Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TBD_otvety.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆
  1. .«Мән-байланыс» моделі. Логикалық және физикалық модельдер.

Мән – байланыс” моделі концептуалды моделді құру үшін үш негізгі блокты қолдануды ұсынады: мән, атрибут және байланыс.

Мән – шынайы әлемнің объектісін ұсынады. Ол туралы ақпарат деректер базасында сақталынады. Мән тік төртбұрыш түрінде бейнеленеді. Мәндер әлсіз және күшті болып бөлінеді. Әлсіз мән басқа бір мәнде байланыста болады және егер ол мән болмаса, онда ол болмайды. Әлсіз мәндер тіктөртбұрыш шеттері бүгілген түрінде бейнеленеді.

Атрибут – объектінің кейбір қасиетін ұсынады. Атрибуттар тізімі мәтін түрінде жазылады және мән бейнесінің ішінде болады. Бұл кезде мән графикалық түрде 2 бөлікке бөлінеді: жоғарғы және төменгі қөлденең сызықпен бөлінген. Жоғарғы бөлігіне алғашқы кілт болатын атрибуттар жазылады.Барлық қалған атрибуттар мәннің төменгі бөлігінде орналасады.

Байланыс – мәндер арасындағы функционалдық тәуелділікті ұсынады. Бұл кезде мәннің өз өзімен байланысы рұқсат етіледі.

Мәліметтердің логикалық моделі әмбебап болып табылады және нақты жүзеге асып тұрған деректер қорын басқару жүйесімен (ДҚБЖ) байланыспайды. Мәліметтердің логикалық моделі оны тіркеуге жататын фактілер мен объектілерді сипаттайды. Мәндер арасында байланыс орнатылады, атрибуттар анықталады және мәліметтерді қалпына келтіру жүргізіледі.

Физикалық жобалау этапы ДҚ логикалық құрылымының және деректерді аса тиімді орналастыру мақсатымен сақтаудың физикалық ортасының байланысымен қорытындыланады, яғни сақтау құрылымында ДҚ логикалық құрылымның бейнесі.Жады кеңістігінде сақталатын деректерді орналастыру, «физикалық» ДҚ әртүрлі компоненттеріне қатынаудың тиімді әдістерін таңдау мәселелері шешіледі.Осы этаптың нәтижелері деректерді анықтау тілінде сақтау сызбасы түрінде құжатталады.

  1. Sql құрылымды сұраныс тілі. Негізгі операциялар

1987 жылы SQL құрылымдық сұраныс тілі маманданған реляциялық ДҚБЖ үшін стандартты тіл болып барлық кең таралған жүйелерге ене бастады. SQL ( Structured Query Language – құрылымдық сұраныстар тілі ) – формальдық бағдарламалық тіл, процедуралық бағдарламалауға жатпайды. Реляциондық деректер қорында мәліметтерді құруға, өзгертуге және оларды басқаруға арналған. Арнайы деректер қорын басқару жүйесі ( ДҚБЖ ) арқылы орындалады. Бұл тілдің кеңейтілуі *.sql .

SQL сұраныс тілінің негізгі операндтары 4-ке бөлінеді:

DDL (Data Definition Language) - мәліметті анықтау операнды.

  • Create (Деректер қоры обьектісін құру,яғни дерек қорының өзін,кестелерді,елестеулерді, пайдаланушыларды және т.б.)

  • Alter (объектті өзгерту )

  • Drop (объектті жою )

DML (Data Manipulation Language) - мәліметтермен манипуляция жасау операнды.

  • Select (берілген шарттарды қанағаттандыратын мәліметтерді оқиды)

  • Insert (жаңа мәліметтерді қосады)

  • Update (бар мәліметтерді өзгертеді)

  • Delete (мәліметтерді жояды)

DCL (Data Control Language) – мәліметтерге қол жетімділікті анықтайтын операнды.

  • Grant (пайдаланушыға обьектпен белгіленген операцияларды орындауға рұқсат береді)

  • Revoke (бұрын берілген мүмкіндіктерді қайтарып алады)

  • Deny (тыйым салады)

TCL (Transaction Control Language) – транзакцияларды басқару операнды.

  • Commit (транзакцияны қабылдайды)

  • Rollback (қазіргі транзакцияда істелінген барлық өзгерістерді қайтарады)

  • Savepoint (транзакцияны кішігірім бөліктерге бөледі)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]