Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
SOS_bilety.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79 Кб
Скачать
☆

9. Udp хаттамасы

UDP - User Datagram Protocol - TCP/IP жиынтығына жататын екінші транспорттық хаттама. Айырмашылықтары TCP мен UDP кейіннен қарастырылады.

UDP транспорттық хаттамасын қолданатын программалармен жұмыс жасау кезінде, мысалы Network File System (NFS) программалық құрылғылары, TCP модулінің орнына UDP модулі қолданылатын өзге стекті пайдаланады. Блоктық мәліметтер ағындарына қызмет көрсету кезінде TCP, UDP және ENET драйвері мультиплексорлар секілді жұмыс жасайды, яғни бір кіру бағытындағы мәліметтерді бірнеше шығу бағытына немесе керісінше, бірнеше кіру бағытындағы мәліметтерді бір шығу бағытына бағыттайды. Осылайша, ENET драйвері кадрды не IP модуліне, не ARP модуліне, кадр тақырыбының өрісіндегі “түр”мәніне қарай жібереді. IP модулі IP-пакетті не TCP модуліне, не UDPмодуліне бағыттайды, бұл бағыт пакет тақырыбындағы “хаттама”өрісімен анықтайды. UDP-датаграмманы немесе TCPхабарламаны қабылдап алушы датаграмманың немесе хабарламаның тақырыбындағы “порт”өрісінің мәніне қарай анықталады. Жоғарыда көрсетілген барлық мәндер хабарлама тақырыбында жіберілетін компьютерде модульдермен тіркеуге тұрады. Хаттамалар сызбасы-ағаш болғандықтан оның тамырына бірғана жол барады, бұл жолдан өткенде әрбір модуль өз мәліметтерін блок тақырыбына қосады. Пакетті қабылдап алған машина осы белгілерге қарай демультиплекетеуді орындайды.

UDP хаттамасы – бұл TCP/IP хаттамаларының стектері пайдаланылатын транспорттық деңгей хаттамаларының бірі. UDP қолданбалы программаға өз хабарларын желі бойымен хаттамаларды қосымша деңгейінде IP хаттамасына түрлендірумен байланысты аө ғана шығындармен жіберуге мүмкіндік береді. Бірақ мұнда қолданбалы программа хабарламаның тиісті орынға жетуін өзі қамтамасыз етуі қажет. Желі арқылы әсерлесетін қосымшалар түрлі порттарды пайдалануы мүмкін, ол пакет тақырыбын бейнелейді. Барлығы 216 түрлі порттарды анықтауға болады. Алғашқы 256 порттар "well known services" деп аталатын қызметтерге бекітілген, мысалы, UDP 53 порты DNS қызметіне бекітілген. Length өрісі хабарламаның ұзындығын анықтайды. Checksum өрісі мәліметтер тұтастығын бақылау үшін қызмет етеді. UDP хаттамасы қолданатын қосымша Checksum және Length өрістерін талдау жасау арқылы мәліметтер тұтастығы туралы өзі ойлауы қажет. Бұдан өзге, UDP бойымен мәлімет алмасу кезінде қолданбалы программа өзі адресатқа мәліметтердің жетуін бақылауы қажет. Әдетте бұл қолданбалы программалар арасында мақұлдауларды алмастыру есебінен жүзеге асады. UDP-ға негізделген ең танымал қызметтер BIND домендік атаулар қызметі және NFS таралған файлдық жүйе. Егер traceroute мысалына қайта оралсақ, онда бұл программада UDP транспорты қолданылады. Негізінен, UDP хабарламасы желіге жіберіледі, бірақ мұнда қызмет көрсетілмейтін порт қолданылады, сондықтан ICMP-пакет туындайды, ал ол пакет машина-адресатқа жеткен кезде, қабылдаушы машинадағы қызметтің көрсетілмейтінін детекторлайды.

10. Tcp/ip қосымшалары.Алыстаған жүйелермен байланыстарын қою

Драйвер – желілік адаптермен тікелей әсерлесетін программа;

Модуль – драйвермен, желілік қолданбалы программамен немесе өзге модульмен әсерлесетін программа.

Сызба желі түйінінің локальді желі Ethernet көмегімен қосылуына келтірілген, сондықтан мәліметтер блогы осы арнайылылықты сипаттайды.

