Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
at_050713_el4303_pptb_umkdp_kabikenov_kaz_akr.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3 Дәрістердің қысқаша жазбасы

1-тақырып. Кіріспе. АКК ПТБ және технологиялық жобалаудың мәні. Пәннің мақсаты мен мін-деттері. Басқа курстармен байланысы. Негізгі даму бағыттары және болашығы. (2/2 сағ.)

Дәріс жоспары:

1. Пәннің мақсаты мен міндеттері.

2. Басқа курстармен байланыс

3. Негізгі даму бағыттары мен келешегі.

4. Өндіріс саласы ретіндегі көліктің өзіне тән ерекшеліктері

Дәрістің қысқаша мазмұны

Қазақстанда ав­томобиль көлігі жалпы көлік жүйесінде ерекше орын алады. Оның үлесіне біздің мемлекетімізде барлық көлік түрлерімен тасымалданатын тоннамен алғанда бүкіл жүктің 80 дейін келеді. Қазақстанның халық шаруашылығында автомобиль көлігінің үлкен ролі мен мәні тасымалдау процесімен сияқты сонымен бірге ТҚК мен жылжымалы құрамның жөнделуімен байланысты үлкен еңбек және материалдық шығындарға негізделеді. Автомобиль көлігінде көлік жұмыс істейтіндердің 60% астамы немесе шамамен 9 млн. адам жұмыс істейді. Мұнда халық шаруашылығының бүкіл көлік шығындарының 60 % жуығын осы көлік түрі құрайды.

Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, тасымалдау барысында оның сенімділігін қамтамасыз ету үшін ТҚК, автомобильдердің жөнделуі мен оларды қажет пайдалану материалдарымен жабдықтау үшін арналған арнайыландырылған кәсіпорындарды құру қажеттігі туады. Мұндай кәсіпорындардың жиынтығы автомобиль көлігінің негізгі қорын түзіп, оларды тиімді қолдану әрбір автомобиль көлігі кәсіпорынының (АКК) негізгі міндеті болып табылады.

Осылайша, АКК жылжымалы құрамды техникалық дұрыс қалпында ұстап, оның жоғары өнімділігін қамтамасыз етуде негізгі өндірістік база болып табылады. Автомобиль көлігі кәсіпорнының басты мақсаты халық шаруашылығының қажеттіліктерін толық, сапалы және өз уақытында қанағаттандыру мен еңбек ресурстары мен материалдық шығындардың аз жұмсалып тасымалдаумен қамтамасыз етуінде болып табылады.

Бұл міндеттің шешілуі жалпы қолданыстағы автомобиль көлігінің басым дамуын, жүк пен жолаушылар айналымын арттыруды, материалдық-техникалық базаның нығаюын, ірі автокөлік кәсіпорындарында көлік құралдарының концентрациясын, техникалық қызмет көрсетудің және жылжымалы құрамның жөнделуін жақсартуды талап етеді.

Мемлекеттің халық шаруашылығында автомобильдік тасымалдау көлемінің біршама өсуі оның басқа түрлерімен салыстырғанда автомобиль көлігі дамуының қарқынын алдын ала анықтайды. Мұнда автомобиль көлігінің ішінен аса еңбек сыйымды және қаржы сыйымды болып табылады, ал халық шаруашылығының автомобиль көлігі бойынша қарыздары бәрін қоса алғандағы бүкіл көлік түрлерінен асып түседі. Жылжымалы құрамның техникалық дұрыс күйінде ұстаудың еңбек және материалдық шығындары оны дайындауға жұмсалатын шығыннан бірнеше есеге асады.

Жаңасын салу, жұмыс істеп тұрған автомобиль көлігі кәсіпорындарын кеңейту, қайта салу мен техникалық қайта салу ғылыми-техникалық және әлеуметтік прогрестің қазіргі заманғы талаптарына сай болуы керек.

АКК мен ТҚС жобалау негізінде кәсіпорынды технологиялық жобалау кезінде әзірленетін, АЖ мен ТҚК өндірісін ұйымдастыру мен технологиялары бойынша жоба шешімдері жатыр.

