- •2.Дәрілік өсімдіктердің қолдану тәсілдерін көрсетіңіз. Дәрілік өсімдіктер
- •4.Дала зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •5.Орман зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
- •6.Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің сипаттамасын сүреттеңіз.
- •7.Дәрілік өсімдіктерді қолдану тәсілдері.
- •8.Құрамында алколойдтары бар дәрілік өсімдіктердің маңыздылығын түсіндіріңіз.
- •9.Балды өсімдіктер және олардың ара шаруашылықтағы маңызын топтастырыңыз.
- •10.Ара шаруашылығының маңызы. Тозаңдану, нектар және прополис туралы түсініктеме беріңіз.
- •13.Популяциялардың кеңістіктегі құрылымын кездейсоқ, мозайкалық,ауыспалы,циклды көрсетіңіз.
- •12.Тірі ағзаларға абиотикалық факторлардың әсер ету деңгейлерін даралық,түрлік, популяциялық,экожүйелік көрсетіңіз.
- •14.Жеміс-жидекті дақылдарының негізгі топтары және өкілдерін көрсетіңіз.
- •1. Шекілдеуік жемісті дақылдары
- •2. Сүйекті жеміс дақылдары
- •3. Жаңғақты жеміс дақылдары
- •4. Субтропикті жеміс дақылдары
- •5.Тропикті жемісті дақылдар
- •6. Жидекті дақылдар
- •15.Топырақ профиліндегі микроорганизмдердің бөлінуі және олардың биологиялық айналымдағы маңызы.
- •17.Пайдалы өсімдіктер классификациясын тұжырымдаңыз.
- •1 Өндірістік өсімдіктер ресурсы
- •2 Ауыл шаруашылық өсімдіктер ресурсы
- •3 Көгалдандыру, астық және фитомелиоративтік ресурстар
- •18.Ботаникалық ресурстанудың зерттеу тәсілдерін жазыңыз. Өсімдіктер әлемі биоресурстарын зерттеу әдістерінің ерекшеліктері
- •20. Қазақстан шикізаттық өсімдіктерін зерттеудің негізгі кезеңдерін сипаттаңыз.
- •21. Жұптұяқтылардың негізгі топтары және шикізаттық маңызын тұжырымдаңыз. VI. Жұптұяқтылар отряды.
- •1) Қуысмүйізділер тұқымдасы (полорогие) (Bovidae, Gray, 1821).
- •2) Құдырлар тұқымдасы (кобырчовые) – Moschidae Grаy, 1821.
- •3) Жабайы шошқалар (қабандар) тұқымдасы (свиньи) – Suidae Gray, 1821.
5.Орман зонасының биоресурстарының таралу заңдылықтарын түсіндіріңіз.
Ормандар массиві, негізінен, Алтай Тянь-Шань тауларында және кейбір жеке массивтер Солтүстік Қазақстандағы жазықтықта және ұсақ шоқыларда таралған.
Қазақстандағы ормандардың жалпы ауданы - 24568,2 мың гектар. Орманмен толық жабылған территория - 10503,6 мың гектар. Орманмен нақты жабылған жерлер құрамында: сексеуіл (Haloxylon-саксаул) - 5 млн гектар, қарағай (Pimis-сосна) - 963 мың гектар, қайың (betula-береза) - 900 мың гектар, самырсын (Abies-пихта) - 384 мың гектар, көктерек (Populus tremula-осина) - 296,8 мын гектар, балқарағай (лиственница) - 175 мың гектар, шыршалар (Рісеа-ель) - 168,2 мың гектар, Сібір қарағайы (Picea sibirica - Сосна-кедровая) - 43,3 мың гектар. Ормандардың 13337,4 мын гектары ұзақ уақыт пайдалануға берілген.
Орманды дала аймағының ормандарын түзушілер, негізінен, қотыр қайың (Betula pendula Roth, - береза бородавчатая), үлкен қайың (Betula pubescens Ehrh. - береза пушистая), көктерек (Populus tremula L. - осина), тал (Salix - ива) аралас. Дала аймағының ормандары жер рельефінің сай жерлерінде - қайың және көктерек, ал құмды-борлы (песчана-боровая) алқаптарда кәдімгі қарағай (Pinns silvestris L. - сосна обыкновенная) өседі.
