- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Мазмұны
- •II тарау
- •VI тарау
- •VII тарау
- •XII.Тарау
- •VIII тарау
- •IX тарау
- •X тарау
- •XI тарау
- •XIII тарау
- •XIV.Тарау
- •Қысқартулар
- •I тарау
- •Этиологиясы және патогенезі
- •Одонтогенді созылмалы инфекцияның өршу себептері
- •II тарау
- •I. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •II. Бастың бет бөлімі
- •Беттің бүйір бөлімі
- •II. Мойынның тіласты сүйек астының бөлімі
- •III тарау қабыну процесінің патологиялық морфологиясы мен физиологиясы
- •Периодонтит, периостит, перикоронарит және жақсүйектердің остеомиелиті.
- •IV.1. Периодонтит.
- •IV.2. Жақсүйектердің жедел одонтогенді периоститі.
- •IV.3. Ақыл тістің кедергіленіп жарып шығуы.
- •IV.4.2 Жақсүйектері қабынуының патологиялық анатомиясы.
- •IV.4.4 Жедел одонтогенді остеомиелиттің клиникасы, диагностикасы және емі.
- •Ә. Жедел остеомиелиттің үстемділігі бәсеңдеген кезеңінде
- •Ә. Сүйек секвестрлері деморкациялануының (бөлінуі) аяқталу кезеңі
- •Б. Сүйек секвестрлері алынып тасталғаннан кейінгі кезең.
- •IV.5. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы.
- •V тарау
- •Ауруларының жалпы клиникасы
- •Дене қызуы мен қоршаған ортаның температуралық көрсеткішіне және тыныс алу жиілігіне байланысты ағзасын сұйықтық жоғалу мөлшері
- •VI тарау бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының (абсцестер мен флегмоналар) анатомиялық және топографиялық орналасуына байланысты жергілікті клиникасы және хирургиялық емі.
- •Жергілікті клиникалық белгілері
- •Жедел одонтогенді қабыну ауруларының ағымын болжау.
- •1. Қантамыр соғуының жиілігі
- •II. Іріңді қабыну процесінің өту орнына, ағымының сипаты мен ж 7 кесте айылу аумағына қарай балмен бағалау
- •III. Ағымының болжамы
- •VI.3. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •33 Сурет. Қабақтың абсцесінде тері тілігінің орны және бағыты.
- •38 Сурет. Мұрынның абсцесі мен
- •VI.5.1. Көзұясының абсцесі мен флегмонасы (region orbitalis)
- •40 Сурет. Көзұясы, regio orbitali (сагитальды кесіндісі)
- •VI.5.2. Мұрын қуысының абсцесі мен флегмонасы (cavum nasi)
- •VI.3.2.Жұмсақ таңдайдың абсцесі (palatinum moli)
- •VI.5.3.4. Тіл түбірінің абсцесі мен
- •VI..5.3.5. Тіласты аймағының абс-цесі (regio sublingualis)
- •VI.6.3. Құлақмаңы-шайнау аймағының абсцесі мен флегмонасы
- •Топографиялық анатомиясы
- •VI.7.4.Жұтқыншақ қабырғасының абсцесі (pharynx)
- •VI.7.5. Жұтқыншақарты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы
- •VII тарау мойын абсцестері мен флегмоналарының клиникасы және хирургиялық емі
- •VIII тарау лимфаденит және аденофлегмона
- •VIII.1. Лимфадениттер
- •Жедел одонтогенді лимфаденит
- •Созылмалы лимфаденит
- •Диагностикалық зертеу әдістері:
- •VIII.2 Аденофлегмона
- •Қабыну ауруларын кешенді емдеу
- •Антибиотиктердің микробтарды жою қасиетіне байланысты жіктелуі
- •9 Кесте
- •Белсенді дәрі-дәрмектермен емдеу
- •Қан орнына қолданылатын дезинтоксикациялық ерітінділері
- •Гемодинамикалық қасиеті бар ерітінділер
- •Электролиттердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •Дәрумендердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •11 Кесте
- •Қабыну аруларының қарқынды емі
- •XI тарау
- •Қабыну аурулары
- •XI.2Туберкулез.
- •XI.3. Мерез.