Мұнда кәсіпорынды технологиялық жобалау кезінде мыналардан тұратын процесс деп түсінеді:

  • өндірістік бағдарламаны есептеу үшін бастапқы деректерді таңдау және негіздемесі;

  • бағдарламаны, өндіріс көлемі мен өндірістік қызметкерлер санын есептеу;

  • ТҚК мен АЖ ұйымдастыру әдістерін таңдау және негіздемесі;

  • жылжымалы құрамның АЖ станциялары мен ТҚК үшін станциялар санын есептеу;

  • өндірістік процестерді механикаландыру деңгейін есептеу және технологиялық жабдықтарға деген қажеттілікті анықтау;

  • өндірістік, қойма және қосалқы үймереттердің ауданын есептеу;

  • жалпы кәсіпорынның және учаскелердің, зоналардың көлемдік-жоспарлау шешімдерін таңдау, негіздемесі мен оны әзірлеу;

  • күрделі жоспарды әзірлеу;

  • әзірленген технологиялық жобалау шешімін техника-экономикалық бағалау.

Жобаның басқа бөліктерін әзірлеу үшін технологиялық жобалау нәтижелері негіздеме болады да, көбінесе жалпы жобаның сапасын анықтайды.

Жүктер мен жолаушылар тасымалдарының көлемі бойынша автомобиль көлігі ҚР бірыңғай көлік жүйесінде бірінші орын алады. Автомобиль көлігі еліміздің өндірістік кешенінің жұмысында маңызды роль атқарады. Автомо-бильдердің маневрлігінің арқасында жүктерді тікелей жөнелтуші қоймасынан қабылдаушы қоймасына дейін көліктің бір түрінен екіншіге асқын жүктерсіз өткізуге мүмкін болады. Жетілдірілген жолдардағы қозғалыстың жоғары жыл-дамдықтары жолаушыларды да, жүктерді де ақырғы пунктке дейін айтарлықтай жылдам жеткізу мүмкіндік береді. Автомобиль тасымалдарының артықшылық-тары үлкен тасымалдау қабілеті, жүктер мен жолаушыларды жеткізу жылдам-дығы, әуе, су және темір жол көлігімен салыстырғанда қысқа ара қашықтықтарға тасымалдардың аз өзіндік құны болып табылады.

Көліктің негізгі тағайындалуы — ҚР халық шаруашылығының және халқы-ның тасымалдардағы қажеттіліктерін дер кезінде, сапалы және толық қанағат-тандыру.

Автомобиль көлігі аса ұтқыр және жан-жақты коммуникация құралы болып табылады және ҚР көлік кешенінде маңызды орын алады. Оның үлесіне барлық жүк тасымалдарының 80 %-дан артығы және жолаушылар тасымалдарының 80 %-ға жуығы келеді. Қазіргі уақытта ҚР автомобиль паркі жаңа конструкциялы автокөлік құралдарымен толықтырылады, жылжымалы құрамның құрылымы жетілдірілуде, шетелдік өндірістің көлік құралдарының еліміздің автомобиль паркіндегі үлесі ұлғаюда.

Алайда автокөлік құралдарын тиімді тасымалдау процесін қамтамасыз ететін, техникалық жарамды күйде ұстауға сала үлкен ресурстық шығындар жұмсайды. Сонымен, автомобильдер конструкциясының күрделенуі, тәртіп бойынша, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша жұмыстардың ұлғаюына, жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз етуге шығындардың өсуіне әкеледі.

Еліміздің жолдарында пайдаланылатын автомобильдер санының ұлғаюы қоршаған ортаның пайдаланылған газдармен ластануына, ал пайдаланылған газдар улылығының төмендеуі қоректендіру және тұтандыру жүйесінің жарам-дылығымен және техникалық қызмет көрсету технологиясының, осы жүйелердің күйін анықтау құралдары мен әдістерінің деңгейімен қамтамасыз етіледі.

Автомобильдерді пайдалану процесінде отын, энергетика және шикізат ресурстарын үнемдеу олардың техникалық күйіне, автомобильдерге техникалық қызмет көрсетудің және ағымдағы жөндеудің технологиялық процестерін ұйымдастыру деңгейіне, автокөлік кәсіпорындарында қосалқы бөлшектермен және материалдармен жабдықтау сапасына елеулі тәуелді болады.

Автомобильдің пайдаланылуының барлық кезеңі бойында оның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, оның техникалық күйін техникалық әрекеттер кешенімен қолдау қажет, оларды тағайындалуы мен сипатына байланысты екі топқа бөлуге болады:

автомобиль агрегаттарын, механизмдері мен тораптарын пайдаланудың аса үлкен кезеңі бойында жұмысқа қабілетті күйде ұстауға бағытталған әрекеттер;

автомобиль агрегаттарының, механизмдері мен тораптарының жоғалған жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған әрекеттер.

Бірінші топ шараларының кешені техник­алық қызмет көрсету жүйесін құрайды және алдын алу сипатында, ал екіншісі қалпына келтіру (жөндеу) жүйесінде бар болады.

2-тақырып.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]