1. С) 16 жаста
2. D) судьямен
3. C) ұзақ жауап Билет №12
1. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері.Әкімшілік мәжбүрлеудің құқықтық негізі Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі бола отырып, мемлекет атынан және оның қызығушылығымен жүзеге асырылады, сонымен қатар заңдық рәсімге ие. Бұл заңды мәжбүрлеу қандай да болмасын міндетті ережелерді орындамағаны үшін мемлекет атынан құзіретті органдар қолданады. Мемлекеттік билік аясына қатысты мәжбүрлеу әкімшілік-құқықтық нормалардың ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету шарасы болып табылады. Билікті жүзеге асыру оның нұсқауларына бағынуды көздейді. Мәжбүрлеу көбіне ерікті болады. Бірақ кей жағдайларда оған анық мәжбүрлеусіз қол жеткізгенмен, сонда да толық өз еркімен емес, яғни бағыныштының еркі мен тілегіне қарсы болады. Мәжбүрлеу элементтері заңның және басқару актілерінің барлық ережелерінде бар, себебі олардың барлығы міндеттейтін сипатта болады және мемлекеттің беделі мен күшіне сүйенеді. Қазіргі жағдайларда мәжбүрлеу тек қана қажет емес, сонымен қатар қоғамдық өмірдің кейбір салаларында пайдалы (мысалы, елді қорғау, оның қауіпсіздігін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және т.б.). Мемлекеттік мәжбүрлеу тікелей ықпал ету объектілеріне байланысты физикалық және психикалық болып бөлінеді. Оның мақсаты – нақты құқық субъектілерін белгілі бір ережелерді сақтауға немесе белгілі бір әрекеттерді жасаудан бас тартуға мәжбүрлеу. Керекті нәтижеге қол жеткізу субъектінің еркінсіз, оның ішкі, кей жағдайда сыртқы қарсыласуымен жүзеге асырылады. Құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастардың әртектілігі оларды қорғау үшін мемлекеттік мәжбүрлеудің әртүрлі түрлерін қолдануды талап етеді. Бұл мәжбүрлеудің түрлері бір бірінен өздерінің мазмұндарымен, жүзеге асырылу негіздерімен және тәртіптерімен ерекшеленеді. Қалыптасқан тәжірибеде мемлекеттік мәжбүрлеудің негізгі 4 түрі бар: қылмыстық-құқықтық; азаматтық-құқықтық; тәртіптік; әкімшілік-құқықтық. Мемлекеттік мәжбүрлеудің жеке бір түрі бола тұра әкімшілік мәжбүрлеу оны құқықтық мәжбүрлеудің басқа нысандарынан бөлетін белгілі бір ерекшеліктерге ие. Әкімшілік мәжбүрлеуді сипаттайтын негізгі белгілерге мыналарды жатқызуға болады: Әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясында пайда болатын қоғамдық қатынастарды қорғау үшін арналған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларына мемлекеттік-биліктік сипат тән. Әкімшілік мәжбүрлеуді қолдану негізі болып, әдетте, әкімшілік құқық бұзушылықтың мазмұны немесе құқықтық нормамен қарастырылған ерекше жағдайлардың туындауы табылады (мысалы, эпидемиялар, табиғи апаттар). Әкімшілік мәжбүрлеу оны қолдану қызметтік бағыныштылық қатынастармен байланысты еместігімен сипатталады. Әкімшілік билік субъектісі мен құқық бұзушы бір еңбек ұжымының мүшелері болып табылмайды. Егер тұлға әскери-қызметтік, еңбектік немесе ұжымда басқа да мемлекеттік тәртіпті бұзса, онда оған тәртіптік мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану актілерін мемлекеттік биліктің көптеген органдары шығаруға құқылы: Праламент, Президент, Үкімет, мәслихаттар, әкімияттар. Бірақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған үшін санкциялар тек қана заңмен немесе Президенттің заң күші бар жарлығымен орнатылатындығын ұмытпаған жөн. Әкімшілік мәжбүрлеу құқықтық актілермен анықталған құзіретті органдармен және лауазымды тұлғалармен қолданылады. Әкімшілік мәжбүрлеу өзінің мазмұны бойынша жеке басылық, ұйымдастырушылық немесе мүліктік сипаты бар шектеулер (айырулар) болып табылады, яғни қандай да бір жағымсыз салдарлар нысанында адамдардың сана сезімі мен мінез-құлқына сырттай мемелкеттік – құқықтық психикалық немесе күштеп ықпал етуден тұрады. Әкімшілік мәжбүрлеу