- •65. Геоақпараттық картографияның мүмкіншіліктерін географиялық зерттеулерде пайдалану
- •66. Диссертация тақырыбының өзектілігін негіздеу, мақсатын, міндеттерін анықтау
- •67. Ғылыми ақпарат іздестіру бағдарламалары
- •68.Эксперимент, маңызды ерекшеліктері және түрлері
- •69.Зерттеу нәтижелерін қорытындылау және жариялау
- •70.Жоба концепциясын негіздеу
- •71.Қазақстандағы географиялық зерттеулердің басты бағыттары
- •72. Географиядағы арнайы зерттеу әдістерін зерттеу саласы бойынша қолдану мүмкіндіктері
71.Қазақстандағы географиялық зерттеулердің басты бағыттары
2011 жылдың ақпанында жаңа «Ғылым туралы» Заң қабылданды. Мұнда ғылымды қаржыландырудың жаңа тетіктері анықталды. Қазақстанда ғылымды қаржыландыру базалық және грант негізінде басым бағыттар (энергетика, шикізат пен өнімді терең өңдеу, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылымдар, елдің интеллектуалдық әлеуеті) бойынша жүргізілетін болды.
Ғылыми-зерттеу мекемелерінде жоба орындау жобалаудан басталады. Жобалаудан кейін жобаны жүзеге асырудың технологиясы анықталады. Технология – қойылған міндеттерді шешудің жағдайлары, формалары, әдістері мен құралдарының жүйесі. Технология но-хау болса, ол міндетті түрде патентпен қорғалуы тиіс. Ғылыми зерттеулерде басқалардың зерттеу технологияларын қолданғандар оған сілтеме беруі қажет. Жобаға қатысушылар ретінде жекелеген мамандар және мекемелер таңдалады. Жобаға қатысушылар құрамы, олардың әрқайсысының қызметі мен жауапкершіліктерін бөлісу жоба түріне, ауқымына және күрделілігіне байланысты болады. Әдетте жобаға қатысушыларды мынадай жетекші позициялар бойынша анықтайды:
Тапсырыс беруші, ол жобаның жүзеге асуына және нәтижелерге жетуіне мүдделі жақ, кейін ол нәтижелерге ие болып, пайдаланатын болады. Тапсырыс беруші жобаның басты талаптары мен ауқымын анықтайды, қаржы бөледі, жобаны орындаушылармен келісімшартқа отырады, инвесторларды тартады. Тапсырыс беруші мемлекеттік, жекеменшік мекемелер немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Жоба жетекшісі (проект-менеджер) – жобаны жүзеге асыруға байланысты жұмыстардың барлығына жетекшілік жасау үшін барлық құқықтар берілген жеке тұлға. Ол – жобаны жүзеге асыру үшін басты жауапты адам.
Жоба командасы – жоба жұмыстарын орындауға жұмылдырылған, жоба жетекшісі алдында бұл жұмыстарды орындауға жауапты арнайы ұйымдық құрылым, жеке адамдардың тобы немесе ұйымдар тобы. Жоба командасы белгілі бір жобаны орындау үшін мақсатты түрде құрылады. Жоба командасының басты мақсаты – жоспарланған жұмыстарды орындау, мақсатқа жету үшін қатысушылардың әрекеттері мен мүдделерін үйлестіру. Команданың ұжымнан айырмашылықтары: 1) команда үшін бірлесіп жасаған жұмыстың түпкі нәтижесі біріктіруші фактор болып табылады. 2) әрекетті автономды және келісушілік жағдайында орындауы. Команданың әр мүшесі белгілі бір жағдайда жасауы тиіс қызметті ғана емес, команданың басқа мүшелері одан күтетін қызметті де орындауы тиіс.
Жоба бағдарламасы жоба бойынша орындалатын жұмыстардың мазмұны мен жоспары түрінде болады. Жоба бағдарламасында жобаны басқарудың процестері анықталады:
Жоба мазмұнын басқару
Жоба мерзімдерін сақтауды басқару
Жоба сапасын басқару
Жобадағы адами ресурстарды басқару
Жобаның коммуникацияларын (байланыстарын) басқару
Жобаның ықтималды қатарлерін басқару
Жобаны қамтамасыз етуді (материалдық, техникалық, қызметтік, ақпараттық және т.б.) басқару
Жобаны құрылымдау жоспарланған жұмыстарды иерархиялық құрылым түрінде алып, оны жекелеген басқарылатын бөліктерге (жұмыс пакеттері) айналдыруды қамтиды. Құрылымның әрбір төменгі тұрған деңгейі жоғары деңгейдегі жұмыстардың элементі болып табылады. Әрбір жұмыс пакеті белгілі бір өзіндік объективті және өлшенетін нәтижеге ие болуы тиіс. Жұмыс пакетінің мазмұны жобаның жеке міндеттерін немесе оның тармақшаларын қамтуы мүмкін. Құрылымдау ұйымдастыру құрылымы және ресурстар құрылымынан тұрады.
Портфельдік басқару – бір мекеменің бір-бірімен байланысы аз жобаларын ортақ мақсаттарды анықтап алып, интеграциялау арқылы басқару. Мысалы, бір ғылыми мекемеде мынадай жобалар орындалуы мүмкін:
Деректер базасын жасау
Картографиялық өнімдер жасау
Су ресурстарының мониторингі
Рекреациялық ресурстарды зерттеу және т.б.
Мекеменің жалпы міндеттері:
Ақпараттық технологияларды енгізу
Табиғат ресурстарын басқару туралы ұсыныстар әзірлеу
Саланы ақпараттық өнімдермен қамтамасыз ету
Портфельдік басқаруда осы міндеттер мен жобалар біріктіріліп, стратегиялық міндеттер қойылады. Портфельдік басқару арқылы жекелеген жобаларды басқару мен оның тиімділігі артады және жалпы осы мекеме дамиды.
