- •Қазақстан тас дәуірінің кезеңдерінде Палеолит
- •Ерте палеолит
- •Орта палеолит
- •Кейінгі палеолит
- •Мезолит
- •Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
- •14) 1917-1920-Шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар.
- •23) Орта Азия мен Қазақстан
- •33. Хх ғ 20-30 жж. Казақстан әдебиеті мен мәдениеті.
- •36. Майдандағы қазақстандықтар.
- •40) Хрущев жылымығы
- •51. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
- •56) Қр конфессиялық саясаты және қарым-қатынас
- •59. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік реформалары мен әлеуметтік дамуы.
23) Орта Азия мен Қазақстан
Қазақстан баска да тәуелсіз мемлекеттер сияқты әлемдік кауымдастықта өзінің лайыкты орнын алу жолдарын іздестіруде. Соның ішіңде Қазакстан Орталық Азия мемлекеттерімен халыкаралык қатынастар жүйесіне кіре отырып, жаңа үлгідегі ынтымақтастық пен қарым-катынастарды қальштастыруда. Осы үрдісте төмендегідей екі тенденция қабысады:
- Халықаралық мәселелерді анықтауға келгенде Орталық Азия мемлекеттерінің тарихи дамуы, мәдени және әлеуметтік тұрмысы жактарынан ұксастығы айқындай түседі, оларды шешуде аймактық жәнехалыкаралык аренада жаңа қауымдастық ретінде ұмтылыс жасайды.
Бұл тенденциялар Орталык Азия мемлекеттерінін тәуелсіздік жолында одан әрі дамуын түсіндіреді.
Бірақ Орталык Азия мемлекеттерінің ішінде маңызды мәселелерді шешуде елеулі өзгешеліктер мен карама-қайшылықтар бар.
Сол сияқты бүгінгі күні Орталык Азия мемлекеттері үшін маңызды болып отырған мынадай факторларды да атап өткен жөн. Олар территориясының үлкендігі, халқының санында көптігі, табиғи байлықтың, әсіресе мұнай мен газдын мол қоры, оларды әлемдік рынокқа тасымалдаудың жолдары т.с.с.
Орталық Азия мемлекеттері бірынғай геосаяси және геоэкономикалық кеңістікте орналасқандықтан да бірлесуге карай ұмтылуда.
Соған байланысты бірлесудің түрлі жоспарлары, идеялары, жобалары жасалуда.
Оның казіргі заманғы соны үлгісі ретінде интеграциялық бірігу жолын тандап алған Орталық Азия мемлекеттері ортаазиялык интеграцияны объективті қажеттілік ретінде, территориялық түтастыкпен, сол сияқты экономиканың ең маңызды, ең басты салаларымен байланыстырады. Сондыктан тарихи қалыптасқан тығыз шаруашылық байланыстары мен аймақтың ұтымды геосаяси жағдайы Орталық Азия мемлекеттерін өзара ынтымактасуға жетелейді.
Сол сияқты аймактың газ, су-энергетика ресурстарын, экологиялық мәселелерін бірлесе отырып шешу, көлік-коммуникация жүйелерін бірлесе отырып пайдалану, соңғы жылдары күшейіп келе жатқан наркобизнес пен әр түрлі экстремистік, террористік топтар мен ағымдарға бірлесе отырып күрес жүргізу сияқты маңызды шараларды іске асыру үшін де аймақтықинтеграция кажет.
Сондыктан Орталық Азия мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуі мен интеграцияны таңдап алуы жаһаңдану жағдайында орындалуы әлемдік тарихтағы бірінші оқиға деп бағалануда.
"Жаһандану - халыкаралық қатынастардағы коғамдык өмір мен іс-әрекеттердің әр түрлі салаларындағы өзара тәуелділік пен өзара әсер етудің нығаюы". [4. 12-16]
Қазакстандық ғалымдардың пікірінше, "жаһандану жағдайында қарастырылатын әлемдік экономикалық жүйедегі ұлттық шаруашылыктың интеграциясы проблемаларын қарастырғаңда, аймақтық интеграция мәселелерін тыскары қалдыруға болмайды.
Аймақтык құрылымдар қазіргі танда ғаламдастырудың негативті зардаптарына қарсы тұру үшін маңызды кұрал болып табылады.
Мысалы, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Халыкаралык валюта коры, Дүниежүзілік банк сиякты халықаралық институттардың кең келемдегі ынтымактастығы және оның тиімділігіне кеңіл бөлуі, әлемдік экономиканың күшеюі, ұлттық экономиканы объективті түрде аймактық интеграцияға итермелейді" [2.17-18].
Мұндай үрдістердің XX гасырдың 50-ші жылдарында Еуропа континентінен басталып, одан біртіндеп Азияға, Африка елдеріне, ЛатынАмерика мемлекеттері мен АҚШ-қа таралғаны тарихтан белгілі.
Бұл ретте Орталық Азия мемлекеттеріне езінің экономикалық, мәдени және дәйекті саясаты мен жоғары дамыған Еуропа мемлекеттерінің басын косып отырған Еуропалық Одактың, Америка қүрылығында НАФТА бірлестігі, Латын Америкасындағы МЕРКОСУР жөне Оңтүстік-Шығыс Азиядағы АСЕАН-ның іс-тәжірибелері үлгі бола алады.
Орталық Азия мемлекеттерінің қазіргі тандағы дамуы ұзак жылғы "оқшауланудан" кейінгі әлемдік саяси және экономикалық үрдістерге жеке қатысушы ретіндегі рөлге карай ұмтылумен сипатталады.
Бүтінгі тандағы халықаралық катынастар жүйесінде Орталық Азия елдерінің болашақтағы, алдағы уақытта алатын орны өте маңызды және өзекті болып отыр.
Өйткені оның перспективалары мен басымдылықтарын дамыту дүние жүзінің, оның ішінде Азия аймағының тұрактылығына байланысты. Аймақтық және халықаралық саясатта тең кұқылы мемлекет болу үшін,Орталык Азия елдері серіктестіктің, ынтымақтастыктың, кауымдастықтың тиімді жолдарын таңдағаны дұрыс.
Соңдыктан Қазақстанның Орталык Азия мемлекеттерімен экономикалық ынтымактастығының қалыптасуының тарихи жолдарын көрсету, бұл ынтымактастықтын кандай дәрежеде дамып отырғандығын, оның перспективалары мен бағыттарын айқындауда Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттері арасында қол қойылған екі және кеп жақты саяси-құқықтық, нормативтік қүжаттарды, деректік материалдарды бір жүйеге келтіріп, оны ғылыми айналымға енгізе отырып, осылардың негізінде аталмыш тақырыптың мәселелерін зерттеу дипломдық жұмысының өзектілігі болып табылады.
