- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Мазмұны
- •II тарау
- •VI тарау
- •VII тарау
- •XII.Тарау
- •VIII тарау
- •IX тарау
- •X тарау
- •XI тарау
- •XIII тарау
- •XIV.Тарау
- •Қысқартулар
- •I тарау
- •Этиологиясы және патогенезі
- •Одонтогенді созылмалы инфекцияның өршу себептері
- •II тарау
- •I. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •II. Бастың бет бөлімі
- •Беттің бүйір бөлімі
- •II. Мойынның тіласты сүйек астының бөлімі
- •III тарау қабыну процесінің патологиялық морфологиясы мен физиологиясы
- •Периодонтит, периостит, перикоронарит және жақсүйектердің остеомиелиті.
- •IV.1. Периодонтит.
- •IV.2. Жақсүйектердің жедел одонтогенді периоститі.
- •IV.3. Ақыл тістің кедергіленіп жарып шығуы.
- •IV.4.2 Жақсүйектері қабынуының патологиялық анатомиясы.
- •IV.4.4 Жедел одонтогенді остеомиелиттің клиникасы, диагностикасы және емі.
- •Ә. Жедел остеомиелиттің үстемділігі бәсеңдеген кезеңінде
- •Ә. Сүйек секвестрлері деморкациялануының (бөлінуі) аяқталу кезеңі
- •Б. Сүйек секвестрлері алынып тасталғаннан кейінгі кезең.
- •IV.5. Беттің одонтогенді теріасты гранулемасы.
- •V тарау
- •Ауруларының жалпы клиникасы
- •Дене қызуы мен қоршаған ортаның температуралық көрсеткішіне және тыныс алу жиілігіне байланысты ағзасын сұйықтық жоғалу мөлшері
- •VI тарау бастың және мойынның жедел іріңді қабыну ауруларының (абсцестер мен флегмоналар) анатомиялық және топографиялық орналасуына байланысты жергілікті клиникасы және хирургиялық емі.
- •Жергілікті клиникалық белгілері
- •Жедел одонтогенді қабыну ауруларының ағымын болжау.
- •1. Қантамыр соғуының жиілігі
- •II. Іріңді қабыну процесінің өту орнына, ағымының сипаты мен ж 7 кесте айылу аумағына қарай балмен бағалау
- •III. Ағымының болжамы
- •VI.3. Бастың ми бөлімінің төбесі
- •33 Сурет. Қабақтың абсцесінде тері тілігінің орны және бағыты.
- •38 Сурет. Мұрынның абсцесі мен
- •VI.5.1. Көзұясының абсцесі мен флегмонасы (region orbitalis)
- •40 Сурет. Көзұясы, regio orbitali (сагитальды кесіндісі)
- •VI.5.2. Мұрын қуысының абсцесі мен флегмонасы (cavum nasi)
- •VI.3.2.Жұмсақ таңдайдың абсцесі (palatinum moli)
- •VI.5.3.4. Тіл түбірінің абсцесі мен
- •VI..5.3.5. Тіласты аймағының абс-цесі (regio sublingualis)
- •VI.6.3. Құлақмаңы-шайнау аймағының абсцесі мен флегмонасы
- •Топографиялық анатомиясы
- •VI.7.4.Жұтқыншақ қабырғасының абсцесі (pharynx)
- •VI.7.5. Жұтқыншақарты шел кеңістігінің абсцесі мен флегмонасы
- •VII тарау мойын абсцестері мен флегмоналарының клиникасы және хирургиялық емі
- •VIII тарау лимфаденит және аденофлегмона
- •VIII.1. Лимфадениттер
- •Жедел одонтогенді лимфаденит
- •Созылмалы лимфаденит
- •Диагностикалық зертеу әдістері:
- •VIII.2 Аденофлегмона
- •Қабыну ауруларын кешенді емдеу
- •Антибиотиктердің микробтарды жою қасиетіне байланысты жіктелуі
- •9 Кесте
- •Белсенді дәрі-дәрмектермен емдеу
- •Қан орнына қолданылатын дезинтоксикациялық ерітінділері
- •Гемодинамикалық қасиеті бар ерітінділер
- •Электролиттердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •Дәрумендердің ағзаға тәулік қажеттілігі
- •11 Кесте
- •Қабыну аруларының қарқынды емі
- •XI тарау
- •Қабыну аурулары
- •XI.2Туберкулез.