Желілік интерфейс – компьютерді желіге қосатын физикалық құрылғы. Біздің жағдайымызда - Ethernet картасы.

Кадр – желілік интерфейсті қабылдайтын/жіберетін мәліметтер блогы.

IP-пакет - IP модулі желілік интерфейспен алмасатын берілгендер блогы.

UDP-датаграмма – IP модулі UDP модулімен ақпарат алмасатын мәліметтер блогы.

TCP-сегмент – IP модулі TCP модулімен алмасатын мәліметтер блогы.

Қолданбалы хабарлама – желілік қосымшалар программалары транспорттық деңгейдегі хаттамалармен алмасатын мәліметтер блогы.

Инкапсуляция – бір хаттама форматындағы мәліметтерді өзге хаттама форматына орналастыру тәсілдері. Мысалы, IP-пакетті Ethernet кадрына немесе TCP-сегментті IP-пакетке орама жасау. Шет елдік сөздікке сәйкес "инкапсуляция" термині дененің жат заттары айналасында капсуланың қалыптасуы” дегенді білдіреді. Желіаралық алмасу шекарасында инкапсуляция ұғымы бұдан кеңірек мағынаға ие. IP пакеті Ethernet-ке инкапсуляцияланған жағдайда IP пакетінің Ethernet-фреймі мәліметі ретінде орналасқаны туралы немесе TCP IP-ге инкапсуляцияланғанда TCP-сегменттің IP-пакеті мәліметтері ретінде орналасқаны туралы айтуға болады, онда коммутация жасайтын каналдар бойымен пакеттерді ары қарай SLIP пакеттеріне немесе PPP фреймдеріне “кесу” жүргізіледі.. TCP/IP хаттамаларының стектеріне немесе жай ғана TCP/IP стектері деп аталады. Хаттамалар атауларына қайта айналып келмес үшін келесі аббревиатуралардың шифрын ашайық: TCP, UDP, ARP, SLIP, PPP, FTP, TELNET, RPC, TFTP, DNS, RIP, NFS:

TCP - Transmission Control Protocol – бүкіл TCP/IP хаттамалары жиынтығына атау берген базалық транспорттық хаттама;

UDP - User Datagram Protocol - TCP/IP жиынтығына жататын екінші транспорттық хаттама. Айырмашылықтары TCP мен UDP кейіннен қарастырылады.

ARP - Address Resolution Protocol - IP-адрестер мен Ethernet-адрестердің сәйкестігін анықтау үшін қолданылатын хаттама.

SLIP - Serial Line Internet Protocolтелефон линиялары бойымен мәлімет алмасу хаттамасы.

PPP - Point to Point Protocol (“нүкте-нүкте” мәлімет алмасу хаттамасы).

FTP - File Transfer Protocol (файлдар алмасу хаттамасы).

TELNET – виртуал терминалды эмуляция жасау хаттамасы.

RPC - Remote Process Control (Жырақтағы процесстерді басқару хаттамасы).

TFTP - Trivial File Transfer Protocol (Файлдарды алмасудың тривиалды хаттамасы).

DNS - Domain Name System (Домендік атаулар жүйесі).

RIP - Routing Information Protocol (маршруттау хаттамасы).

NFS - Network File System (таратылған файлдық жүйе және желілік баспа жүйесі).

TCP / IP хаттамалары топтамасы

TCP/IP протоколдар топтамасы компоненттерді ұйымдастыру үшін арналған. Олардың орналасуы бір-біріне қатысты хаттама функцияларын көрсетеді.

TCP / IP стек протоколдары қандай бағдарламаларды қолдайды?

FTP протоколы (File Transfer Protoco). FTP протоколы FTP қолдау жүйелерінің арасында файлдарды тасымалдау үшін ТСР протоколы арқылы байланыс орнатуға сенімді қызметін ұсынады. FTP екілік файлдар мен ASCII файлдар екі бағытты беруді қолдайды.

Протокол TFTP (Trivial File Transfer Protocol). TFTPпротоколы UDP протоколын пайдаланатын қосылымды құрмай қызметін ұсынады.Конфигурация файлдар мен Cisco IOS бағдарламалық қамтамасыз ету,сондай-ақ TFTP қолдау жүйелерінің арасында файлдарды тасымалдау үшін TFTP протоколы маршрутизаторларды пайдаланады.