Аз уакыттың ішінде ең теменгі деңгейден бастап және күрделі халықаралык қатынастар жүйесіне кіруге ұмтылыс жасай отырып, жаңа серіктестер мен ынтымақтастықтың тиімді сатыларына карай бейімделу керек.
Осы ретте халыкаралык катынастар жүйесінде жаңадан құрылған тәуелсіз Орталык Азия мемлекеттерінің қандай дәрежеде орын алатыңдығы, оның ішінде Қазакстанның Орталык Азия мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастығының калыптасуының тарихи жолдарын көрсету маңызды да өзекті болмақ.
Оны Н.Назарбаевтың «Тарих толқынында» деп аталатын еңбегіндегі"Орталык Азия елдері күшті және тәуелсіз аймақ бола алады, өйткені соңғы500 жылдың ішінде тұңгыш рет біздің аймак дүниежүзілік экономика үшін маңызды аймак болып отыр деген пікірлері толықтыра түседі . [5. 15-18]
Дипломдық жұмыстың максаты мен міндеттері.
Қазақстанның Орталык Азия елдерімен ынтымақтастығы және әлемнің геосаясатына тарту үшін казіргі әрі болашактағы орнын анықтау, ынтымақтастықты тарихи қырынан жүйелі түрде қарастыру осы жұмыстың негізгі максаттарының бірі болып табылады.
Ресей мен Орталық Азия мемлекеттерінің дамуының әртүрлі аспектілеріне арналған бірқатар зерттеулер, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап жарық көруде. Осыған байланысты бұл тақырыбтық теориялық негізіне танымал шетелдік, ресейлік, қазақстандық және орталықазиялық зерттеулерінің ғылыми еңбектері кірді.
Американдық саясаттанушылар З. Бзежинский, М.Олкотт, С. Хантингтон, және К.С. Ғаджиев, Э.А. Поздняков саясаттанушылар мен тарихшылардың еңбектерінде Еуразия континентінің үлкен бөлігіндегі интергациялық үрдістердің әлемдік дамуына тигізіп отырған рөлі мен ықпалына сыни түрғыдан баңа береді. Бұл тақырыб бойынша ресейлік ғалымдар С. Жуков пен О. Резникованың бірлесе жазған монографияларында да қарастырылып, Орталық Азия елдеріндегі тәуелсіздіктің дамуының алғашқы он жылының қорытындысын сараптайды.
Қазақстан Республикасының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелерін қарастыруда қазақстандық зерттеушілер М. Лаумулин, Н. Исингарин, О. Касенов, К. Токаев, С. Пірімбетов және басқаларының еңбектері пайдаланылды.
Сол сияқты Қазакстанның Орталык Азия мемлекеттерімен жүргізіп отырған ынтымақтастығындағы алатын орны мен рөлі, осы ынтымактастықты дамытудағы жолдар, проблемалар мен перспективаларды қарастыра отыра, төмендегідей нақты міңцеттерді шешуді көздейді:
-Орталық Азия мемлекеттері мен арасындағы интеграциялық үрдістер
- Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі экономикалық интеграцияның негізгі бағыттары
-Энергетикалық қауіпсіздік –халықаралық қатынастар тұрақтылығының шешуші факторы
- Орталық Азия аумағындағы қауіпсіздікті сақтауда Қазақстанның қосқан үлесі
- Орталық Азияда ядролық қару таратпау мәселесіндегі Қазақстанның саясаты
-Орталық Азия ынтымақтастығындағы Каспий мәселесі
24) Конституциясы 1937 жыл. 1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап). Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар). 1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы — бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың бірі; ол 1920 ж.26 тамызда құрылды және алғашқы кезде Қырғыз АКСР-і деп аталып, РКФСР құрамына кірді, 1936 ж.5 желтоқсанда одақтас республикаға айналды. КСРО-ның Азиялық бөлігінің оңтүстік-батысында орналасты, солтүстігінде РКФСР-мен, оңтүстігінде Түрікмен КСР-мен, Өзбек КСР-мен және Қырғыз КСР-мен, шығысында Қытаймен шектесті, батысында Каспий теңізі. Қазақ КСР-ы — жер көлемі жағынан РКФСР-ден кейінгі екінші, халқының саны жағынан РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші одақтас республика болды. Жері 2724,9 мың км². Астанасы — Алматы қаласы. Әкімшілік жағынан 19 облысқа, 210 ауданға бөлінді, 82 қаласы болды.Қазақ КСР — жұмысшылар мен шаруалардың социалисттік мемлекеті, КСРО құрамына кіретін одақтас кеңестік социалды республика. Конституциясы Қазақ КСР Кеңестерінің Төтенше 10-съезінде 1937 ж.26 наурызда бекітілген. Мемлекет өкіметтің Жоғары органы — бір палаталы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі, оны халық 27 мың тұрғыннан бір депутат есебімен 4 жылға сайланатын. Жоғарғы Кеңестің сессиялары аралығындағы мемлекет өкіметтің жоғары органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы болып тағайындалған. Жоғарғы Кеңес Республика үкіметін — Қазақ КСР Министрлік Кеңесін құрды, Қазақ КСР заңдарын қабылдады. Облыстар мен аудандарда, қалаларда, ауылдарда еңбекшілер депутаттарының тиісті Кеңестері өкіметтің жергілікті органдары болып табылатын. Оларды халық 2 жылға сайлайтын. КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлттар Кеңесіне Қазақ КСР-ы 32 депутат жіберген. Жоғары сот органы — Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 5 жылға сайлайтын Жоғарғы сот. Оның құрамында 2 сот коллегиясы (азаматтық және қылмыстық істер бойынша) және Пленум бар. Сонымен қатар Жоғарғы Соттың Президиумы құралды. Қазақ КСР прокурорын КСРО Бас прокуроры 5 жылға тағайындалатын болған.