- •XI.3. Мерез.
- •XII тарау
- •Қабыну аурулары
- •XII.1 Сыздауық
- •XII.5. Су жегі (нома)
- •XIII тарау
- •XIII.1. Жедел одонтогенді гайморит
- •Физиотерапиляқ ем
- •XIII.2. Созылмалы одонтогенді гай-морит
- •Жоғарғы жақсүйек қойнауының шырышты қабығының қатерлі ісік-тері
- •Одонтогенді және риногенді гаймориттердің ажыратпалы клиникалық белгілері.
- •12 Кесте
- •XIV тарау
- •Асқынулары
- •XIV .1. Бет көктамырларының тромбофлебиті.
- •XIV .2. Кеуекті қойнаудың (sinus cavernosus) тромбозы
- •XIV .3. Одонтогенді медиастенит
- •Медиастениттің түрлеріне және клиникалық белгілеріне қарай
- •XIV .4. Сепсис
- •Жүйелі қабыну реакция синдромын (жқрс/sirs) айқындайтын белгілер
- •Сепсистің балама (эмпериялық) антибактериалық емінің нұсқауы
- •16 Кесте
- •Қоданылған әдебиеттер
- •Бастың және мойынның қабыну аурулары
- •Құраш Амангелді Ғалымжанұлы
Жедел одонтогенді лимфаденит
Жедел одонтогенді лимфадениттер жиі төменгі үлкен немесе кіші азу, си-рек жағдайда – жоғарғы кіші азу және бүйір күрек тістерінің патологиялық процестерінен дамиды. Лимфа түйінд-ерінің сірлі қабынуы негізгі аурудың басталуынан 1-3 тәулік, ал іріңді қабы-нуы – 3-6 тәулік өткен соң дамиды. Бі-ріншілік одонтогенді ошақта патолог-иялық процестің қарқындылығы бәсе-ңдей бастағанда, аймақтық лимфа түйіндерінің қабынуы арта түсетіні белгілі.
Жедел сірлі лимфаденит, әдетте жа-йлы ағымда өтеді. Қабыну процестің алғашқы кезеңінде науқас басын қозғ-алтқанда ыңғайсыздық сезім пайда бо-луына, бір немес бірнеше лимфа түйіндері ісініп, сыздап ауырусыну сезімін тудыруына шағымданады. Науқастың жалпы жағдайы аса зардап шекпейді.
Негізінен қабыну процесі бір лимфа түйінінде өтеді, сирек жағдайда, айма-қтық екі лимфа түйіні ісініп, ұлғаюы мүмкін, диаметрі 1,5-2 см немесе 3-5 см жетеді, үстінің терісі өзгеріссіз. Ли-мфа түйінін пальпациялағанда аздаған ауырсыну сезімі пайда болады, Қабы-ну процесін тудырушы себеп жойылы-сымен-ақ және физиотерапиялық емн-ен кейін инфекциялық процесі тоқтап, лимфаденит кері дамиды. Лимфа түйі-ндерінің өлшемі біртіндеп кішірейеді, ауырсыну сезімі қайтады, бірнеше ап-тадан соң өзінің бұрынғы қалпына жә-не консистенциясына келеді.
Жедел сірлі лимфаденит сирек жағ-дайда іріңді процеске ауысы мүмкін. Сөйте тұра, сірлі лимфаденит уақыты- лы емдемесе немесе ағзаның иммун- дық қорғаныс күші төмен болса, супе-рекция немесе т.б. келеңсіз жағдайлар қосылуыда, жедел іріңді лимфаденит дамуы ықтимал.
Жедел іріңді лимфаденитте ағзаның жалпы улану белгілері дене қызуының көтерілуімен, әлсіздік пайда болуым-ен, науқастың тәбеті бұзылуымен, қан- ның зертханалық көрсеткіштері өзгер-уімен сипатталады.