- •XII тарау
- •Қабыну аурулары
- •XII.1 Сыздауық
- •XII.5. Су жегі (нома)
- •XIII тарау
- •XIII.1. Жедел одонтогенді гайморит
- •Физиотерапиляқ ем
- •XIII.2. Созылмалы одонтогенді гай-морит
- •Жоғарғы жақсүйек қойнауының шырышты қабығының қатерлі ісік-тері
- •Одонтогенді және риногенді гаймориттердің ажыратпалы клиникалық белгілері.
- •12 Кесте
- •XIV тарау
- •Асқынулары
- •XIV .1. Бет көктамырларының тромбофлебиті.
- •XIV .2. Кеуекті қойнаудың (sinus cavernosus) тромбозы
- •XIV .3. Одонтогенді медиастенит
- •Медиастениттің түрлеріне және клиникалық белгілеріне қарай
- •XIV .4. Сепсис
- •Жүйелі қабыну реакция синдромын (жқрс/sirs) айқындайтын белгілер
- •Сепсистің балама (эмпериялық) антибактериалық емінің нұсқауы
- •16 Кесте
- •Қоданылған әдебиеттер
- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Құраш Амангелді Ғалымжанұлы
VI.5.1. Көзұясының абсцесі мен флегмонасы (region orbitalis)
Аймақтың шекаралары: Аймақ кө- зұясын және оның ішіндегі анатомия- лық құрылымдарды шектейтін сүйек-тік қабырғаларына сәйкес. Көзұясын- ың кіреберісі аралық көзұя қабырға- сы (septum orbitale) деп аталатын тығ-ыз шандырмен астарланған. Аталмыш шандыр табақша көзұясының кіребері-сін шектейтін сүйекқабына және қаба-қтың шеміршектеріне бекиді. Сөйтіп, аралық көзұя қабырғасы көзұясын екі-ге бөледі: беткей, яғни қабақ аймағы (region palpebralis) және терең, яғни көзұясының меншікті аймағы (region orbitalis). Мұнда көз алмасы, оны қозғ-алтатын бұлшықеттер, қантамырлары мен жүйке тармақтары, майлы шел ті-ндері жатады (40 сурет).
Көзұяның үстіңгі қабырғасы (paries superior orbitalis) бассүйектің алдыңғы шұңқырымен (fossa cranii anterior) жә-не маңдай қойнауымен (sinus fronta-lis), төменгі қабырғасы (paries inferior orbitalis) - жоғарғы жақсүйек (гаймор) қойнауымен шектеледі. Төменгі қабы-рғасынан көзұяасты өзегінің тесігі (ca-nalis infraorbitalis), ал сыртқы қабырғ-асынан бетсүйек-самай өзегінің тесік-тері ашылады.
Ішкі қабырғасы (paries medialis orbi-talis) сына сүйек қойнауымен (sinus sphenoidalis) және тор лабиринтінің ұяшықтарымен (cellulae ethmoidales) шектеледі.
Көзұясының артқы бөліміне үстіңгі және төменгі көзұя саңылаулары ашы-лады (fissure orbitalis superior et infe-rior). Біріншісі көзұясын бассүйек қаң-қасының ортаңғы шұңқырымен (fossa cranii media) байланыстырып, көпте-ген қантамырларын және жүйке тарм-ақтарын өткізеді: vv. ophthalmicae, n. oculomatoris, n. ophthalmicus n. trochl-earis, n. abducens. Көру өзегінен көз жүйкесі мен көру артериясы (a. ophth-almica - ішкі ұйқы артерияның, a. cor-otis interna бұтағы) бірге көзұясына кі-реді.
Көзұясының төменгі саңылауы көз-ұясын қанат-таңдай (fossa pterygopal-atina) және самайасты (fossa infratem-poralis) шұңқырларымен байланысты-рады. Аталмыш саңылау арқылы көз-ұясына r. maxillaries n. trigemini соңғы тармағы (n. infraorbitalis) барады.
Көзұясының алдыңғы бөлімінде көз алмасы орналасады. Оның артында қа-нтамырлары мен жүйкелерді қоршай- тын майлы шел тіндері жатады. Көз алмасы шел тіндерінен тығыз дәнекер-тінді қабымен (capsula bulbi) шектеле-ді. Көзұясында жеті бұлшықеті жата-ды, солардың бірі (m. levator palpebrae superior) жоғарғы қабаққа бекиді, қал-ғандары (4 тік және 2 қиғаш) көз алма-сының ақ қабығына бекіп, оның қозға-лысын қамтиды.