26-Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат
1918-1920 жылдардағы азамат соғысы Қазақстан өлкесінің экономикалық жағдайын көптеген жылдарға кері шегерді. Өндіріс орындары жұмыс істемеді. 1913 жылмен салыстырғанда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге, көмір өндіру 5 есеге кеміді, ал мыс рудасын өндіру мүлде тоқтады. Халық шаруашылығының жалпы өнім өндіруіндегі өнеркәсіптің үлесі 1920 жылы бар болғаны 6,3 процент болды. Ауыл шаруашылығы да өте күшті дағдарысқа ұшырады. Орал губерниясында егістік жерлер 2 есеге, ал Жетісу аймағында 3 есеге кеміді. Ең бірінші кезекте ұлттық байлықтың негізгі көзі болып саналатын мал шаруашылығы құлдырады. Соғыс жылдарында мал саны 10,8 млн. басқа кеміді, оның 2 млн-ы жылқы, 6,5 млн-ы ұсақ мал болды. Сонымен қатар 1921 жылы ҚазАКСР-ң жеті губерниясының бесеуі құрғақшылыққа душар болды. Осыған байланысты 1921 ж. бұл аймақтарда астықтың жалпы түсімі 5 млн. пұт деңгейде ғана болды. Ал жергілікті халықтың бір жылғы астық пен астық тұқымдығына мұқтаждығы 22 млн. пұт көлемін қамтиды, яғни залал 17 млн. пұтты көрсетті. Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығын бұдан да қиын жағдайға душар етті. 1920–1921 жылдар аралығындағы жұттан кейін мал басы 1917 жылмен салыстырғанда 75% кеміді. Азамат соғысының аяқталуына және елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының ауыр күйзелісіне қарамастан, Кеңес үкіметі күштеуге негізделген азық-түлік саясатын одан әрі жалғастырды. Орталық үкіметтің 1920 жылы 20 шілдедегі “Сібірдегі артық астықты алу туралы” декретінің күші Қазақстанның солтүстік аудандары мен Семей губерниясына да тарады. Осы декретке сай 1921 жылдың тамыз айына дейін бүкіл елдегі шаруаларға 119 млн. пұт (РКФСР көлемінде 423 млн.пұт) төтенше салғырт төлеу жүктелсе, соның ішінде 35 млн. пұт Солтүстік Қазақстанға міндеттелді. Тапсырманың 26 млн. пұты Семей облысына міндеттелінсе, тек Қостанайдың өзінен 6 млн. пұт астық алынды. Артық өнімдер ғана емес, азыққа қолданылып отырған астық және тұқым қоры да тәркіленіп отырды. Астық салығы, мал шаруашылығымен ғана айналысып отырған аудандарға да салынды. Оны төлеу үшін олар малдарын сатып, астық сатып алуға мәжбүр болды. Кеңес үкіметінің солақай саясатының нәтижесінде Республиканы сұрапыл аштық жайлады. Бөкей губерниясында – 100 мың, Оралда – 400 мың, Семей губерниясында – 500 мың, Орынбор – 445, Ақтөбеде – 360 мың адам ашықты. Көшпелілер арасында өлім ересек тұрғындардың 30 процентін қамтыса, ал кейбір аудандарда халықтың 75 проценті қырылған. Әулиеата уезінде халықтың қатты қырылғандығы соншалық, бұрынғы бірнеше болысты біріктіріп бір болыс ұйымдастыруға тұра келді. Жалпы зерттеушілер 2 млн 300 мыңнан аса адам ашықты, 1 млн-ға жуығы аштық пен аурудан өлді деген мәліметтерді келтіреді. Мұсылман зиялы қауымы арасынан мұндай соракылыққа қарсы шыққан Т. Рысқұлов болды. Ол аштықпен жүйелі түрде күресу үшін, құрамына бірнеше комиссариаттардың өкілдерін кіргізіп, арнайы ұйым құруды талап етеді. Түрікатқару комитеті Т. Рысқұловтың талабын қолдап, аштықпен күресті өздерінің қызмет жағдайына сәйкес республиканың азық-түлік, жер шаруашылығы, денсаулық сақтау, қаржы, темір жол комиссариаттарына жүктейді. Аштықпен күресті тікелей басқаратын ерекше Орталық комиссия ұйымдастырылады. Оның төрағасы болып Т. Рысқұлов тағайындалады. Бұл ұйым алғаш жұмысқа кіріскенде көптеген объективті қиындықтармен қатар, өзі тектес азық-түлік ісіне қатысы бар басқа ұйымдар тарапынан жасалған қасақана іріткі салу әрекеттеріне ұшырайды. Рысқұлов жалпы Орталық комиссияның құрылуының өзін “дені дұрыс құбылыс емес” дейді. Үкіметтің құрамында аштықпен күресуге міндетті толып жатқан “экономикалық органдар бола тұра, мұндай ерекше ұйым құруға мәжбүр болудамыз” дейді. Өткір пікір таластардан кейін, яғни Т. Рысқұловтың аса зор еңбегінің арқасында Түрікатқару комитеті мен ХКК-і бұл Орталық комиссия қорына құнсызданған болса да 42 млн. сом қағаз ақша бөледі. Орталық комиссияның облыстар мен уездерде, болыстар мен қалаларда жергілікті мекемелері мен бөлімшелері ашылады, олардың басына сауатты мамандар отырғызылады. Аштықпен күрес комиссиясының жұмысына есеп берген баяндамасында Т. Рысқұлов Түркістан өлкесінің байырғы халықтарының сұрапыл аштыққа ұшырап, қатты қырылуына революциядан бұрынғы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен әсіресе, революциядан соң орнаған кеңес өкіметінің шовинистік саясаты басты себепкер болғандығын ашық атап көрсетеді. Қазақ Орталық Атқару Комитеті (ҚОАК) де аштыққа ұшыраған аудандарға өз тарапынан көмек көрсету шараларын ұйымдастырды. ҚОАК-ті жанынан аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету үшін комиссия құрылады. Республикалық комиссияны ҚОАК-нің төрағасы Мендешев басқарды. Қазақстандағы ауыр жағдайды ескере отырып, КазАКСР ОАК-і ашыққандарға көмек беруші Орталық Комиссияның шешіміне сәйкес, бұл аудандардың тұрғындарын астық, картоп т.