- •1.1 Я.А.Коменскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі
- •1.2 Я.А.Коменскийдің көзқарастарының қалыптасуы және кейбір педагогикалық принциптері
- •2.1 Я.А.Коменскийдің педагогикалық теориясы мен қағидалары
- •6 Жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектепті ұсынады. Ананың басшылығымен мектепке дейінгі тәрбие іске асырылады.
- •2.2 Коменскийдің педагогикалық теориясының маңызы
- •Қорытынды
Қорытынды
Я.А.Коменскийдің оқулықтары мен дидактика мәселелері жөніндегі ұсыныстары күні бүгінге дейін, әртүрлі елдердің мектеп тәжірибесінде кеңінен қолданылып келеді. Я.А.Коменский ұсынған дидактикалық қағидалар, жалпылар бірдей міндетті білім беру, мектептегі демократияландыру, ана ті лі, білім беру жүйесін жетілдіру бүгінгі күні де күн тәртібінен түспей отырған мәселелер болып табылады.
Лейблицтің айтуынша, Декарт пен Бекон философияның, Коперник астрономияның дамуында қандай еңбек сіңірсе, педагогика ғылымын дамытуда Коменский сондай еңбек сіңірген болатын.
Ұлы педагогика қиялдаған көптеген мәселелері күні бүгінге дейін өз мәнін жойған жоқ. Я.А.Коменский бала тәрбиесі туралы ғылымның негізін сала отырып, педагогиканың дидактика саласындағы жаңашылдық идеяны негіздей отырып, бүкіл әлемдік педагогиканың дамуына ерекше ықпал етті.
Я.А.Коменский педагогикалық мұрасын орыс педагогикасының ұлы классигу К.Д.Ушинский, қазақтың ұлы ағартушысы, педагогі Ы.Алтынсарин және басқа да ХІХғ. ІІ жартысында Ресейді мекендеген орыс емес ұлттардың педагогикасының өкілдері Я.С.Гогнбашвили, Чавчавадзе, М.Ф.Ахундов, Г.Агаян, Каюм Насыри, И.Я.Яковлев т.б. ағартушы-педагогтар өз шығармаларында Я.А.Коменскийдің педагогикалық мұрасын насихаттауда біршама еңбек сіңірді.[2]
Я.А.Коменский ұзақ жылдар бойы мәңгілік жоғалған деп саналып келген көптеген кітаптарын бүгінгі таңда оқи алатын жағдайға жеткеніміз үшін, шаң басқан мұрағаттардан "жаңа дәуір педагогикасы кемеңгері" шығармаларын таба алған екі чех ғалымы - Ян Пуркин және Антон Ганделиге қарыздармыз.
Сонымен, Ян Амос Коменский шын мәнінде дидактиканың негізін салушы болып саналады. Ол алғаш рет ана тіліндегі жалпыға бірдей білім беру идеясын негіздеді, біртұтас мектеп жүйесін зерттеп әзірледі және сол арқылы әлемдік педагогикалық ой тарихына өзінің есімін өшпестей етіп жазып кетті.
