- •Арнау және құттықтау өлең жолдарым Абайға
- •Ілияс Жансүгіровке
- •Наурыз суреттері
- •Жетісудың жүрегі – білімгердің тілегі
- •Менің университетім – менің Алтын ордам
- •Павлодарға
- •Алғыс күніне арнау
- •Анаға деген сағыныш
- •Сездің бе Ана?
- •Ойладым ба? Ойландым ба? Білмедім...
- •Бір алла деп соғар менің жүрегім
- •Өмірде сенің күлкің керемет
- •Бауырларыма
- •Қарайлама балалықтың кемесіне...
- •Баспалдақ
- •Мен арыстан
- •Бақыттың құшағында самғау менің арманым
- •Кешір Алла, күмәнімді тыя алмдым
- •Ыстықсың маған, дария дархан, Жазира далам, туған жер!!!
- •Мен жастарға сенемін
- •Табиғат ана
- •Киік көңіл жырлайды
- •Мен қазақтың ұрпағымын
- •Қаратал сұлуына таныстыру
- •«Өренді елдің өрге ұшқан жастары – 2015 ж.»
- •«Био білім жастары -2015 ж.»
- •Таныстыру
- •Павлодар қаласындағы олимпиада сайысына таныстыру
- •Ұстаздарыма достарыма арналған өлең жолдарым Назгүл Бектұрсынқызына
- •Түлек жыры!
- •Ілияс Жансеркеұлына
- •Құрбым Назгүлге!
- •Бейтанысқа
- •Достарыма
- •Құрбылармыз, жарасатын әңгімеміз!
- •Жанарысыма!
«Өренді елдің өрге ұшқан жастары – 2015 ж.»
«Мың бір мақал» сайсына таныстыру.
Топ басшысы – Төленді Г.Н.
Топ мүшелері – Тлеуқабыл М.Т., Жәркенов А.Ж.
Әрбір елдің дәстүр болар бастауы,
Дәстүр салтын құрметтеген жас қауым!
Мың бір мақал өнерлерін сынауға -
Келіп тұрмыз өренді елдің жастары!
Салтқа бекем, есіміммен қанықпын,
Гүлжауһармын, танысқанмын,
Сіздерге мен анықпын,
Талантыммен, ақындықты алға алып,
Сіздерменен тағы міне таныстым!
Білім сүйіп, сайыста талай жарысқан,
Әсем үнмен қол ұстасып табысқан,
Албырттықпен алға қойған мақсатын,
Маржан біздің өрге ұшқан арыстан!
Достық деген атты биік ұстайтын,
Қиналғанда көмектесіп, қоштайтын...
Досқа адал, сенімге мол, білімді,
Арай бізді тек жеңіске бастайтын!
Енді кезек, таңбамызға жол аштық,
Қыран ұшқан, гүл аңқыған қарашы
Күн астында, көк аспанмен боялған..
Жұлдыз жанған, біз жастармын талапты.
Соңғы сөзім жаңа ойға бас болар,
Ізгі тілекжақсылықтан басталар
Дәстүр-салтын алға тартқан жас қауым-
Тек сәттілік бәрімізге дос болар!!!
«Био білім жастары -2015 ж.»
Атадан балаға мұрагерлік жолмен табысталып отыратын тақ секілді біздің биология мамандығы білімгерлерінің арасында мұра болып сақталған олимпиада жарысы бар. 2013 жылы Жетісу мемлекеттік университетің білімгері болып аталғалы бері 1-ші, 2-ші, 3-ші курс бойы Биологиялық олимпиаданың жеңімпаздары атанып келеміз...Альхамдуллялах!
Био білім тобы. Тос басшысы – Төленді Г.Н.
Топ мүшелері – Хамитова Н.Х., Елтаева А.А.
Алтын бұлақ әрбір мұхит бастауы,
Білім сүйген мұнда отқан жас қауым...
Алға шығып, көш бастаған тобының
«Био білім» аталатын жастары...
