Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет-11-15.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
37 Кб
Скачать
☆

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы – мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, су, балық, орман және аңшылық шаруашылығының орнықты дамуы үшін жағдай жасау. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салалардағы стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды қалыптастыру; 2) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құрудың негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; 3) агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультативтік қамтамасыз ету; 4) реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; 5) өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; 6) биологиялық әртүрлілікті сақтау; 7) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша басшылық жасау және салааралық үйлестіру; 8) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды мемлекеттік басқару саласындағы заңнаманы жетілдіру; 9) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру; 10) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында халықаралық ынтымақтасты дамыту; 11) су ресурстарын, ормандарды, жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің мынадай ведомстволары бар: 1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекеттік мекемесі; 2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесі; 3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті» мемлекеттік мекемесі; 4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» мемлекеттік мекемесі.

ТЕСТ

1. ???

2. Е

3. А

Билет №15

1. Әкімшілік-ескерту шаралары – мемлекеттік басқару аясында болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сонымен бірге табиғи апаттар, авариялар, қайғылы оқиғалар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көбінесе олар құқық бұзушылықтармен байланысы жоқ жағдайларда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіпті болдырмау үшін қолданылады. Әкімшілік-ескерту шаралары сан алуан. Олардың ең көп тараған түрлері болып табылады:  полиция қызметкерлерінің тұрғын үйге немесе қызметтік ғимаратқа кіруі. Мысалы, төлқұжат режимінің сақталуын тексеру үшін;  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен құжаттарды тексеру. Мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жол қағазын; аңшылар мен балықшылардан – сәйкес лицензияларын;  кеден органдарымен қолданылатын заттарды, жүктердщі қарау, сонымен қатар жеке қарау (бұл мемлекеттік шекарадан контрабанданы өткізбеу мақсатында қолданылады);  көлік және адам қозғалысын шектеу немесе тоқтату. Мысалы, табиғи апат, жолды жөндеу жұмыстары кезінде;  тұлғадардың денсаулық жағдайыларын және кәсіпорындардың санитарлық жағдайларын куәландыру;  эпидемиялар кезінде карантин енгізу;  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау;  мүлікті реквизициялау, яғни оны еріксіз, ақылы түрде алу.– мемлекеттік басқару аясында болуы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, сонымен бірге табиғи апаттар, авариялар, қайғылы оқиғалар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қолданылады. Көбінесе олар құқық бұзушылықтармен байланысы жоқ жағдайларда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіпті болдырмау үшін қолданылады. Әкімшілік-ескерту шаралары сан алуан. Олардың ең көп тараған түрлері болып табылады:  полиция қызметкерлерінің тұрғын үйге немесе қызметтік ғимаратқа кіруі. Мысалы, төлқұжат режимінің сақталуын тексеру үшін;  құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатымен құжаттарды тексеру. Мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жол қағазын; аңшылар мен балықшылардан – сәйкес лицензияларын;  кеден органдарымен қолданылатын заттарды, жүктердщі қарау, сонымен қатар жеке қарау (бұл мемлекеттік шекарадан контрабанданы өткізбеу мақсатында қолданылады);  көлік және адам қозғалысын шектеу немесе тоқтату. Мысалы, табиғи апат, жолды жөндеу жұмыстары кезінде;  тұлғадардың денсаулық жағдайыларын және кәсіпорындардың санитарлық жағдайларын куәландыру;  эпидемиялар кезінде карантин енгізу;  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау;  мүлікті реквизициялау, яғни оны еріксіз, ақылы түрде алу.