- •Қазақстан тас дәуірінің кезеңдерінде Палеолит
- •Ерте палеолит
- •Орта палеолит
- •Кейінгі палеолит
- •Мезолит
- •Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы
- •14) 1917-1920-Шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси партиялар мен ағымдар.
- •23) Орта Азия мен Қазақстан
- •33. Хх ғ 20-30 жж. Казақстан әдебиеті мен мәдениеті.
- •36. Майдандағы қазақстандықтар.
- •40) Хрущев жылымығы
- •51. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
- •56) Қр конфессиялық саясаты және қарым-қатынас
- •59. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі әлеуметтік реформалары мен әлеуметтік дамуы.
51. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Мемлекеттік рәміздер әрбір мемлекет дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Олар халық менталитетінің, тарихының, мәдениетінің көркемдік бейнесі. Ел азаматтарының мемлекеттік нышандарды қастерлеуінен, адамдардың өзін қаншалықты сол мемлекеттің азаматы ретінде сезінетінін, оның болашағына сенетінін, оның патриоты болып табылатынын көрсетеді. Нышандарды зерделеу мемлекет, оның уағыздайтын құндылықтары, тәуелсіздігінің қалыптасу тарихы туралы көп мәселені білуге мүмкіндік береді. Қазақстанда үш түрлі басы бүтін мемлекеттік нышандар бар, олар елтаңба, ту, әнұран. Нышандар бүгінгі ұрпақпен өмірден өткен ұрпақтың арасын байланыстырушы, уақыттың үзілмес жігін куәландырады. Олар халықтың ұлт ретінде бірігуін көрсететін естеліктің куәгері. ХХ жүзжылдықтың аяғында тарих сахнасында Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін қалыптастырды. Осы шақта жаңа ресми нышандарды әзірлеу ерекше маңызды болды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы тік бұрышты көгілдір түсті мата сол жағында ұлттық өрнек нақышталған, ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнелері, көгілдір түс халықтың мәдени –этникалық бірлігін және мемлекеттің мызғымастығын, байлық пен береке (күн), мемлекеттік билік пен әлемдік өркениетке талпынысын білдіреді. Өрнек ұлттық колорит ерекшеліктерін көрсетеді. Ту Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясының ғимаратында, Парламент және Үкіметтің, министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беруші: Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және өзге де соттардың, Бас Прокуратураның, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мекемелерінің ғимараттарында тігіледі немесе орнатылады. Аталған ғимараттарда мемлекеттік ту үнемі болуы керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының көгілдір түсті бетінде шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез бөлігі) бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар (тірек) шаншылған, оны аңыздардағы пырақтар қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның дөңгеленген кейпі тіршілік пен мәңгіліктің нышанын білдіреді. Шаңырақ отбасылық береке, бейбітшілік пен тыныштық белгісі. Шаңырақтың үш күлдіреуіші үш жүздің бірлігін, алтын қанатты мүйізі бар жүйріктер елін қорғай алатын қазақтың тыныштықты қалайтынын білдіреді. Бес тармақты жұлдыз бес құрылықтың бірлікке ұмтылысын көрсетеді. Елтаңбаның алтын және көгілдір түсі Қазақстанның көпұлтты халқының ашық-жарқын болашағын, әлемнің барлық халықтарымен достықта және бірлікте өмір сүруін қалайтынын меңзейді. Мемлекеттік ту мен елтаңба ұлттық валютада, әскери белгілерде бедерленген. Мемлекеттік нышандар отандық әуелайнерлерде де бейнеленген. Әнұран Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов Нұрсұлтан Назарбаев Әуені: Шәмші Қалдаяқов Әнұран адамдардың өз мемлекетіне деген ерекше сезімін оятады. Онда халықтың тарихы, оның жанының кеңдігі мен байлығы, алған бағыты көрініс табады.
52. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының ата заңы. Ағымдағы Конституция күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993ж 28қаңтарда қабылданған болатын. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл 1993 ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді. Конституция құрылымы I бөлім. Жалпы ережеле II бөлім. Адам және азамат III бөлім. Президент IV бөлім. Парламент V бөлім. Үкімет VI бөлім. Конституциялық кеңес VII бөлім. Соттар және сот төрелігі VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
53) Астана қаласы – Қазақстан Республикасының астанасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны 697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. ЖағрапиясыҚала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.Қала аймағының жер-бедері тегістелген. Қаланың климаты шұғыл континеттік. Астана қаласындағы негізгі әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ пен Ақбұлақ.Астанадан 25-30 шақырым радиуста тұщы және ащы көлдер көп. Қала аумағы – 71 мың га.ТабиғатыҚоңыржай шұғыл континеттік. Жазы ыстық әрі құрғақ, қысы аязды әрі ұзақ. Жылдық орта температурасы 3,1 °C. Жылдық жауын-шашын көлемі 300 мм. Жаздың ыстығы 40 °C –тан асып кете алса, қыстың суығы – 50 °C-қа дейін төмендейді. Қысының суығы сібір аязына таяса, жаздыгүні Орта Азияның ыстық қапырығы байқалады.Халқы2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, қаланың халық саны 697,3 мың адамды құрайды. 2009 жылдың көрсеткіштерінде Астана қаласының миграциялық сальдосы 31 908 адамды құрады – бұл республикадағы ең жоғарғы көрсеткіш. Қалаға жасалған миграциялық толқындар негізінен Қазақстанның өзге аймақтарынан болады. Астана адам капиталын тарту жағынан және тұрғындарының табысы жағынан елдегі көшбасшы қала болып келеді. Ұлттық құрамы: қазақтар, орыстар, украиндар, татарлар, армяндар, әзірбайжандар, еврейлер, белорустар, грузиндер, молдавандар, тәжіктер, өзбектер және т.б.Қазақстан астанасының тарихыАстана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.ЭкономикаҚаланың экономикасының негізін құрайтындар: сауда, көлік, байланыс және құрылыс. Қазақстан экономикасының сауда саласындағы жалпы өнімге салатын үлесі жағынан Астана еліміздегі маңызы бар облыстар мен қалалар арасында Алматыдан кейінгі екінші орынды алады. Астана және Алматы қалаларының біріккен аймақтық өнімі Қазақстанның сауда саласының тең жартысын алып отыр. Сондай-ақ, бөлшек сауда айналымы бойынша Астана еліміз бойынша екінші орында тұр. Астана республикада құрылыс жағынан да алға озып келеді. 2009 жылы елде пайдалануға берілген құрылыс нысандарының бестен бір бөлігі осы өңірдің үлесіне тиеді. Соңғы бес жыл көлемінде қолдануға берілген үйлердің көлемі бойынша да Астана алда келе жатыр.
Қаланың өндірістік әлеуеті негізінен құрылыс бұйымдарын, тамақ өнімдері/сусындар және машина жасау салаларына бағытталған. Астана Қазақстан бойынша құрылысқа арналған темір бұйымдарын, бетон, қолдануға дайын бетон, бетоннан жасалған заттар шығару жағынан жетекші орынды алады. Сонымен бірге, құрылысқа арналған темір құрылғылар, радиатор, орталық жылу қазандық, көтергіш-көлік құрылғыларын жасау жағынан да басым үлеске ие.Қаланың жалпы аймақтық өнімінің 22 пайызын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері толықтырып отыр.Инвесторларды тарту және бәсекеге қабілетті жаңа кәсіпорындар ашу үшін қалада "Астана – жаңа қала» атты арнайы экономикалық белдеу (АЭБ) құрылған. АЭБ негізінде салық және кедендік жеңілдіктер қарастыратын құқықтық тәртіп енгізілген. АЭБ аймағында әртүрлі бағыттағы бағдарламалар жұмыс істейді. Қаланың дамуы өндірістің жаңа әрі ірі көлемі бойынша бәсекеге қабілетті экономика құруға, оның ішінде қаланың жалпы аймақтық өнімі мен туризм саласын дамытуға мүмкіндік беретін шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға бағытталған.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың №67 Бұйрығымен 2006 жылдың 17 наурызынан бастап 2003 жылға дейін қаланың тұрақты дамыту стратегиялық жоспары бекітілген. Аталған жоспарды қаланы тұрақты дамыту орталығы жүзеге асырды.