б. мемлекеттік салықтардан босатты. Қазақ қоғамын жайлаған аштықты Орталықтағы Кеңес үкіметі мойындамады. Республиканың кейбір басшылары мен орыс жұртшылығы негізінен өлкенің көшпелі тұрғындарын қамтыған сұрапыл аштықты “кездейсоқ, тұтқиылдан тап болған зобалаң ” ретінде бағалады. Өлке халқының мұндай нәубетті бұрын-соңды басынан кешпегендігі Орталық үкіметті ойландырмады да. Мұндай жағдай Кеңес өкіметінің өзі жүргізіп отырған саясатқа еш күмән келтірмей, оны толық дұрыс деп есептегендігінің айғағы еді. Республиканың экономикасындағы ауыр дағдарыс, яғни мемлекеттің күштеу саясатына негізделген азық-түлік саясаты 1920-1921 жылдары шаруалардың кеңес үкіметіне қарсы стихиялы қарулы көтерілістерінің тууына әкелді. Көктем–жаз айларында басталған шаруалардың наразылықтары “Азық-түлік салғырты жойылсын!”, “Большевиктерсіз Кеңестер үшін!”, “Ерікті саудаға жол берілсін”,–деген ұрандармен басталып, қарулы көтерілістерге ұласты. Өскемен, Павлодар, Семей, Петропвл, Қостанай, Көкшетау, Ақмола, Атырау, Орал, Шымкент уездерінде ашық түрдегі көтеріліс кеңінен орын алды. 1921 жылы наурызда Қазан төңкерісінің орталықтарының бірі болған Кронштадта матростар көтеріліске шықты. Кронштадтықтар негізінен Ресей селоларынан келген, флотта әскери міндетін өтеп жүрген шаруалар еді. Олар Азамат соғысының аяқталуына байланысты армияны таратуды, шаруаларға жер мен онда өндірілген өнімді пайдалануға бостандық беруді, ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді және жұмысшыларға жалақы төлеуді талап етті. Бұл және Қазақстанды да қамтыған басқа да көтерілістер ұйымдасуы және қару-жарақпен қамтамасыз етілуі нашар болғандықтан Қызыл Армия әскерлерінің күшімен талқандалды. Қазақстандағы көтерілісшілердің кей бөліктері Қытайға өтіп кетті. Елде көтеріліске қатысқаны үшін мыңдаған адамдар тұтқындалып, олардың 932-сі сотқа тартылды. Кеңес үкіметі бұл қарсылықтардың бәрін “контрреволюциялық баскөтерулер” деп бағалады. Алайда большевиктер өздерінің биліктен айырылып қалу қаупінің күшейгенін, осыған орай шаруашылық саясаттың мүлде жаңа принциптеріне көшу қажеттігін айқын сезді. Партияның Х съезі (8 наурыз, 1921 ж.) көтерілісшілерді айыптағанмен, экономикалық саясатты өзгертуге мәжбүр болды. Съезд шаруашылық мүддені іске қосудың жаңа жүйесін жасаудың шараларын белгіледі, яғни «соғыс коммунизм» саясатынан жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылдады. Партияның Х съезінде қабылданған жаңа экономикалық саясаттың мәні неде? Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді.Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерізімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға беріледі. Сауда бостандығы жүзеге асырылады, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке саудаға рұқсат беріледі. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс көзіне айналуға тиіс болды. Сонымен қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат беріледі. Еңбекке деген міндеткерлік және еңбек армиялары жойылады. Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болады. Елдегі ақша жүйесін нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді. Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды. Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды. Енді осы жаңа экономикалық саясаттың қазақ өлкесінде ендірілу әдістері мен жолдарын қарастырып көрейік. РКФСР ХКК-нің арнайы декреті бойынша бірыңғай азық-түлік салығы мал шаруашылығымен айналысатын аудандарға да ендірілді. Қазақстан ауылы мен деревнясында жаңа экономикалық саясаттың алғашқы азық-түлік салығы науқаны өте қиын жағдайда жүргізілді. Оның себебі ЖЭС ендірілген жылы да партия, кеңес және азық-түлік органдары азық-түлік салғырты саясатын жалғастырды да, ол бойынша дайындалған өнімдерді Орталыққа жіберу жөніндегі Еңбек және Қорғаныс кеңесінің тапсырмасын орындаумен айнылысты. Мысалы, көшпелі мал шаруашылығы аудандарында алғашқы бірыңғай азық-түлік салығы 131,9% көлемінде орындалды. Бұл әрине соғыс коммунизм саясатының әрі қарай жалғасуы болды. Сөз жүзінде ЖЭС ендірілгенімен Кеңес үкіметі іс жүзінде баяғы қарқынмен экономикаға өзінің бақылауын жүргізуді тоқтатпады. Бірнеше ай бойы мемлекет қала мен деревня арасындағы айырбасты кооперация арқылы бақыламақ болды. 1921 жылы 7-ші сәуірде мемлекет өзінің арнайы декретімен кооперацияға фабрика – зауыттық өнімдерді ауыл шаруашылық өнімдеріне айырбастауды міндетті тапсырма етіп берді. Бірақ бұл мәселені жүзеге асыру өте қиын болды. Оның себебі мемлекеттің бақылауымен жүргізіліп отырған тауар айырбасы жеке саудамен жарысқа түсе алмады. Оның үстіне мемлекеттік тауар айырбасы ЖЭС-тың принциптеріне сай келмеді, яғни сауда бостандығына кедергі келтірді. Мұндай жағдай халықтың жаңадан ендірілген шаруашылық саясатына деген сенімсіздігін тудырды. Жоғарыдағы аталған кемшіліктер біртіндеп азық-түлік салығы саясатының кең ендірілуі барысында жойыла бастады. 1924-1925 жылдары ауыл шаруашылық салығынан КазАКСР-ң бүкіл шаруашылығының 32,7%-і босатылса, 1925-26 жылдары – 33,8% босатылған еді. Әсіресе, 1924-1925 жылдары мал өсіруші шаруашылықтың 72%-ке жуығы алым-салықтан босатылды. Көшпелі жеке қазақ шаруашылықтарына 3-5 жылдық мерізімдерге жеңілдіктерге негізделген несиелер берілді. Сонымен қатар мемлекет тарапынан ауылшаруашылық машиналары мен құралдарын сатып алуға негізделген несиелер де белгіленді. Осының бәрі ұсақ товар өндірушінің материалдық құштарлығын арттырды, оның өз шаруашылығындағы қорларына иелік ету еркіндігін күшейтті. ЖЭС-тің аясында нарықтық қатнастардың күшеюі сауданың дамуына ықпал етті. Ал ол болса ақшаның тұрақтануына әсерін тигізді. Осы жағдайға байланысты ЖЭС-тің алғашқы кезінде ендірілген салықтың натуралды түрін партияның ХІІ съезі (1923 ж. сәуір) ақшалай түрде де өтеуге мүмкіндік берумен алмастырды. Ал 1924 жылы салықты өтеудің тек ақшалай түріне толық көшірілді. Осы жылы ақпан айында Кеңес үкіметі ақша реформасын жүргізіп, кеңестік ортақ жаңа ақша өлшемі тұрақты сомды енгізді. Осы жағдайлар Қазақстанда жәрмеңкелік сауданың кең өрістеуіне жол ашты. 1926 жылы Қазақстанда 128 жәрмеңке жұмыс істеді. Бұл кездегі ірі жәрмеңкелер қатарына – Ойыл, Қоянды, Қарқара, Темір, Көкшетау, Атбасар жәрмеңкелерін жатқызуға болады. Осы кездегі жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20–23 млн. сомды құрады. Сондай-ақ, осы өркендей бастаған жәрмеңкелік сауда да ауыл шаруашылығының дамуына ықпалын тигізді. Қазақстанда 1921-22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілген шаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды. Ол қазақ автономиясы аясында қазақ жерлерін біріктіру мақсатымен 1921 жылы 7 ақпанда декрет қабылдады. Қазақ АКСР-нің Жер комитеті қабылдаған бұл декрет бойынша кезінде көш-қон қорына (переселенческий фонд) тартып алынып, пайдаланылмай тұрған Семей, Ақмола, Торғай және Орал облыстарындағы бос жатқан жерлер, олардың 1917 жылға дейін алынғанына қарамастан қазақтарға қайтарылады. 