Сырттай қарап тексергенде, тығыз, пальпациялағанда ауырсыну сезімін тудырады қозғалысы шектелген, ауыр-сыну сезімін тудыратын, біршама ты-ғыз инфильтрат анықталады, бетінің терісімен әркелкі денгейде (лимфа тү-йіндерінің терең немесе беткей орна-ласуына байланысты) бітісуі мүмкін. Тері беті қызарып, керіліп тұрады. Одонтогенді емес қабыну ауруларын-да (сыздауық, шиқан және т.б.) лимфангоитың (беттің тері лимфа түйініне бағытталған қызыл жолақ) дамуы мүмкін. Қабыну процестің даму барысында инфекциялық ошақтың ортасы жұмсарып, перилимфаденит (іріңдеуші лимфаденит) дамиды.
Одонтогенді емес лимфадениттері-не стоматиттерден, гингивиттерден, глосситтерден, риниттерден, құлақтың қабыну ауруларынан дамитын лимфа түйіндерінің қабынулары жатады. Ай-мақтық (регионарлы) лимфаденит кейде терінің немесе шырышты қабықтың жарақатынан дамиды; мұндайда жарақаттанған жер инфекцияның кіретін қақпасы ретінде қарастырылады.
Созылмалы лимфадениттің өршуін-де, қабыну процесі үстемді ағымға ауысып, лимфа түйінінің қабы ыдырайды, іріңді процесс айналасындағы шел тіндеріне тарап, аденофлегмона дамиды. Егер қабыну процесі лимфа тамырларына тарайтын болса, лимфа түйіндерінің қабынуымен қоса, жедел немесе созылмалы лимфангоит дамиды.
Лимфаденитті дұрыс диагностика-лау үшін науқастың ауру анамнезін мұқият жинақтау қажет. Әдетте, науқас-тар ауруының басталуын, алғашқыда бет-жақсүйек аймақтарында «түйіршіктей» немесе «дөнгелек пішінді» құрылым пайда болуымен байланыстырады. Оны қыздырып немесе басқа бір ем жүргізгендігін, кейін лимфа түйінінің өлшемі ұлғайып, ауырсыну сезімі пайда болғанын анықтап білуге бола-ды. Диагнозын нақтылау үшін инфильтрат ошағына пункция (жуан инемен тесіп тексеру) жасаған дұрыс. Егер пункция жасағанда ірің шықса, іріңді лимфаденит екендігіне көз жеткізуге болады; ірің болмағанның өзінде лимфа түйінінде іріңді қабынуы жоқ деп шешім жасауға болмайды.
Емі екі кезеңділікпен жүргізіледі:
• қабыну процесін тудырушы себеп-ті жою;
• іріңді ошақты тіліп ашу, жараға ірің өткізгіш қалдырып, қажет бол-са, өлеттенген лимфа түйіндерін алып тастау (морфологиялық зерттеуге).
Ағзаның ішкі тұрақтылығын қа-лыпты жағдайда сақталуын вегетативті жүйке жүйесі атқаратыны белгілі. Тіндердің қанмен қамтылуы, зат алмасу, трофикалық, ағзада адаптивті-компенсаторлық және гомеостаз процестері дұрыс жүруі осы жүйенің жағдайына тікелей байланысты (Дроздов Г. И., 1967). Сол себептен, бет-жақсүйек аймақтарында өтетін қандай да болсын қабыну процестері жүйке тармақтарының парабиозын тудырады.
Симпатикалық жүйке тармақтары лимфа түйіндерінің тегіс бұлшықет-тік құрылымдарын жүйкелендіріп, лимфа сұйықтығының ағымын реттейді. Осы ретте, лимфа түйіндері қабынуының кешенді емінде вегетативті жүйке тармақтарына новокаин ерітіндісі мен блокада жасау жақсы нәтиже беретіндігі жөнінде клиницистердің
бәрі бірдей біле бермейді.
Мойынның жоғарғы симпатика-лық ганглийінің новокаин блокада-сы келесідей орындалады: төс-бұғана-емізік бұлшықетінің жоғарғы және ортаңғы үштен бір бөлігі шекарасы-ның артқы тұсынан, ұзындығы 5-6 см инені СІІ – СІІІ бүйір өсінділеріне қарай 2,5 - 3 см тереңдікке енгізіп, 5 мл 1% новокаин ерітіндісі енгізіледі.