Инфекцияның негізгі көздері және ену жолдары
5,4,3 I 3,4,5 тістердің одонтогенді инфекциялық ошақтары, беттің бұры- шты көктамырының (v. angularis) тро-мбофлебиті. Екіншілік инфекция реті-нде жоғарғы жақсүйек қойнауынан, тор сүйегінен, самайасты және қанат-таңдай шұңқырларынан, көзұяасты ай-мағынан, қабақтан енуі мүмкін.
40 Сурет. Көзұясы, regio orbitali (сагитальды кесіндісі)
Көзұясының абсцесі мен флегмо-насының клиникалық белгілері
Көзұяның абсцесі мен флегмонасы өте ауыр ағымда өтетін, асқынуға бейім, аса қауіпті іріңді қабыну ауру-ларының бірі. Басты клиникалық бел-гілері көздің ауыруымен және көз ал-масы алға ығысуымен (экзофтальм) сипатталады. Науқастың басы ауыр-ып, мазасы кетеді, ұйқысы бұзылады. Көз алмасын бас бармақпен басқанда (41 сурет), ауырсыну сезімі үдей түсе-ді. Көз алмасының қозғалысы шекте-ліп, қабақтың айналасындағы тіндер ісінеді, көз саңылауы жабылады. Көз-дің көруі нашарлайды, кейін көз жүй-кесі семуінен (атрофиясынан), науқас мүлдем көрмей қалуы мүмкін. Алғаш-қыда көзұя кіреберісінің ақ қабығы (конъюнктивасы) ісінеді (хемоз). Дене қызуы көтеріліп, науқастың жалпы жағдайы нашарлайды.
Көзұясының абсцесі мен флегмона-сында неврологиялық асқынулары(ке- уекті қойнауының тромбозы, менин-гит) дамуында міндетті түрде, невро-патологпен және окулистпен кеңесіп, кешенді емін бірлесіп ұйымдастыру-
лары тиіс.
41 сурет. Көзұясының абсцесін анық-
тауға қолданылатын әдіс. Екі қолдың
үлкен саусақтарымен көз алмасын бас-
қанда, ауырсыну сезімі үдей түседі
Инфекцияның тарау жолдары
Инфекция мидың көктамыр қойнау-ларына, бас миы қабықшаларына, бас миына, самайасты мен қанат-таңдай шұңқырларына, бассүйегінің түбіне тарауы мүмкін.
Көзұясы абсцесінің және флегмо-насының хирургиялық емі
Көзұясының төменгі қырының бой- ымен тері, теріастының тіндері тілін-еді. Әрі қарай жұмсақ тіндер тұйық тереңдете ажыратылып, ірің шығары-лады. Іріңді ошақ көзұясының терең бөлімінде шоғырлануында, оны гайм-ор қойнауы арқылы шығарған тиімді. Ол үшін гаймор қойнауының алдыңғы қабырғасын (сүйір тіс ойығынан) тес-іп, ашқан соң(гайморотомия), көзұяс-ының төменгі қабырғасынан жасанды қатынас жасап, ірің гаймор қойнауы арқылы сыртқа шығарылады. Гаймор қойнауына түтікті ірің өткізгіш (дрен-аж) енгізіп, оның бір шеті мұрынның төменгі жолынан сыртқа шығарыла-ды.
В.И.Вакуленко және т.б., (1989), осы күнге дейінгі көзұясының абсцесі мен флегмонасын ашуға қолданылып жүрген дәстүрлі хирургиялық әдіс-тердің нәтижесі төмен деп табады. Кө-зұя астының қырынан орындалатын операциялардан кейін жұмсақ тіндер тыртықтанып, көз алмасының қозға- лысы шектейді және айналасында ұзақ уақыт сақталатын тыртықтан қайтым- сыз лимфостаз дамуы мүмкін. Осынд- ай асқынулардың алдын алуды ескер-іп, ол көзұясының абсцесі мен флегмо-насын тіліп ашуға өз әдісін ұсынады.