көрнісінің сыртқы нысандары өте әр түрлі. Бұл солардың көмегімен қамтамасыз етілетін қатынастардың аса көп түрлілігмен, мәжбүрлеуді қолданудың мақсаттарымен, негіздерімен, осы шараларды пайдалануға құқық берілген органдар мен лауазымды адамдардың құзыретінің мазмұнымен және бірнеше өзге де жағдайлармен байланысты. Адамның жеке басына байланысты шектеулер, мысалы, ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамауға алудан, бұзушыны ұстаудан және полицияға жеткізуден көрніс табады. Ұйымдастыру шектеулеріне, мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының антисанитариялық жағдайы үшін жабу, ойын – сауық мекемелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзуға байланысты жұмыс істеуін тоқтата тұру жатады. Мүліктік шектеулерген, мәселен, айыппұл, тәркілеу жатады. Әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шаралары субьектіні қандай да болмасын бір іс-әрекеттерді жасауға немесе олардан бас тартуға, не болмаса белгіленген құқықтық шектеулерге бағынуға түрткі болу, көндіру үшін қолданылады. Сонымен, мәжбүрлеп ықпал жасаудың обьектісі сайып келгенде жеке адамның өзі емес, оның мінез-құлқы болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеудің шаралары тек құқықтық актілермен ғана белгіленуі мүмкін. Бұл шараларды қолдануға заңдардың негізінде ғана және тек құқық нормаларымен қаралған шеңбер мен нысанда ғана жол беріледі. Сондықтан, әкімшілік мәжбүрлеу мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілерді іске асыруға бағытталған құқықтық мәжбүрлеу болып табылады. Әкімшілік мәжбүрлеуді оған уәкілеттік берілген органдар мен лауазымды адамдар ғана қолданады. Олардың тобы құқықтық актілермен қатал түрде белгіленеді. Әдетте, оларға мемлекеттік басқару аясында құқық қорғау функцияларын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген атқарушы органдар мен олардың лауазымды адамдары жатады (мысалы, ішкі істер органдары, бақылау- қадағалау органдары т.б.). Сонымен, әкімшілік мәжбүрлеу осындай мәжбүрлеу шараларын қолдануға уәкілетті органдар мен лауазымды адамдардың көптігімен сипатталады.
2. Басқару аясындағы заңдылық Атқарушы органдардың жұмысы басқарудың әдістерін қолданумен анықталады. Басқару әдістері дегеніміз: 1.Әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру; 2. Басқару процессінде туындайтын нақты мәселелерді шешу; 3.Басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері; Басқару субъектілерінің қызметін ұйымдастыру процесі дегеніміз құрылымдық бөлімшелерді құру және олардың функцияларын белгілеу және оларды атқарушы билік органдарының жүйесіне кіргізу; басқарушылық процестерді ресімдеу, т.б. Сонымен, атқарушы билік органы алдына қойылған мақсатына қарай тиісті нәтиже алу үшін өз аппараттарын ұйымдастырады.Басқару процесінде нақты мәселелер жеке (министр,төраға), ақылдасып (алқада,ғылыми әдістемелік кеңесте) немесе бірлесіп ( екі немесе бірнеше минстрліктер, комитеттер, т.б. қатысып) шешілуі мүмкін.Бұл шешімдер қаулы,бұйрық,нұсқаулық түрінде шешіледі. Атқарушы биліктің негізгі міндеті—заңдардың орындалуын қамтамасыз ету.Бұл міндет басқарудың әртүрлі формаларында жүзеге асырылады. Басқару формасын заң анықтайды.Формалар құқықтық және құқықтық емес болып бөлінеді. Басқарудың құқықтық формаларына мыналар жатады:Нормативтік құқықтық актілерды дайындау және қабылдау; Шарттар жасасу. Нормативтік құқықтық актілерды дайындау, талқылау, қабылдау және жариялау тәртібі заңнамада анықталады. Бұл тәртіп бұзылған жағдайда нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу және жариялау мүмкіндігі де жойылады.Басқарудың құықтық емес формаларына ұйымдық және материалдық –техникалық әрекеттер жатады.