Жұлдызша ганглийінің новокаин блокадасы келесідей орындалады: сақина тәрізді шеміршек төс-бұғана жиегін біріктіретін сызықтың ортасы-нан және төс-бұғана-емізік бұлшықеттің алдынан, мойынның төменгі омыртқаларының көлденең өсіндісіне қарай ине іледі (осы жерде мойынның төменгі және төстің бірінші симпатикалық түйіндерін біріктіретін жұлдызша ганглийі жатады). Блокаданың дұрыс орындалуының белгілері: жасалған жағында Бернара-Харнера син-дромы деп аталатын симптом жиын-тығы анықталады (көз қарашығының тарылуы (миоз), жоғары қабақтың тө-мен түсуі (миоз), көз алмасының кіріңкі орналасуы (энофтальм), беттің терісі қызаруы, сілекей көп мөлшерде бөлінуі). Новокаин блокадасы тәулігіне бір рет 3-5 күн бойы жасалады. Қосымша ем жүргізілмейді.
Мойынның симпатикалық блокада-сы жасалғаннан кейін 5-6 сағат өткен-де, науқастың ауырусыну сезімі бас-ылады, жұтынуы жеңілдеп, ауызы ке-дергісіз ашылады. Бір тәуліктен кейін науқастың жалпы жағдайы жақсарады (бас ауыруы басылып, әлсіздігі қайта-ды, дерттің клиникалық белгілері азаяды).Инфильтраттың аурушаңдығы бәсеңсіп, қозғалмалы бола бастайды, өлшемі кішірейеді, шекарасы айқын-далады, терісінің түсі қалпына келе бастайды. Екі-үш тәулік өткенде, науқастың жалпы және жергілікті шағымдары мүлдем болмайды, дене қызуы қалпына келіп, қабыну инфильтраты толығымен тарқайады. Блокаданың жалпы саны – 3-5.
Этиологиясы екпемен (вақцинамен) тікелей байланысы бар спецификалық лимфадениттеріне ерекше толқталған жөн. Туберкулез ауруына қарсы бір-неше миллиондаған адамдарға жасал-ған екпе, әдейленген алдын-ала ша-ралары ретінде зиянсыз, тіптен тиімді деп есептеліп келгендігі белгілі. Сөй-те тұра, туберкулезге қарсы жасалған екпе вакцина асқынулар тудыратыны, солардның ішінде жиі екпе лимфа-дениттері дамитыны белгілі болды. Осыдай асқынулардың этиологиялық себептері ұзаққа уақытқа дейін кли-ницистерге беймәлім болып келді.
Н. А. Шмелеваның және т.б., (1976) ғылыми зерттеулерінен туберкулезге қарсы екпе (вакцина) лимфаденит ту-дыратыны анықталды. Туберкулезге қарсы вакцина құрамындағы (екпедегі) микобактериялар екпе жасалған жас балалардың ағзасында біртіндетіп тұрақтылы және тұрақтылығы шартты Л-түрлеріне ауысатындығы (трансформ-ациялануы) белгілі болды. Тұрақтылы және тұрақтылығы шартты микобак-терияларының Л-түрлері вакцинадағы микробактериялары сияқты, ағзада ту-дыратын морфолгиялық өзгерістері 11 жыл бойы иммундық әсер ететіні аны-қталды. Жоғарыдағы авторлардың па-йымдауынша, ағзасының резистентті-лігі төмен немесе өзгерген балаларда микобактериларының Л-түрлері созы-лмалы ізбестенуші (казеозды) лимфа-денит және «кіші» туберкулез сияқты спецификалық емес қабынуларын туд-
ыратыны белгілі болды.
Екпеден кейін лимфадениттпен ау-ырған барлық балалардың анамнезінен ағзаларының иммундық қорғаныс кү-ші төмен болатындығы, жиі тыныс алу ауруларымен, созылмалы тонзилит-пен, рахитпен, экссудативті диатезбен және т.б. ауруларымен сырқаттанаты-ны анықталған.
