- •1.1 Я.А.Коменскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі
- •1.2 Я.А.Коменскийдің көзқарастарының қалыптасуы және кейбір педагогикалық принциптері
- •2.1 Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы мен қағидалары
- •6 Жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
- •2.2 Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
- •Қорытынды
2.2 Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
Педагогика тарихында Коменский - белгілі, аты әлемге танымал ірі тұлғалардың бірі. Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы іліміне сүйене отырып, демократиялық сипаттағы және бұқара халықтың ағарту ісіне ұмтылыс бейнелейтін педагогикалық жүйені жасады. Коменкий жалпыға бірдей оқыту, бірыңғай мектеп жүйесі, ана тіліндегі мектеп, жеңіл де түсінікті оқыту үшін күресті. Балаларды ерте жас кезінен бастап, мүмкіншілігі келетін еңбекке баулу қажеттігін атап көрсетті.
Я.А.Коменский - өте күрделі, қарама-қайшылықты тұлға. Ол тәрбиенің мақсаттары, оқытудың мазмұны туралы мәселелерде ортағасырлық діни көзқарасқа бет бұрды. Бірақ оның жүйесі тұтас алғанда прогрессивтік сипатқа ие. Негізгі педагогикалық мәселелерді алдыңғы қатарлы, ал кейін тіпті өз дәуірінің материалисттік теориясының және мектебінің озық тәжірибесі рухында шеше білді.
Я.А.Коменский дидактика саласында алғашқы жаңашыл педагог-гуманист ретінде көптеген құнды прогрессивті дидактикалық идеяларды, қағидаларды және оқу жұмысын ұйымдастырудың ережелерін ұсынды (оқу жылы, каникулдар, оқу жылын оқу тоқсандарына бөлу, күзде бір езгілде балаларды мектепке қабылдау, сынып-сабақ жүйесі, оқушылардың білімін ескеру, оқу күнінің ұзақтығы т.б.).
Белгілі дидактик ретінде Коменский оқытудың өміршеңдігі, реализмі қағидасын ұсынды, гуманизм және табиғатқа сәйкестік талаптарынан туындай отырып, балалардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеруді, көрнекілікті қолданудың негізінде таным қабілеттерін дамытуды талап етті, оқытудағы қызығу, зейін, есте сақтау мәселелерін талдады және оқытудың негізгі қағидаларын және ерекшеліктерін айқындап берді. Ол алғаш рет сабақ теориясын терең талдап берді.
Я.А.Коменский бүкіл дүние жүзінде педагогикалық ой-пікір мен мектептің дамуына орасан зор әсер етті. Оны жаңашыл педагог, дидактиканың ғылыми негізін салушы ретінде көптеген батыс елдері өздерінің мектеп ісін ұйымдастыруға және жаңартуға шақырып, тәжірибе алмасты.
Оның оқулықтары көптеген шет тілдерге аударылды, оның ішінде ХҮІІғ. және ХҮІІІғ. Ресейде аударылды. Бұл оқулықтар алғашқы оқытудың 150 жылдан астам уақыт ең сапалы оқулықтар ретінде басқа прогрессивті педагогтардың оқулықтар жасауы үшін үлгі болып табылды.
Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский ХІХғ. 60 жылдарында былай деп жазды: "Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, балалар туралы ғылым педагогиканың бастауын біз Коменскийдің "Дүниені суреттер арқылы бейнелеу" еңбегі деп есептейміз".[2]
Коменский оқытуда "табиғатты танып білу ұстанымын" алға тартты. Бұл ұстанымға сәйкес, "оқытуды баланың сыртқы дүниесіне және табиғатына сай іске асыру керек".[7]
Оның басты шығармалары:
1. "Ұлы дидактика" (1632 ж.)
2. "Тілдерге ашық есік" (1631 ж.)
3. "Суреттердегі көзге көрінетін әлем"
"Ұлы дидактика" - іс жүзінде педагогиканың ары қарай ғылым ретінде дамуының негіздерін салған педагогикалық ойдың тамаша шығармасы.
Дидактиканың баяндалуының алдында жекелеген тараулардың тақырыптары берілген. Олар - зерттеу тақырыбын көріп білуді және оның тәсілдерін айқындайтын тезистер іспетті.
Ұстаз оларды дәл солай: "Тараулардың мазмұнында дамытылатын ережелер" деп атаған.
Бұл сонда қандай ержелер болды?
І. Адам - ең жоғарға, ең жетілген және ең тамаша туынды.
ІІ. Адамның түпкілікті мақсаты осы өмірдің шектерінен тыс жатыр.
ІІІ. Бұл өмір - мәңгілік өмірге дайындық қана.
