- •“Қара жәшік” ішіндегі жұмыс
- •Бүкіл әлемге тарату
- •Оқыту үшін бағалау
- •Оқыту барысындағы жетістік
- •Көптеген мұғалімдер сыныпта оқушыларға білім алуға көмек беретін диалогтерді жоспарламайды және өткізбейді.
- •Жіктеуге негізделген кері байланыс
- •Өзара бағалау және өзін өзі бағалау
- •Жиынтық тестілерді білім беру құралы ретінде пайдалану
- •Пәндердің айырмашылығы
- •Түсініктеме берудің басты міндеті оқушыларды әңгімеге тарту, олардың қандай болжамдары бар екенін біліп, ұсынатын дәйектерінің сапалы болуына көмектесу болып табылады.
- •Уәждеу және өзіндік қадыр-қасиет
- •Баға алған оқушылар бұдан өздерін басқалармен салыстыру амалын көреді; ал тек қана түсініктеме алғандар жақсаруға бағытталған көмекті сезінеді. Соңғысы алғашқысынан асып түседі.
- •Оқу ортасы: Рөлдер мен күтілетін нәтижелер
- •Сіз не істей аласыз?
- •Мектептің саясатын қайта қарау қажет сияқты: үй жұмысының барлық түрлеріне баға қою саясаты маңызды тәсіл – түсініктемелерді пайдалануға кедергі келтіреді.
- •Сілтемелер:
Жиынтық тестілерді білім беру құралы ретінде пайдалану
Өзін өзі бағалау және өзара бағалау тәжірибесін тесті дайындау барысында қолдануға болады. Оны мына мысалдан көреміз:
Оқушылар біз сыныпта талқылаған қайталау тәсілдерінің бірде біреуін қолданған жоқ. Барынша егжей-тегжейлі жауап алу барысында олардың көп уақытын материалдарды жай ғана қайталауға жұмсайтындары анықталды. Олар өз жұмыстарын қайта-қайта оқиды, бірақ өз жұмысын талдап, шолумен айналыспайды. Үй жұмысын істеу кезінде біз сыныпта қолданған белсенді оқыту стратегияларын қолданбады. – Том, Riverside мектебі.
Бұл жағдайды түзету үшін оқушылардан тестілерге енгізілген негізгі сөздер мен тақырыптарды «бағдаршам» түстерімен бағалау сұралады. Бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды қандай тақырып қиындық тудырмайтындығы туралы ойлануға итермелеу болып табылады. Ол тақырыптар жасыл түспен бағаланады, ал барынша назар аударуды талап ететін тақырыпқа сары немесе қызыл түс қойылады. Бұл «бағдаршам» белгілері қайталауды жоспарлау үшін негіз болады. Оқушыларға өткен тестілерден алынған, «қызыл» түспен бағаланған тақырыпқа жататын сұрақтарды бағалау ұсынылуы мүмкін. Осыдан кейін балалар бұл сұрақтарға жауап бере алатындығына көз жеткізу үшін оқулықтармен немесе топтағы құрбы-құрдастарымен бірлесіп жұмыс істейді.
Тестілер қалыптастырушы бағалауға негіз бола алады. Егер алдымен оқушылардан балдарды есептеу ережесін жасау талап етілген жағдайда, құрбы-құрдастарының тестілерді бағалауы пайдалы бола алады, себебі бұл тапсырма оқушылардан олардың білімінің сапасының критерийлеріне назар аудартады. Құрбы-құрдастары баға бергеннен кейін, мұғалім қалған уақытты сыныпта қиындық тудырған сұрақтарды талқылауға жұмсай алады.
Зерттеу барысында біз анықтаған тағы бір жаңалық – емтиханға дайындалғанда алдымен өз сұрақтарын құрып, содан кейін ол сұрақтарға жауап беріп дайындалған оқушылар дәстүрлі тәсілмен дайындалған оқушылардан асып түскен8. Тестілік сұрақтарды дайындау оқушыларға тақырып бойынша түсінік қалыптастыруға көмектеседі.
Оқушыларға тест үшін жақсы сұрақ құруға не көмектеседі деген сұрақ төңірегінде ойлану керек, ол үшін олар тақырыпты толық түсінулері керек. Оның үстіне, ынталандыру түрінде жақсы сұрақтар сыныпқа арналған тестінің құрамына енгізілді. Осылайша, оқушылар жұмыстарының бағаланатындығын көреді, ал мен олардың бұл саладағы жетістіктерін көремін. Тестіні талқылау барысында белгілі бір тақырыптың проблемалық мәселелеріне назар аудара отырып, топтық және жұптық жұмысты пайдаланған дұрыс. – Энжела, Cornbury Estate мектебі.
Осы сияқты жетістіктерге сүйеніп күтілетін нәтижелерді өзгертуге болады. Кейбіреулердің пайымдаулары бойынша, қалыптастырушы және жиынтық бағалау өздерінің мақсаттары бойынша мүлде әртүрлі, сондықтан оларды бір-бірінен ажырату керек. Онысымен қоймай, өз тәжірибесінен алынған күрделі жиынтық тестінің оқуға кері әсер еткенінің мысалын келтіріп, жағдайды одан сайын ушықтыра түседі. Қалай болған күнде де, мұғалімдер мен оқушылар бұларды ажыратып отырады дегенге сену қиын, сондықтан олардың арасында оңтайлы өзара ықпалға қол жеткізуге ұмтылған дұрыс. Біз сипаттаған барлық тәсілдер мұғалім баға қойылуын бақылайтын тестілерде пайдалануы мүмкін. Алайда, мұғалім шамалы бақылайтын немесе мүлде бақыламайтын тестілерде олардың пайдалануы шектелуі мүмкін.