Операциялық аймақ антисептика-лық ерітінділермен өңделгеннен кейін ауыз қуысы ішінен, жоғарғы жақсүй-ектің артқы бөлімінің (үлкен азу тіс-тері денгейінен) өтпелі қатпары бойы-мен шырышты қабығы 3 - 4 см ұзын-дықта тілінеді. Содан соң, жоғарғы жақсүйектің төмпешігі бойымен қан-тоқтатқыш қысқышты жоғары және ішке қарай тұйық тереңдете жылжы-тып, тіндерді тұйық ажырата отырып, көзұяасты саңылауынан ірің шығар-ылады. Егер іріңді процесс самайасты немесе қанат-таңдай шұңқырларында бірлесіп өтуінде, осы хирургиялық әд-іспен ірің шығару өте ыңғайлы деп табады. Сөйте тұра, көзұя абсцесі мен флегмонасының хирургиялық емі ірің-ді ошақтың орналасуына, ағымының қарқындылығына байланысты, әркелкі тіліп ашу әдістермен орындалуы тиіс.
Көзұясының үстіңгі бөліміндегі ір-іңді қабыну ошақты тіліп ашу опе-рацияны орындау реттілігі (42 сур-ет):
жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаляция-лық), жергілікті инфильтрациялық және бассүйегі түбіндегі дөңгелек тесігіне (foramen rotundum) жаса-латын өткізгіштік анестезия М.М. Вайсблат бойынша;
көзұясы қабырғасының жоғар-ғы-сыртқы немесе жоғарғы-ішкі қы-рының терісі және тері астының шел тіндері (қабыну инфильтрат-ының орналасуына байланысты) қа-бақтың төменгі жиегінен 2 см ұзын-дықта тілінеді (42,А,Ә суреттер). Гемостаз;
жараның төменгі жиегі сүйекқа-бынан ажыратылып, көзұясының жоғарғы-сыртқы немесе
жоғарғы-ішкі қыры ашылады (42,Б сурет);
аралық көзұя қабырғасы (septum orbitale) 0,7 - 1 см ұзындықта көз-ұясының жоғарғы қырына бекитін жерінен тілінеді (42,В сурет);
42 сурет. Көзұясының үстіңгі бөлімінің абс-цесін (флегмонасын) тіліп ашу операциясы (В, Г – сагитальді кесіндісінің жобасы)
тілінген жерден қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, көзұясының жоға-рғы бөлімінің шел тіндері тұйық ажыратылады; әрі қарай көз алма-сы мен көзұя қабырғасының ара-лығымен тіндер қантоқтатқыш қы-сқышпен тұйық тереңдете ажыра-тылып, ірің шығарылады (42,Г су-рет);
ашылған іріңді жараға резеңке жолақ енгізіледі (42,Д сурет);
гипертониялық немесе антисеп-тикті ерітінділермен дымқылданған асептикті дәке таңғыш салынады.
Көзұясының астыңғы бөліміндегі іріңді ошақты тіліп ашу операция- ны орындау реттілігі (43 сурет):
жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаляци-ялық), жергілікті инфильтрациялық және бас сүйегі түбінің дөңгелек тесігіне (foramen rotundum) жа-салатын өткізгіштік анестезия М.М. Вайсблат бойынша;
көзұясы қабырғасының төменгі- сыртқы немесе төменгі-ішкі қыры-нан 0,5 - 0,7 см алшақтықта тері және тері астының шел тіндері 2 см ұзындықта тілінеді ( 43,А,Ә су-реттер). Гемостаз;
жараның жоғарғы жиегі сүйек-қабынан ажыратылып, көзұясының төменгі-сыртқы (43,Б,В суреттер) немесе төменгі-ішкі қыры ашыла-ды;
көзұясының аралық қабырғасы (septum orbitale) 0,7 - 1 см ұзынды-қта көзұясының төменгі қырына бекитін жерінде тілінеді (43,Г сур-ет);
осы тіліктен қантоқтатқыш қыс- қыш енгізіп, көзұясының төменгі бөлімінің шел тіндері іріңді ошақ-қа қарай тұйық ажыратылып, көз алма-
43 сурет. Көзұяасты бөлімінің абсцесін (флегмонасын) тіліп ашу операциясының орындалу (В,Г,Д - көзұясының сагитальді кесіндісінің жобасы)
сы мен көзұясы қабырғасының ара-лығынан ірің шығарылады (43,Д су-рет);
көзұясының төменгі бөлімінің шел кеңістігіне ашылған іріңді жа-раға резеңке жолақ енгізіледі (43,Е сурет);
жараға гипертониялық немесе антисептикті ерітінділермен ылға-лданған асептикті дәке таңғыш са-лынады.