МәдениетіСондай-ақ, қалада бес жоғарғы оқу орны, Ақмола облыстық филармониясы, мұражай (тарихи-аймақтану мұражайы, қолданбалы өнер мұражайы), театрлар (К.Бәйсейтова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драмалық театры, М.Горький атындағы орыс драмалық театры), кітапханалар жұмыс істейді.Қаланың мәдени-ағарту орындарына, сонымен бірге, Конгресс-холл, Жастар сарайы, Президенттің Мәдениет Орталығы, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайын жатқызуға болады. Бәйтерек монументі қаланың басты символы болып саналады.Қалалық геральдикалар2008 жылдың 5 маусымында қалалық мәслихаттың 16-шы кезектен тыс сессиясында Қазақстан астанасының жаңа елтаңбасы мен туы белгіленді.Аталған елтаңбаның тұжырымдамасы мен сызбасының авторы болып Президент Нұрсұлтан Назарбаев саналады.Елтаңбаның негізіне кемелдік пен мәңгіліктің белгісі ретінде шеңбер қойылған. Орталық элементі ретінде екі басты символ–Бәйтерек пен шаңырақ біріктіріліп көрсетілген. Ондағы суреттер жаңа Қазақстанның даму бағыттарынан хабар беріп тұр. Сонымен бірге, Бәйтеректің негізіне «құс қанаттары» орнаменттері қойылған. Ол аңыздағы Самұрық құсының бейнесінде әзірленген. Елтаңба екі сақинаға бөлінген. Оның сыртқы бөлігі Ұлы даланың терең тарихынан сыр тартады. Көшпенді халық соғыс белгісі ретінде қызыл түсті таңдаған. Сондай-ақ, қызыл түс туылу, өсу және даму деген түсініктермен астасып жатыр. Сақинаның жиектері «бөрі көз» орнаменттерімен безендірілген. Бұл көшпенді халқымыздың көк бөрі ұрпақтары екендігін әйгілеп тұр.Ішкі сақинадан тәуелсіз Қазақстан және Астана қаласының жаңа символдарын көруге болады. Аспан түстес ішкі сақина еліміздің көк байрағын көзге елестетеді. Оның жиегіне жүргізілген жасыл түсті орнамент көктемгі молшылық пен жастықтың нышаны ретінде таңдалған.Аталған көркемдік шешімдер жаңа Қазақстан және Астана қаласының гүлденуі мен дамуын білдіреді.Қаланың көрнекті жерлері
Сулы-Жасыл бульвар–Астананың жаңа алаңындағы көше
Ақ Орда–Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы
Бәйтерек монументі – Астананың символы және басты көрікті жері
Тәуелсіздік сарайы – дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын
Бейбітшілік және келісім сарайы – әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының конгрессі өтетін жер
Хан Шатыр – ірі сауда, ойын-сауық орталығы
«Шабыт» шығармашылық сарайы – қаланың мәдениет және өнер орталығы
«Қазақ елі» монументі – Қазақстан Тәуелсіздігінің символы
54). Қазақ-ң қоғмдық-саяси өмірі. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.Ұлтаралық қатынастар.. Әлемдегі ең үлкен мемлекет-КСРО-ң ыдырауы ж/е оның құрамындағы респуб-ң саяси,эконом-қ ж/е мәдени бөлінуі көптеген қиыншылықтар туғызды. 1993 ж Президент Н.Ә.Назарбаев Лиссабон хаттамасына қол қойып, Қаз-н ядролық қарудан еркін аймақ болып жарияланды.1992 ж қырқүйек қазан Алматыда дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті.Әлемнің 13 елінен келген отандастарымыз қатарына үлкен қазақ диаспорасы бар Өзбекстан мен Ресейден келушілер көп болды.Барлық қатысушылар-800 адам. Құрылтайда Қаз-н Жоғарғы кеңесінің 1992 ж 26 маусымда қабылдаған «Көшіп келу тур.» Заң негізінде қандастарымызды елге оралуына мүмкіндік жасалғаны айтылды.Қазақ-ң егемендік алуы,КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялық өрістеуіне жол ашты. 1993 ж соңы 4 саяси партия тіркелді- Қаз-ң социалистік партиясы,ҚР-қ партиясы,Қаз-ң халық конгресі партиясы,Қаз-ң коммунисттік партиясы.1995 ж басы «Қаз-ң аграрлық партиясы» құрылды.1995 ж жаз «Қаз-ң демократиялық партиясы» құрылды.1998 ж қараша «Ақ жол» партиясы құрылды.Жетекшісі-Н.Оразалин.1999 ж қаңтар «Отан» партиясы құрылды.Төрағасы –Терещенко.2000 ж қарша «Қаз-ң демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестік құрылды.2000 ж респуб-ғы ресми тіркелген партиялар саны-15.