1921 жылы 19 сәуірде Жер комитеті кезінде патша үкіметінің Сібір және Орал казак әскерлерінің тартып алған жерлерін қазақтарға қайтару туралы шешім қабылдады. Осы декретке сай қазақтар Ертіс өзені бойында 177 мың, Орал өзені жағалауында 208 мың десятинадан астам жерлерді қайтаруға тиіс болды. 1922 жылы 26 тамызда Федералды Жер комитеті мен БОАК-ті “Қазақстанда негізгі еңбекпен жерді пайдалану туралы” заң қабылдады. Ол заң 31 тамызда күшіне енді. Бұл заң бойынша әркімнің өз жерінде қалуға және ол жерді пайдалануға құқығы болды. Жер заңға сәйкес құжатталған жағдайда ғана оны пайдаланушы сол жердің иесі болады. Ал даулы жерлерге заңға негізделген съездің немесе жер органдарының шешімі қажет болды. 26 – 1921-1922 ж Жер-су реформасы Жер мәселесіндегі патша өкіметінің отаршылдық саясатының ауыр зардаптарын жою шаралары іске асырылды - 1921 жылғы сәуірде Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерлерді қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды, Нәтижесінде - Ертіс өңіріндегі 177 мың десятина жер қайтарылды, Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді, 1921 жылы Жетісуда жер реформасы жүргізілді, Қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды, 1 млн десятинадан астам жер қоры құрылды, Ауылдарды Кеңес өкіметінің нығаюы мен қазақ еңбекшілердің мемлекеттік және шаруашылық құрылысын тарту кезінде ерекше роль атқарған - 1921 жылы Қосшы одағы құрылды, 1930 жылдан Кедей одағы болып өзгертілді, 1921-1922 жылдардағы жүргізілген жер реформасының маңызы - Отаршылдық аграрлық саясатқа қарсы соққы берді, Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті, Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады.азақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нəтижесінде Қазақстанда жер мəселесі өте күрделі мəселелердің біріне айналған eді. Ресейдің орталық аудандарынан, әсіресе сталиндік реформа кезеңінде шаруалардың қоныс аударуы Орта Азия мен Қазақстанда отарлаудың құрамды шарттарының бірі болды. Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті тұрғындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. өзінде Жетісу мен Сырдария облыстарында қоныстанушы шаруалардың қолында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті тұрғындардың жерін тартып алу 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншу барысында ерекше жыртқыштықпен жүргізілді. Жазалаушылардан қашқан тұтқындардың иесіз қалған жерін иемденумен бірге, шұрайлы егістік жерлерді жазалау шараларын қолданып, қорқытып - үркіту тәсілдері арқылы да иелену кең өріс алды. Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жылға дейін жалғасып келді. Патша әкімшілігінің тікелей қамқорлық жасауы нәтижесінде орыс және жергілікті шаруаның жер иеленуге деген құқында теңсіздік көзге ұрып тұрды. Жер-су реформасы қарсаңында орыс шаруалары барлық дақылдар егістігінің тең жартысын иемденді және жергілікті тұрғындармен салыстырғанда жермен 15 есе артық қамтамасыз етілді. Міне, осындай теңсіздік жағдай Түркістанның егінші дихандарын бұрынғы тартып алынған жерлерді қайтаруды талап етуге итермеледі. Басшы органдар кеңес үкіметінің беделін көтеру мақсатында бұл талаптарды түсіністікпен қабылдады. Біріншіден, отаршылдықтың қалдығын жойып, жергілікті тұрғындардың сеніміне ие болса, екіншіден “ауылшаруашылығы пролетариатының” мүддесіне қызмет жасаған болып, тап күресінің өртін тұтатып жіберу еді. Реформа барысында Кеңес өкіметінің жергілікті органдары бұл міндеттерді іске асыра алды
27-Қазақстан индустрияландыру кезеңінде1925 жылы желтоқсанда БК(б)П XIV съезінде белгіленген Кеңес Одағын индустрияландыруды жүзеге асыру ісі Қазақстанда бірқатар қиындықтарға кездесті, олар негізінен қазақ елінің бодандық өткенімен және әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірде артта қалуымен байланысты болды.Бұл қиындықтардың көбі республикада халық шаруашылығын, әсіресе өнеркәсіп пен транспортты қалпына келтіру ісінің тым созылып кетуінен де күрделеніп, асқына түсті және осы жағдай Қазақстанның индустрияландыру жолымен табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды.Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктеріБірінші дүниежүзілік соғыстың және Азамат соғысының ауыртпалығын бастан кешірген Қазақстаннын артта қалған отарлық экономикасы елдің өнеркәсібі дамыған аймақтарына қарағанда анағұрлым ауыр жағдайда қалды. Соғыс әрекеттерінен,әсіресе өнеркәсіп пен транспорт қатты зардап шеккен еді. Ірі өнеркәсіптің жалпы өнімі 1920 жылы 1913 жылмен салыстырғанда екі есе, ал өндіріс жабдықтарын өндіру 4,5 есе, мұнай өндіру 4 есе қысқарды, мыс және полиметалл кендерін шығару, мыс балқыту тоқтап қалды, көптеген кең орындары мен көмір шахталарын су басты немесе электр стансаларының қирауы, жабдықтардың бүлінуі т.б. себептерден жұмыстарын тоқтатты. Транспорт, әсіресе теміржол көлігі апатты жағдайда болатын: паровоздардың жартысынан көбі және вагондардың 90%-ға жуығы күрделі жөндеуді қажет етті, жүздеген көпір қиратылды, бәрінен де жол шаруашылығы көп зиян шекті, жарамсыздарын алмастыруға рельстер мен шпалдар жетіспеді. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшіп жатқан кезенде басталған Қазақстан өнеркәсібі мен транспортындағы қалпына келтіру жұмыстары жалпы алғанда шаруашылық күйзелістерінен ғана емес, республикада ашаршылықтың басталуына себеп болған 1920-1921 жылдардағы жүт кезінде малдың көптеп шығын болуы, сондай-ақ 1921 жылғы құрғақшылық салдарларынан да зор қиыншылықпен жүргізілді.1920-1921 жылдары жекелеген кәсіпорындар ғана қалыпқа келтіріле бастады, ал тұтастай алғанда бұл үрдіс 1922 жылдың екінші жартысында ғана өрістеді. Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіруде 1923 жыл бетбұрыс кезеңіне айналды. Алдыңғы кезекте ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді, оған 1922 жылы алынған егіс өнімділігі ықпал етті. Қостанай, Орал және Семей губернияларында, Павлодарда т.б. қалаларда ірі диірмендер іске қосылды, бұл ұн тарту өнеркәсібін жедел қалыптастыруға жағдай жасады. Солтүстік Қазақстанда май шайқау зауыттары жұмыс істей бастады, жаңадан 20 май зауыты салынды. Тамақ өнеркәсібінің басқа салаларында да ілгері басушылық байқалды, мәселен, 1923 жылғы тамызда ірі мөлшердегі күрделі қаржыны қажет етпейтін Илецк және Коряковск тұз шығару кәсіпшіліктері қайтадан жұмыс істей бастады.Баяу болса да, республиканың оңтүстігінде мақта тазарту зауыттарының, жеңіл өнеркәсіптің тері илеу, жүн жуу т.б. кәсіпорындарының жұмысы жанданып келе жатты. Петропавлдағы қалпына келтірілген пима басу, қой терісін өңдеу, тері илеу және шойын құю зауыттары 1923 жылы біртұтас кәсіпорынға біріктіріліп, өнеркөсіп комбинаты құрылды. Алматыда, Шымкентте және Талғарда тері илеу зауыттарының жұмысы жандана бастады.
Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіру ісінде де кейбір игі қадамдар жасалды. Мұнай өнеркәсібі бәрінен жеделірек қатарға қосылды: Ембі және Доссор көсіпшіліктері 1925 жылдың өзінде 1913 жылғы деңгейден асып түсті. Өндірісті техникалық жағынан қайта құру ісі жүргізілді, мұнай өндіруге тереңнен соратын насостар қолданылды, кәсіпорындарды электрлендіру өріс алды, жабдықтар жаңартылды, кең барлаудың геофизикалық әдістері пайдаланылды. Полиграфиялық өнеркәсіп те біршама ілгері басып, соғысқа дейінгі деңтейге тез көтеріліп келе жатты, осының нәтижесінде қазақ және орыс тілдеріндегі газеттер басылымы көбейді.Риддерде шахталарды, рудниктерді, байыту фабрикаларын, электр стансаларын, теміржолды, басқа да нысандарды қалпына келтіру жөнінде біршама жұмыстар атқарылды, алайда жабдықтар мен ақшалай қаржының жетіспеушілігінен бұл кәсіпорындар техникалық күзет жағдайына көшіріліп, 1925 жылы ғана Риддер кәсіпорындарын қалпына келтіру жұмыстары қайтадан қолға алынды. # Қарағанды және Екібастұз көмір өндірістері, Спасск зауыты, Успен кең орны және басқа да тау-кен өндірісі орындары мен тау-кен зауыттарының кәсіпорындары тоқтап тұрды. 1925 жылдың аяғында ғана Қарсақбай мыс балқыту зауыты мен Байқоңыр — Қарсақбай-Жезқазған тар табанды теміржолын қалпына келтіру жұмыстары басталды.Жаңа экономикалық саясат жағдайларында өнеркәсіпті басқару жүйесі жетілдірілді, Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХ ШК) Республикалық өнеркәсіптік бюросы Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) болып қайта құрылды, ал кәсіпорындар бағыныштылық сатысына қарай одақтық, ресейлік, аралас-федеративтік, республикалық және губерниялық (жергілікті) болып бөлінді. Неғұрлым ірі кәсіпорындар негізінде шаруашылық есеп жүйесі бойынша, кеңестік трестер атанған бірлестіктер құрылды. Орал-Ембі мұнай тресі, «Алтайполиметалл» тресі, Атбасар түсті металдар тресі, «Золоторуда» тресі (Қостанай аумағындағы алтын кең орындарының тобы) одақтық маңыздағы кәсіпорындарға айналды. Екібастұз және Риддер кәсіпорындарын РКФСР Бүкілодақтық халық шаруашылығы кеңесінің (БХШК) мандаты негізінде Қазақстанның Халық шаруашылығының орталық кеңесі (ХШОК) басқарды. Осы кеңестінтікелей басшылығына Илецк тұз тресі, Павлодар тұз тресі, «Южно-Урал-золото», «Ақжал золото» трестері, Орынбор және Петропавл тері-елтірі трестері, Қазақстан балық тресі берілді. Жыл өткен сайын Қазақстанның үлкенді-кішілі кәсіпорындарына, әсіресе өнімдері КСРО-ның индустриялық жағынан дамыған аймақтарына жөнелтіліп отыратын өнеркәсіптің өнім өндіруші салаларына (мұнай, түсті металлургия және т.б.) орталықтың басшылық ықпалы күшейе берді. Қазақстан экономикасының шикізаттық бағыты барған сайын айқындала түсті.Транспортқа ерекше көңіл бөлінді, себебі оның жұмысын дұрыстап жолға қоймай, жаңа экономикалық саясаттың негізгі міндетін — қала мен ауыл, өнеркәсіп орындары мен ауыл шаруашылығы арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мақсатын жүзеге асыру мүмкін емес еді. Республиканың негізгі теміржол арқауы — Орынбор —Ташкент күре жолына көп мөлшерде паровоздар мен вагондар, отын-көмір, ТЖХК (Теміржол халық комиссариаты) салғыртынан жиналған әр түрлі материалдар бөлініп, кәсіби біліктілігі жоғары теміржол мамандары, көлік-тасымал шаруашылығының білікті басшылары жіберіліп отырды. Жетісу теміржолының Луговой стансасына, одан ары Пішпек стансасына дейінгі жалғасы, Петропавл – Көкшетау жолы, сондай-ақ Оңтүстік-Сібір магистралінің Славгород — Құлынды - Павлодар желісі және т.б. сияқты жаңа жолдар, әсіресе «астық желілері» жедел салынды. Бастапқы екі желі Жетісу мен Солтүстік Қазақстаннан елдің орталық аймақтарына астық тасуға, ал соңғысы Коряков кәсіпшіліктерінен тұзәк етуге арналды.Алайда Қазақстанда оның отар ел болған кезеңінен қалған экономикалық артта қалушылығының, құрал-жабдықтардың, ақшалай қаржының және білікті мамандардың жетіспеушілігінің, сондай-ақ жергілікті қиындықтардың себебінен өнеркәсіп пен транспорты қалпына келтіру ісі баяу қарқынмен жүргізілді, бұл кезең 1927 жылдың аяғына дейін жалғасты.