Шөл аймағының ормандарын құрайтын - негізінен қара сексеуіл {Haloxylon appyllum - саксаул безлистный) және ақ сексеуіл (Haloxylon persicum Bunqe et Boiss. et Buhse - саксаул персидский). Ол сексеуілдерден құралған ормандар ауданы 10 млн гектардан 5 млн гектарға дейін азайды.Тораңғыдан (түрлі жапырақты терек, тораңғыл (Populus diversifolia - тополь разнолистный)), тораңғылдан (Populus pruinosa - тополь сизолистый), (Populus taktssica кот- Таласс терегі) жидеден (Elaeagnus angustifolia) құралған тоғайлы ормандар өзендер бойында тар алқапта өседі. Олардың едәуір массивтері деградацияға ұшыраған (нашарлаған).
Қазақстан тауларындағы ормандарға келетін болсақ, Алтай, Солтүстік Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы ормандары едәуір биологиялық алуантүрлілікпен сипатталады. Алтай тауының төменгі алқаптарында жапырақты ормандар (Betula - қайың, Populus tremulu L. - көктерек (осина)) өседі. Сібір самырсыны (Abies sibirica Ledeb - пихта сибирская) молырақ таралған. Жеке учаскелерде самырсын қарағайы (Pinus sibirica Dutour - сосна кедровая), Сібір балқарағайы (Larix sibirica Ledeb - лиственница сибирская) араларында өседі, аз да болса Сібір шыршасы да (Picea obovata Lеdeb - Ель сибирская) кездеседі.Солтүстік Тянь-Шань және Жоңғар Алатауындағы ормандарда биологиялық алуантүрлілігімен ерекшеленеді. Бұл таулардың төменгі белдеулерінде Семенов үйеңкісінің (Acer Semenovi Regel et Herd - клен Семенова) фрагменттерін көруге болады. Жоғарырақ Сиверс алмасы (Mains sieversii (Ledeb) М. Roem - яблоня Сиверса), Жоңғар доланасы (Crataegus songorica С. Koch - боярышник кровавокрасный) және көктерек (Populus tremula L - осина) өседі.
Таулардың ортаңғы белдеулерінде Шренка шыршасы (Рісеае schrenkiana Fisch. et С.А. Меу. - ель шренка), ормандар және шалғындықтар жоғарырақ аршаларға (қара арша – Juniperus pseudosabina - Сібір аршасы, J. Sibirica) және Альпі шалғындықтарына ауысады.
Деградация барысында ормандардың шекаралары өзгеріп ауысады.
Батыс Тянь-Шаньның ормандарында Түркістан аршасы (Juniperus Turtectanica - можжевельник туркестанский), сауыр аршасы (Juniperus semig - lobosa Regel - можжевельник полушаровидный), Зеравшан аршасы (J Seravschanica Кот - можжевельник зеравшанский) кеңінен таралған.
Бұл, регионның Солтүстік жағында Оңтүстікпен салыстырғанда жағдай нашар. Соған байланысты Солтүстік жағында жылу сүйгіш түрлер (жанғақ - Juglans - орех, бадан - Amygdalus - миндаль) және т.б. кездеспейді. Жаңғақ (Juglans), терек (Populus) және қайың (Betula) ормандары деградацияға ұшырап нашарлаған.
Қазақстандағы шалғындықтар ауданы шамамен 6 млн гектар дай. Өнімді суарма шабындық - 2,2 млн гектар, оның ішінде су жайылған жерлер мөлшері - 1,3 млн гектар. Жер астындағы су деңгейінің төмендеуі, топырақтың кебуі және сортаңдануы шабындық өсімдіктерінің деградациясының (агроботаникалық құрамының нашарлауы) өсімдіктің азаюына, пішен шабатын алқаптың жайылымдыққа ауысуына және биологиялық алуантүрліліктің әлсіреуіне әкеледі.
Шабындықтардың ерекше өзгерістерін Іле, Сырдария, Шу өзендерінің төменгі алқаптарында және жайылмаларында көруге болады. Бұл жерлерде жоғары өнімді қамыстар деградацияға ұшырады.
Өзен суларының тартылуына байланысты көп жерлерде шабындықтар деградацияға ұшырап жойылуда.