Ұйымдық әрекеттерге:Заң және басқа актілердің мазмұнын түсіндіру;Қызметкерлерге, лауазымды адамдарға аттестация жүргізу және нұсқау беру;Басқару органдарының жұмысын тексеру және жинақтап қорыту;Төменгі тұрған басқару органдарының басшыларын қатыстырып кеңс, мәжіліс, екі министрліктің бірлескен алқа мәжілісін өркізу және басқа шаралар өткізу.Материалдық- техникалық әрекеттер мыналармен байланысты:Органдар мен лауазымды адамдардың жұмысын ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз етуді жүргізу;Іс қағаздарын жүргізу ( хат алмасу, құжаттарды көбейту, оларды сақтау).Есепке алу-тіркеу жұмыстары, қабылданған шешімдер негізінде қажетті құралдар беру ( реестерге кіргізу, тиісті нөмірлерін көрсету)Мұндай әрекеттердің жүзеге асырылу тәртібін арнайы құзірет берілген органдар да ( статистика және т.б.), министрліктердің, ведомстволардың актілері де (нұсқамалар, ережелер) анықтай алады.
Мемлекеттің басқару аясындағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі Мемлекетік басқару органдары: 1.Іс әрекеттің заңға сәйкес ережелерін белгілейді; 2.билік ету өкілеттігін жүзеге асырады және 3.әкімшілік әрекетті жүзеге асырады. Мемлекеттік басқару дегеніміз — Негізгі Заңда баянды етілген міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік басқару органдарының атқарушылық қызметі. Басқару органдарының қызметі тұтастай халық еркі бейнеленген заңдарды орындау үшін мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекеттік басқарудың маңызды принципі мемлекеттік басқару аясында біздің еліміздің барлық халықтарын тең құқықпен қамтамасыз ететін ұлттардың тең құқықтығы болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарының, лауазымды тұлғалардың заң талаптары мен заңға сәйкес актілерді қатаң да дәл орындаудан тұратын маңызды принципі заңдылық болып табылады. Мемлекеттік басқару органдарына биліктік өкілеттіктер заңды түрде берілген және олар белгілі бір құзыретке ие. Мемлекттік басқару органдары қызметінің ауқымына, құзыреттік сипатына, құрылу тәртібіне және қарауына жататын мәселелерді шешу тәртібіне, қаржыландыру көзіне байланысты түрлерге бөлінеді. 1.Қызмет аумағы бойынша мемлекеттік басқару органдары былай бөлінеді: жоғары органдар. Мұндай органға Қазақстан Республикасының Үкіметі жатады; орталық органдар; агенттіктер ; мемлекеттік комитеттер; комитеттер; жергілікті басқару органдары, олардың қызметі белгілі бір әкімшілік –аумақтық құрылым – облыс; аудан, қала, ауыл (село) шегінде ғана жүзеге асады. 2. Құзыретінің сипаты бойынша мемлекеттік басқару органдары жалпы, яғни қызметі өздерінің құзыретіне жататын барлық мәселелер бойынша бағыныштылырдың бәріне тарайтын (Үкімет), салалық — нақты салалар бойынша басқарылатын (минстрліктер) және арнайы, қызметі арнайы мәселелермен, фукнциялармен немесе мазмұнымен қатаң шектеліп, нақтыланған (агенттіктер, мемлекеттік комитеттер; жалпы алғанда – ведомстволар) органдар болып табылады. 3. Мемлекттік басқару огандарының құрылуы бір жағынан мемлекеттік билік органдары (өкімет) арқылы жүзеге асады; мәселен, Парламент Призедентінің Республика Премьер –Министрін, Республика Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауына келісім береді; екінші жағынан басқару органдарының өздерімен жүзеге асады. 3сұрақ. Мемлекеттік бақылау және оның түрлері. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері ҚР Конституциясында көрсетілгендей мемлекеттік бақылаудың мынандай түрлері бар: Президенттік бақылау; Заң шығарушы (өкілді) билік органдарының бақылауы; Атқарушы билік органдарының бақылауы. Бақылаудың негізгі мақсаттары-атқарушы билік органдарымен олардың лауазымды адамдарының қызметінің өз міндеттеріне сәйкестігін, оларды орындаудың уақытылы және толымды болуын,заңдар талаптарының сақталуын, қаражаттардың үнемді және пайдалы жұмсалуын қамтамасыз ету, мемллекеттік құрылымның тұрақтылығын қолдау және мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру. ҚР Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға болып саналады. Сондай-ақ Президент бес жыл мерзімге сайланады. Ата Заңда Президенттің құзыретіне қатысты мәселелердің кең ауқымы көзделген. Республика Президенті Конституцияға, Конституциялық Заңға сәйкес халық пен мемлекеттік билік бірлігіне, конституциялық құрылыстың мызғымастығына, сондай-ақ адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік береді. Ол мемлекеттің қорғаныс қабілетін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында шаралар қолданады. Халықаралық қатынастарда республиканың мүддесін қорғайды. Азаматтарға кешірім жасауды, заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық жасайтын орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік басқарудың мәселелерін шешеді. Республиканың барлық аумағында міндетті заң күші бар актілер шығарады. Орталық басқару органдары дегеніміз — министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер болып табылады. Қазақстан Республикасының министрліктері нақты салалар: ішкі, сыртқы істер (сыртқы экономикалық байланыс), көлік және коммуникация, білім және ғылым және т.б. бойынша басқаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының агенттіктері — спорт және туризм, денсаулық сақтау және т.б. салалар бойынша басшылықты жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеттері арнаулы функцияларды орындап, нақты салалар бойынша бірыңғай саясатты қамтамасыз етеді. Оар ведомстводан тыс заңдық биліктік өкілеттікке ие және қызметін өздеріне бағынбайтын мемлекеттік басқару органдарына қатысты жүзеге асырады. Комитеттер орындайтын міндеттер олардың атауларынан көрініс табады. Мемлекеттік мүлік саласы бойынша жетекшілікті — Мемлекеттік мүлік жөніндегі комитет жүзеге асырады. Осы сияқты Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет инвестицияларға қатысты қызметті, Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитет өзіне қатысты атауынан көрініс табатын тиісті қызметтерді атқарады және т.б. Мемлекеттік комитеттердің қаулылары барлық министрліктермен өзге де басқару органдары үшін міндетті. Республика Президентінің актілеріне сәйкес атқару билігінің орталық органдарының жүйесі тәртіпке келтірілген және олар қоғамдық қатынастардағы өзгеріске орай өзгеріп отырады. Мәселен, 1999 жылға дейін мемлекеттік комитеттердің басты міндеті болып келген қызметті 1999 жылғы Президент актісі негізінде қайтадан құрылған министрліктер мен агенттіктер атқарып келеді. Өз кезегінде олардың нақты құрылымдары департаменттері, комитеттері, басқармалары нақты айқындалған қызметтерді атқарады. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өкілді органдар — мәслихаттар тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді әрі жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын бақылап отырады. Ал жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді. Сонымен қатар тиісті аумақтың мүддесі мен даму қажеттілігін ұштастыра отырып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етіп отырады. Олардың құзыретіне: аумақты дамыту жоспарларын; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын; жергілікті бюджетті әзірлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; коммуналдық меншікті басқару; жергілікті органдардың жұмысын ұйымдастыру және т.б. жатады. Мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына — Конституцияны, заңдарды, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауды қамтамасыз ететін жергілікті атқару органдары жатады. Мемлекеттік басқару функцияларын өз аумағына сәйкес жүзеге асыратын және дара басшылық принциптері негізінде әрекет жасайтын жергілікті атқару органының басшысы тиісті әкімшілік -аумақтық бөліністегі Республика Президентінің тіккелей өкілі болып есептеледі.
ТЕСТ
1. Е
2. С
3. C