Сынға төзген, ақылыммен қанықпын,
Гүлжауһармын, бәріңізге анықпын,
Көш бастадым, тобымды алға тартармын...
Еш бұзбастан ережесін сайыстың...
Білім сүйіп, дарынымен жарысқан,
Жеңілместен өткен талай сайыстан,
Албырттықпен алға қойған мақсатын,
Назгүл біздің өрге ұшқан арыстан...
Сабырлықты өн бойына өондырған,
Даналықты өміріне жол қылған
Жосқа адал, сенімге берік, білімді
Алуа біздің алғырлығын мол қылған.
Енді кезек таңбамызға жол аштық
Планетаны айналған жасыл қарашы,
Био білім-табиғатты қорғайтын.
Білімді жастың табиғат болар анасы
Соңғы сөзім жаңа ойға бас болар,
Ізгі тілек жақсылықтан басталар
Мұра болған биологиялық сайыста
Тек сәттілік бәрімізге дос болар.
2015.10.20.
Таныстыру
Армандардан армандарға қол жеткізген
Мақсаттарын асулардан ары өткізген
Талантты жас, талапты жас тарбиелеген
Озық ойлы білімгерлер шығар бізден
Жастарынын талантынан сусындаган
Үлгі болған факультетім қымбат маған
ЖТФ-тиі жастарына кім жете алар?
ЖТФ-тін асуынан кім өте алар?
Деканы бар тек білімді қолдайтұғын
Студекан қиындықта қорғайтұғын
Біздін жеңіс барша жанға үлгі болар
Насіп етсе ЖТФ-ім жеңісті алар
Факултеттің намысын бермес жастар
Жеңістің қызыл жолына қадам бастар
Ал сәттілік баршаңызға қарсыластар
Жеңіс рухын әділ қазы әділ қоштар!
12.02.2013
Павлодар қаласындағы олимпиада сайысына таныстыру
Салем достар, біз Талдықтың жастарымыз,
Қосылғанға мәз-мейрамбыз бастарымыз,
Бұл бір күнді асыға күттік пе әлде?
Енді қалды бұл бір сәтті растауымыз.
Талдықорған атынан алға басқан,
Жетісулық жастарды қарсы алыңыз!
Талдықорған, жеті өзеннің жұмақ маңы,
Тереңдесең, тарихымда зор ғой мәні,
Жетісудың ғажайыбын суреттеумен,
Нәр алып ақ жанданады ақын жаны,
Туған жердің бәрі ыстық сөз боларма?!
Ерек болар, батқан күнмен атқан таңы!
Ақсу, Басқан, Іле, Сарқан, Қараталы,
Лепсі, Биен жеті өзеннің бұл атауы,
Жеті жерді суға бөлеп, нәр алдырған,
Басталатын жері Жоңғар Алатауы,
Табиғаты сыр тұндырар сұлықпен,
Талдықорған – нар қазақтың жасыл бауы.
Жетісудың суреттері, Күй мен Күйші,
Мәні анық, оқып қана ойды түйші,
Туындысы бұл бір жанның мұрагері,
Сөз жетпейтін, тұлға өлкем Құлагері,
Жолдастары, Даласы алтын тасқа енген,
Әдебиетте орны ерек, бастауы кең,
Жұмбақ ақын, сөзбен құрған жұмбақ сарай,
Өнеріне өмір берген ұлы Абай!
Бұл бір жанның есіміне назар бөлсең,
Ілияс ақын жеңген сөзбен жанды талай.
Оқу ордам Ілиястан басталады,
Өнеріне тамсанады жаста-кәрі,
Өміріне Ілиястың бойлай көшсең,
Еріксізден жанарыңа жас толады,
Талдықорған білім қуған жастарының,
Жүрегінде жалғас таппақ дастаны әлі,
Бұл сайыста Ілиятың ұрпақтары
Жан берісіп жеңіс алмақ бастағалы,
Жетісудың жүйрігінің тумасынан,
Сәттілікке бағыттаймыз басқаларды,
11.04.2016