Көзұясының үстіңгі және төмен-гі бөлімдерін толық қамтитын ірің-ді қабыну ошақты тіліп ашу опера-цияның орындау реттілігі (44 сурет):
жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаляци-ялық), жергілікті инфильтрациялық және бассүйек түбіндегі дөңгелек тесігіне (foramen rotundum) жаса-латын өткізгіштік анестезия (М.М. Вайсблат бойынша);
алдымен көзұясының жоғарғы бөлімінің шел кеңістігін ашып, ірің шығарылады;
көзұясы қабырғасының жоғар-ғы сыртқы немесе жоғарғы-ішкі қырынан, қабақтың төменгі жиегі бойымен (қабыну инфильтратының орналасуына байланысты) тері, тері астының шел тіндері 2 см ұзы-ндықта тілінеді (44,А,Ә суреттер). Гемостаз;
жараның төменгі жиегінен сүйе-кқабы ажыратылып, көзұясының жоғарғы-сыртқы немесе жоғарғы-ішкі қыры ашылады (44,Б сурет);
аралық көзұя қабырғасы (septum orbitale) 0,7 - 1 см ұзындықта көзұ-ясының жоғарғы қырына бекитін жерінде тілінеді (44,В сурет);
44 сурет. Көзұясының үстіңгі және төменгі бөлімдерінің іріңді қабыну ошағын тіліп ашу операцияның орындалуы .
тілінген жерден қантоқтатқыш қысқыш енгізіп, көзұясының жоға-
рғы бөлімінің және көз алмасы мен көзұя қабырғасының аралығындағы шел тіндер іріңді қабыну ошағына қарай тұйық тереңдетіле ажыратып, ірің шығарылады (44,Г сурет);
ашылған іріңді жараға резеңке жолақ енгізіледі;
гипертониялық немесе антисеп-тикті ерітінділермен ылғалданған асептикті дәке таңғыш салынады.
Көзұясы флегмонасын гаймор қойнауы арқылы ашу операциясы-ның орындалу реттілігі (45,А сур-ет):
жансыздандыру - жалпы наркоз (көктамырішілік немесе ингаляци-ялық), жергілікті инфильтрациялық және бассүйек түбінің дөңгелек тесігіне (foramen rotundum) жа-салатын өткізгіштік анестезия (М.М. Вайсблат бойынша);
жоғарғы жақсүйектің өтпелі қат-парынан 3 - 4 мм төмен, сүйір және екінші үлкен азу тістері аралы-ғынан шырышты қабығы мен сүйе-кқабы тілінеді;
сүйек қырғышымен (распатор) жараның үстіңгі жиегінің жұмсақ тіндері көзұяастының тесігіне (for-amen infraorbitale) дейін сүйектен жоғары қарай ажыратылады;
жоғарғы жақсүйектің алдыңғы қабырғасын бұрғымен немесе шап-қымен тесіп, гаймор қойнауы ашы-лады (45,Ә сурет);
қырғыш қасықпен гаймор қой-науының попилозды өзгеріске енг-ен шырышты қабығы қырып алын-ып, ірің шығарылады;
45 сурет. Көзұясы флегмонасын жоғарғы жақсүйек қойнауы арқылы ашу операциясының жобасы (көзұясы мен жоғарғы жақсүйек қойнауының сагитальды кесіндісінің жобасы).
жоғарғы жақсүйек қойнауының үстіңгі қабырғасын (көзұясының тү-бі) тескішпен тесіп, көзұясының тө-менгі бөлімінен ірің шығарылады (45,Б сурет);
көзұясынан ірің кедергісіз шығ-уы үшін, гаймор қойнауын мұрын-ның төменгі жолынан ашылған жа-санды тесік арқылы байланыстыра-ды. Ашылған кеңістіктерге бірнеше жерден тесілген полихлорвинильді түтікті ірің өткізгіш енгізіледі (45,В сурет);
ауыз қуысының шырышты қаб- ығынан тілінген жараға сирек тігіс салынады.
