- •«Мән-байланыс» (er-әдісі) әдісімен жобалау.
- •.«Мән-байланыс» моделі. Логикалық және физикалық модельдер.
- •Sql құрылымды сұраныс тілі. Негізгі операциялар
- •Деректер моделі түсінігі
- •Деректер қоры.
- •Деректерді қорғаудың негізгі әдістері.
- •Иерархиялық модель
- •Реляциялық модель
- •Кодд реляциялық алгебрасы
- •Клиент-сервер архитектурасы.
- •Қалыптастыру: бірінші,екінші және үшінші қалыпты формалар.
- •Реляциялық алгебра. Негізгі амалдар.
- •Сақталынатын процедуралар.
- •Транзакция мен шектеулер.
- •Триггерлер.
Иерархиялық модель
Иерархиялық модель- мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар арқылы сипаттауға болады. Қандайда бір программалау тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын есептеу үшін тармақ мәліметтер типі пайдалынылады. Деректер моделі дегеніміз - пәндік саланың объектілерін беру үшін және олардың арасындағы өзара байланыстарды айтамыз. 1968 жылы IBM фирмасының Information Management System (IMS) иерархиялық жүйенің өкілі.ДББЖ иерархиялық моделін түсіну үшін, көз алдыңызға ағашты елестетсеңіз жеткілікті. 1970 жылы бұл модельдер Е.Коддпен ұсынылды.Иерархиялық модельдің артықшылығы:
ЭЕМ жадын тиімді қолдану;
Иерархиялық реттелген ақпаратпен жұмыс істеу ыңғайлылығы;
Жұмыс істеу жеңілдігі ;
Мәліметтермен жұмыс істеуде негізгі операцияларды орындаудың жоғары жылдамдығы.
Иерархиялық модельдің кемшіліктері:
Қиын логикалық қатынаспен жасалған ақпаратпен жұмыс істеу қиындығы;
Қарапайым қолданушы функциясын түсінбейді;
“Көптің көпке” қатынасы орнатылмайды;
Мәліметтер-дің логикалық тәуелділігі;
Ақпараттың артықшылығы.
Иерархиялық структура мына шарттарды қанағаттандыру керек:1)ерархия міндетті түрде тамырдан бастау алады;2)Әрбір түйін бір немесе бірнеше атрибуттардан тұрады;3)Төменгі деңгейде тәуелді түйіндер болады. 1-ші деңгей тамыр.
Реляциялық модель
Реляциялық модель – ол мәліметтерді реляциялар немесе қатынастар деп аталатын екі өлшемді кестелер түрінде беруді ұйымдастырады және ұсынады.(JBM компания қызметкері Эдгар Код ұсынған)Бір кесте бір нысанды, мысалы, сауда фирмасының клиенттерін сипаттайды.Кестенің бағандары мәліметтер қорының өрістеріне сәйкес келеді және атрибуттар деп аталады.Сол арқылы атрибут нысанның жеке қасиетін сипаттайды.Кестенің жолдары жазбаларға сәйкес келеді және кортеж деп аталады.Сонымен, кортеж нысанның бір элементіне арналған атрибуттар мәндерінің жиынтығын, ал қатынас – кортеждердің жиынын сипаттайды. Мәліметтер қорының құрылымын әзірлеу және сипаттау кезінде әрбір кестедегі атрибуттарға атаулар беріледі және олардың типтері анықталады, мысалы, атауы Name, типі CHAR немесе атауы Amount, ал типі REAL. Сонымен қатар INTEGER типі, DATA типі және басқа да типтер болуы мүмкін.Кестеге атау беріледі. Мәліметтер қорының біреуі бірнеше кестеден тұруы мүмкін және қандай да бір құрамдас нысанды сипаттайды.Егер кестенің элементі әлі анықталмаған болса немесе ешқандай мәнге ие болмаса, онда оған Null - мәні меншіктеледі.Мәліметтердің арасындағы логикалық байланыс бастапқы және сыртқы кілттердің көмегімен жүзеге асырылады. Бастапқы кілт деп кестенің әрбір жолын бір мәнді анықтайтын кестедегі атрибуттардың ең аз жиынтығы аталады.Осылайша, бастапқы кілтті құрайтын атрибуттар мәндерінің комбинациясы әр жазба үшін бірегей, қайталанбайтын болып табылады. Сыртқы кілт деп мәндерінің комбинациясы кейбір жазба үшін бастапқы кілттің жиынтығы аталады. Сыртқы кілттер бір мәліметтер қорының кестелеріндегі мәліметтердің арасындағы қажетті байланыстарды қамтамасыз етеді.