ІҮ. Мәңгілікке дайындықтың үш сатысы бар: өзін танып білу; өз-өзін басқару; Құдайға ұмтылу.
Ү. Білімнің ұрықтары, ізгіліктер мен дінге құлықтылық бойымызға табиғатан енген.
ҮІ. Адам болуға тиіс адамның білім алуы керек.
ҮІІ. Адам ең көп пайдалы білімді ерте жасында алады. Осындай білім алу, шын мәнінде, осындай жаста ғана мүмкін болады.
ҮІІІ. Жастық шақ білімді бірлесе алуға тиіс, ол үшін мектептер керек.
ІХ. Мектепке барша жастар: жігіттер де, қыздар да тартылуға тиіс.
Х. Мектептердегі білімдер жан-жақты болуға тиіс.
ХІ. Әлі күнге дейін өзінің атқаратын міндеттеріне толық сай мектептер болған емес.
ХІІ. Мектептерді жақсы қарай өзгеруге болады.
ХІІІ. Мектептерді өзгертудің негізі - ол барлық нәрселерде қатаң тәртіптің болуы.
ХІҮ. Мектеп үшін қатаң тәртіпті табиғаттан алған абзал.
ХҮ. Өмірді жалғастыру үшін қажетті негіздер.
ХҮІ. Оқыту мен оқуға, яғни қалай оқыту мен оқуға қойылатын жалпы талаптар.
ХҮІІ. Оқыту мен оқудың оңтайлы негіздері.
ХҮІІІ. Оқыту мен оқудың беріктігі.
ХІХ. Оқытудың ең қысқа жолыеың негіздері.
ХХ. Жеке оқытудағы ғылымдар әдісі.
ХХІ. Өнерлердің әдісі.
ХХІІ. Тілдердің әдісі.
ХХІІІ. Адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелеу әдісі.
ХХІҮ. Дінге құлықтылыққа баулу әдісі.
ХХҮ. Егер біз мектептердің шынайы христиандық негіздерде толық қайта ұйымдастырылуын қаласақ, онда пұтқақұлдардың кітаптары жойылуға немесе, жоқ дегенде, осы уақытқа дейін болғандай емес, үлкен сақтықпен пайдаланылуға тиіс.
ХХҮІ. Мектептегі тәртіп туралы.
ХХҮІІ. Оқушылардың жасына және жетістіктеріне сәйкес, мектептерді төртсатылы етіп құру.
ХХҮІІІ. Ана мектебі очеркі.
ХХІХ. Ана тілі мектебі идеясы.
ХХХ. Латын мектебі очеркі.
ХХХІ. Академия, саяхаттар туралы.
ХХХІІ. Мектептердің жалпыға бірдей жеткілікті ұйымдастырылуы.
ХХХІІІ. Осы жалпыға бірдей әдісті іс жүзінде қолдануға қажеті шарттар жайында.
Тәрбие жан-жақты, тұтас, барлығында да табиғатпен үйлесімді болуға тиіс. Сондықтан Коменскийдің педагогикасы көбінесе табиғатпен үйлесімді деп аталады. Өзінің ережелерін дәлелдеу үшін, ол үздіксіз табиғатқа жүгінеді, бірақ ол әрекеттері - сыртқы, сендіруі нашар ұқсастықтар ғана, мысалы, табиғат бәрін бірге жинайды: балықтар - өзендерде, шөп - далаларда, ағаштар - ормандарда топталған, демек, балалар да мектепке топталуға тиіс.
Дененің жетілуі саласында, бәрінен бұрын, тамақтың орташа қалыпты және қарапайым болуы, жұмыс пен демалыстың кезектілігі сақталуы тиіс.
Коменскийдің төмендегідей дидактикалық нұсқаулары ерекше құнды:
- оқыту балалық шақта басталуы тиіс;
- оқыту сабақтары үшін таңертеңгілік уақыт пайдалануға тиіс;
- сөздерге емес, заттарды танып білуге үйрету керек;
- көрнекілік әдісін кең қолданған жөн;
- қабылдауға да мезгілде, мүмкін, сезу органдарының көпшілігі: көру, есту, түйсік және басқалары қатысқаны дұрыс.
- ештеңеге де беделді негізге алып қана оқытудың керегі жоқ;
- фактілерден қорытындыларға, жекеден жалпыға өте отырып, барлығын да оқып, зерттеу қажет;
- оқыту бірте-бірте және бірізді сабақтастықпен жүруге, оқушылардың күштері мен жастарына сай болуға тиіс (оған қоса, оқыту жеңіл және жағымды болуы керек).
Барша осы жүйе сол заманда білім берудің әдеттегі қортындысы болып саналатын саяхаттармен аяқталады.[6]