Жалпы алғанда, қалыптастырушы мақсаттарға арналған жиынтық тестілерді пайдалана отырып, сынып жұмысын жақсартудың негізгі мүмкіндіктері:
Оқушыларға өз жұмыстарын қайта қарастыруды тиімді жоспарлауға мүмкіндік беру үшін оқушылар жасаған жұмыстарының рефлексивтік шолуына қатысулары тиіс;
Өздеріне бағалау үдерісін түсінуге көмектесу үшін және алдағы уақытта күш-жігерін қай саланы жақсартуға жұмсау керектігін түсіну үшін оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге тиіс;
Оқушылар өздерінің жұмыстарын қалай жақсартуға болатындығын түсіну үшін өзара және өзін өзі бағалау критерийлерін қолдануға тиіс. Бұл сыныпта оқушыларға емтихан сұрақтарын пысықтауға мүмкіндік беруді қамтуы да мүмкін.
Бұл жердегі көзделген мақсат - жиынтық тестілер оқу үдерісінің жағымды бөлігі болуы тиіс. Тестілерді дайындау үдерісіне белсенді тартылу арқылы оқушылар тестілеудің құрбаны болудың орнына, оның пайдасын көруге мүмкіндік алады, себебі тестілер оқытуды жақсартуға көмектесе алады.
ОЙЛАР: БІРНЕШЕ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР
Оқыту үшін бағалауды жақсартудың арқасында орын алған өзгерістер бізді және жобаға қатысушы мұғалімдерді оқыту мен оқу міндеттері туралы терең ойлануға түрткі болды.
Оқыту теориясы
Кәсіби біліктілікті арттыру курсының бірінші жартысында бір қызық жағдай орын алды – оған қатысқан мұғалімдер оқыту психологиясы бойынша семинар өткізуді өтінді. Өткенге шолу жасайтын болсақ, мұндай өтініштің болатынын күтуіміз керек екенін көреміз. Ақыр соңында, оқушыға қайтарылған ақпарат оның білімін жақсарту үшін пайдаланылған жағдайда ғана мұғалім пікірінің қалыптастырушы функциясы болатындығы атап өтілді. Ал әзірше біреулер мұғалімнің пікірі күтілген нәтижеге жеткендігін зерттеп жатса, екіншілері оқушыларға пікір айту үшін мұғалімдерге не қажет екенін зерттеуде, ал ол пікірдің пайдалылығына олар сенімді. Бұл үшін оларға оқушылар қалай оқитындығының моделін құру керек.
Сондықтан оқушылардың жауаптары шын мәнісінде оқыту үдерісіне көмектесетіндігіне көзі жеткенде мұғалімдер тапсырмаларды, сұрақтарды және басқа да жаттығуларды таңдауға мұқият қарайтын болды. Бұл әрекеттер оқушылар бұл тапсырмалардан өздеріне қандай пайда алады деген ойға итермелеуі мүмкін. Осылайша, оқушыларға жаңа және айтарлықтай маңызды идеяларды қосу үшін өздерінің білімдерін қайта құруға көмектесу тәсілдерін іздестіру тиімді оқудың негізі болып табылады. ПМОҚБЖ жобасының сыныптарында мұғалімдер оқушылардың жауаптарына мұқият назар аудара бастаған кезде, оқушылар оқу – білімді енжар түрде алу үдерісі емес, оқушылардың білімді өз бетінше түсінуге белсенді қатысу үдерісі екендігін барынша түсіне бастады. Басқаша айтар болсақ, тестіден жақсы баға алуға қаншалықты күш-жігер жұмсалғанына қарамастан, оқуды оқушы өзі ғана құра алады.
Мысалдардың көмегімен оқушылар қандай жұмыс жақсы екендігін түсіне бастайды. Кей кездері белгілі бір мысалдың төңірегінде бүкіл сыныппен нысаналы әңгімелесу кезінде; кей кездері құрбы-құрдастарының жұмыстарын өзара бағалау үшін белгілі бір критерийлерді қолдану арқылы қол жеткізіледі.
Құрбы-құрдастарын бағалауға және өзін өзі бағалауға тартылуы – жай ғана қателерді түзету немесе біліміндегі ақауларды толтыруға қарағанда анағұрлым күрделі. Ол әдетте көзге көрінбейтін нәрсені тануды қамтиды, сондықтан да оқушылардың оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Бір оқушы былай деп жазыпты:
Зерттеулерімді құрбы-құрдастарым бағалағаннан кейін, маған өз қателерімді мойындау оңай. Зерттеуді орындау нәтижесінде жалғыз мен ғана білім алып қоймай, оны бағалаған оқушы да білім алады деп сенемін. Келесі жолы маған заттарды барынша анық түсіндіруіме тура келеді, себебі олар «Мұны түсіну қиын...» деп жатыр. Қазір түсінікті болуы үшін мен өзімнің есебімді тағы да түсіндіремін.
Жоба барысында оқушылар да олар білім алған не алмаған кездерін терең сезіне бастады. Кейіннен оқыту үшін бағалау жобасына қатыспаған мұғалім сабақ берген бір сыныптың оқушылары: «Тыңдаңызшы, біз сізге айттық қой, біз мұны түсінбейміз. Сіз неге келесі тақырыпқа көшесіз?» деп шағымданып, мұғалімді таңқалдырды. Оқуда еш қиындығы жоқ оқушылар мұғалімдер үшін қиындық тудырып жатқанда, бізге шешуге тура келетін қиындықтар дәл осылар болар деп үміттенеміз.
