табуға кеткен уақытын есептейді.

Бағалау нәтижесі:

10 ұпай – бала иттің суретін «а» бөлігі бойынша 10 секунд ішінде тапса.

7-9 ұпай – ала иттің суретін «б» бөлігі бойынша 11-10 секунд аралығында тапса.

4-6 ұпай – бала бұл суреттің ит екенін 21-30 секунд уақыт жіберіп, «в» бөлігін көрсеткенде тапса.

0-1 ұпай – бала 50 секунд уақыт ішінде де «а», «б», «в» бөліктерін қараса да, бұл иттің суреті екенін таба алмаса.

Қортынды:

Даму деңгейі бойынша:

10 ұпай - өте жоғары, 8-9 ұпай – жоғары, 4-7 ұпай – орташа, 2-3 ұпай – төмен, 0-1 ұпай - өте төмен.

Жаттығу-3

Атауы: Белгілерді қойып шық

Мақсаты:Зейіннің продуктивтілігі мен тұрақтылығын анықтау.

Түрі: диогностика

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар

Нұсқауы: Балаларға сурет көрсетілген, онымен қалай жұмыстанатындығы туралы түсіндіріледі. Тапсырма бойынша жоғарыда көрсетілгенүлгілер бойынша әр төртбұрышқа, үшбұрышқа, дөңгелекке және ромбыға белгілер қойып шығу керек. Балаға екі минут уақыт беріледі. Зейіннің ауысуы мен бөлінуікелесі формула бойыншаанықталады.

S= (0.5N-2.8n): 120 мұндағы S – зейіннің бөлінуі мен ауысуының көрсеткіші.

N - екі минут ішінде белгіленген геометриялық фигуралардың саны.

n- тапсырманы орындау барысындағы қателер саны. Дұрыс қойылмаған немесе қойылмай кеткенбелгілер қате болып есептеледі.

Нәтижені бағалау:

10 балл –S көпсеткіші:1,00 үлкен

8-9 балл – S көрсеткіші 0,75 пен 1,00 аралығында орналасқан

6-7 балл – S көрсеткіші 0,50 ден 0,75 аралығында орналасқан

4-5 балл – S көрсеткіші 0,25 ден 0,50-дің аралығында орналасқан

0-3 балл – S көрсеткіші 0,00 ден 0,25 аралығында орналсқан.

Даму деңгейі:

10 балл – жоғары, 8-9 балл – ортадан жоғары, 6-7 балл – орташа, 4-5 балл – ортадан төмен,

0-3 балл – төмен.

Жаттығу-4

Атауы: «Есте сақта және нүктелерді орналастыр»

Мақсаты: Ересек топ балаларының зейінін анықтау.

Түрі: диогностикалық

Көрнекілігі: Карточкалар

Жүру барысы:

Бұл әдістеме бойынша кіші жастағы баланың зейінінің көлемін анықтауға болады. Бұл үшін төменде берілген суреттегі стимульды материалды қолдануға болады. Қаттамада 5 кіші тор көздерге нүктелер орналасқан. Бірінші тор көзде 2 саннан басталып, 5 санынан аяқталатын тор көздегі сандарды ретімен төмендегі бос тор көзге орналастырамыз.

Нұскауы: «Қазір біз сіздермен зейінге байланысты ойын ойнаймыз. Қазір мен саған нүктелер орналасқан сандарды көрсетемін. Ал сен, өзіңдегі бос тор көзге сол сандарды орналастырамыз», әрі қарай балаға әр тор көз 1-2 секунд аралығында 5 тор көзді нүктені көрсетіп отырамыз, оны тор көзге есте сақтап толтырады.

Қортынды:

Баланың зейінінің көлемі нүктелердің жоғары шегімен есептеледі.

Орташа ұпай.

5 ұпай – 5 нүктесі бар карточканы қабылдаған болса.

4 ұпай – 4 тен 5 нүктеге дейін қатесіз каточкаларды қабылдаған болса.

3 ұпай – 3 тен 4 ке дейін дұрыс қабылдаған болса.

2 ұпай – 2 ден 3 нүктеге дейін дұрыс қабылдаған болса.

0-1 ұпай – 1ден кем нүктелерді қабылдаған болса.

Даму деңгейі:

5 ұпай - өте жоғары, 4 ұпай – жоғары, 3 ұпай – орташа, 2 ұпай – төмен, 1 ұпай - өте төмен.

Жаттығу-5

Атауы: «Құлақ, мұрын»

Мақсаты: балалардың зейінді болуға тәрбиелеу, берілген тапсырманы нұсқау бойынша орындауға үйрету.

Түрі: Ойын түрінде

Өтілу барысы:

Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші құлақ- деп қолымен мұрнын ұстайды,ал мұрын- депқұлақты ұстайды. Ал балалар құлақ дегенде- құлақты, мұрын дегенде – мұрынды көрсету керек. Жүргізуші баланың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.

Жаттығу-6

Атауы: «Не өзгереді»

Мақсаты: Заттардың арасындағы айырмашылықтарды таба білуге қабілеттердің даму деңгейін анықтау

Түрі: Ойын түрінде

Өтілу барысы:

Үстелдің үстіне үш, төрт ойыншық қойып, балаға оларды мұқият қарап шығуға мүмкіндік беріңіз (бір,екі минут). Содан кейін одан теріс қарап тұруын өтініп, ойыншықтардың біреуін алыптастаңыз. Сәби бері қарағанда, одан не өзгеріс бар екенін сұраңыз. Ойынды күрделендіруге болады, ойыншықтардың санын бес- жетіге дейін өзгерту, бір-біріне ұқсас ойыншықтарды қою. Мыс: бес ойыншықтың үшеуі бір-бірінен кішкене ғана айырмашылығы бар. Ойыншықтардың еш қайсысын алып тастамай, және тағы сол сияқты біріне-бірі кезектесіп тапсырма беріп, ойынды жарысқа айналдыруға болады.

Жаттығу-7

Атауы: «Зейінді бол»

Мақсаты: Зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту, зейін арқылы жеке басы мен ерік сапасын қалыптастыру

Түрі: Ойын түрінде

Өтілу барысы:

Балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші әртүрлі қимыл қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталайды.Бірақ мен ескерткен қозғалысты, мысалы: «қосаяқтап секіру»қозғалысын қайталауға болмайды. Кім қайталаса сол ойыннан шығады. Жүргізуші әр түрлі қозғалысты көрсетіп, қайталамайтын қозғалысты бірнеше реткөрсетеді.Қай бала шатасса сол ойыннан шығады. Ойынның жеңімпазы жүргізуші болады.

Жаттығу-8

Атауы: «Өз орныңды тап»

Мақсаты: Зейіннің негізгі қасиеттерін дамыту, зейін арқылы жеке басы мен ерік сапасын қалыптастыру

Түрі: Ойын түрінде

Өтілу барысы:

Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар.Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті.Ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орнын шатастырып алмауы қадағаланады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Ес дегеніміз не? Оның адам өміріндегі алатын маңызы қандай?

2.Естің қандай түрлері не жатады? Ассоциация дегеніміз не?

3.Елес дегенді қалай түсінесің?

4.Баланың есі қандай жолмен дамиды?