Елімізде саяси партия-ң ж/е партиялық жүйелердің орнығуына,тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді.Бұл жағдай респуб-ң өркендеуіне,қоғамның демократиялануына, реформаның тереңдеуіне, эконом-ң ж/е халықтың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына ықпал етті. Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін “Отан” партиясының өзімен мақсат-мүддесі бір басқа партиялармен бірігуі нәтижесінде құрылған. 2006 жылы желтоқсан айында “Отан” РСП-ның 10-съезінде партияның аты “Нұр Отан Халықтық Демократиялық Партиясы” болып өзгертілді. Бұл партияның қатарына “Отан”, “Асар”, “Азаматтық” және “Аграрлық” партиялар бірікті. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында “Нұр Отан” партиясы айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.Төрағаның бірінші орынбасары – Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы. «Отан» республикалық саяси партиясы 1999 жылдың қаңтарында құрылып, сол жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден өтті.«Нұр Отан» партиясының бөлімшелері Қазақстанның барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында бар.Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады. Мәжілісте «Нұр Отан» парламенттік көпшілікке ие. 2007 жылы өткен Мәжіліс сайлауының қорытындылары бойынша «Нұр Отан» 88,41% дауыс иеленіп, Парламенттің төменгі палатасына партиядан 98 депутат сайланды.
55) Жастар саясаты. Жастар — келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет.Жастар саясатын жүзеге асыру елді жаңашылдыққа,интеллектуалды бәсекелестікке жетелейді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «кез-келген ел өз келешегін болашақ ұрпағымен байланыстырады »,-деген болатын.Сондықтан жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады.[1]Қазақстан Республикасының Президентінің №73 жарлығымен 2009 жылдың 28-ші тамызында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты» туралы концепциясы бекітіліп бүгінгі күнге дейін жастар мәселесін шешетін негізгі құжат болып келеді. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қолдауымен осы концепцияны жүзеге асыруда 2010-2012 жылдарға «Қазақстан жастары» атты нақты бағдарлама қабылданды. Басым бағыттарға ең бірінші азаматтылық пен патриотизмді дамытуға, жастардың рухани-адамгершілік қасиеттерін жоғарылатуға көп орын берілген. [2]«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» акциясын жүзеге асыру аясында «Әрбір студент – туған ауылына» атты акция өткізді. Акцияға 145 жоғары оқу орнының 30 500 студенті қатысты. Облыстарда, Астана және Алматы қалаларда «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске-асыру мақсатымен үлкен жұмыс жасалады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасының іске асуына бағытталған қаржының жалпы көлемі - 10 млрд. 738 млн. теңге, соның ішінде 2009 жылға – 2 млрд. 806 млн. теңге, 2010 жылға – 3 млрд. 379 млн. теңге, 2011 жылға – 4 млрд. 552 млн. теңге.Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған.2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары» жалпы ұлттық бастамасын және ауылға жас мамандарды тарту мақсатымен «Дипломмен – ауылға!» жоба бойынша кең іс-шаралар жүргізіледі.[1]Бүгінгі таңда Елбасының қолдауымен мемлекеттік жастар саясаты концепциясы бекітіліп, барлық облыстарда жастар саясаты бағдарламасы қабылданып, үкіметте және жергілікті басқару органдарының ішінен жастар ісі бөлімі ашылып, жұмыс істеуде. Мәселен, осындай бағытта бекітілген «Қазақстан жастары –2009» бағдарламасы жеті бағытты қамтыған:
- жастардың еркіндігі мен құқығын қорғау;
- жас азаматтардың жан-жақты білімі мен тәрбиесі;
- әлеуметтік-экономикалық қолдау мен қамтамасыз ету;
- жастардың денсаулығын қорғау;
- жастардың адамгершілік-мәдени және рухани қалыптасуы;