Telnet. Telnet басқа компьютерге қашықтан қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Telnet қашықтықтағы жүйеге кіру және команданы орындау үшін пайдаланушыға мүмкіндік береді.

ТСР протоколы үш жақты байланыс деп аталатын байланысты қай кезде орнатады?

Бұл процесс екі құрылғы арасында хабарламалармен алмасу кезінде,сегментті үндестіру битті АТТ және бір рстау битті АСК орындауды көздейді.

1 деңгейлі құрылғы және олардың функциялары

1 деңгейде электрлік, механикалық, процедуралық және функционалдық сипаттамалары айқындалды,және соңғы жүйелер арасындағы байланыс пен физикалық техниrалық қызмет көрсету және өшіруді қамтамасыз етеді.

2 деңгейлі құрылғы

2 деңгейлі құрылғыинтерфейс пен физикалық ортаның байланысын қамтамасыз етеді.Оған мысал ретінде коммутаторда,хоста орнатылған желілік адаптерді (NIC – NetworkInterfaceCard ) жатқызуға болады.

3 деңгейлі құрылғы және олардың функциялары

Желілік деңгей бір-бірінен ажырап қалған желілерде болуы мүмкін және екі хосттың арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

11. Сымсыз локальды желілердің қауіпсіздігінің қатерлері.Сымсыз желі қауіпсіздігінің эволюциясы. Сымсыз клиенттерді байланыстыру

Сымсыз жергілікті желіні қорғау Мақсатында келесі параметрлерді орнату қажет:

Аутентификация- сенімді клиенттер мен пайдаланушыларға точки доступа арқылы желіге қол жеткізуді қамтамасыз ету.

Шифрование- құпиялылықты қамтамасыз ету.

IDS (система обнаружения вторжений) және IPS(система предотвращения вторжений)- желілік шабуылдардан қорғайды

Сымсыз желілер қауіпсіздігінің эволюциясы:

WEP:

-қарапайым шифрлеу;

  • Аутентификациясы мықты емес;

  • Статикалық бұзылатын кілттер;

  • Ауқымды емес;

  • MAC-фильтр мен SSID идентификаторымен толыққан.

802.1x EAP :

  • динамикалық кілттер;

  • Шифрленуі жақсартылған;

  • Қолданушылар аутентификациясы;

WPA:

  • Стандартталған;

  • Шифрленуі жақсартылған;

  • Қоланушылар аутентификацясы мықты(LEAP,PEAP,EAP-FAST)

802.11i/WPA2:

  • AES шифрленуі мықты;

  • Аутентификация

  • Динамикалық кілттерді басқару;

Сымсыз жалғанған клиенттің байланысуы :

☻Кіру нүктелері(точки доступа) бір немесе бірнеше SSID идентификаторларын, деректерді беру жылдамдығы және басқа да деректерді жариялау үшін сигнал-маяктарды таратады.

☻ Клиенттер барлық каналдарды сканерден өткізеді.

☻ Клиенттер сигнал-маяктарды және кіру нүктелерінен жауаптары күтеді.

☻ Клиент сигналы ең күшті кіру нүктесіне байланысады.

☻ Сигнал күші азайса, клиент басқа кіру нүктесіне байланысу үшін сканерлеу процесін жалғастырады (бұл процесс роуминг деп аталады).

☻ Байланысу кезінде, клиент идентификатор SSID, MAC мекенжайын, және қауіпсіздік параметрлерін жібереді, содан кейін кіру нүктесі осы параметрлерді тексереді.

WI-FI сертификациясы: Wi-Fi Alliance- сымсыз жергілікті желіні әзірлеу және қабылдауға бағытталған жаһандық коммерциялық емес салалық бірлестігі. Wi-Fi Alliance-ң артықшылығы сертификаттау бойынша әртүрлі жеткізушілермен ұсынылған өнімдердің үйлесімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Сертификаттау 802.11а,802.11b және 802.11g стандарттарын қамтиды.Cisco Wi-Fi Alliance-ң құрылтай мүшесі болып саналады. Сертификатталған өнімдер тізімін http://www.wi-fi.com сайтынан көре аламыз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]