Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
A14_kopia.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77 Кб
Скачать
☆

Ойладым ба? Ойландым ба? Білмедім...

Шешімін тауып қолға алмадым бір істі,

Ал басқалар мақсатқа мықтап кірісті,

Ал мен болсам жүрмін әлі ойланып,

Ойға талай арман оты мың түсті.

Жасарым көп бұл жалғанда көп талай,

Бастағым жоқ, ешқайсысын тоқтамай,

Шаршап кеттім ойлай-ойлай әр істі-

Ей тоқтай тұр демалайын, ойламай!

Біреулер жүр қол созып әр арманға,

Әрине дұрыс арман керек...

Арман керек бұл жалғанда...

Ал мен жүрмін аңқау болып, жынды боп...

Сеніп қалып шындыққа да жалғанға!

Біреулер жүр мақсаттарға жетіп ап,

Ал мен журмин әр арманға бір қарап,

Бәрінде бір мін бар екен деп қоям...

Сонда қашан болар менде бір талап.

Жүре бермей бір істі мен бастайын,

Ойлай беріп қартаймайын, жастайын

«Ойлай берсең ой көп» – деген қазақтар

Осы жолы ойлы өленмен тоқтайын......

20.07.2012

Бір алла деп соғар менің жүрегім

Бір алла деп соғар менің жүрегім!

Алланың күнә арқалаған құлы едім,

Сонда да аллам исламнын ақ нұрынан –

Қазаққа шаш...өзіңе айтар тілегім

Өмірге сенбе тастайды ол жолында,

Аллаға сен, бәрі Алланың қолында...

Өзіңді тексер –

Жүрек иманға толы ма?

Ойлан тағы жүрген жолың алланың ақ жолы ма?!

Періште ғана күнәсіз болар жалғанда,

Қайтеміз енді байландық мына жалғанға,

Сындардан өтпей...білмейміз құдайдың барын...

Бұл бәріне тән қасиет қой болатын әр адамда!

Қонақпыз ғой амал барма басқаша?

Қонақпыз ғой..келіп кетер еш пайда,

Күн санаулы қонақтықта бітер-ау,

Кеудедегі лүпіліміз тоқтаса....

Көбісі айтат... өмір қысқа сүріңдер оны қызық қып,

Оо дүниеде болмайды ондай, болмайды ондай қызықтық,

Ейй ақымақ терең ойла өмір саган ойынба?

Оо дүниеде дым жоқ деп ап....өзіңді берме тұздық қып!

Ей адамдар ұмытпаңдар төбеде тұр бір Алла!

Оны ұмытып батып кетпе шыға алмайтын күнәға,

5 парызды орында да жұмаққа барар жолды тап,

Аузында мәңгі жатталсын мынау «қолдай гөр Хақ Тағала»!!!

Өмірде сенің күлкің керемет

Өмір деген – қызықтардың отаны,

Қызық таба білсең ғана болғаны!

Қызық көп ақ, жан-жағыңа қарайла...

Қарамасаң байқалмайды ол-дағы...

Қызықтарды жақсы көрем мен қатты,

Күлкі толы кездерде көп бір тәтті,

ЕҢң қызығы күлкісі ғой баланың

Ұмытпаймын, сондай тәтті көп сәтті...

Сүйемін мен бауырымның күлгенін,

Көз алдымда сақталады жүргенің,

Ең керемет, ең тәтті менің жанымсың

Беконтайым, балапанымсың менің!

25.12.2012

Бауырларыма

Жүрегіме мұң-қайғы қонғанында...

Қуанышым қуарып солғанында...

Табылатын жанымнан қорған болып...

Бақыттымын сендей бауыр болғанына!!!

Бауырымсың бір анадан сүтті емген...

Аямаймын құр жанымды мына сенен..

Сен қымбатсың әпкең үшін ерекшесің...

Жүрегімде сен биіксің саған сенем!!!

Аллам әркез сендерді қорғасыншы...

Қайғы әкелер еш жамандық болмасыншы...

Бір әкемен бір анадан қуат алған...

Бес бауырды Тәңірім қолдасыншы!!!

Сіңіліме

Көңілім қуарып солғанында,

Жаныма мұң пердесі қонғанында,

Аллама мыңда шүкір, дәл өзіңдей...

Арқа сүйер сіңілімнің болғанына!!!

Анама!

Туылғанда, естігенмін үніңді,

Иіскегенсің мендей тәтті гүліңді,

Құшақтадың, мәпеледің, еміздің,

Өте қымбат саналатын сүтіңді...

Іздеп тұрдың, мені мәңгі іздедің,

Тәтті үнмен қалса деген үмітті,

Анашым сен көкейіңнен үзбедің,

«Кетпесе»-деп жаптың бетін бесіктің,

Сол бесікте нұр даусыңды есіттім,

Жапқанменен бетін қара бесіктің,

Анашым мен тұтқасын аштым бәрібір

Жаңа өмірге жеткізетін есіктің

Сәби қызық алысқа самғап кетті алыс...

Қатырақ қысып ұстауға Мама кешіктің!

30.03.2015

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]