Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
М.Ук Дизайн.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10 Мб
Скачать
☆

1.2.Теориялық бөлім.

Костюм – адамға басты назар аудара отырып, образды тұрғыда шешілген ансамбль. ОНың ішінде, ансамбль: киімді аяқ киімді, шашаты, гримді, тағыншақтарды бірегейлендіреді және белгілі бір пайдалы эстетикалық функцияны атқарады.

Киім материалдық тыс жүйе, адам денесіндегі жасанды жамылғы, ол табиғаттың сыртқы қоршаған әсерлерінен сақтап және жеке адамның кейіпін, дәуірдің көрінісін бейнелейді.

Әдебиеттерге шолу жасау нәтиежесінде композицияның негізіг заңдылықтары мен ережелеріне мыналар кіретіндігі анықталды:

1. Композициядағы барлық құралдар киімнің қолдануына сай келіп оны айқындай түсуі қажет.

2. Композициядағы барлық элементтері мен бөліктері бір-біріне мөлшерлес әрі өлшемдес болуы қажет.

3. Міндетті түрде композициялық орталық болуы тиіс.

4. Композиция тұтас болуы қажет.

Бірінші заңдылыққа байланысты бірнеше ережелерді атап өтуге болады, бірінші ереже: киімнің қолдануына байланысты оның формасының сай келуі әрі біртұтас үйлесімділігінде. Мысалы, шомылуға арналған киім денеге қынамалы болып, тұлға формасын айқындап тұратын формаға ие болса, адамның суда жүзуіне ыңғайлы болады, ал керісінше төсек киімінің формасы кең, қимыл қозғалысқа ыңғайлы етіп, ауа өткізгіш материалдан тігіледі. Сонымен киімнің практикалық маңыздылығы арта түседі.

Екінші ереже: Киімнің қолданылуы мен формасына материалының сай келуін суретші – модельер алдын- ала ойластыру қажет. Мысалы жоғарыда айтылған шомылуға арналған киім денеге қынамалаы болуы қажет дедік, осы форманы шығару үшін біз созылмалы, су өткізгіш химиялық талшықтан жасалған материалды пайдаланамыз.

Көп қыртыстанатын матадан қынамалы формалы, шаршаулы, бүрмелі көйлек немесе қатпарлы белдемшелерді жасауға болмайды, мұндайда көп қыртыстанбайтын матаны пайдаланған жөн. Тез қыртыстанатын матадан жеңсіз, жағасыз, етегі кең, қарапайым формалы киімдерді тігуге болады. Дегенімен қазіргі уақытта ғылым мен техниканың өркендеуі нәтиежесінде тоқыма өндірісінде түрлі жоғары сапалы, Әрі түрлі

қасиетке ие материалдар шығарылуда Осы материалдарды қолдануда,дайындалатын киім моделінің тұтыну мақсатына орай киім матасының сай келуін ескеріп, оны дұрыс пайдалана білуді қажет етеді.

Үшінші ереже: Киімнің формасының және матасының, тұтыну мақсатына орай сәндеу элементтерінің сай келуі.Киімді композициялауда кез-келген сәндеу элементтерін қолдануда, оның түрі мен атқаратын ролін айқындау қажет, яғни сәндеу элементтері матаның қасиетіне, фактурасына киімнің қолднаылуына және формасына қайшы келмеуін ескеру қажет.Мысалы нәрестелердің мақта матасыннан тігілген жейдесіне жеңіл кесте немесе жұмсақ тоқыма бау, таспа бауларды қолдану арқылы киімнің көркемдік шешімін табуға болады.

Жазғы ыстық аптапта киетін киім матасы салқын болатын кенеп немесе мақта материалдарын қолданамыз, Бұл маталардан тігілген киімдерге кесте, мережка немесе аппликация, баспа суреттер, таспа баулар, тоқыма бауларды қолдану арқылы киімнің композициялық шешімділігін, тұтастығын нашарлатып, киімнің қолдануына кері әсер етеді, оған мысал, оқушының мектеп формасына шетелдік эстрада әншілері мен түрлі тақырыптық суреті бар апликация мен баспа суреттерді қолдануға болмайды.Бұл жерде , әрбір сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сай олардың қызығуы мен мақсаттарын ескере отырып бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларына арнап маңызды тақырыпқа ие эмблемалар қолдану арқылы оның көркемдік шешімін арттырамыз.