Түсті металлургия саласында оның барлық кәсіпорындарының 60%-ынан астамы жұмыс істеді. 1926 жылдың қарсаңында республиканың өнеркәсібі 1913 жыл деңгейінің 61%-ына ғана, ал ауыл шаруашылығы 82,9%-ына жете алды.
28-Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру:мақсаты, барысы, салдары.Жаңа экономикалық саясаттың ақыры БК(б)П ұйымдарына 1928 жылғы ақпанда жазған нұсқау хатында Сталин өзіне тән үзілді-кесілді өсиеттік мәнерде: «Біздің жаңа экономикалық саясаттан бас тартатынымыз, азық-түлік салғыртын енгізетініміз, кулактарды тәркілейтініміз және т.б. туралы әңгімелер контрреволюциялық сандырақ болып табылады, оған қарсы табанды түрде күресуіміз керек.ЖЭС біздің экономикалық саясатымыздың негізі және ол тарихи ұзақ мерзімге созылады» деп жазды.[1]. Алайда кең ауқымды экспроприациялық акциялар, дәлірек айтқанда, жаңа экономикалық саясат өзінің қоғамды үдемелі реформалаудың он үлгісі ретіндегі ақиқаттығын іс жүзінде жойып, іс-қимылдан жалаң декларациялық сипатқа айналып кетті.20-жылдар аяғындағы төтенше астық жинау науқаны мен тәркілеу, шын мәніндегі салықтық саясат, міне, осының айқын көрінісі еді.«Социалистік индустрияландырудың сталиндік жоспары» өзінің ауқымдылық («тарихи қыска мерзімде капиталистік елдерді қуып жетіп, басып озатын») сипатына орай өнеркәсіпке салынатын инвестиция көлемінің тепе-теңдігін халықтың тұрмыс денгейі мен тұтыну және тіршілік сапасын айқындайтын саланы дамытуға жұмсалатын қаражатты қысқарту есебінен бұзып жіберді. Тек өндіріс құрал-жабдықтарын өндіру саласын ғана ынталандырып, тұтыну бұйымдарын өндіруді естен шығару елде жаппай «тауарға деген мұқтаждықты» тудырды. Тұтыну тауарларына тапшылықтың әбден күшейіп тұрған жағдайында бюджеттің мүмкіндігі есептелмей жасалған «құлаш-құлаш» жоспарлар бағаның мүлдем шарықтап өсіп кетуіне әкеп соқтырды.Сонымен бірге өнеркәсіпті мемлекет толық өз иелігіне алғандықтан тұтынушыларға да (әсіресе аграрлық секторда) үстемдік жасап, өнеркәсіп өнімдеріне бағаны көтеріп жіберген жағдайлар кездесті, ал ауыл шаруашылығы өнімдеріне мүлдем төмен баға белгіленді: 1927/28 жылы астықтың мемлекеттік бағасы «көлеңкелі нарықтағыдан» 40%-ға дерлік, ал 1928/29 шаруашылық жылында 50%-ға төмен болды.[2].Бағада қалыптасқан осындай теңсіздіктің нәтижесінде шаруа шаруашылығы өте жоғары салық салу объектісіне айналды. Осы шектен тыс салынған салықтан түскен немесе дәлірек айтқанда «шаруалар сыйының» қаражатын индустрияны дамытуға жұмсау көзделінді.Мұны Сталиннің өзі де мойындады. БК(б)П ОК-нің 1928 жылғы шілдеде өткен пленумында сөйлеген сөзінде: «Кеше бізде не жөнінде айтыс болды? Бәрінен бұрын, қала мен ауыл арасындағы «қайшылық» туралы. Әңгіме шаруаның әлі де өнеркәсіп тауарларына бағаны артық тәлейтіні және ауыл шаруашылығы өнімдерінен пайданы аз алатыны туралы болды. Әңгіме осы өнеркәсіп тауарларына төленетін артық төлемақы мен шаруаның өз онімінен пайданы аз алуды, шаруа шаруашылығына салынатын шектен тыс салықты, былайша айтқанда, индустрияландыру пайдасына жұмсалатын «сыйды» міндетті түрде құртуға тиіспіз, алайда бүкіл еліміз үшін жұмыс істейтін индустриямызды, халық шаруашылығымызды социализмге сүйрейтін индустриямызды ақсатпайық десек, біз құрта алмайтын қосымша күн салығы туралы болды». Одан әрі ол кекесінмен былай деді: «Қайсыбіреулерге бұл ұнамады (бухариндік оппозицияны айтып отыр. — авт.). Несі бар. Бұл әркімнің қалауына байланысты... Әрине, «шектен тыс салық», «қосымша салық» — жағымсыз сөздер, жүйкеге де катты әсер етеді. Бірақ, мәселе, біріншіден, сөзде емес. Екіншіден, сөз шындыққа толық сай келеді».[3].Мемлекет қолдан жасаған өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы тауарларына қойылатын «құрдым баға» саясатының кең етек алуы, елдегі тауар тапшылығы мен күйзеліс ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің өз өнімдерін сатудан бас тартуына әкеп соқтырды. Астық қоры бар шаруаның өз астығын арзан бағамен сатуының еш мәні болмай қалды. Сатқан астығына алатын осы азын-аулақ ақшаның өзіне тауар тапшылығынан және өндіріс тауарларының қымбаттығынан, оны сатып алудың еш мүмкіндігі болмады, ақшаны сақтау да өте тиімсіз еді, өйткені оның құны күн сайын құлдырай берді. Мұндай жағдайда астықтың ең сенімді «валюта» болатыны әбден түсінікті.Аталған себептер жинақтала келгенде 1927/28 жылдардағы астық дайындау дағдарысын тудырды.[4]. Бұл жағдай кеңестік тарихнамада «ауқатты және контрреволюциялық элементтердің пролетариат диктатурасын аштықпен тұншықтырғысы келген әрекеті, кулактардың астық ереуілі» ретінде біржақты бағаланды. Алайда, егер бұрынғы идеологиялық дағдының және қасаң таптық көзқарастың шырмауында қалмасақ, мұны басқаша, яғни ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мемлекеттің күштеу саясатына, олардың тағы да бір «әскери-коммунистік» шараларының объектісі болуын қаламайтын балама, экономикалық өзіндік әрекеті ретінде қарастырған жөн.
