Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7-9_13-15.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
75 Кб
Скачать
☆

1 Аэрациялық цехтың схемасы.

2 Ойылған орынның (проемы) жылулық пердесі.

3 Газдың, мазуттың шығыны.

Газ бен мазуттың шығынын не цехтын іс жүзіндегі мәліметтері бойынша, не үлесті шығын бойынша ірілендірілген көрсеткіштермен есептейді.

Бытыралау аппараттарында, шынықтыру престерінде, итрегіштерде, пеш тосқауылдарының көтергіштерінде және т.б. қолданылатын жоғары қысымды ауа шығының жобалық есебі жүргізіледі.

Сағылған ауа шығынын ірілендірілген нормалар бойынша анықтайды:

Шынықтыру престері және машиналар.......0,4-0,5,

Көтергіштер...................................................0,5-0,7,

Бытырлау аппараттары.................................2-5.

Отынның толқын жанып кетуі үшін қажетті төмен қысымды ауашығынын газды барынша пайдаланып анықтайды.

21-билет

1 Ағымды механикалық желдету.

Желдету қондырғыларының өндiрiстегі негiзгi жұмысы - машиналарды,

механизмдерді және өндiрiстiк бөлмелердi шаңнан тазарту. Астықты қабылдау,орын ауыстыру, тазарту және өңдеу процестері кезінде шаң пайда болады.

Астықты өңдеу кезінде көп мөлшерде жылу мен ылғал бөлінеді, бұл шаңменбірге зеңнiң және микроорганизмдардың пайда болуына әкеліп соғады. Желдетужелiлерiнiң дұрыс жұмыс істемеуі немесе оның болмауынан өнiм желімденіпқалады. Станоктардағы біліктердің бұдыр беттері мен елеуiштердiң тесіктері бітеліп, соның салдарынан өнiмнiң ұнтақталуы нашарлайды, сүзетiн бетi азаяды. Бұл технологиялық процестің дұрыс жүруіне кедергікелтіріп,кәсiпорынның өнiмдiлiгiн азайтады және өнiм сапасын нашарлатады

Желдетудiң жұмысы келесiдей:

1. Сақталатын астықтың үйiндiсiндегi белгілі бір температураны ұстап тұру.

2. Астықты қоспалар мен шаңнан тазарту.

3. Машиналардың беттерi мен жұмыс органдарын, сонымен ұнтақталатын

өнiмдердi суыту.

4. Машиналар, механизмдер, елеуіштердiң iшкi беттерiне ылғалды

конденсациялауды болдырмау.

5. Жұмысшылар мен өндiрiстiк процесс үшiн ауаның оңтайлы параметрлерін құру.

6. Өрттер және жарылыстарды болдырмау үшiн машиналардың сыртқы беттерiншаңнан тазарту. Өнеркәсіптік өндірісті еңбек гигиенасына қатысты дамытудың қазіргізаманғы кезеңінде өндірістік желдеткіштер елеулі рөл атқарады. Оның маңыздылығы өндірістік бөлмелер ауасына қоршаған орта факторлары мен еңбек процесінің адам организміне әсер етуін азайтатын немесе болдырмайтын өлшемдерді тән ететін неғұрлым тиімді іс-шаралардың бірі болып табылатындығымен айқындалады. Шамалары елеулі дәрежеде желдеткіштің тиімділігі және ұтымдылығымен айқындалатын факторлар: зиянды химиялық заттар, өндірістік шаң, ауаның температурасы, ылғалдылығы мен қозғалысының жылдамдығы. Сондай-ақ кәсіпорындардың еңбекті қорғауға бөлетін қаражатының негізгі бөлігі желдеткіш жабдықтарды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатынын атап айтқан жөн. Сонымен бірге, еңбекті қорғау саласындағы практика көрсеткендей, жекелеген жағдайларда желдеткіш жабдықтар дұрыс орнатылмағандықтан немесе дұрыс пайдаланылмағандықтан, оларды сатып алу мен пайдалануға жұмсалатын қаражат өзін өзі ақтамайды.

Кәсіпорын аумағында таза ауаны сақтау - жабдықтарды цехтарды желдетуүшін қолдану және жұмыс орындарында қолайлы жағдай жасау үшін пайдаланудыңнегізгі шарты.

Шығарылатын ауаны қоспалардан тазарту дәрежесінің коэффициентін айқындау (зиянды заттар концентрациясы мен тазартқанға дейінгі,

тазартқаннан кейінгі зиянды заттар концентрациясының процентпен көрсетілген

арақатынасы) ауаны тазарту қондырғыларының жұмыс істеуінің негізгі

техникалық сипаттамалары болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]