Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.Ук Дизайн.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

1.3. Қажетті құрал-жабдықтар:

Альбом, су бояуы, қыл қалам, қара және түрлі қаламдар, өшіргіш, гуашь, желім, түрлі-түсті қағаз, мода журналы.

    1. 1.4.Орындалған жұмысқа есеп беру.

Дайындалған модель эскиздеріне талдау жасаңыз.

Әрбір эскизге арнайы талдау жасаңыз: дененің пропорционалды қатынасын, ерекшеліктеріне байланысты костюм дайындау.

Фирч коньоны жайында жұмысшы дәптерлеріңізге жазып, мәлімет жасаңыз.

    1. 1.5. Бақылау сұрақтары.

      1. 1. Дененің пропорциясы дегеніміз не?

      2. 2. Арифметикалық пропорция дегеніміз не?

      3. 3. Геометриялық пропорция дегеніміз не?

      4. 4. Пропорцияның костюмде атқаратын ролі.

Практикалық жұмыс №9

Көркем образды жасауына шығармашылық елестің әсер етуі,шығармашылық бастапқылар

Мақсаты: Костюм үлгісі арқылы көрерменге белгілі ақпаратты жеткізу және киімді дайындауда оның ыңғайлылығын, тиімділігін, үнемділігі мен эстетикалық сапасын ескеру

1.1. Жұмысқа тапсырма

1.1.1.Теориялық мәліметтер және әдістемелік нұсқаумен танысып шығу.

1.1.2. Адамның кейіпіне байланысты, оның сыртқы ерекшеліктерін ,атқаратын ролін анықтау

1.1.3. Көркемдік тұлға мен ойды құрастыру үшін мотивтерді қолдану.

1.1.4. Костюмнің образдық мәнерленуін іздестіру.

1.1.5 Костюмнің жаңа түрлерін құрастыру әдістеріне шолу жасаңыз, өз ойыңыздан жаңа модельін ұсыныңыз.

1.2. Теориялық мағұлматтар

Қазіргі заман киім үлгісін дайындау үшін алдымен оның ыңғайлылығын, үнемділігін, тиімділігі мен эстетикалық сапасын ескеру қажет. Себебі, дизайнер костюм үлгісі арқылы көрерменге белгілі бір ақпаратты жеткізуге ұмтылады. Суретші модельерді шығармашылық еңбек етуге әсер ететін бастау ретінде шынайы өмір мен қиял дүние туындылары арқасында азамат қоғамындағы әрбір аспектіні (саясат,ғылыми,әдебиеттер, өнер) дизайнер санасында көркем образды шығаруға туындатуға әсер етеді. Дизайнер осы ойды бұйым үлгілерін жобалауда қолдану арқылы тамаша жетістіктерге жетеді.

Көркем шығармалардың басқа заттардан айырмашылығы анық өзіндік образды болуында.

Образ дегеніміз – метафориялық ой, ол белгілі бір құбылысты айқындайды. Көркем образ адамның қоршаған ортадағы шындықты тану арқылы көкейінде топшалау арқылы ойдан шығарған көрініс.

Ерте заманнан бастап адамдардың көркем метофораға қызығушылығы болғанын байқауға болады.

Заттың кейпін жасауда тек оның сыртқы параметрлерін басшылыққа алмайды. Мұнда адам-бұйым жүйесін басшылықққа алмағанымыз дұрыс. Суретші қаншалықты дәрежеде өзі жоспарлайтын бұйымның тиімділігін, оған қойылатын талаптарды ескеріп, қолдану мақсатына, ақпараттың қызметіне байланысты жоспарлайды. Себебі, суретші ол бұйымның, тек тамаша көркемдік шешімділігін табуды көздемей, оның образды шешімділігін, адамға қолайлылығын, тиімділігін ескеру қажет.

Адамның киген киімі көрерменнің назар аударуы үшін қажет емес,

киім адамды тұтас қабылдауға көңіл аударып, оның сыртқы сымбатын айқындап, кемшіліктерін жасырып тұруға тиісті. Сондай-ақ киім адамның қимыл-қозғалысына, дем алуына және т.б. іс-әрекет жасауына икемді болуы қажет.

Сонымен, затты образды мәнерлеуде оның эстетикалық және практикалық құндылықтары ерекше ескеруді талап етеді. Яғни, мұнда біз тек, көркем образ ғана емес, сонымен қатар образды жобалау жақтарын да қамтимыз. Образды жобалау шындықты бейнелеудегі суретшінің ой- қиялынан шыққан көркем модель, заттық мәнге ие, ой-елегінен өткен әрі құрылымды толық біткен көркем форма.

Костюмнің образдық мәнерленуін іздестіру суретші модельер алдында тұрған ең негізгі және ең күрделі міндет болып табылады. Оның қаншалықты дәрежеде жоғары бағалануы суретшінің шығармашылық ісәрекетіне айналадағыларды қабылдау мен олардан әсер алуна байланысты, әрі оны өз шығармашылық іс-әрекетінде қолдана алуында болып отыр.

Костюм композициясындағы образды бейнелеуде киім, аяқ киім, яғни бүкіл бір бүтін костюм ойлап табушының образды, идеялы эмоционалды, поэтикалық қиялының арқасында көркем бейнелеуі жағымдаы әрі әдемі көрінеді. Киім мен аяқ киімдегі көркемдік образ «адам-бұйым» жүйесінің функциясы арқасында басшылыққа алады.

Аяқ киім мен киімнің дамуы пластика ұғымымен тығыз байланыста болады. Пластика бұл форма қозғалысының қайталанбауы, бір элементтің екіншісіне жүйелі ауысып отыруы, форманы толықтыруға әсер ету. Шешімнің образдылығы- өнердегі бұйымның кез-келген түріндегі, жанындағы нақты сапасы.