29) 20ғ Қазақстанның қоғамдық –саяси өмірі. Ф.Голощекин 1926-1927 жылдарындағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын «кіші Қазан» деп атады. 1925 жылы Қазақстанға келген соң, мұнда Қазан төңкерісі болмаған, сондықтан «Кіші Қазанмен» желпіп өту керек деген тұжырым жасады. Ф.Голощекин бастаған Қазақстан өкіметі мен үкіметі бұл әлеуметтік-саяси науқанды жерге жаппай орналастыру реформасына апаратын алғашқы баспалдақ ретінде қабылдады.“Кіші Қазанның” мақсаты – қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүргізу және кедейлер мен батрактардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Осы саясат барысында 1925-1928 жылдары өткізілген іс-шаралар: § Қазақ ауылын кеңестендіру;§ Жайылымдық-шабындық жерлердің қайта бөлу;§ Ірі бай шаруа қожалықтарын тәркілеу бағыттарында жүзеге асырылды.Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыр шығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т.б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды. Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі орталық аппарат жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты.
30) 20ғ 20ж екінші жартысында қоғамдық-саяси өмірі. Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған. Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді.С. Сәдуақасов мен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. Рысқұловтың әйелі Әзиза да кеңестік қуғын-сүргін құрығына ілігіп, АЛЖИР-де 18 жыл айдауды бастан кешті.
31) 20ғ 30ж қоғамдық саяси өмірі. 30 – жылдары КСРО – да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс – құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп жатты. 1936 жылы КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл - әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды. Одақтың ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО – дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды. Қазақстанда ең алдымен жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары: Ә. Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т. б. ұшырады. Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н.И. Ежов зор «үлес қосты». Атап айтсақ 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов – Ағарту Халық комиссары қызметінен, Ж. Сұлтанбеков – жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды. Жазалау шараларының салдары:1) 1929 – 1931 жылдары 5551 адам жауапқа тартылып, 883 – і атылды.2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. Депортация (лат. deportatio - шығару) — мемлекеттен тұлғаны мәжбүрлеп шығару. Депортация жиі басқа бір мемлекетке шығып кеткен шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылады[1]. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы «Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
32) 20ғ 20-30 ж Қазақстандағы білім мен ғылым. Шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды.1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылды. 1921–1927 жылдар аралығында Қазақстанда 200 мыңға жуық адам әр түрлі жерде оқыды. 1928 жылы Қазақстанда барлық халықтың 28%-ы сауатты болды. Ал қазақтар арасындағы бұл көрсеткіш 10% болды. 1931 жылы Қазақстанда 15–20 жас аралығындағы барлық адамдардың сауатын ашу, яғни оларға міндетті білім беру жүйесі енгізілді. Сауатсыздықты жою мақсатында республикада ағарту ісіне жұмсалатын қаржының мөлшері көбейді.Сауатсыздық жою ісі жөнінде Қазақстан одақ құрамындағы басқа мемлекеттерден артта қалды. Мұның себебі – әміршіл-әкімшіл жүйенің бюрократтық саясаты. Сауатсыздықты жою ісінде ең алдымен комсомол ұйымы белсенділік танытты. Тек қана 1930 жылы бұл іске комсомол құрамындағы 5000-ға жуық жастар қатысты.1936 жылы жер-жерден ашылған сауатсыздықты жою мекемелерінде 500000-нан астам адам оқыды.Республикада ересектер арасында сауатсыздықты жою ісіне сол кездегі «Ауыл мұғалімі» журналы мен «Төте жол» газеті әдістемелік құрал ретіндегі көмегін тигізді.1939 жылы Қазақстандағы сауатты адамдардың үлесі 65% болды, қазақ халқының арасында бұл көрсеткіш 40%-ға жетті. Республикадағы ірі қалалар, негізінен, сауатты қалаларға айналды (Алматы, Шымкент, Қарағанды, Лениногорск, Тараз, Орал т. б.) Халыққа білім беру ісі. 1926 жылы Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектептерінің жарғысын» қабылдады. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды.1930–1931 жылдары Қазақстан халықтарының арасында жалпыға бірдей оқу міндеті енгізілді. Жалпыға бірдей білім беру ісіне үкімет қолдау көрсете бастады. Сонымен қатар Қазақстан комсомолы бұл істің жүзеге асырылуын және білім беру ісінің дамытуын өз мойындарына алды. Білім беру ісін дамыту бағытында ана тіліндегі оқулықтарды жасаған қазақтың ұлттық зиялылары үлкен үлес қосты. Мысалы, А. Байтұрсынов суретті әліппе, Ж. Аймауытов ана тілі оқулықтарын жазды.20–30 жылдары қазақ мектептеріне арналған оқулықтарды жасау бағытында Ғ. Мүсірепов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Қ. Кемеңгеров, Ә. Бөкейханов, С. Сәдуақасов, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов көп еңбек сіңірді. Республика жерінде орыс, қазақ, өзбек, татар тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істей бастады. 1934–1935 жылдары Қазақстанда 221 интернат жұмыс істеді.Соғыстың алдында республика мектептерінде 44000 мұғалім жұмыс істеді. С. Ақышев, С. Көбеев, А. Ақатов, Ш. Сарыбаев, Л. И. Довранская, Н. В. Волков т. б. білім беру ісінің үздіктері «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі» деген атаққа ие болды. Кәсіптік білім беру ісінің дамуы. 1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды. Бұл институт Абайдың есімімен аталды.1929 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институты ашылды.1930 жылы Алматыда Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды.1931 жылы Ленинград әскери медицина академиясының қамқорлығымен Алматы медицина институты ашылды.1934 жылы Алматыда Қазақ кен металлургия институты ашылды. Кейін политехникалық институт аталған бұл оқу орны инженер-технолог кадрларын даярлайтын іргелі оқу орны болды.1931–1932 жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. Семей, Петропавл, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Шымкент қалаларында мұғалімдер институттары ашылды. Соғыстың алдындағы жылдарда Қазақ КСР-де жоғары оқу орындарының саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
