- •“Қара жәшік” ішіндегі жұмыс
- •Бүкіл әлемге тарату
- •Оқыту үшін бағалау
- •Оқыту барысындағы жетістік
- •Көптеген мұғалімдер сыныпта оқушыларға білім алуға көмек беретін диалогтерді жоспарламайды және өткізбейді.
- •Жіктеуге негізделген кері байланыс
- •Өзара бағалау және өзін өзі бағалау
- •Жиынтық тестілерді білім беру құралы ретінде пайдалану
- •Пәндердің айырмашылығы
- •Түсініктеме берудің басты міндеті оқушыларды әңгімеге тарту, олардың қандай болжамдары бар екенін біліп, ұсынатын дәйектерінің сапалы болуына көмектесу болып табылады.
- •Уәждеу және өзіндік қадыр-қасиет
- •Баға алған оқушылар бұдан өздерін басқалармен салыстыру амалын көреді; ал тек қана түсініктеме алғандар жақсаруға бағытталған көмекті сезінеді. Соңғысы алғашқысынан асып түседі.
- •Оқу ортасы: Рөлдер мен күтілетін нәтижелер
- •Сіз не істей аласыз?
- •Мектептің саясатын қайта қарау қажет сияқты: үй жұмысының барлық түрлеріне баға қою саясаты маңызды тәсіл – түсініктемелерді пайдалануға кедергі келтіреді.
- •Сілтемелер:
Пәндердің айырмашылығы
Зерттеулер туралы естіп, әріптестерімен пікір алмасқан соң, мұғалімдер негізгі дағдылар тізімін жасады. Олар ойлану үшін жеткілікті уақыт берілетін сұрақтарды жоспарлап, ойлануға мәжбүрлеуге бағытталған түсініктемелер ұсынды. Олар оқушыларға өзінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын бағалау үшін жеткілікті уақыт беруге тырысты.
Алайда белгілі бір уақыт өткеннен кейін, бұл негізгі талаптар белгілі бір дәрежеге дейін ғана әкелетіні түсінікті болды. Жақсы сұрақты таңдау үшін пәнді жан-жақты білу қажет, бұл үшін пәнді терең меңгерген жағдайда ғана алуға болатын білім міндетті емес. Пән бойынша жоғары деңгейлі дайындыққа қарағанда, пәннің фундаменталды қағидаттарын толық түсіну, оқушыларға ұшырасуы мүмкін проблемалық мәселелерді түсіну және өнімді ойлауды ынталандыратын сұрақтарды құрудағы шығармашылық қабілет анағұрлым маңызды9. Сонымен қатар, мұндай педагогикалық білім оқушылардың жауаптарын түсінуде маңызды болып табылады. Яғни, оқушылардың айтқандары олардың ойын білудің кілті болуы мүмкін, дегенмен мұндай кілтті түсіну пәнді оқыту үдерісінде туындауы мүмкін жалпы қиындықтар туралы толық білуді талап етеді. Сондықтан, қалыптастырушы бағалаудың жалпы қағидаттары барлық пәндерде қолданылғанымен, олар әр пәнде әртүрлі тәсілдер арқылы көрініс беруі мүмкін. Математика, жаратылыстану және тіл пәндерінің мұғалімдерін салыстыру барысында, біз осындай айырмашылықтарды көрдік.
Математика пәнінде оқушылар алгоритмдерді қолдануға және оларды қолдайтын ұғымдар туралы түсінік қалыптастыруға үйренеді. Оқушылар белгілі бір жағдайда ғана қолданылатын стратегияларды өткен кезде олардың тағы басқа жерлерде қолданылмайтынын түсінбеуі қиындық тудыруы мүмкін. Осы стратегияларды талқылап, оқушылар бұл стратегияларға қатысты өз түсінігін өзгерту қажеттігін түсінетіндей етіп бұл проблеманы тереңірек зерделеу үшін жауап алуды қолдануға болады. Мұндай оқудың әдетте анық көрінетін дұрыс нәтижесі болады. Ашық тапсырмаларда, сондай-ақ күнделікті тапсырмаларды шешу үшін математикалық тәсілдерді қолдану кезінде дұрыс шешімдердің бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Бұл жағдайда сапа критерийлерін түсіну қиындау тиіп, ол нақты мысалдар мен абстрактілі критерийлерді бірлесіп талқылауды қажет етуі мүмкін.
Жаратылыстану пәндерінде жағдай осыған ұқсас. Табиғатта ғылым «дұрыс» түсініктеме беретін көптеген құбылыстар болып жатады. Алайда, көптеген оқушылар мектептен тыс та түрлі білім алады. Мысалы, кейбір оқушылар жануарлар қозғалатындықтан олар тірі, ал ағаштар және өсімдіктер тірі емес, себебі олар қозғалмайды деп ойлауы мүмкін. Немесе оқушылар айда ауа болмағандықтан, ғарышкерлер онда салмақсыз болады деп есептеуі мүмкін. Осындай «қарама-қарсы ұғымдардың» көбін алдын ала болжауға болады, себебі олар жақсы құжатталған. Сонымен бірге жалғыз «дұрыс» көзқарас бар деп тұжырымдау тиімсіз екені анықталды. Бұндай жағдайда осы идеялар төңірегінде әңгіме бастап, ал содан кейін ғылым әлемінен алынған жаңа фактілер мен дәйектерді енгізе отырып, оның көзқарасын жоққа шығаратын түсініктеме ұсыну қажет.
Нәтижесін болжауға болмайтын басқа да аспектілер бар. Айталық, математика пәнінде ашық тапсырмалар қалыптастырушы бағалаудың түрлі тәсілдерінің қолданылуын көздейді. Ал ғылыми жетістіктердің әлеуметтік және этникалық салдарларына қатысты сұрақтар әлі ашық күйінде қалуда. Сондықтан, оны шешудің фундаменталды тәсілін қолдану үшін мұндай жұмыс барынша «ашық» болуы тиіс. Түсініктеме берудің басты міндеті оқушыларды әңгімеге тарту, олардың қандай болжамдары бар екенін біліп, ұсынатын дәйектерінің сапалы болуына көмектесу болып табылады.
Тіл сабағындағы өзара бағалау мен өзін өзі бағалаудың өзіндік тарихы бар. Пәннің мазмұны болсын, көптеген тапсырмалардың нәтижелері болсын бұл тәсілдерді пәннің жалпы мақсаты – оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын күшейтуге қатысты басты орынға шығарып, бірінші кезекке қояды.
